Африка және Америка континенттеріндегі ежелгі халықтар діндері

 

  1. Африкадағы діндер туралы айту өте қиын, себебі осы күнге дейіп жүздеген және мыңдаған майда тайпалардан бастап үлкен мемлекеттік одақтар бар. Бұл континентті зерттеудің өзі де осы 150 жылдан аса қоймайды. Соның өзінде де осы кезеңге дейін «Қараңғы» континент болып қалып отыр. Ғылыми жорамал бойынша «Біздің барлығымыз африкандықпыз» деген зерттеу фактілерімен санассақ, бірінші «адамдар» осы континенттен шығып тарады дейді. Мұндай жорамалда (гипотезада), бірнеше миллион жылдар бұрын шығыс Африка бөлігінде бірнеше гоминид (ерте жабайы адамдар) өмір сүрген. Олар 4 млн. жыл бұрын қазіргі Танзания және Эфиопия төңірегінде өмір сүрген дейді. 2 млн. жыл өткеннен соң, олар шығыс Африкаға таралып әр түрлі гоминидқа айналған. 1 млн. жылда олардан гомо эректустар (тік жүретін адам) бөлініп шығады. Олар бірте-бірте басқа географиялық континенттерге тарай отырып адамзаттың мәдени қайнар көзі болған.

Зулус діні тікелей зулус деген деревня (ауыл) өмірінің атымен қойылған деседі. Діни көзқарастары Зулу халқының дінін ерте дәуірден зерттеу ешбір мүмкіндік болмағандықтан, тек Чака көсемінің тұсындағы өмірлерімен байланысты хабарлар арқылы қарастырылады.

Зулу діни өмірінде сегіз діни кейіпкер үлкен рөл атқарады.

  1. Көсем — абыз (жрец) — мұрагерлік дәреже — барлық ауылдың бастығы және барлық діни салт-жораларды басқаратын адам. Оның тағы да саяси‑әлеуметтік қызметтері де бар.
  2. Сауегей (прорицатель) — болжаушы. Әр түрлі сыйқырлық іс-әрекеттер жасайды. Жаман нәрселерді күні бұрын болжап біледі. Оларға қарсы (болдырмау үшін) іс-әрекеттер жасайды. Көбінде сәуегейлік рөлді әйелдер орындайды.
  3. Тәуіп (знахрь). Зулу тәуіптері — «кәсіби» дәрігерлер. Олар өсімдіктерден әр түрлі дәрі-дәрмектер жасауда, осы күнге дейін халық дәрігерлерінің атағына ие болған адамдар көп.
  4. Аспан-бақташы (небесный пастух) — Аспан Құдайы, еркек мүсінді. Олардың атқару қызметі көсемнің іс-әрекетімен тығыз байланысты. Олар — жауын жауғыза алатындар. Найзағайларды игереді. Олар сайлау алдына иницианция — ритуалынан өтеді — (бетін тіліп із қалдырады…).
  5. Сыйқыршы, әзәзіл (чародей) — жаман жағдайларды өзгерте алады. Ашу мен кайғыға толған адамдар сыйқыршыға барып мұңын шертеді.
  6. Мыстан кемпір (ведун, ведьма) — қараңғы өмірден күш алады. Оның істері жасырын. Ашуланса кез келген адамды ауыруға ұшыратады, түнде ұшып жүреді…
  7. Кешірушілер (умилостивитель) — кешірімпаз адамдар. Кек сақтамайды…
  8. 8. Ауыру (пациент) — кез келген адам болады. Оларды әр түрлі ауырудан жазу керек.

Қазіргі кезде ислам дінінің беделі көптеген Африкандық қалаларда өсіп келеді. Мұсылмандардың қалалары мен елдері: Мавритания, Сенегал, Гвинея республикасы, Мали, Нигери, Солтүстік Нигерия, Орталық республика Чад, Судан, Сомалиде. Африкандық христиандардың көпшілігі ЮАР, Ұғанди, Оңтүстік Камерун, Либерияда. Бұл жерлерде Христианның католик және Протестант діндерінің ағымдары таралған.

Мезоамерика (Орта Америка) діндері. Мезоамериканың діни тарихы олардың қалалары және қалалық символдармен тығыз байланысты. Олардың сапалы қалалары, зәулім көшелері, ритуалдық ортақтары дүние жүзілік мәдениеттен қалыспай сол бір қатарда: Қытай, Месопотамия, Египет, Индия, Нигерия, Перу елдерінің деңгейінде тұрғандығын көрсетеді.

