Шарт ұғымы және ережелері

 

 

Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады. Шартқа Азаматтық  Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады.

Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және Азаматтық  Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (Азаматтық  Кодекстiң 268-377-баптары). Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.

Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.

Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.

Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi. Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады. Егер шарттың ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен белгiленедi.

Шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс. Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.

Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн.

Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады. Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.

Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (Азаматтық  Кодекстiң 393-бабы). Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады. Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.).

Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ. Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi. Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда Азаматтық  Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн. Жария шарттың осы талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады. Шартта оның кейбiр ережелерi осындай шарттар үшiн әзiрленген және баспада басылып шыққан үлгi ережелермен белгiленетiнi көзделуi мүмкiн. Шарттың мазмұнында үлгi ережелерге сiлтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгi ережелер, егер олар Азаматтық  Кодекстiң 3 және 382-баптарымен белгiленген талаптарға сай келетiн болса, тараптардың қатынастарына iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар ретiнде қолданылады. Үлгi ережелер үлгi шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкiн.

Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы. Осы көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.

Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды.

Тараптар несие берушiге емес, шартта көрсетiлген немесе көрсетiлмеген және борышқордан мiндеттеменi өзiнiң пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор орындап беруге мiндеттi деп көрсеткен шарт үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт болып танылады. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетiн бiлдiрген кезден бастап тараптар өздерi жасасқан шартты үшiншi жақтың келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды. Борышқор шартта өзiнiң несие берушiге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшiншi жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы. Үшiншi жақ шарт бойынша өзiне берiлген құқықтан бас тартқан ретте несие берушi, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады.

Сот шарт ережелерiн түсiндiрген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердiң сөзбе-сөз мәнi ескерiледi. Шарт ережесiнiң сөзбе-сөз мәнi түсiнiксiз болған ретте ол бүкiл шарттың басқа ережелерiмен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады. Егер осы баптың бiрiншi тармағындағы ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкiн болмаса, шарт мақсатын ескере отырып тараптардың шын мәнiндегi ортақ еркi анықталуға тиiс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келiссөздер мен хат жазысуды, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжiрибенi, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарды, талаптардың бұдан кейiнгi мiнез-құлқын қоса алғанда, тиiстi мән-жайлардың бәрi ескерiледi.

 

Азаматтық құқық нысаны

қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу процесінде олардың мүшелері субъективті құқықтар мен міндеттемелермен бөлінеді, ол болашақта құқықтық қатынас шегіндегі мүшелер тәртібін анықтайды.

 

Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері

азаматтық құқық қатынас  мүшелер  олардың субъектілер мен  аталады.

 

Азаматтық құқық қатынас объектілері          

азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жеке материалдық емес игіліктерге  бағытталған  тәртібі  көрінеді.

 

Жеке мүліктік  емес игіліктер    

азаматтық заңның  жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу  нәтижесінде  бекітіледі

 

Абсолюттік  құқықтық қатынастар    

құқықтық  тұлға  құқығын  кез келген тұлға  бұза алады. 

 

Қатысты құқықтық қатынас    

құқықтық тұлға  құқығы  осы құқытық  қатынасқа  қатысатын  белгілі  бір  тұлғалар  жағынан  бұзылуы  мүмкін.

 

Заттық қатынастар          

құқықтық тұлға  көзқарасы  заттардың пайдалы  қасиеттері есебінен  қанағаттандырылады. 

 

Міндеттемелік  құқықтық  қатынастар

тұлға  көзқарасы (қызығушылығы)  материалдық игіліктерді  құқықтық   тұлғаға  ұсыну  бойынша  міндетт тұлғаның  белгілі бір  әрекет есебінен  қанағаттандырылуы мүмкін. 

 

Факт 

құқықтық нормалармен қарастырылған   жағдайлар  туындауы  қажет, олар  азаматтық  заңдық  болып табылады. 

 

Заңдық  әрекет       

бұл заңдық  әрекет жасаған  тұлға  еркінен  тыс,  ал кейде тәуелді азаматтық – құқықтық  зардап  тудыратын  құқықтық әрекеттер. 

 

Сенімхат      

ретінде  бір тұлғаның  екіншісіне  үшінші  тұлға  алдындағы  өкілеттігі  үшін  берілетін  жазбаша  құқығы  түсіндіріледі.

 

Талапқа құқық      

ұлғаның  заңмен  қорғалатын  мүддесін  немесе бұзылған құқықтарын қорғау  мақсатында  жауапкермен материалдық-құқықтық  дауды  қарау  және  шешу туралы  талабымен мүдделі  тұлғаның  заңмен  қамтамасыз  етілген сотқа  шағымдану  мүмкіндігі.

 

Императивтік мерзімдер 

заңмен нақты  анықталған және олар  тараптардың   келісімімен  өзгертілмейді.

 

Анықталмаған мерзімдер           

заңмен  немесе шартпен  уақыты  бекітілмеген,  бірақ  бұл  құқық қатынастарында уақыт  шегінің бар   болуын  болжайды.  Осылайша  мүлік  уақытша  өтеусіз  пайдалануға  немесе  белгісіз  мерзімге  жалға  берлуі мүмкін.

 

Жалпы мерзімдер  

азаматтық құқықтың  кез-келген субъектісіне  қатысты  жалпы  мағыналы  мерзімдер.

 

Арнайы  мерзімдер           

заңда  тікелей көрсетілген  жағдайларда  әрекет етеді және жалпы  мерзімдердің  ережелері  шектелген.

 

Талаптық мерзім   

өкілетті тұлғаның  міндетті тұлғаға олардың  арасындағы  болған   түсініспеушілікті реттеу мақсатында  өзінің  бұзылған  құқықтарын  сотқа дейін  қорғауға  құқылы, ол   кейінде міндетті  мерзім аралығы.

 

 

Ұсынылатын әдебиет:

 

  1. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, Жеты жаргы, 2000.
  2. Гражданское право. Том І. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2000.
  3. Гражданское право. Ч. І. Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К., М., Проспект, 1997.
  4. Гражданское право. Том І. Общая часть. Под ред. Суханова Е.А. М.; Волтерс Клувер, 2004.
  5. Гражданское право (Общая часть). Учебное пособие. Под ред. Диденко А.Г., Алматы, 2003.
  6. Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. Алматы, 2003.
  7. Диденко А.Г. Избранное (Постсоветский период). Алматы, 2004.
  8. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 1: Общие положения. — М.: «СТАТУТ», 1998.
  9. Сборники «Гражданское законодательство». Статьи. Комментарии. Практика. Выпуски 1-22. Алматы, 1997-2005.
  10. Иоффе О.С. Правоотношение по советскому гражданскому праву. 1949.
  11. Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. М., 1974.
  12. Каудыров Т. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан. Алматы, 2001.
  13. Ильясова К. Регистрация прав на недвижимость в Республике Казахстан. Основные концептуальные положения. Алматы, 2000.
  14. Карагусов Ф. Ценные бумаги и деньги как объекты гражданских прав. Алматы, 2001.
  15. Климкин С.И. Юридические лица по законодательству Республики Казахстан. Общие положения. Алматы, 2001.
  16. Юридические лица. Практикум. Под ред. Климкина С.И. Алматы, 2003.
  17. Климкин С.И. Юридические лица (сборник статей). Алматы, 2004.
  18. Климкин С.И. Хозяйственные товарищества по законодательству Республики Казахстан. Алматы, 2002.
  19. Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1996.
  20. Скловский К.И. Собственность в гражданском праве. 2000 г.
  21. Диденко А.Г. Обеспечение исполнения договоров. Астана, 2002 г.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *