Құжаттарды криминалистік зерттеу.
- Криминалистік қару-жарақтану ұғымы
- Атылатын қару сипаттамасы және іздері
- Суық қару және оны қолдану іздерін криминалистикалық зертеу
- Криминалистік жарылушы техника
- Құжаттарды криминалистік тұрғыда зерттеу
- Құжат мазмұнының өзгеру түрі
- Криминалистік қару-жарақтану – қылмыстық әрекетпен байланысы бар атылатын, суық, газды және басқа қару түрлерін, сонымен қатар оларды қылмыстық әрекетте қолдану және жасау материалдары мен құралдары жайындағы криминалистикалық білім саласы.
Криминалистикалық қару-жарақтану мыналардан тұрады:
- атылатын қаруды және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу
- жарылушы құралдар мен оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу
- суық қару және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу
Атылатын қару – бұл газды көріністі заттың термикалық энергиясы салдарынан, адамға, жануарға немесе басқа заттарға көздеу әдісімен жүзеге асатын оқпен (картеч, дробь) зиян тигізуге арналған құрал. Қолдану мақсатына, сонымен бірге негізгі параметрлері мен сипатына қарай қару үшке бөлінеді: азаматтық, қызметтік, соғысқа арналған әскери. Атылатын қару сот баллистикасымен зерттелетін құрама белгілер кешеніне ие. Олардың қатарына: жану камерасының стволы
Криминалистика негіздері 42
мен бытыра қуатының жануы, жарылушы және атушы құралдар жатады.
Барлық атылушы механизмдер келесі топтарға бөлінеді: қыздырушы (мылтық аузын зарядтаушы тарихи қару), шүріппелі (1895 жылы жасалған наган жүйесіне жататын револьвер), ұрушы (норвин жүйесіндегі ТТ-Тульский тапаншасы), шүріппе-ұрушы (Макаров тапаншасы, Калашников автоматы), жалындамалы (ППШ, ППС, ППД тапанша-пулеметы), электро жалындаушы (Ле Барон және Дельмас 1866 жылғы және С.Руссель1834 жылғы винтовкалар).
Оқ қарумен атылатын құрал. Оқ негізінде гильзадан құралады. Гильза тұрқы темірлендірілген немесе темірлендірілмеген болады. Гильзада атылатын қару іздері мына жағдайда қалады:
- оқтау-магазинді иілдіруден, ысырманың алдыңғы сырт қабатынан, оқ салушыдан, ысырманың алдыңғы кескінінен және тастаушысының ілушісінен;
- ату-ұру салдарынан, оқты ұстаушыдан, оқ салушының қабырғаларынан;
- атылған гильзаны алу, лақтырушы тесігінен, оқ салушыдан, көрсеткіштен.
Ату іздерін тіркеу үшін бірнеше әдістер мен құралдар қолданылады. Біріншіден, атылған оқты қолдану ізі бар оқиға болған жерді суретке түсіру жүзеге асырылады. Екіншіден, атылатын объектінің бөлшекті өлшеуші суреті дайындалады. Үшіншіден, объектілер қарастырылып, тексеру қорытындысы тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі. Хаттама міндетті түрде объектілерді алу әдісі мен қаптау сипаты көрсетіледі, сондықтан хаттаманың құрылуы іздермен және кезекті жұмыстармен қатар жалғасады. Оқтар мен гильзалар тексеріс алдында бірден алынады, суретке түсіріледі, содан соң бөлек пакеттер мен қораптарға салынады.
Криминалистика негіздері 43