НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

 

  1. Классикалық ұғымы. Неміс классикалық философияның пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.
  2. И.Кант – классикалық неміс философияның негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.
  3. Г.В.Гегель философиясының негізгі ұғымдары.

Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:

  1. Германия үшін ХVІІІ ғасыр – Ағартушылық Дәуірі. Ағартушулар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді.
  2. Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы кезеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет өзін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады.

Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс классикалық философиясының ерекшеліктері:

  1. Философия көпшілік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.
  2. Пиетизм – лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адамгершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды.
  3. Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *