Дәріс сапасын анықтайтын өлшемдерді құрастырыңыз

 

Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. 

Лекцияның сапасын бағалау. Көп жағдайларда лекцияның сапасын бағалау қажеттігі туындайды. Бағалау үшін арнайы бөлінген сұрақтар оқытушының өз лекциясын жетілдіру мақсатында да оған баға беруге де, жекелеген жағдайларда себептерді анықтау үшін де көмектеседі, ашық лекцияларды, оқыту әдістерін және дәріскердің шебеолігін талқылау жоспары да пайдалы. Т.А. Ильина дайындалып жатқан немесе оқылған лекцияларды бағалауға негіз болатын негізгі факторларды бөліп көрсетті.

. Дәріс сапасы оған мұқият, тиянақты дайындалуға байланысты. Осыдан келіп дәріс оқу кезеңдеріне дайындық туындайды.

Бірінші қадам. Дәріс тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Дәріс сабағының тақырыбы жұмыс оқу бағдарламасы бойынша анықталады. Мақсатты қою барысында мамандық ерекшелігін, аталған тақырыптың жалпы курстың жүйесінде орнын есепке алу керек. Тақырыпты дұрыс құру дәрістің типі мен студенттер категориясына байланысты (курс, мамандық, жас мөлшерлері). Оқу үдерісінде білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары жүзеге асатыны белгілі, сондықтан осы мақсаттардан теңбе-тең қызметтер туады, олар есепке алына отырып, дәрістің мақсаттарына жетуге көмектеседі.

Екінші қадам. Уақыт қорын анықтау.

Әр тақырыпты оқуға кеткен уақыт оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасы тақырыптарымен анықталады. Қажетті ақпарат көлемі сабақ уақытының аясына сыятындай етіп, дәрістегі оқу материалын жүйелеу керек. Сонымен қоса, артық уақыт қалған жағдайда қолданатын қосымша материалды да алдын ала даярлап қойған жөн.

Үшінші қадам. Дәрістік курс мазмұны үшін теориялық және фактілік материалды іріктеп алу.

Жоғары оқу орны тәжірибесінде дәрістік материалды іріктеудің әр түрлі критерийлері бар. Олар:

-ақпараттың ғылымилығы;

-қазіргі заманға лайық ғылыми материалды жүйелеу және әдістемелік жағынан қайта өңдеу;

-теориялық ережелердің аргументтелуі;

-алғашқы дереккөздер мен құжаттар мәтініне сілтеме жасау;

-оқу ақпаратын нақтылы аудиторияға (мамандық, курс, жас мөлшері) бейімдеу.

Төртінші қадам. Дәріс конспектісін жазу.

Дәріс мазмұнын даярлайтын оқытушылардың екі түрлі санаты бар. Оқытушылардың бірінші тобы дәріс конспектісін ешнәрсе қалдырмай толық жазады. Дәрістің толық мәтінін оқытушылар көбінесе оқиды. Екінші санаттағы оқытушылар дәріс жоспарымен ғана шектеледі. Толыққанды жоспар – дәрістің иерархиялы «қаңқасы» деуге болады, онда негізгі сұрақтар, заңдылықтар мен түсініктер ғана қаралады. Жоспар әр түрлі сызбалармен, диаграммалармен, графиктермен толықтырылады.

Бесінші қадам. Дәріске визуалды иллюстративтік материалдарды әзірлеу (презентациялар, сызба, кестелер және т.б.).

Заманауи талаптарға сай дәрістерді визуалды иллюстративті материалдарсыз, әсіресе, Power Point бағдарламасының көмегімен дайындалған презентацияларсыз елестету мүмкін емес.

Осылайша, дәріс оқуға кіріскен оқытушы ұсынылған кезеңдерді ұстануына болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *