- Пара алушылық ұғымы
- Анықтауға жататын мән-жайлар
- Тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері
- Пара алушылықты тергеудегі тағайындалатын сот сараптамалары
Криминалистика негіздері 102
- Пара алушылық – бұл лауазымды адамның өзі немесе өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) лауазымды адамның өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс -әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі (ҚР ҚК -311 бап), сондай-ақ лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру (ҚР ҚК 312 бап).
- Пара алушылықты тергеуде келесі мән-жайлар анықталуға жатады:
— пара беру дерегінің алатын орны;
— парақорлық пәні қандай; пара ретінде құнды заттар немесе ол қызмет қалпында берілсе, онда заттың немесе қызметтің ақшалай құны қандай;
— пара беруші мен пара алушы кім?
— қылмыстың жағдайы қандай? (уақыты, орны, пара беру тәсілі);
— пара қандай мақсатта берілген?
— пара берушінің ойындағы әрекеттер орындалды ма, ол заңды сипатқа ие ме?
— парақорлық әректтерінде басқа қылмыс белгілері бар ма, болса қандай;
— қылмыскерлердің әрекеттерінде топталатын белгілер жоқ па?
— пара берушінің әрекеттерінде оны қылмыстық жауаптылықтан босататын мән-жайлар жоқ па?
— парақорлыққа қандай мән-жайлар ықпал жасады?
- Пара алушылықты тергеу кезеңінде бастапқы 3 түрлі жағдай пайда болады:
а) Пара берушінің арызы бар және ол пара алушыға белгісіз, оны әшкерелеуге көмектесуге дайын.
Бастапқы тергеу кезеңіндегі тергеу әрекетінің шеңбері мен реті мынадай көрініс алады: пара берушіні жауаптау; пара
Криминалистика негіздері 103
алушыны болған жерде ұстау, пара алушыны жауаптау, пара алушының тұрған орны бойынша тінту, оның мүлкін қамауға алу және қарау, куәларды жауаптау, беттестіруді өткізу;
ә) Пара алушы мен пара беруші келісіп әрекет жасайды; қылмыс туралы ақпарат жедел іздестіру көздерінен түседі; парақорлар ол жайды білмейді.
Егер пара беруші мен пара алушыны қоса әшкерелеу үшін бастапқы кезеңде мыналарды жүзеге асыру керек: парақорларды пара беріп алу кезінде ұстап, жеке тінту жүргізу; тұрғын және жұмыс орындарын тінту; олардың мүлкін қамауға алу; сезіктілерді жауаптау; қызмет құжаттарын алу және қарау; куәгерлерді жауаптау.
б) Пара алушылық деректері туралы мәлімет белгілі көздерден келуі; парақорларға олардың әрекеттері жөнінде құқық қорғау органдарының айналысуы белгілі.
Ондай жағдайларда куәгерлерді жауаптау; құжаттарды алу мен қарау; сезіктілерді жауаптау; толық анықтама болғанда сезіктілерге тінту жүргізіледі. Оларға қоса жедел іздестіру іс шара кешені жүзеге асады.
- Пара алушылық іс бойынша келесі сот сараптамалары жүргізіледі:
— дактилоскопиялық сараптама – пара затындағы немесе қабындағы қылмыскерлердің ізін алу үшін;
— сот-қолжазба танушы сараптама – құжатты, хатты, ананим арызды жазушыны табу үшін;
— құжаттарды техникалық криминалистикалық зерттеу – құжаттағы жөндеу, қолжазбаны, мөрді жасауды анықтау үшін;
— сот-бухгалтерлік сараптама – бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу мен өткізу тәртібінің дұрыстығын табу үшін;
— трасологиялық сараптама
— фоноскопиялық (дыбыстық) сараптама