ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

 

 

  1. Көшпелі өмір салты – қазақ дүниетанымының қалыптасуының алғы шарттары.
  2. Қазақ халқының өмір сүру салтымен байланысты категориялар: Өмір, Өлім, Араласу, Намыс, Парыз, Кісілік.

Қазақ дүниетанымы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиетте көшпелі өркениет туралы ортақ түйін-тұжырым жоқ. Европоцентризм көшпелі мәдениет туралы жағымсыз пікір қалыптастырғаны белгілі.

Шындығында, салмақты сараптау жүргізсек, көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, мәдени-шығармашылық потенциалы өте мықты екендігін және оның қазақ дүниетанымының басты ұғымдарының қалыптасуына негіз болғанын көреміз.

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының басты ктегориясы — өмір. Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы – өмірмен диалектикалық бірлікті құрайтын өлім.

Араласу категориясы қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.

Намыс – қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі, тіпті ең бастысы.

Парыз – адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін этикалық категория.

Кісілік – адам болып өмір сүрудің жоғары деңгейі. Қазақтың “кісілік” ұғымы қазіргі “тұлға” (личность) ұғымына сәйкес деп ойлаймыз.

Біз осылайша қазақ дүниетанымының негізгі категорияларына ғана тоқталдық. Көзіміз жеткендей, қазақ халқының көшпелі өмір салтының негізінде қалыптасқан өзіндік философиялық дүниетанымы бар және ол терең мазмұнды, толыққанды категорияларда бейнеленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *