Жоғары мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру түрлерін көрсетіңіз

 

«Тәрбиенің ұйымдастыру формалары». Мақсаты – тәрбиені ұйымдастыру формалары, олар тәрбиенің мазмұны, әдістері, тәсілдері және құралдарымен байланысы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

Тақырып тәрбие жұмысының формалары ұғымының мәні, тәрбиелік іс-шара, тәрбиелік іс; тәрбие үдерісі формаларының көптүрлілігі; тәрбиені ұйымдастыру формаларының критерийлері деген сұрақтарды қарастырады. Бұл тақырып студенттердің қабылдауына еш қиындық туғызбайтынын айта кеткен жөн, сол себепті тәрбие жұмысының кез келген түрін жоспарлау және ұйымдастыру алгоритмі, сынып сағаты тәрбие үдерісінің негізгі формасы ретінде, тәрбие жұмысының картотекасы деген кейбір жекелеген сұрақтарды студенттердің өз бетімен қарауларына беріп кейін семинар сабағында бірлесіп талдауға болады.

Оқытушы ақпарат-дәрісті визуалдау элементтерімен қолдана алады. Семинар сабағын мұғалім-практикті шақыруымен тақырыптық семинар түрінде өткізуге болады.

СӨЖ ұйымдастыру үшін үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Студенттерге мынандай топтық тапсырма беріледі: бір тәрбиелік іс-шараға қатысып, талдау жасап, талқылауға ұсыну керек, сонымен қатар студенттер тәрбие жұмыстарының бірнеше формаларын көрсете алулары керек, мысалы, ауызша журнал, «Не?» «Қайда?» «Қашан?» викторинасы, байқаулар, тақырыптық сынып сағаттары, «Көңілді старттар» атты спорттық жарыстары және т.б.

Семинар сабағында тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесін практикум элементтерімен толық қарастыру керек.

Осы тақырыпты меңгерту барысында ақпарат-дәріс, визуалдау-дәрісін қолданған орынды. Семинар сабақтарын практикум элементтерімен байланыстыру орынды, себебі қарастырылатын сұрақтардың көп бөлігі сынып жетекшісінің практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты, ал ол үшін оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын жоспарлау іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру қажет.

СӨЖ мынандай тапсырмалардан тұрады:

1) Тәрбие жұмыстарының құрылымдық моделін құрастыру.

2) Сыныптың тәрбие жұмысының перспективті-күнтізбелік жоспарын құру (сыныпты студент өзі таңдап алады).

3) Ұжымдық шығармашылық қызметті қолдана отырып, бір тәрбиелік іс-шараны өткізу конспектісін әзірлеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *