Трасология. Трасологиялық ізтану

.

 

  1. Трасология ұғымы, жүйесі
  2. Трасологиядағы іздердің ұғымы мен маңызы
  3. Іздердің жіктелінуі
  4. Адам іздері (антропоскопия)
  5. Механоскопия
  6. Көлік құралдарының іздері

 

  1. Трасология – бұл із түсетін объектілердің сыртқы құрылысының белгі көрінісіне ие іздер, іздің түсу механизмі, сонымен бірге қылмыстық соттық іс жүргізудегі маңызға ие жағдайларды анықтайтын мақсатта жүргізілетін құралдар, әдістер мен тәсілдерді табу, тіркеу, алу, сақтау және зерттеу туралы криминалистикалық білім саласы.

      Трасология жүйесіне жататындар:

  • жалпы мәселелер;
  • көрініс іздерін зерттеу (қол, аяқ, тіс, бұзушы және көлік құралдарының іздері);
  • құралдарды қылмыс іздері ретінде зертеу (өндірістік механизм іздері бойынша шектеулі заттардың жағдайын, тұтас бөлшектерін, заттың шығу көзін анықтау);
  • заттарды қылмыс іздері ретінде зерттеу.
  1. Трасологиялық мағынада іздер – материалды объектінің басқа екінші объектімен қатынасы арқылы түскен бірінші объектінің белгілері болып анықталады.

Іздер арқылы:

Криминалистика негіздері  28

 
   

 

 

 

  • пайда болу механизмін (м: объектілердің ара қатынасындағы байланыс)
  • болған оқиғаның бөлек жағдайын (м: тұрғын жайға немесе алаңға кіру әдісі)
  • топтық қатыстығын (м: протектор ізі бойынша авто көлік түрін анықтау)
  • объектінің теңестірілуін (м: әртүрлі оқиға болған жерлердегі қалған қол іздерінің бір тұлғаға тәндігін) анықтауға болады.
  1. 3. Іздер үлкен үш топқа топталады:

     1)  көрініс іздері – ізді қалдырушы объектінің және олардың түсу механизмінің белгілерін  көрсететін іздер (қол, сындыру, көлік дөңгелегі, қан іздері);

     2)  құрал іздері – объект белгісі мен оның әрекет сипатын көрсетеді (құлпылар бұзу, іздері бар пломбалар, шынының сынықтары және т.б.);

     3)  зат іздері – трасология үшін екінші орынға ие және іздің қалыптасу механизмін, топтық және басқа да белгілерін анықтау арқылы ғана зерттеледі.

  1. Трасологиялық мағынаға ие адам іздері былай ажыратылады: қол, қолғап, аяқ, тіс, бастың бөлшектері (бет), папилярлы өрнектері жоқ (ерін, мұрын, маңдай), киім, қан іздері.

Қол іздері басқа іздермен салыстырғанда қылмысты ашу мен тергеуде жиі және ұтымды қолданады. Ол қолдың қызметтік маңызын және маймен терінің затқа иелігін көрсетеді. Қол алақанының беті – папилярлы сызықтармен қабатталған және немқұрайлы бөлінген кішкене ірі сызықтардың биіктігі мен ені.  Попилярлы сызықтар бір-біріне ешқашан қайшы келмейді, бірақ олар бір бағытта бөлінуі және әртүрлі өрнектерді құруы мүмкін. Олар адам анасының құрсағында жатқанда 3-4 айлық кезінде пайда болып, өлгеннен

Криминалистика негіздері  29

 
   

 

 

кейін де ең ұзақ уақытқа сақталады. Адам су астында жатқанда да оның қаншалықты жатқандығын осы алақандағы попилярлы сызықтардан білуге болады. Попилярлы сызықтармен бірге алақанның бет терісінің басқа да рефлекс-бедер белгілері көрініс алады. Криминалистикада көп көңіл рефлекске бөлінеді. Папилярлы өрнектің құрылымын зерттеумен дактилоскопия айналысады.

Попилярлы өрнектің үш түрі бар:

  1. доға тәріздес – саусақ өрнегінің бір бетінен екінші бетіне иіліп доға тәрізді түсуі
  2. ілмекті өрнек – саусақ ортасында ілмек тәріздес бір жақтан екінші жаққа сызылып орныққан өрнек.
  3. ораулы өрнек – спираль тәрізді оралып орналасады.

Аяқ іздері әртүрлі қылмыстарды тергегенде оқиға болған жерден табылуы мүмкін. Аяқ іздерін қарау мен жалғасушы сараптамалық зерттеу қылмыскерді табу мен іздестіру үшін қолданылатын маңызды мән-жайларды анықтайды. Аяқ іздері арқылы оны қалдырған адам туралы (оның бойын және жүрісіндегі ерекше белгілері), аяқ киім белгілері туралы, әрекет жағдайы туралы (қозғалыс жылдамдығы мен бағыты) анықтауға, адамды және оның аяқ киімін салыстыру үшін қолдануға болады. Іздер жалаң аяқ, аяқ киім, шұлық киген аяқ киім іздері бойынша ерекшеленеді. Жалаң аяқ іздеріне табан өлшемі, әрбір саусақ ұзындықтары мен ендері, табанның жалпы қалыбы, папилярлы өрнектердің жалпы құрылысы, иілген қабаттар көрініс алады. Шұлық киілген аяқ іздерінің жалпы белгілері болып мыналар табылады: шұлық өлшемі, жіптердің тоқылу түрі мен схемасы, өкше жақтарының тігістері.

Аяқ іздері арқылы шамамен адам бойын, оның аяқ киім өлшемін анықтауға болады. Антропометриялық зерттеулер ер адамның табан өлшемін 15,8 % және әйел адам бойын 15,5% -ға теңесетінін анықтаған.

 

Криминалистика негіздері  30

 
   

 

 

Қылмыскердің тіс іздері тағам өнімдерінде және басқа да заттарда қалыптасуы мүмкін. Тіс іздері адам денесінен де табылады. Тіс іздері бойынша оның қалыптасу механизмін анықтап, адамды салыстырады. Идентификациялау үшін тістің бату іздері өте ыңғайлы және оларда ақпарат мол болады. Мысалы: тіс қатарының доға қалпы, оң және сол қатардағы тіс ретінің ассиметриясы, бір қатардағы тістердің иілуі, тістердің араларындағы қашықтық, тіс саны, протез. Сараптаманы сарапшы криминалистпен тіс дәрігері сот медигі жүргізеді.

 

Тырнақ іздері кримин.алистикалық зерттелуші объект ретінде көбінесе қылмыскерлердің немесе жәбірленушілердің денесінде кездеседі. Тырнақ іздерін қарауда немесе зерттеуде ізде қалатын жеке белгілері анық көрінбейтін ерекшеліктер анықталуіы қажет.

Тырнақ іздерін фотосуретке түсіріп, хаттамаға тіркеп жазады. Қылмыскер тырнағының астында жәбірленушінің терісі немесе басқа да тергеуге маңызы бар заттардың болуына айғақ болса, онда оның тырнақтары тазаланып, алынып сот-биологиялық сараптамаға жібереді.

 Киім іздері көліктердің лактанған бетінен (көлікпен адамды қағып, басып кеткен жағдайда), дымқыл жерде (қылмыскер мен жәбірленушінің күрескен жерінде) және т.б. оқиға болған жерлерден табылады. Киім іздерінде жіптердің тоқылу түрлері мен суреттері, матаның басқа да жалпы белгілері, киім тігісі көрініс алады. Киім іздерін масштабты сурет әдісімен түсіреді және хаттамаға сипаттап жазады. Лакталып боялған обьектілерден көрінген киім іздерін дактелоскопиялық пленкаға түсіріп, үлкен іздерден гипстік жапсырмалар дайындалады. Іздердің суреттері мен көшірмелерін сараптамаға тексерілуші тұлғаның киімдерімен бірге жіберіледі.

Қан іздері – заттардың іздерін білдіреді. Оқиға болған жердегі табылған немесе киімнен табылған қан іздерінің

Криминалистика негіздері  31

 
   

 

 

қалпын зерттейтін трасологиялық зерттеулер олардың пайда болу механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Қан іздерінің түсу жағдайларын білу арқылы қылмыс жағдайындағы жеке деректерден көрініс алуға болады. Қан іздері былай жіктелінеді:

  • қанның ұю қалпына;
  • қанның шашырауына;
  • қанның тамшыларынан қалған іздеріне;
  • қанның ағуына;
  • қанның жағылуына байланысты.

Қан іздері өз құрамында қылмыстың келесі мынадай жағдайларын анықтай алады: жәбірленушіге тиген жарақат орны және оның залалының шамасы, оқиға болған жерде күректі пайдалану арқылы қажетті қорғаныстың болуы, қылмыскердің денесінде немесе киімінде қан ізінің қалу мүмкіндігі, жәбірленушінің қозғалыс немесе өлікті тасу бағыты, жарақат тиген уақыттағы жәбірленушінің денесінің жатқан жағдайы және т.б.

Қан іздері табылған объектілерді, сол іздермен бірге фотосуретке түсіреді. Қан іздері кеуіп кеткен жағдайда үстіне жұқа қағазды қою арқылы олардың контурын көшіріп алуға болады.

Сондай-ақ, оқиға болған жерде адамның попилярлы өрнегі жоқ құлақ, ерін іздері де табылады. Алғаш рет құлақ ізі Германияда тіркелген. Онда ұрлық болған жерде қылмыскер сейфті ашпақ болған кезде оны тыңдап түрып ашқан екен.

  1. Механоскопия – бұл қылмыс құралдарымен, сондай-ақ қылмыс қаруын жасау үшін қолданылатын механизмдердің, аспаптардың және әртүрлі жабдықтардың іздерін зерттеуші криминалистикалық трасологияның бөлімі.

Криминалистикада механизмдерге адам қолының күшіне байланысы жоқ, керісінше құралға және құрал

 

Криминалистика негіздері  32

 
   

 

 

бөлшектерінің еркеше қызметтеріне байланысты құралдардың әрекеттері мен күштері жатады.

Механоскокияда қарулар, аспаптар және механизмдер мынадай топтарға жіктеледі:

  • кесуші – пышақ, қайшы және т.б.
  • шабушы әрі ұрушы – балта, лом және т.б.
  • аралаушы ара және т.б.
  • тесуші – қол бұрғы.

Әсер ету тәсілі бойынша барлық қарулар мен аспаптарды екі топқа бөлуге болады:

а) механикалық – пышақ, қайшы, әйнек кескіштер, балта, лом, ара, тесуші құрал және т.б.

ә) қыздырушы – темірлерді кесу мен оларды бір-біріне жалғастырушы газды және электро құралдар.

Құралдың, аспаптың немесе механизмнің әсер ету сипатына қарай іздер үш түрге бөлінеді: салмақ түсіруші іздер, сызылушы іздер, кесу, аралау және тесу іздері.

Көлік трасологиясы  — әртүрлі көлік құралдарымен, бөлшектерімен қалдырылған іздерді зерттеуші криминалистиканың бір бөлімі.

Болған қылмыспен байланысты көлік қолданған жағдайда автокөлік құралдарының іздері зиян тигізу заты, қылмыс құралы немесе қозғалыс құралы ретінде криминалистикалық зерттеу объектісі болады.

  1. Көлік құралдарымен қалдырылған іздер криминалистикалық жоба бойынша 4 топқа жіктеледі:

1) жүргізуші бөлшек дөңгелектерінің, шана табандарының қозғалыстағы немесе бір орында тұрғандағы қалыптасып қалған іздері;

2) көлік құралдарының негізгі бөлшектері мен қалдырылған іздерінің көрінісі;

 

 

Криминалистика негіздері  33

 
   

 

 

3) көлік құралдарының өзінде пайда болған оқиға болған жердегі әртүрлі объект іздерінің көріністері;

4) оқиға болған жердегі көлік құралынан бөлініп қалған жеке бөлімдер, бөлшектер, майда құрамалар, заттар.

Оқиға болған жерде табылған, бөлініп түскен бөлшектер мен құралдар көлікті іздестіруге, салыстыруға, сонымен бірге оқиғаның болған нақты жерін анықтауға қолданылады.

Фараның және тағы басқа  бөлшектердің әйнек сынықтарын зерттеу арқылы автокөлік түрін, моделін, маркасын және оларға байланысты көлік моделін анықтайды.

Көлік құралдарының қозғалыс іздері болып негізгі бейнелеу іздері табылады. Олар екі немесе одан да көп көліктердің қақтығысуынан көлік бөлшектері жәбірленушінің денесімен киімін қаққанда, адам денесін басып өткенде, қоршаған мән-жайлар объектілердің қатынасында пайда болады.

Іздердің түсуі көліктердің қақтығыс түріне байланысты. Көлік құралдарының қақтығыс іздерін зерттеу кезінде оның болу себебі анықталады:

  • қарама-қарсы көліктердің бір-біріне қарсы бағыттары;
  • бір бағыттағы көліктердің бір бағыттағы қозғалыстары;
  • бұрышты көліктердің бұрыштап келу қозғалысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *