ОНТОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

  1. Болмыс категориясы. Болмыстың түрлері.
  2. Материя категориясы. Қозғалыс. Кеңістік және уақыт.
  3. Сана. Сананың генезисі.
  4. Қоғамдық сана, оның түрлері.

Болмыс категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее), өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория. Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам болмысы; әлеуметтік болмыс; рухани болмыс; материалдық заттар мен олардың түсінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.

Антика философтары материя ретінде барлық нәрселер одан пайда болып, кейін оған айналатын затты түсінді. Ал материяға Ленин мынадай анықтама берді: “Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз өмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқылы көшірілетін, суреті түсірілетін, бйнеленетін объективті реалдылықты белгілейтін философиялық категория”. Осы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге болады: материя жалғыз субстанция, себебі, ол жаратылмайды және жойылмайды, оның қасиеттері – қозғалыс, кеңістік, уақыт, жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру және сана.

Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі , түсіндіруге қиын мәселелердің бірі. Сананы түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:

1) материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну;

2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *