Ақша нарығы

 

Лекция мақсаты:     Экономикалық жүйедегі маңызды құралы деп есептелетің ақша нарығының табиғатың және жұмыс істеу заңдылықтарың зерттеу.

Негізгі терминдер:  ақша нарығы, тепе-теңдік,  пайыз мөлшерлемесі, Фишер теңдеу, ақшаға сұраныс, ақша ұсыныс, ақша қорлар.  

Лекция негіздері

  1. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары.
  2. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдеуі.
  3. Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Мәмілелер жасау үшін ақшаға сұраныс және активтер жағынан ақшаға сұраныс. Нақты ақша қорлары.
  4. Ақша ұсынысы
  5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
  6. Ақша саясатының құралдары

 Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары

       Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.

       Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.

       Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.

       Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер: 

М1 =  Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер

       Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.

М2  =  М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер

       Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.

М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар

       Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.

 

Ақша ұсынысы

Ақша ұсынысы дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады: қолдағы бар ақша және депозиттер.

   Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.

   Ақша ұсынысын реттеудің негізгі 3 құралы бар:

(1)Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және сатып алу.

Орталық банктер құнды қағаздарды коммерциялық банктерге сатады.Бұл жағдайда артық ақшаның массалық резервтері төмендейді де, нәтижесінде экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.

(2)Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr. Егер орталық банк міндетті резервтер нормасын өсірсе онда артық ақша массасы резервтері (M) төмендейді, нәтижесінде табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.

(3)Есеп мөлшерлемесі. r пайыз өссе, артық ақша массасы резервтері төмендейді, оның нәтижесінде табыс деңгейі төмендейді және керісінше.

   Ақша ұсынысы тек қана Орталық банктің саясатына ғана емес, сонымен қатар ақша иелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.

    

 Ақшаға сұраныс

   Адамдардың ақшаны қолында ұстағысы келетінін мынадай себептері бар: трансакциялық себеп, сақтық себеп, алыпсатарлық себеп.

   Бірақ ақшаны қолында ұстау – оларды депозитте сақтағанда алатын пайыздардан айырылу дегенмен бірдей.

   Шынында адамдар ақшаға емес, М/P ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс білдіреді, себебі ақшаның мөлшері емес,  сол ақшаға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер мөлшері маңызды. Мұндағы М – ақша массасы, ал Р – бағалар деңгейі. Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныстың функциясы бұлайша жазылады:

 

(М/Р)D  =  L(r, Ү),

 

оның үстіне r пайыз мөлшерлемесіне тәуелділік кері, ал Ү табыстан – тікелей.

   Ақша айналысының жылдамдығы (табыс бойынша) орташа есеппен алғанда әрбір ақша бірлігі жылына неше рет жұмсалғанын көрсетеді, яғни

 

V = (P . Y) / M,

 

   мұндағы  М  —  ақша жиыны,—  бағалар деңгейі,  Y  —  шығарылым.

   Ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесінен де, табыстан да тікелей тәуелді.  Бұл теңдікті былайша жазып алуға болады

 

M .V = P . Y.

   Бұл теңдік ақшаның сандық теориясының теңдеуі деп аталады. Ескерту: ақша  айналысының жылдамдығын анықтау – ақша жиыны ретінде нені түсінуге болатынына тәуелді – М1, М2, М3? Сәйкесінше V1, V2, V3 ақша айналысының жылдамдықтары пайда болады. V1 жылдамдығы V2 жылдамдығынан төмен, өйткені ол (V2) тұрақтырақ болып саналады.

    

Ақшаға сұраныс моделі

  1. k=const

            2.

            Ақшаға сұраныс моделдерінде ақшаның негізгі 2 функциясына назар аударылады.

1-ден жинақтау құралы

2-ден айналым құралы

            Ақшаның жинақтау құралы ретінде функциясына ақшаға сұраныстың портфелдік теориялары акцент қояды. Бұл теорияларға сәйкес, ақша активтер формасының бірі.

            Бұл теориялардың негізгі тұжырымы бойынша, ақшаның басқа активтерге қарағанда тәуекелдік пен табыс факторлары жағынан белгілі ерекшелігі бар.

            Мемлекеттік акция мен облигацияларға бағалар төмендегенімен, ақшанаң қорлануы сенімді атаулы табыс әкеледі.

            Сондықтан экономистердің ойынша, оптималды активтер қоржынын немесе портфелін құрастырғанда халық өтімділігі жоғары ақша құралдарына артықшылық береді.

       Портфельдік теориясына сәйкес ақшада қажеттілік әртүрлі активтердің салыстырмалы тартымдылығымен анықталады. Ол әрбір активтің тәуекелділік дәрежесіне, табыс деңгейіне және

                  

Ақша нарығындағы тепе-теңдік

 

       Егер — ақша ұсынысы, P – бағалар деңгейі болса, онда M/Pақшаның нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы M және бағалар деңгейі P тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни

 

       Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс  

Ү шығарылым көлемінен тікелей, ал r пайыз мөлшерлемесінен кері тәуелді.

       Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады: 

 

       Бұл ара қатынас і пайыз мөлшерлемесі мен Ү табыстың тепе-теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады. Бұл тәуелділіктің Ү-і диаграммасындағы графигі LM қисығы деп аталады. LM қисығының геометриялық құру тәсілі  суретінде келтірілген.

 

Сурет. LM қисығын құру

            Ақша несие саясаты: а) мысалы, Орталық банк   халыққа құнды қағазды сатты дейік. Бұл жағдайда ақша массасы азаяды да, нақты ақша массасы да азяды, нәтижесінде LM қисығы солға– жоғары жылжиды. Бұл суретте көрсетілген; ә) егер Орталық банк құнды қағаздарды сатып алса, онда керісінше жағдай болады.  

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Сандық ақша теориясының теңдеуі
  2. Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Нақты ақша қорлары.
  3. Ақша нарығындағы тепе-теңдік

Негізгі әдебиет: (175-192 б., 200-226 б./4/)

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *