Айналым құралының мөлшерленуi кәсiпорынның қалыпты жұмысын ұйымдастыру үшiн қажет айналым құралының экономикалық негiзделген шамасын дайындау процесi. Айналым құралын мөлшерлеу iшкi резервтердi анықтауға, өндiрiстiк цикл ұзақтығын қысқарту, дайын өнiмдi тезiрек өткiзуге ықпал етедi. Айналым құралына қажеттiлiктi анықтау тәсiлi бойынша олар нормаланатын және нормаланбайтын айналым құралдары болып бөлiнедi. Нормаланатын айналым құралдары: өндiрiстiк запас, аяқталмаған өндiрiс және өздерi жасаған жартылай фабрикаттар, болашақ кезең шығындары, қоймадағы дайын өнiм. Ал жолдағы, тиелген тауарлар, ақша қаражаты, дебиторлық қарыз нормаланбайтын айналым құралдары (Сурет 5.1).
Айналым құралын мөлшерлеуда айналым құралдарының мөлшері мен нормативтерi қолданылады. Айналым құралдарының мөлшері тауар -материалдық құндылықтың ең төмен қорын сипаттайды және қор-күнмен, қор- деталь мөлшерімен, өнiм бiрлiгiндегi теңгемен есептеледi.
Айналым құралдарының нормативтерi натуралды және ақшалай мәнiнде есептеледi және айналым қорларының мөлшерін осы мөлшер көрсетілген көрсеткішке көбейту арқылы табады.
Айналым құралына қажеттiлiк ақшалай мәнiнде мына формула бойынша есептеледi:
Н=Нб tз (5.4)
Мұндағы Нб — өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,
tз – айналым құралының нормасы, запас күндерi.
Айналым құралының мөлшері
Н а.қ. = Нө.з.+На.ө.+Нд.ө. (5.5)
Мұндағы Н а.қ.- айналым құралын мөлшері
Нө.з-өндiрiстiк запасты нормасы,
На.ө.-аяқталмаған өндiрiстi нормасы,
Нд.ө.-дайын өнiмдi нормасы.
Нө.з. = Зағ+Зсақ+Зтран (5.6)
Мұндағы Зағ – материалдардың ағымдағы запасы,
Зсақ — материалдың сақтандыру запасы,
Зтран — материалдың транспорттық запасы.
З ағым =Пм. ор.*Иа (5.7)
Мұндағы Пм.ор.-орташа тәулiктiк материалға деген қажеттiлiк,
И а-материалдармен кезектi жабдықтау арасындағы интервал.
Зсақт =50% Зағым
Зтран. = Пм.ор*К, (5.8)
Мұндағы К-кезеңдегi күн саны, 360,90.