Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері

 

 

Кәсіпорында кадрлар саны тұрақты өлшем емес. Бір жұмыскерлер жұмыстан шығып жатса, екінші бірі жұмысқа қабылданып жатады. Кәсіпорындағы жұмыскерлердің қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер Мыналар:

Кадрларды қабылдау  коэффициенті (Кқ) белгілі бір уақыт бірлігінде кәсіпорынға қабылданған жұмыскерлер санын сол кезеңдегі персоналдың орташа тізім санына бөлу арқылы табылады:

Кққ/Рорт                                                 (6.3)

 

Рқ —  жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны, адам;

Рорт — персоналдың орташа тізім саны, адам.

 

Жұмыстан шыққан кадрлар коэффициенті (Кш)

Барлық себептер бойынша жұмыстан шығарылған жұмыскерлердің барлық санын, сол кезеңдегі орташа тізім санына қатынасы:

 

Кшбос/Рорт                                                             (6.4)

 

Рбос-   кезең ішінде кәсіпорыннан босаған жұмыскерлер саны, адам.

Кадрлардың тұрақтылық коэффициенті (Кт) жалпы кәсіпорын бойынша, сондай -ақ жеке бөлімшелеріндегі өндірісті басқаруды ұйымдастыру деңгейін анықтағанда қолданылады:

К т = Р тұр / Рорт                                                (6.5)

 

 

Бұндағы Р тұр – кәсіпорынның тұрақты жұмыскерлер саны.

 

Кадрлардың айналым коэффициенті

К айн = (Р бос + Рқаб) / Рорт                              (6.6)

 

Кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті  — белгілі бір мерзімде еңбек тәртібін бұзып немесе өз қалауымен жұмыстан шыққан адамдар санын сол кезеңдегі кадрлардың орташа тізім санына бөлу арқылы табылады.

К тұрақсыз = Р шық / Рорт                                       (6.7)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *