- Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
- Түркі дүниетанымы-қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
- Қазақ философиясының врбальды-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық.
Түркі тілді халықтардың философиясы. ІХ ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар-Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашғари, Қ. Иасауи. Бұл кезеңді түркі тілді халықтардың философиясының “Алтын ғасыры” деуне болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVІІІ ғаысрлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер фтлософиясы; б) “Зар заман философиясы”.
ХІХ ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.
ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен сяаси философия болды: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологиялық қызметшісіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марксистік сипатта болғанымен, осы кезеңде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философия факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазақстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздік кезеңінің философиясы – соңғы он бес жылда қалыптасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті.
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йассауиден алады.