ЖАНБОЛАТ ЕРГЕН
Филология бөлімінің студенті,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары
қазақ педагогикалық колледжі.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
Ата-бабаларымыз: «Ата көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді», – деп бекер айтпаған. Бұл ұрпақ тәрбиесінің ең алдымен отбасынан басталатынын меңзейді. Сондықтан, әрбір ата-ана баласы ес біліп, етек жиғаннан бастап, оған ата-ананың ұрпағы алдындағы парызын өтеуді көздеп, тәрбиесіне баса назар аударады.
Қазақта ақ бата деген киелі сөз бар. Ақ тілеудің белгісі – ақ бата. «Батамен ел көгерер» дегендей, әрбір қазақ жиын-тойда, отбасында батасын беріп ұрпағын өсірген. Бата – кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті де киелі рухани ұғым.
Ақ бата дидактикалық негізге құрылған. Ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата болады. Мұны жас талапкерге арналған бата деп атайды. Ал, күнделікті астан кейін берілетін батаны дастарқан батасы деп атайды. Бұл батаның маңызы өте зор. Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендік тілмен, ерекше әсермен қол жайып айтылады.
Бата –ғибраттылық мәні, өнегелі ой-тұжырымы бар, дидактикалық мұра. Және де танымдық, тәрбиелік маңызы зор. Халық поэзиясының ықшамды нақыл сөз үлгісіндегі келетін кестелі сөз [1, 18].
Бата – қазақ дәстүрінде ақ тілеудің белгісі. Бұл жанрдың пайда болуы табиғи жарық көздеріне табынумен байланысты. Бата ай жаңа туған кезде де айтылады. Жаңа шаңырақ құрған кезде ересек өмірге қадам басқанда жастарға бақ—береке, денсаулық, табыс алыс жолға шығар алдында сәттілік тілеген тілектерден тұрады. Бата қатаң күнтізбелік тәртіпке бағындырылмаған, оны кездесу мен қоштасуда дәм үстінде айтқан.
Бата – кезкелген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Батаның ең жақсысын «ақ бата» деп халық қастерлейді. Қазақта батаның түрі көп. Мейлі қандай бата болсын, көркем сөз, шешен тілмен, өлең жолымен шебер өріліп, қол жайып шын пейілмен айтылады. «Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді», «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деп те тегін айтылмаған. Дәстүр бойынша игі мақсат, ұлы мұратқа талпынғанда, алыс сапарға аттанарда, ата—анасынан не көнекөз қариядан бата алу шарт[2, 43].
Әрбір отбасы аузы дуалы ақсақалдар мен ұлағатты кісілерді үнемі үйлеріне шақырып ақ баталарын алып отырады. Сондай ықылас мейірімін төгіп, бата берген адамдарға ат мінгізіп, шапан кидіріп, риза етеді. Халқымыздың бата мен тілекті қасиетті дұғаға балап, үлгі тағылымды, өнер—білімді адамдардан «шарапаты тиеді» деп бата алуы, отырған жеріне аунатып, сарқытын ішкізуі жайдан-жай болмаса керек.
Жалпы қазақ халқының бата—тілектерінің маңызы өте зор. Қазақта үлкен кісілер өзін құрметтеп, бір шыны қара шайы болса да қабақ шытпай беріп, ықылас бата сұраған адамдардан адал ниет, ақ батасын аямаған. Алайда, ықылас батасы үй иесінің кісілігі, мақсат—мұрат, талап—тілегі бойынша әр алуан мазмұнда берілген. Ақ бата көбінесе жас талапкерге, жорыққа, бітімге аттанған, игілікті іс бастаған азаматтарға, құдалық, достық салтына, жас отау, өнер қуған жастармен «батаңызды беріңіз» деп өтінген адамдарға берілетін ықыластың бір түрі. Мұндай бата жас ұрпақтарды үміткерлікке, ерлікке, адалдыққа баулиды. Әдетте ақ бата түрлі мазмұнды болып келеді. Мысалы, халқы үшін қызмет еткен жастарға батагөйлер:
Ел-жұртыңның гүлі бол,
Шам-шырағы нұры бол,
Көпжасайбер, тірі бол,
Болашақтаірі бол.
Ірілердіңпірі бол,
Батырлардайсанды бол,
Сал-серідейсәнді бол,
Бақ-дәулеттімалды бол,
Өзқұрбыңныңалды бол, — депризалықбатасынбереді.
Ас батасыкейжерлердедастарханбатасыдеп те аталады. Алдыңадастарханжайылып ас келгенде не дастарханжиаркездежасалатынықылас. «Азғанелде бата болмайды, тозғанелде мата болмайды» дегендейасқа бата жасамаудыкөргенсіздік, тәрбиесіздікдепатайды. Сондықтан,халқымыз ас ішіп, дастарханжиғансайын: «Асқаадалдық, денге саулықбер» деп бата жасапотырудыадамдықпарыздепсанаған. Себебі, астанұлы, дастарханнанқасиеттінәрсежоқ. Ас батасы,біріншіден, аспен дастарханғадегенқұрметболса, екіншіден,алдынаақдастарханжайып, асынбергенигіниеттіүйиесінедегеналғысы.
Қыс айлары түгел соғым сойып, бір-бірін омыртқаға шақыратын ғұрып бар. Соғым сойған үй иесіне «соғым шүйгін болсын» деген игі тілек айтады.
Бейбіт күнге жаны құштар, әр таңым арайлап атып, мереке-мейрам, ән-күй, жыр-думанмен өтсе деп аңсайтын қазақ халқы жыл басы наурыз мейрамын ақ батамен бастаған. Мұндай батаны уыз бата деп те атайды. Уыз сөзінің мән-мағынасы терең екені баршаға аян.
Міне, осындай ұлттық дүниетанымымыздыәрбір ұрпақ санасына сіңіртіп, отбасында ұлттық құндылығымыз насихатталып жүзеге асырылса ұлт болашағы жарқын болары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. – 18-б.
- Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 2013. – 43-б.