- Жалған көрініс ұғымы
- Жалған көріністің әрекет құрылымы
- Жалған көріністің топталуы
- Жалған көріністің белгілері
- Жалған көріністі табу мен әшкерелеудің ерекшеліктері
- Жалған көрініс – бұл сол іске қатысы бар тұлғамен оқиға болған жердегі деректемелі істерге сәйкес келмейтін жағдайды жасау болып ұғындырылады. (яғни бір нәрсені істеген болып теріс көрсетіп алдау).
- Жалған көрініске байланысты әрекет құрылымы келесі операциялармен реттеледі:
— болашақ жалған көрінісі бар жағдайды анализдеу және бағалау;
— жалған көрініс жөнінде шешім қабылдау;
— жалған көріністің варианттарын қарау және одан да өзекті вариантты анықтау;
— жалған көрініс болатын жағдайдың ойша моделін жасау;
— жасалған моделді тасымалдау;
— көрсетілген оқиғаның және оның себептерінің растығын басқа тұлғаларға, сонымен бірге құқық қорғау органдары қызметкерлерін қоса сендіруге есептелген түсінікке дайындық;
Криминалистика негіздері 88
— жалған көріністі әшкерелу оқиғасына түсінік беруге дайындықты және тергеуді жүргізу қатарын анықтау.
- Жалған көрініс әр түрлі негізде топталады:
- Субъектісі бойынша :
а) қылмысқа қатысушылармен орындалуы;
ә) қылмыскердің сұрауы бойынша басқа тұлғалармен немесе өз ниетімен орындалуы;
б) қылмыскердің басқа тұлғалармен бірігіп орындалуы.
- Орны бойынша:
а) оқиға болған жерде;
ә) қылмыстың болу барысында;
б) қылмыс болғаннан кейін;
- Мақсаты бойынша:
а) қылмысты жабу;
ә) қылмыстық емес жағдайларды жабу;
б) басқа мақсаттарда.
- Объектісі бойынша:
а) қылмыстың жалған көрінісі;
ә) қылмыстық емес сипаттағы құбылысты жалған көріністеу (жасағансу);
б) жүйелі жағдай оқиғасының кейбір элементтерін жалған көріністеу (жасағансу);
- Мазмұны бойынша:
а) оқиға болған жердегі материалды іздердің жалған көрінісі;
ә) тергеу әрекетін жалған ақпараттаушы деректерді теріс жариялаушы осыған байланысты варианттарды жасау мен іске асыру және материалдық іздерді жалған көріністеу (жасағансу).
- Оқиға болған жерді зерттеудегі пайда болған белгілерді жалған көрініске алу ретінде мыналар орындалады:
а) зерттелуші құбылыс өтірік емес, рас болған жағдайда көрінбейтін іздер оқиға болған жерден табылса;
ә) олардың жоқ кезінде табылмаған, іздері көрініске алу жағдайында қажеттілікпен пайда болуы тиіс;
Криминалистика негіздері 89
б) оқиға болған жерде табылған іздер, оларды жалған көрініске алу жағдайы үшін, іздер өзгеше сипатта болады, бірақ олардың жағдайы болған құбылыстағы жағдайына сәйкес келмейді.
- Жалған көріністі табу мен әшкерелеу мақсатында анықталатындар:
— жалған көрініске байланысты оқиға жағдайын іске асыру (сипаты, уақыты, орны, жағдайға қатысушылары және т.б.);
— жалған көрініске алынатын жағдайдың сипаттамасы (түрлері, белгілері);
— жалған көрініске қатысушылар және әрқайсысының рөлі, олардың басшылық еткен мақсаттары мен себептері;
— жалған көріністі дайындау мен жүзеге асыру жағдайы (орны, уақыты, реттілігі жалған көріністі көрсететін тұлғалардың пайдаланатын заттары, материалдары);
— жалған көрініс салдары (уақытынан тыс қылмыстық іс қозғау, кінәсіз адамдарды жауапқа тарту);
— жалған көрініс жасаушының жауапты теріс берумен байланысты жағдайлары.