- Техниканың анықтамасы және тарихы.
- Техника философиясы, оның статусы.
- Техника және адам.
- Технология және информатика.
“Техника” терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді.
Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қолданылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, яғни артефактілердің жиынтығы ретінде. Екіншіден, терминнің алғашқы мағынасына сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтығы ретінде. Сонымен, техника – құралдар мен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі.
Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзег асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән “табиғи технологияның” іске асуы деп қарастырады.
Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.
Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені табиғатын, оның пайда болу және даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға, жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы ғылыми болжамдар жасайды.