Mезоамерика — 7 майда мемлекеттен тұрады: Мексика, Гватемала, Белиз, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Косто-Рико елдері. Осы елдердің урбанизациялық үрдісі б.д.д. 2 мың жылы басталып ХҮІ ғасырға дейін бізге жетті. Олардың дүниетанымдық көзқарасы діни көзқараспен — әлемді тану, әлемді өзгерту, әлемді түсіну тұрғыда өтіп жатты. Мысалы, әлемді өзгерту ‑ эологиялық комплекс үйлер, қалалар мен пирамидалар, храмдар Әлемді түсіну — адамның денесін әлеммен байланыстыру — космология, ритуал, монахтардың сословиялары, абыздар, қолбасшылар, астрологтар, ршуалды құрбан шалу… Әлемді жаксарту — әр түрлі ритуалдар арқылы күннің шығуына, күнге, аспанға арнап құрбан шалу. Үш негізгі элемент: ритуалдық орталық, Құдайлық жер, адамның орны.

Ацтектердін діни әдет-ғұрыптары. 1519 жылы Кортес 500 әскермен ацтектердің орталығы Теночтитланға келгенде, ацтектің қолбасшысы Моктесума Шокойцив Кортесті өздерінің аңызға айналған абыз-көсемі (ХІг.) Тольтексим келді деп қабылдады. Себебі XII ғасырдан бастап Топилцина Кецалькоатляға арнап көптеген оқиғалар, аңыздар, өлеңдер, өнерлер және мүсіндер салып, оны Құдай бейнесіне теңеді.

Топилицина Коцелькоатля Құдайы ғарыштан келген, Құдай күшіне енген, халыққа діни әдет-ғүрыптар алып келді деп санайды. Оның өмірі туралы, пьесаның жеті актысына үқсатыи суреттейді. 1) Оның таңғажайып тууы; 2) оның ритуалдық істері, әстетикалық жәвс этикалық жолындағы тәжірибелік үлгілері; 3) жаңа шығып, туып отыру 4) тамаша мемлекет және астана тұрғызу; 5) оны қастандықпен қүлату, 6) шет елге қуу; 7) оның өлімі және Венера жүлдызына айналуы Осындай мифтік аңыздар сол ацтектердің діни негіздерін құрады.

Ацтектердің күнделікті өмірдегі әдет-ғүрыптары, салт-жоралары, мифтік көзқарастары, оздерінің бас Құдайы Кецалькоатляның аңыздык өмірбаянымен тығыз байланысты өтеді. Кецалькоатл аңызы бойынша оның анасы Чимальма (щит Земли) зүбәржатты (тасты) жұтып жүкті болады да, Кецалькоатлды өмірге келтіреді. Ол атасы мен әжесінің колында жеті жасқа дейін тұрып әр түрлі салт-жораларды үйреніп аскетке айналады. Әр түрлі салттық іс-әрекеттер жасап халықты үйретеді. Мысалы, ол шанышқымен (спицамен) өзінің қанын ағызып Құдайға құрбандық көрсетеді. Оның басқаруымен көптеген храмдар салынады, сол храмда шоқынуға, халықты құрбандық шалуға үйретеді ХҮІ ғасырда исландық монах Диего Дүран деген бірінші рет Европаны Кецалькоатлдің салт-жоралары мен таныстырды.

  1. Майя халықтарының діндері. Майя тайпалары Орталық Америкада 200-900 жж. (Субрегион) Оңтүстік Гватемала, Солтүстік Гватемала және Шығыс Юкатан түбегінде өмір сүріп, таңғажайып өркениетке жетті. Халықтары негізінен жер шаруашылығымен, егін егіп, бау-бақшамен шұғылданатын. Сонымен қатар біздің білетініміз Маяның 8 қаласы болғандығы. Дүниетанымдық көзқарастарының негізінде аграрлық — өндіру, өсіру, өзгерту арқылы әлемді қарастырады. Олардың Символик жазуы — Космостық ағаш (дерево) — өсімдік. Құдайлары да Ицамна (космостық ағашқа ұқсас), аспан мен жерді қосып тұрушы. Тотемдік жануарлар: рептилялар, жылан, кесірткі киелі ретінде қарастырылады. Политеистік Құдайлары: жауын-Құдайы орман жерінде өмір береді; Ах-Кин — Күн Құдайының жылу беру және т.б. ритуалдары: туу, өлім, қайта туу барлығы діни мейрамдармен әдет-ғұрыптар жолында жүріп жатады.

Майялардың діни дүниетанымдық көзқарастарының, басқа діндерден айырмашылығы олар адам проблемасына аса үлкен көңіл бөледі. Адам, оның санасы — киелі табиғат күштерінің қатынасы. Адамның тек дене құрылысы ғана емес, олардың киімдері де үлкен мағыналық қасиет береді. Сондықтан олар киімдерін әр түрлі тігіп, бояп киеді. Майялардың дүниетанымдық көзқарасын төртке бөліп қарастыруға болады: 1) тәртіп ғарыштан аспанға түсіп, одан жерге келеді, жер бетінен жер астына өтеді; 2) қоғамда тәртіп мәңгі, себебі ғарыштан келеді; 3) әлем Құдайы — ғарыштық; 4) басты салт-жоралар арқылы адам өзінің «бірінші адамнан» шыққандығын дәлелдеуі керек. Майялардың ритуалдарының ішінде ең бір ерекшелігі — адамның қанын ағызу. Бұл салт қандай бір адамның белестік салты болмасын қан шығару арқылы жүріп жатады. Қан ағызу басқа адамдарға жан беру деп түсінеді. Осылай өз қанын құрбандыққа бере отырып, олар жасырып Құдайлық күштермен қатынас жасайды деп ойлайды.

Майя өркениетінің шығуы мен дамуы үш кезеңге бөліп қарастырылады.

Бірінші кезең жалпы даму (б.д.д. 1800-100 жж.) салт-жоралары жүйесінің калыптасуы мен зәулім архитектуралық комплекстердің салынуы. Ол кезең тағы да иероглифтік жазудың және күнтізбелік белгілеу, уақыттық, сауда-саттық пен әлеуметтік, саяси қатынастардың қалыптасуы. Ол кезде бірнеше мемлекеттік қалалардың пайда болуы ( Эль‑Миродор және Каминалуп).

Екінші кезең классикалық (б.д.д. 200-900 жж.), бұл кезең, мәдениеттің өркениетке жеткен кезеңі. Жер шаруашылығы кәсібінің бюрократтық халге жетуі және әр түрлі ритуалдық орындардың бір-бірімен бәсекелестік халге жетуі.

Үшінші кезең постклассикалық, бүл кезең әрі қарай даму мен оның дағдарысы — испандық жаулап алу кезеңіне дейін.

Бізге керек кезеңі — классикалық. Бұл кезде Майя мәдеииеті дүние жүзілік мәдениетке өздерінің үлесін қосты дейміз. Сол кездегі архитектуралық ғимараттар, Храм пирамидалары, биік стелалар (қабырғаның басына қойған тастар) немесе үлкен колонналар, әшекейлеп оюлармен жазылған жазулар мен суреттер және т.б. Осылай ашылған Майя мәдениетін сол кездегі алдыңғы қатардағы елдердің өркениетімен теңейді.

3.Солтүстік америкалықтардың діндері

Негізінде америкалық үндістерінің әлемге деген дүниетанымдық көзқарастары бір-біріне ұқсас. Осындай бірлік дүниетанымдық көзқарастың төрт формасына тоқталып өтейік. Олар: әлем туралы; әлемнің үндестігі (гармония); елестету және күш; өмір мен өлім циклы туралы.

Солтүстік Америкадағы көгалды шалғынды аймақтағы үндістердің жануарлармен бірлігін әр түрлі билерде әрбір жануарлардып қимылдарын келтіріп билеуі, жануарлардың құрметіне емес немесе тотемизм емес, әлемдік күшке бас июлері, былайша айтқанда – шоқыну. Осы жерде мынандай сұрақ туады: жануарлардың рухы немесе рух жануарды қалай түсінуге болады. Үндістер екі сұрауға бірдей жауап береді, олар үшін екі жағы да бар. Үндістер бойынша жануарлар адамдарға ұқсас және екінші жағынан олар ұқсамайды. Ұқсамаған жағы жасырын, қауіпті. Кейбір аюлар кәдімгі жануарлар, ал кейбіреулері құдіретті күштермен теңеледі. Осыдан біз үндістердің дүниетанымдылығы екіге бөлінгенін көреміз: шындық әлем және құдіретті әлем. Кейбір табиғи заттардың құдіреті күшті. Олар киелі сондықтан олар қорқынышты ‑ табу. Мысалы, гейзерлер қорқынышты қауіпті рух күші.

Үндістердің «жоғарғы күшке» сенгенімен, ол күштер рух есебінде, олардың күнделікті өмірде бірге өмір сүретіндігі, олардың Құдайы өздерінен бөлініп кетпейтіндігі. Олармен түсінде болсын, өңінде болсын байланысуға болатынына көздері жетеді. Мысалы, бірер жануарлар ‑ рух, ал бірер жануарлар рух-жануар. Сондықтан олар Құдаймен үндесті түрде өмір сүреді.

Әлемдік үндестік. Қазіргі үндістер әлемді біртұтас үндестік түрде қарастырады: адамдар, жануарлар, ағаштар, өсімдіктер, табиғат біртұтасты және құдіретті күш. Осы көрсетілген түрлердің де өздерінің рухы бар. Мысалы, барлық балықтардың қам-қарекетінен үлкен бір балыққа бағынатындығына сенеді. Адамдарды қамқор ететін жоғарғы Құдайы бар. Сондықтан қандай бір тірі нәрсе болмасын өзінің рухани екінші жағы бар. Оның өмір сүруі осы екінші жағымен гармониялық қосылыста болып, бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Ондай біртұтстығы жартысын «муити» деп айтады. Әлемдік күш екі мутидан тұрады – жаз және қыс, екеуінің қамқоршысы майса (қамқоршы рух). Жаздың мутиы егіннің пісуіне жәрдем береді, ал қыстың — аң аулаушыларға жәрдем береді…

Елестету (аян) және күш. Солтүстік Америка үндістері оңаша жерде ұйықтағанда түсіне рухани күш аян беріп не істеу, не істемеу керегін айтады деп сенеді. Сондықтан аян беруші күшпен кездестіру жатқан ритуалдық жұмыс. Мысалы, жалғыз аңшыға Құдайдан да қамқоршы рух жақын. Солтүстік Мексикадан ондай жақын қамқоршы рухты нагуализ деп атайды. «Нагуал» — қамқоршы жануар, «меннен» кейінгі. Рух өлсе, адам да өледі. Бұндай ритуал кеңінен қолданылады. Мысалы, ертең баланың балағатқа жетуінің кезі — қамқоршы — рухпен кездесті деп, ондай кездесу жекелеген, адам жоқ жерлерде өтеді. Үндістер өзінің балаларын тауға, орманға апарып тастайды. Олар әбден әлсірегеннен соң олардың көз алдына елес «елестейді», ондай жағдайда баланың қамқоршысы — рухпен кездесті деп, ондай балалар ересек болды деп есептейді.

Өмір циклі және өлім. Үндістер уақытты сызық (линия) ретінде емес циклдық форма ретінде қабылдайды. Олар үшін уақыттың басы және соңы болмайды, ол қайталанып отыратын жағдай мен нәрсе. Олардың сөз қорында өтіп кеткен және келесі деген лексиондары жоқ. Олардың мифтік көзқарасы бойынша көп жыл болған оқиға бүгін де қайталана алады деп ойлайды. Үнділер бойынша жыл дөңгелек, әлемнің шекарасы.  Дөңгелек бірден символ, жер (дөңгелек) және уақыт. Бір жылдық өзгеру — шығыс және бату уақыттың көлеңкесі, кеңістіктің бір бөлігі. Календарь — магиялық дөңгелек. Әрбір адам туғаннан өлгенге дейін циклдан өтеді (өтуі). Осы арада көптеген циклдық белестер болады, тууы, ер жетуі, қартаюы, өлуі. Өлуі — циклдың соңы емес, ол жаңа циклдың бастамасы (лсаны басқа нәрселерге көшеді). Өлінің өзі gpitp әрбір циклдан тұрады: өлік басқа әлемге кетті; өлгеннің жаны басқа адамға ауысты, өлген адамның жаны бізге келді… Сондықтан үнділіктер «өлім» дегенді біз сияқты түсінбейді, олар үшін дін — өмір, ал өлім туралы дін жоқ.

Өлім, о дүние туралы түсінік үнділіктерде күрделі, айқын емес. Ондай түсінікті түсіндірушілер шамандар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *