Топтық және ұйымдастырылған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері

 

  1. Қылмыстық топ ұғымы мен түрлері
  2. Анықтауға жататын мән-жайлар
  3. Қылмысты тергеудің сапалылығын қамсыздандыратын талаптар.

 

  1. Қылмыстық топ – бұл екі немесе бірнеше тұлғалардың бір немесе бірнеше қылмыстарды істеуге ұйымдастырылып қосылуы.

            Ұйымдастыру дәрежесі бойынша барлық қылмыстық топтарды келесі криминалистикалық түрлерге бөлуге болады:

А) кездейсоқ (немесе қолайлы) қылмыстық топтар;

Ә) серіктік түріндегі қылмыстық топтар;

Б) ұйымдасқан топтар;

В) бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтар.

  1. Топтық қылмыстарға олардың түрлеріне қарамастан келесі мән-жайларды анықтау қажет (берілген қылмыс түрі үшін криминалистикада қарастырылатын қосымша мән-жайлар):
  2. топтық қылмысқа қатысқан адамдарды және топтың барлық қылмыстық әрекеттері;
  3. қылмыстық топ сипаты, құрамы, криминалистикалық түрі және құрылысы, олардың мүшелерінің ара қатынас

Криминалистика негіздері  118

 
   

 

 

ерекшеліктері, топтағы қақтығысушы қатынастардың     болуы, оның сыртқы байланысы;

  1. нақты топтық қылмыс ұйымдастырушы;
  2. топтық қылмысқа қатысушылардың ролі мен кінә дәрежесі, қылмыстық топты қалыптастыруға және топтық қылмысты жасауға ықпал етуші себептер мен шарттар.

 

  1. Ұйымдастырушы қылмыс топтармен жасалатын қылмыстық тергеудің сапалылығын қамсыздандыратын жалпы әдістемелік талаптар:
  2. ұйымдастырушы қылмыс тобының бағытын бірінші анықтау, топ мүшелерінің жасаған басқа қылмыстарын ашу;
  3. тергеудің басталуы, қылмыскер жағынан қарсылық білдіру;
  4. ұйымдастырылған қылмыстық топпен жасалынған жеке қылмыс түрлерін тергеу үшін әр түрлі тергеу жағдайларын, тергеу ситуацияларын қолдану;
  5. ұйымдастырылған қылмыстық топтың жасаған қылмыстарын, тергеуді жоспарлаудағы ұйымдастырылған қылмыстық топтың құрылымдық, территориялық және басқа әрекет ерекшеліктерін тіркеу;
  6. жедел іздестіру аппаратының тергеушімен қарым-қатынасы; тиянақты әрі жан-жақты Ұлттық қауіпсіздік комитетімен тығыз байланыста болу;
  7. тергеу барысында икемді тактикалық әдістерді қолдана отырып, күтпеген жерден соққы беру қылмыстық топтың ортасына кейіннен ұйымдасқан қылмыстық топтың төменгі бөліміне, соңынан қайтып орталық тобына оралу;
  8. тергеуге маңызы бар мәселелерді шешу үшін тактикалық операцияларды қолдану;

 

Криминалистика негіздері  119

 
   

 

 

  1. ұйымдастырылған қылмыстық топ арасындағы және топтар ішіндегі күндестікті пайдалану;
  2. криминалистикалық және арнаулы техника құралдарын тергеуге молынан қолдана білу;
  3. жәбірленушілерді, куәгерлерді, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін, олардың отбасын және мүлкін қорғауды қамсыздандыру үшін қолданылатын шаралар.
  4. тергеу барысында күрделі өтпелі міндеттерді шешудің мақсаты кең көлемде тактикалық операцияны қолдануға байланысты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *