Сервистік бағдарламалық жабдықтау


Дискілерді тексеру. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. Архиватор-бағдарламалар. Антивирустық бағдарламалық құралдар. Компьютерлік вирустар сипаттамасы.
Жүйелік (сервистік) программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Көбінесе NC (Нортон Коммандер) немесе VC (Волков Коммандер) жиі қолданылады.
Жүйелік утилиттер – қосымша қызмет атқаратын, жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Оларға мына программалар жатады:
Дискімен жұмыс істеу программалары
Мақсаты:
• дискідегі қателерді табу және түзету;
• дискіні дефрагментациялау;
• файлдарды архивтеу және қалпына келтіру іс-әрекеттерін орындау
1. Дискіні тексеруге арналған ScanDisk программасы
Қатты дискіге ақпараттар өте күрделі жолмен сақталады, бірақ бұл жүйе диск дұрыс жұмыс істеп тұрған кезде операциялық жүйенің өзі қатты дискімен дұрыс жұмыс жасап осындай жағдайларда мынадай проблемалар кездеседі: Жоғалған кластерлер. FАТ кестесінде ондағы бар файлдардың біреуі тоғысқан файлдық сілтемелер (перекрестные файловые ссылки). Дискінің бір жоғарыда айтылған проблемаларды шешу үшін және келешекте дискіде Программалар — Стандарттар — Қызмет ету программалары – ScanDisk программасы
Көп жағдайларда өте қарапайым тексеру жүргізудің өзі де бұл кезде барлық жоғалуға тиіс мәліметтер файлдарға айналдырылады, ScanDisk программасымен жоғалған кластерлердегі (бөліктердегі) «қалыпқа келтірілген» файлдар егер, Қателерді автоматты түрде түзету (Исправлять ошибки автоматически) егер ауыстырып қосқышты Толық (Полная) режиміне қоссақ, онда қазіргі қатты дискілер сенімді, әрі тұрақты жұмыс істейтін ScanDisk программасын қолдану жиілігі.
Дискіні қателікке тексеру. Дискіні пайдалану барысында онымен жұмыс істеуде болған жаңылысулардан туған қателіктер пайда болуы мүмкін. Олардың кейбірін дискіні пішімдемей жөндеуге болады, ол үшін стандартты дискіні тексеру қызметші программасы қолданылады. Бұл программаны да Бас Менюден іске қосуға болады (Пуск Программы Стандартные Служебные Проверка диска). Ол файлдық жүйенің тұтастығын және диск бетін тексереді. Бұл программа көмегімен жөнделмейтін қателерді арнайы утилиттердің көмегімен (мысалы, Norton Doctor) жөндеуді жүзеге асырады

2. Дискіні дефрагментациялау (Defrag) программасы
Дискілерді дефрагментациялау. Файлдық жүйелер (мысалы FAT 16, FAT 32) файлдарды дискілерде сақтағанда оның бөліктерінің (кластерлерінің) арасында бос орындар қалдыруы мүмкін, яғни файл араларында бос орын бар әртүрлі көршілес емес бөліктерге орналасуы мүмкін. Мұндай файлдарға қатынау уақыты, көршілес бөліктерде тізбектеп орналасқан файлдарға қарағанда көбірек болады. Сонымен қатар дискілік жады үнемсіз қолданылады. Сондықтан дискілерді периодты түрде дефрагментациялап отыру қажет. Дефрагментациялау (үзіндісіздендіру) – файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын ұзақ процедура. Сөйтіп дискінің шапшаңдығы арттырылады. Стандартты дефрагментациялау қызметші программасын Бас менюдегі Программы Стандартные Служебные Дефрагментация диска командалар тізбегі арқылы іске қосуға болады.
Дискідегі қателерді түзету әрекетін ScanDisk программасы орындағанмен де, дисктегі әрбір файл белгілі бір орын алып тұрады дискіде файлдар жиі жазылады, өшіріледі. Операциялық жүйе файлға дискінің бөліктерге бөлініп сақталынған файлдармен жұмыс жылдамдығын арттыру. Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар. Операциялық жүйе таңдалған дискіні тексеріп, дефрагментация жасау. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, Диск ақпаратқа толы болған кезде дефрагментация өте ұзақ. Дискіні дафрагментациялау жиілігі. Дефрагментация тек кюмпьютердің жұмыс істеу жылдамдығына әсер етеді.
3. Васkuр программасы
Архивтеу дегеніміз — алдын ала сығу жолымен файлдардың
Бұл программа ақпараттың резервті көшірмесін құру және бұрын
Программа іске қосылғаннан кейін архивтеу, қалпына келтіру,
Архиваторлар– дискідегі орынды үнемдеу үшін арнайы сығу әдістерімен файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Дискіге бір немесе бірнеше файлдарды біріктіріп қысылған көшірмесін бір архивтік файл түрінде сақтайды. Архивтеу (қысу) программаларына arj, zip, zoo, Rar, Winzip, Winrar жатады.
АРХИВАТОРЛАР.
Файлде ақпаратты қысу үрдiсiн деректердi архивтеу терминiне алмастырады.
Архивация жасау, файлмен толықтырылатын кеңiстiк көлемiн қысқартуға мүмкiндiк бередi, бұл бiр компьютерден екiншi компьютерге оларды тасымалдауды жеңiлдетедi, дискiге файлдарды көшiру уақытын қысқартады, ақпаратты парольмен бөтен адамдардан сақтайды, және сонымен қатар файлдарды компьютерлiк вирустардан кiшкене сақтайды.
Архивтеудiң мәнi мынада, яғни қарапайым файлдар немесе қапшықтар жинақталады (қосылады) және арнайы архивтiк файлдар сақталады.
Архивтiк файл – арнайы ұйымдастырылған файл, ол өзiнiң құрамында бiр немесе бiрнеше файлдар мен қапшықтарды қосылған күйде сонымен қатар файлдар аты, оны құрылған немесе өзгертiлген датасы мен уақыты, өлшемi және т.б. туралы қызмет ақпараттарын сақтайды.
Көлемi жағынан үлкен архивтiк файлдар бiрнеше дискiлерге (томдарға) сыйып кетедi. Мұндай архивтер көптомдық деп аталады. Том-бұл көптомдық архивтiң құрама бөлiгi. Бiрнеше бөлiктерден архив құра отырып, оның бөлiктерiн бiрнеше дискетға жазуға болады.
Архивтеу немесе жинақтау – бұл қысылған күйде берiлген файлдарды архивтiк файлға орналастыру. Бiрақ егер жинақтау үрдiсi бар болса, онда оған керi архивтiк файлдарды ашу (архивтен шығару) үрдiсi бар.
Архивтен шығару файлдарды архивтен қалпына келтiру үрдiсi, мұнда архивке дейiнгi күйiне келтiредi.
Ашу кезiнде файылдар архивтен шығарылады және дискiге орнатылады.
Файлдарды жинақтау және ашуды жүзеге асыратын бағдарламаларды бағдарлама-архиваторлар деп атайды.
Архивтiк файлдарды құру үшiн оншақты арнайы бағдарлама-архиваторлар болады. Олардың көпшiлiгi, атқаратын қызметiне қарай онша айырмашылығы жоқ, тек бiр бағдарламалар жылдам жұмыс iстейдi, басқалары файлдардың жақсы қысылу дәрежесiмен қамтамасыз етедi, және кейде пайдаланушы өзiне қолайлы архиваторды қолданады.
Ең көп таралған бағдарламалар деп мына бағдарламаларды ARJ, RAR, PKZIP, PKPAK, PAK, LHA, ICE, HYPER, WINZIP, ZOO, EXPAND айтуға болады.
Көбiне файлдарды жинақтау және ашу бiр бағдарламамен жүргiзiледi бiрақ кейбiр жағдайда оны бiрнеше бағдарламалармен жасауға болады, мысалы PKZIP бағдарламасы файлдарды жинақтауды жүзеге асырады, ал PKUNZIP – файлдарды ашу.
Сонғы кездерi пайдаланушыларда кең таратылған ARJ, RAR және WINZIP архиваторлар болып есептеледi.
ARJ архиваторы жұмысты үлкен жылдамдықпен және ақпаратты қысудың үлкен дәрежесiн қамтамасыз етедi. RAR архиваторы ARJ-ге қарағанда қолайлы интерфейсi бар. WINZIP архиваторы Windows –қа арналып жасалынған, және де сол терезелiк интерфейстi қолданады.
Бiрақ бұл архиваторлар архивацияның негiзгi қызметтерiн атқарады:
1. Жаңа архивтердi құру;
2. Файлдарды архивтен шығару;
3. Бар архивке файлдарды қосу;
4. ‡здiгiнен ашылатын архивтердi құру;
5. Көптомдық архивтердi құру;
6. Бүтiндiкке архивтердi тестiлеу;
7. Зиян көрген архивтердi толық немесе ұсақтап қалпына келтiру;
8. Архивтердi көруден және бөтен адамдардан өзгерiс ендiруден сақтау.
Бұл функциялардың кейбiреулерiн бiз мысал ретiнде WINZIP архиваторынан көре аламыз.
Архивтiк файл басқа пайдаланушыға беру үшiн құрылған кезде, онда ол архиватордың болуын алдын ала байқай бiлу керек. Сондықтан ең дұрыс, өздiгiнен ашылатын архивтердi құрған дұрыс.
‡здiгiнен ашылатын архивтiк файл – бұл қарапайым архив, онда архивация бағдарламасы жалғастырылған.
Архивтiң өзi EXE кеңейткiшiн алады. Пайдаланушы архивтi бағдарлама ретiнде iске қосады, одан кейiн архивтi ашу автоматты түрде орындалады.

Антивирустық программалар – компьютерлік вирустарды анықтап, әсерін жоятын программалар ( мысалы: детектор-программалар, докторлар, фильтрлер, вакцина-программаларлар т.б.). Олар үш топқа бөлінеді:
1) файл мәліметтерін бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;
2) программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар;
3) вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.
Кеңінен қолданылып жүрген антивирустық программалар: Aidstest (Д.Лозинский), ADinf (Д.Мостовой), Doctor Web (П.А.Данилов), және де Касперский, Н.Безруковтың и т.б. антивирустары.
Компьютерге диагностика жасайтын программалар – компьютердің конфигурациясына (жұмыс істеу қабілетіне) диагностика жасап және жадты тексеретін тест программалары.
Арнаулы баспа программасы – бір мезгілде принтер мен пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программа.
Драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары (мысалы, клавиатураныкі – key.com, тышқан құрылғысыныкі –mouse.com т.б.).
Компьютерлiк вирус – бұл арнайы компьютерлiк бағдарлама, көбiне өлшемi бойынша аз (200 ден 500-ге дейiнгi байт), ол «көбейе» және басқа бағдарламаларды «жұқтырады» (яғни, ол бiрнеше рет өзiнiң кодын көшiредi, және оны басқа бағдарлама кодтарына бiрiктiредi). Ол компьютерге пайдаланушыға бiлдiрмей «жұқпалы» дискета арқылы немесе «жұқпалы» файл арқылы түсуi мүмкiн. Iшiнде вирусы бар бағдарлама «жұқпалы» деп аталады.
«Жұқпалы» бағдарлама жұмыс iстей бастағанда, алдымен вирусты басқару алады. Вирус басқа бағдарламаларды табады және жұқтырады сонымен қатар қандай-да зиянды әрекеттер жасайды: компьютердiң дұрыс жұмыс iстеуiне кесiрi тиедi, дискiдегi файлдарды құртады, компьютерге сақталған информацианы бұзады, оперативтi жадыны «ластайды» және т.б.
Бiр компьютерге кiрiп, компьютерлiк вирус басқада компьютерлерге таралуы мүмкiн.
Вирус қайдан пайда болады? Оларды бiлiктi программистер күншiлдiктен, кекшiлдiктен, атақ құмарлықтан, басқа фирмамен бәсекестiктер немесе вирусқа қарсы бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатымен жасайды.
Компьютерлiк вирустарды зерттейтiн мамандар болады, олар компьютерлiк вирустармен күрес жүргiзу мақсатында вирусқа қарсы бағдарламалар жасайды. Ресейде – Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б. атақты бағдарламалаушылар бар.
Жаңа бағдарламалық вирустар саны әрдайым өсу үстiнде және олардың түрiде өзгерiп отырады. Сондықтан компьютердi пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустармен жұқтырудың тәсiлдерiн және олардан сақтануды бiлуi тиiс.
Көбiне вирус компьютерге кiредi және қатаң дискiнi дискета және лазерлiк дискi арқылы, сонымен қатар компьютерлiк желiлер арқылы жұқтырады. Дискетаны жұқтыру өте оңай. Оған вирус жұқтырылған компьютер диск жетегiне жай ғана салған күннiң өзiнде-ақ жұқтырылады, мысалы, егер оның мазмұнын оқысаңыз.
Көбiне дискiнiң жүктелу секторы және атқарылатын EXE, COM, SYS немесе BAT кеңейткiштерi бар файлдар жұқтырады. Өте кем мәтiндiк және графикалық файлдар жұқтырады.
әсер ету деңгейi бойынша вирустарды келесi түрлерге бөлуге болады:
— қауптi емес, компьютер жұмысына зияны жоқ вирустар, бiрақ оперативтi жадының және дискi жадының бос көлемiн азайтады, мұндай вирустар әрекетi графикалық немесе дыбыстық эфектiлерде байқалады;
— қаупты вирустар, олар компьютер жұмысында түрлi бұзылуларға алып келедi;
— өте қауыптi вирустар, олардың әсерi бағдарламаның жоғалуына. Деректердiң жойылуына, дискiнiң жүйелiк аймағтарындағы информациалардың өшiрiлуiне алып келуi мүмкiн.
Компьютердiң вирусты жұқтырғанын дер кезiнде анықтау үшiн, вирустардың келесi негiзгi белгiлерiн бiлу қажет:
1. Бұрын дұрыс iстеп тұрған бағдарламалардың жґмысының тоқталуы немесе дұрыс
iстемеуi;
2. Компьютердiң баяу жұмыс iстеуi;
3. Файылдардың және қапшықтардың бұзылуы немесе олардың құрамының
бүлiнгендiгi;
4. Файлдар өлшемiнiң өзгеруi;
5. Дискiдегi файлдар санының ойламаған жерден кеңейтiлуi;
6. Бос оперативтi жады өлшемiнiң кiшiрейуi;
7. Компьютер жұмысында өте көп тұрып қалуы.
Компьютерлiк вирустардың негiзгi ерекшелiктерiн, вирусқа қарсы бағдарламалар сипаттамаларын және бағдарламаларды және деректердi компьютерлiк вирустардан сақтаудың шараларын қарастырайық.
Қазiргi уақытта 5000 астам бағдарламалық вирустар танымал. Түрлi вирустардың iшiнен негiзгi топтарын бөлiп қарастырайық:
1.Жүктеме вирустар – дискiнiң немесе винчестердiң жүктеме секторында сақталатын компьютердiң бастапқы жүктелу бағдарламасын жұқтырады, және компьютердi жүктегенде iске қосылады;
2.Файылдық вирустар, олар COM және EXE кеңейткiшi бар файлдарға ендiрiледi. Файлдық вирустар басқада файылдар типiне ендiрiле алады, бiрақ онда олар ешқашан басқаруды ала алмайды және, сәйкесiнше олар көбейе алмайды.
3.Жүктеуiш – файлдық вирустар файылдарды және дискiнiң жүктелу секторларын да жұқтырады.
4.Драйверлiк вирустар- компьютер құрылғыларының драйверлерiн жұқтырады немесе өзiн қосымша жол конфигурация файылына қос жолымен iске қосады.
5.Желiлiк вирустар көптеген оншақты және мындаған компьютерлердi бiрiктiретiн желiлерде таратылады.
Сонғы кездерi компьютерлiк вирустармен күресуден үлкен тәжiрибе бар, вирусқа қарсы бағдарламалар жасалынған, бағдарламаларды және деректердi сақтаудың шаралары таныс. Вирусқа қарсы бағдарламалар үнемi жетiлдiрiлiп, дамытылып отырылады, олар қысқа мерзiм iшiнде вирустың анықталу мезетiнен бастап, жаңа пайда болған вирустармен күресе алады.
Вирустарды таба алатын және жоя алатын бағдарламаларды вирусқа қарсы бағдарламалар деп атайды.
Таныс вирусқа қарсы бағдарламаларды бiрнеше типтерге бөлуге болады:
Бағдарлама –деректорлар, олар таныс вирустың бiрiмен жұқтырылған, ондай бағдарламалар таза күйiнде қазiргi кезде өте кең кездеседi.
Фагтор немесе бағдарлама –докторлар, сонымен қатар бағдарлама- вакцинолар, олар тек қана вирусты анықтап қана қоймайды, сонымен бiрге оларды «емдейдi», яғни файлдан вирус бағдарламасының денесiн жояды, бағдарламаны вируспен жұқтырылғанға дейiн қандай күйде болса, сол қалпына келтiредi. Фагтор жұмысының басында вирусты оперативтi жадыдан iздейдi, оларды жоя отырып, тек соған кейiн ғана файлдарды «емдейдуге» кiрiседi. Фагтордың iшiнен жартылай фагторды бөлiп қарастырады, яғни бағдарлама-докторлар, олар үлкен санды вирустарды жояды. Өте көп таныс жартылай фагтор мына бағдарламалар Aidstest(жасаушы Д.Лозинский), Scan, Norton AntiVirus және Doctor Web(жасаушы И.Данилов) болып табылады.
Бағдарламалар-ревизорлар вирустан сақтаудың ең сенiмдi құралына жатады. Компьютер әлi де болса вируспен жұқтырылмаған кезде ревизорлар прграммалардың бастапқы күйiн есте сақтайды, ал содан кейiн период сол мезеттегi күйдi берiлгенмен салыстырады. Егер өзгерiстер байқалған болса, онда дисплей экранына хабар шығарылады. Ресейде ең көп танымал бағдарлама-ревизор Adinf, оны Д.Мостов жасаған, ол бағдарламаны компьютерлерге барлық оқу орындарында орнатуға тура келедi. Ол вирустардың жандандылған ғана бақылап қоймайды, сонымен қатар оқушының зиянды жандандылығын да бақылайды (оқушыларға тиiсуге болмайтын өшiру, жазу, файлдарды және қапшықтарды тасымалдау).
Бағдарлама-фильтрлер немесе «қауылдар»-үнемi компьютер жадында тұратын кiшкене резиденттiк бағдарламалар. Олар компьютер амалдарын бақылайды және компьютер жұмысында, вирустар үшiн таныс күдiктi әрекеттердi анықтайды.
Көрсетiлген әрекеттердi қандай-да бiр бағдарлама жүзеге асыруы үшiн «қарауыл» хабар бередi, ал пайдаланушы сәйкес амалдардың орындалуына тиым салуы немесе рұхсат бере алады. Пайданалушылар көбiне қарауылды қолданбайды, себебi үнесi жасалынатын ескертулер жұмысқа кесiрiн тигiзедi. Бағдарлама-фильтрлер вирустың көбеюге дейiнгi бастапқы стадиясында табуға көмектеседi, бiрақ олар файлдар мен дискiлердi «емдемейдi», вирустарды жою үшiн фагты қолдану керек.
Вирустардан сақтаудың бағдарламалық құралдардан басқа, арнайы қосымша құралдар да болады, олар винчестердiң белгiлi бiр бөлiгiне қажеттi сақтауды қамтамасыз етедi. Мұндай құрылғыға мысал Ю.Фомин жасаған Sheriff платасы бола алады.
Вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану информацианы толық сақтаумен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар кешендiк профилактикалық сақтау әдiстерiн жасау қажет, мысалы:
1. Резервтiк копиялар жасау-ақпаратты архивтеу.
2. Кездейсоқ жұқпалы «пираттық» бағдарламаларды қолданбау.
3. Дискетадан файылды оқымас бұрын, оны вирусқа тексерiнiз.
4. Вирусқа қарсы бағдарлама дискетада сақталуы тиiс, себебi олар винчестерде
тұрып, ол да жұқпалы болуы мүмкiн.
5. Өзiңiздiң компьютерiңiздi вирусқа үнемi тексерiңiз.
Вирустар үнемi өзгерiп отырады, және олар көбеюде вирусқа қарсы бағдарламалар да қалмауға тырысуда, сондықтан әрдайым вирусқа қарсы жаңа версия бағдарламаларға көңiл бөлiп жүрiңiз. Егерде сiздiң вирусқа қарсы ескi бағдарламаңыз тексеруден кейiн, барлығы дұрыс деген хабар берген болса оған таңдалмаңыз, себебi ол жаңа вирусты танымауы мүмкiн.

Қолданбалы бағдарламалық өнімдер.

1. Қолданбалы бағдарламалық өнімдер топтамасы.
2. Жалпыға қолданылатын қолданбалы бағдарламалық өнімдер.
3. Арнайы қолдананылатын қолданбалы бағдарламалық өнімдер.

Қолданбалы бағдарламаларды iске јосу.
Сiлтеу бағдарламасының қолданбалы бағдарламаларды iске қосу бiрнеше жолмен жүргiзiледi, олар:
— бағдарламаның командалық (негiзгi) файлын таңдап алып, тышқанды екi рет шерту (Enter пернесiн басса да болады) керек;
— өңделуге тиiс құжаттық файл шартбелгiсiн таңдап алып, тышқанды екi рет шертсе болғаны, сонда сол файлға сәйкес бағдарламалық файл iске қосылып, оның терезесiне құжаттық файл шақырылады;
— құжаттық файл шартбелгiсiн тышқанмен iлiп алып (сол жақ батырмасын басып тұрып), оны сол файлдың негiзгi бағдарламасы белгiсiне жеткiзу де жеткiлiктi.
Мәтiн редакторы. MS Word – мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша бағдарламасы. Ол- мәтiндiк және графикалық ақпаратларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтiн редакторының бiрi.
Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқылды неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiнгi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бiрден орындалатын iшкi макробағдарламалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. жетiп артылады.
Word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау.
Word-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа бағдарламалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциалық) дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған Word редакторын iске қосу бiрнеше тәсiлмен жүзеге асырылады:
1.Басқару тақтасындағы Iске қосу (Пуск) менюiнiң Орындау (Выполнить) командасының көмегiмен, бұл тәсiл редакторының қосымша параметрлерiн iске қосуға арналған.
2. Бағдарламаларды Microcoft Office тобындағы Word шартбелгiсiнде тышқанды екi рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесiнiң Сiлтеуiш (Проводник) терезесiн пайдалану арқылы.
4.Word редакторына дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiледi:
— Файл – Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
— Word негiзгi терезесiнiң жүйелiк менюiндегi Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
— Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегi жүйелiк меню белгiсiне алып барып, тышқанды екi рет шерту немесе батырманы бiр рет басып, менюдiң Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
— Редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
— Тiкелей Alt+F4 пернелерiн басу.
Егер бағдарламамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз(Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрi қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Формулалар редакторы. Word бағдарламасындағы формулалар редакторының (Редактор формул – Equation Editor) көмегiмен құжат мәтiнiне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спекторлi мүмкiндiктердi қамтиды. Формулалар редакторының көмегiмен жазылатын объектiлерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбiрлер, көпмүшелiктер, т.б. жатады және де олардың экран бетiндегi сырт бейнелерi принтерден басып шығарылатын көшiрмесiмен бiрдей болады. Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әрiптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қарiптерге байланысты өзгертiлуi мүмкiн.
Формулалар редакторын iске қосу. Word ортасынан формулалар редакторын iске қосу үшiн, енгiзу курсорын құжаттың формула кiрiстiрiлетiн жерiне орналастырып, Кiрiстiру – Объект — Microsoft Equation (Вставка – Объект — Microsoft Equation) менюi операциаларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесi пайда болады. Сол терезеге керектi формуланы енгiзу қажет.
Егер объектiлер типi тiзiмiнде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесi әрекеттердi орындау қажет:
— Microsoft Wotd Folder бумасында орналасқан Word Commands iшкi бумасын ашу;
— Формулалар редакторын бейнелейтiн суретте тышқанды екi рет шерту;
— Фрмулалар редакторы терезесiн онда шықпай-ақ жабу;
— Word –тан формулалар редакторын шақыру.
Формулалар редакторы жүктелгеннен кейiн оның қолданбалы терезесi ашылады. Ол терезе өзiнiң құрылымы жағынан Word терезесiне ұқсас.

Дәріс 8. Мәтіндік процессорлар

Негізгі мүмкіндіктері. Мәтінмен жұмыс істеу. Баспа жүйесімен жұмыс жасау. Макростар.

MS Word – мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша бағдарламасы. Ол-мәтiндiк және графикалық ақпаратларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтiн редакторының бiрi.
Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқылды неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiннi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бiрден орындалатын iшкi макробағдарламалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. жетiп артылады.
Miсrоsоft Word жұмыс терезесi
Меню жолы Аспаптар панелі Жатық сызғыш

Miсrоsоft Word процессорының жұмыс терезесiнің негiзгi басқару элементтерi: тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панельдері, сызғыш, жұмыс өрiсi және индикаторлармен қоса күй жолы (строка состояния). Miсrоsоft Word 95-тен бастап аспаптардың панельдерін баптауға болады.
Бұл жұмыс ортасының ең алғашқы ерекшелiгi, мұнда СервисНастройка… командасы бойынша ашылатын Настройка терезесiнде «Отображать названия шрифтов тем же шрифтом» ауыстырып қосқышын iске қосқанда қаріптердiң таңдау терезесiндегi бейнесi жазылған кезiндегiдей көрiнедi.


1.3. Құжаттардың бейнеленуiнiң режiмдерi
Miсrоsоft Word-тың алтыншы версиясынан бастап құжаттарды бейнелеудiң бiрнеше режiмi бар.
Әдеттегi (Обычный) режiмде құжаттың тек қана мазмұны бейнеленедi, яғни баспа беттерге шығарылатын рәсімдеудiң элементтерi (колонтитулдар, колонцифрлар, сiлтемелер және тағы сол сияқтылар) бейнеленбейдi. Беттердi бөлу шекаралары үзiк-сызықшамен бейнеленедi. Бұл режiм құжатты форматтаудың бастапқы (мәтiннiң енгiзу, редакциялау, пiкiр беру) кезеңдерiнде ыңғайлы.
Web-құжат режiмiнде экрандық көрiнiс құжаттың баспа бейнесiмен дәл келмейдi. Яғни WYSIWYG қағидасы бұзылады, бiрақ электрондық құжаттың бейнесiн қандай құрылғы арқылы көретiнiмiз алдын ала белгiсiз болғандықтан, ол World Wide Web электрондық құжаттарына тән қасиет. Электрондық құжаттар үшiн баспа бет ұғымының мағынасы болмайды, сондықтан құжаттың беттерiне тағайындалған параметрлер ескерiлмейдi.
Таңбалау режiмiнде құжаттың экрандық бейнесi оның қағазға басып шығарғандағы бейнесiмен, тiптi тағайындалған параметрлерiне дейiн, айнымай толық сәйкес болады. Бұл көрiнiс баспаға басып шығаруға арналған құжаттардың мәтiнiн форматтау үшiн өте ыңғайлы.
Құрылым көрiнiсiнде құжат өзiнiң құрылымымен бiрге бейнеленедi. Бұл көрiнiс құжатты қалыптастыруды оның мазмұнының жоспарын жасаудан бастаған жағдайда пайдалы. Бұл көрiнiстi iске қосқанда аспаптар панелінде көмекшi Құрылым панелі автоматты түрде ашылады. Ол жақтау құжаттың құрылымын басқаруға мүмкiндiк бередi.
Құжаттың бейнесiнiң жоғарыда айтылған төрт көрiнiсiнiң бiрiн таңдау терезенiң сол жақ төменгi бұрышында орналасқан командалық батырмалар көмегiмен немесе Вид менюiнiң командаларымен орындалады.
Сонымен қатар Вид менюi арқылы арнайы Құжаттың cхемасы (бесiншi көрiнiс) көрiнiсiн iске қосуға болады. Бұл көрiнiсте программаның терезесiнiң жанында екi жұмыс панелі пайда болады. Сол жақ жақтауда құжаттың құрылымы ұсынылады, ал оң жақ жақтауда құжаттың өзi бейнеленедi. Бұл көрiнiсте таңбалау көрiнiсiнiң де және құрылым көрiнiсiнiң де жетiстiктерi бар болғандықтан, оны құжатты қалыптастыру кезеңiнде емес, көлемдi және күрделi құрылымды құжаттарды көру кезiнде қолдану ыңғайлы.
Құжатты алдын ала көру үшiн қолданылатын тағы да екi көрiнiс Файл менюiнде. Электрондық құжаттар үшiн «Файл  Предварительный просмотр Web-страницы», ал баспаға шығарылатын құжаттар үшiн «Файл  Предварительный просмотр» командалары қолданылады. Құрылған құжат бiрiншi жағдайда броузердiң терезесiнде Web-бет сияқты бейнеленедi (оның Miсrоsоft Internet Eхрlоrеr 5.0-шi броузер болғаны жөн). Екiншi жағдайда құжат арнайы терезеде бейнеленедi.
1.4. Меню жолының командаларымен жұмыс әдiстерi
Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының меню жолы программаның барлық функционалдық мүмкiндiктерiне қол жеткiзедi.
Меню жолынан ашылатын менюлер Word-тың кеңейтiлген мүмкiндiктерiн бейнелейтiндiктен, онымен жұмыс iстеу ыңғайлы болу үшiн менюдiң командалары екi кезеңде ашылады. Бiрiншi кезеңде командалардың қысқартылған тiзiмi, егер онда қажеттi басқару элементтерi жоқ болса, тышқанның нұсқағышымен ашу белгiсiн шерту арқылы кеңейтiлген пiшiн ашылады.
2.1. Құжатты қалыптастыру
Word мәтiндiк процессорында жаңа құжатты қалыптастырудың екi әдiсiн қолданылу қабылдалған: дайын шаблонның негiзiне және бұрыннан бар құжаттың негiзiнде. Екiншi әдiс оңай, бiрақ бiрiншi әдiс әдiстемелiк жағынан көбiрек қолданылады.
Бұрыннан бар құжаттың негiзiнде жаңа құжат қалыптастыру кезiнде дайын құжатты ашады (Файл  Открыть), одан соң оны басқаша атпен сақтайды (Файл  Сохранить как…), содан соң оның мазмұнын түгелдей (Правка  Выделить все) ерекшелейдi және пернетақтада DELETE пернесiн басып жояды. Осы iстердiң нәтижесiнде меншiктi аты және бастапқы құжатта қабылданған барлық баптау параметрлерi бар бос құжат пайда болады.
Дайын шаблонның негiзiнде құжатты қалыптастыру төмендегiше орындалады.
«Файл  Создать» командасымен файлды қалыптастыруға арналған диалогтіктік терезесiн ашады, сол терезеде «Создать», «документ» ауыстырып қосқышын iске қосады және форматты таңдайды. Егер ешқандай шарттар жоқ болса, “Общие” қыстырмасындағы “Обычный” форматын таңдау керек. Құрылған құжат үндемеу бойынша “Документ1” атымен аталады. Оны бiрден «Файл  Сохранить как…» командасын орындап, ашылған «Сохранение документа» терезесiнде қапшықты таңдап, басқа «дұрыс» атпен сақтаған жөн. Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының «Сохранение документа (құжатты сақтау)» диалогтік терезесiнiң бұрыннан белгiлi стандартты қосымшалардың терезесiнен айырмашылығы бар. Ол құжатты «Мои документы» қапшығына ғана емес, кейбiр басқа қапшықтарға да сақтауға мүмкiндiк бередi.
«Сохранение (Сақтау)» терезесiнiң сол бөлiгiнде жылдам таңдауға мүмкiндiк беретiн бес батырма болады:
Журнал — логикалық бума. Егер құжатты соңғы кезде пайдаланылған қапшықтардың бiрiнде сақтау керек болса, онда осы қапшық өте ыңғайлы құрал.
Мои документы — Windows операциялық жүйелерiнде құжаттарды сақтауға арналған дәстүрлi қапшық.
Жұмыс үстелi — құжаттарды сақтауға шамалы ыңғайлы орын, себебi жұмыс столы «таза» болғаны дұрыс. Бiрақ құжат өте жиi қолданылатын болса, онда Жұмыс үстелiнде сақтауға болады.
Избранное – Web-беттерiн сақтайтын қолданушының ерекше логикалық бумасы. Оны мәтiндiк құжаттарды сақтауда қолданбаған дұрыс, ал құжаттарды ашуға қолдануға болады.
Web-қапшықтар – Web-құрылымында сақталатын ерекше қапшықтар, мысалы, World Wide Web-те. Жалпы жағдайда Web-қапшықтарды қолдану кезiнде құжат жергiлiктi компьютерде емес, алыстағы Web-серверде сақталады.
2.2. Мәтiндi енгiзу және редакциялау
Мәтiндi енгiзу әрiптердi пернетақтадан теру арқылы iске асырылады. Ағымдағы құжаттың терезесiне жыпылықтайтын тiк сызық — меңзер әрқашан болады. Енгiзiлетiн символдар меңзердің орналасқан жерiнде пайда болады. Меңзер енгiзу кезiнде оңға жылжып отырады. Мәтiн жолдың ақырына дейiнгi кризистiк қашықтыққа (оң өрiс) жақындағанда, соңғы сөз жаңа жолға тасымалданады. Сондықтан енгiзуге арналған <Еntеr> пернесiн басудың қажеттiлiгi жоқ. Оны жаңа абзац немесе бос жол жасау үшiн ғана басады.
Абзацтың таңбалағышы ( Маркер абзаца )- мәтiннiң <Еntеr> пернесi басылған жерге орналасатын арнайы басылмайтын символ. Ол символдың бейнесiн ¶ Стандартты аспаптар панелінің «Непечатаемые знаки» батырмасын шертiп көре аласыз. Ал, одан соң оны қайтадан жасыру үшiн бұл батырмаға тағы да бiр шертiңiз.
Мәтiндi теру кезiнде келесi тәсiлдердi қолданған пайдалы:
1. Егер мәтiндi теру кезiнде жаңылсаңыз, <Backspace> пернесiн басыңыз, ол меңзердің сол жағындағы символдарды жояды.
2. Меңзердің оң жағындағы символдарды жою үшiн <Delete> пернесiн пайдаланыңыз.
3. Енгiзiлген мәтiндi қайталау үшiн «Правка  Повторить ввод» командасын қолданыңыз немесе <F4> пернесiн басыңыз.
4. Осы қазiр ғана енгiзiлген мәтiндi жою үшiн «Правка  Отменить ввод» командасын орындаңыз немесе <Alt+Backspace> басыңыз.
5. Жаңа жолды абзацтың таңбалағышын орнатпай бастағыңыз келсе, <Shift+Еntеr> пернелерiн бiр мезгiлде басыңыз. Программа жолдың үзiлу символын салады.
6. Символдардың орнату және алмастыру режiмдерiн пайдаланыңыз: Орнату режiмiнде енгiзiлетiн мәтiн бұрыннан бар мәтiндi «жылжытады», ал алмастыру режiмiнде жаңа символ енгiзу нүктесiнде тұрған бұрыннан бар символды жылжытпай, оның орнына түседi. Орнату режiмiн мәтiндiк құжаттардың негiзгi блоктарын қалыптастыру кезiнде, ал алмастыру режiмiн стандартты формалар және стандартты элементтердi редакциялау кезiнде (колонтитулдарды, хаттардағы, бланктердегi реквизиттiк элементтердi) қолданады.
Алмастыру режiмiне өту үшiн программаның терезесiнiң күй жолында «Зам» индикаторын екi рет шертедi. Бұл режiмнен шығу үшiн «Зам» индикаторын тағы да екi рет шертiңiз. Сонымен, бұл индикаторды екi рет шерту режiмдердi ауыстырып қосуға мүмкiндiк бередi.
Режiмдердi баптау «Параметрлер» диалогтік терезесiнiң «Правка» қыстырмасында орындалады («Сервис  Параметры  Правка»).
Егер осы терезеде «Режiм замены» жалаушасы және «Использовать клавишу INS для вставки» жалаушасы орнатылған болса, онда түзетулер алмастыру режiмiнде орындалады. Егер бұл екi жалауша алып тасталынса, онда режiмдi <INSERT> пернесiнiң көмегiмен де таңдауға болады. Егер «Режiм замены» жалаушасы алынып тасталынса, ал «Использовать клавишу INS для вставки» жалаушасы орнатылса, онда түзетулер орнату режiмiнде iске асырылады.

2.3. Құжатты сақтау
Құжатты бiрiншi рет сақтау кезiнде ат қою үшiн, «Файл  Сохранить как…» командасын пайдалану керек. Программа сiз қойған атқа қосымша «Doc» жұрнағын бередi. Ал, «Файл  Cохранить» командасы бұрыннан бар құжатты сол атпен қайта сақтауға мүмкiндiк бередi.
Құжатты сақтау үшiн келесi амалдарды орындаңыз:
1. «Файл  Сохранить как…» командасын таңдаңыз. «Сохранение документа» диалогтік терезесi пайда болады. Құжатты осы тiзiмде көрсетiлмеген кез келген қапшыққа сақтау үшiн «Папка» өрiсiнiң оң жағындағы ашатын батырманы басып, қажеттi қапшықты iздестiру керек.
2. Диск, қапшық және файлдың түрiн таңдаңыз.
3. «Имя файла» өрiсiнде файлдың атын енгiзiңiз немесе Word-тың үндемеу бойынша берген атын қалдырыңыз.
4. «Сохранить» батырмасын басыңыз.

2.4. Құжатты ашу
Сақталған құжат ашылу үшiн:
1. «Файл  Открыть» командасын таңдаңыз немесе <Ctrl+O> пернесiн басыңыз, немесе Стандартты аспаптар панелінің «Открыть» батырмасында шертiңiз.
2. «Открытие документа» диалогтік терезесiнде ашқалы отырған файлды таңдаңыз да, «Открыть» батырмасын шертiңiз немесе тышқанның сол жақ батырмасын екi рет жылдам темппен шертiңiз. Егер құжат «Открытие документа» диалогтік терезесiнде бiрден көрiнбесе, онда диск, қапшық және файлдың түрiн өзгертiңiз.

2.5. Мәтiндi енгiзудiң арнайы құралдары
Мәтiндi пернетақтаның пернелерiн пайдаланып енгiзудi және редакциялауды жоғарыда қарастырдық. Бұл бөлiмде Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының мәтiндi енгiзудi автоматтандыруға мүмкiндiк беретiн ерекшелiктерiне тоқтаймыз.

2.5.1. Iс-әрекеттердi орындатпау және керi қайтару құралдары.
Мәтiндi енгiзу, редакциялау және форматтау амалдарының барлығы мәтiндiк процессормен хаттамаланып отырады, сондықтан соңғы амалдардың бiрнешеуiн жою мүмкiндiгi бар. Соңғы амал <CТRL+Z> пернелер комбинациясымен жойылады. Басқа ұқсас құралдар – Стандартты аспаптар панеліндегі «Отменить действие» батырмасы және «Правка  Отменить действие» командасы.
Бiраз амалдарды жойғаннан кейiн жою алдында болған күйге қайта оралу мүмкiндiгi де бар. Ол үшiн «Правка  Вернуть действие» командасын немесе Стандартты аспаптардың панелінде «Вернуть действие» батырмасын қолданады.
Кеңейтiлген алмастыру буферi.
Құжатты әртүрлi түпдеректен алынған мәтiннiң үзiндiлерiнен қалыптастыру кезiнде Miсrоsоft Word -тың кеңейтiлген алмастыру буферiн пайдаланған ыңғайлы. Алмастыру буферi — мәлiметтi уақытша сақтауға арналған жадтың бөлiгi. Қажеттi басқару элементтерi Алмастыру буферiнiң аспаптар панелінде (Вид  Панель инструментов  Буфер обмена).
Алмастыру буферiнiң аспаптар панелінде деректердi сақтауға арналған әрқайсысы төрт ұяшықтан тұратын үш қатар (кезектi қатар тек қана алдыңғы қатар толтырылған кезде ашылады) болады. Ұяшықтың мазмұны туралы ұяшыққа тышқанның нұсқағышын апарған кезде бейнеленетiн қалқымалы анықтама бойынша бiлуге болады. Кеңейтiлген алмастыру буферi толған кезде ұяшықтар төмен жылжиды, кезектi элемент соңғы ұяшыққа түседi, бiрiншi ұяшықтың iшiндегiсi жойылады.
2.5.3. Тезаурусты қолдану.
Тезаурус дегенiмiз мағыналы синонимдердiң сөздiгi. Техникалық құжаттарды даярлау кезiнде қолданылатын етiстiктердiң мағыналы синонимдерi ерекше роль атқарады. Ерекшеленген сөз үшiн тезаурусты контексті менюдiң Синонимы пунктiнен шақыру ыңғайлы. Бiрақ бұл әдiс барлық сөздер үшiн (көбiнесе тұйық етiстiктер үшiн) жұмыс iстемейдi. Тезаурусты шақырудың жалпы әдiсi «Сервис  Язык  Тезаурус» командасын қолдану. «Сервис  Язык  Выбрать язык» командасын орындап, өкiнiшке орай, әлi қазақ сөздерi үшiн тезаурус iстелмегендiгiн көремiз.
Тезаурус терезесiнiң екi панелі болады. Оның қызығарлық ерекшелiгi мынада: сол жақ жақтауда ерекшеленген сөздiң синонимы бейнеленген уақытта оң жақ жақтауда таңдалған синонимге лайықты синонимдар бейнеленiп тұрады, басқаша айтқанда синонимнің iздестiрiлуi екi деңгейлi болып табылады. Алмастыратын синонимді оң жақ жақтаудан да, сол жақ жақтаудан да таңдауға болады. Алмастыру «Заменить» командалық батырманы шертумен iске асырылады.
2.6. Құжат бойынша орын ауыстыру
Меңзердi құжаттың кез келген жерiне орнату үшiн сол жерге тышқанмен шерту жеткiлiктi.
Құжат бойынша орын ауыстыру үшiн меңзерді басқару пернелерiн және арнайы пернелердi пайдалануға болады.
Тез орын ауыстыру үшiн төмендегi пернелердi пайдаланған жөн:
<Home> — жолдың басына
<Еnd >- жолдың соңына
<PgUp> — бiр бетке кейiн қарай;
<PgDn > — бiр бетке алға қарай;
<Ctrl+ Home > — мәтiннiң басына
<Ctrl+ Еnd > — мәтiннiң соңына
<Ctrl+  > — келесi сөздiң басына
<Ctrl+ > — алдыңғы сөздiң басына
<Ctrl+ > — келесi абзацтың басына
<Ctrl+ > — алдыңғы абзацтың басына
Егер құжаттың белгiлi бiр бетiне өту керек болса, <F5> пернесiн басыңыз немесе «Правка  Перейти» командасын орындаңыз. Пайда болған диалогтік терезесiнде беттiң нөмiрiн енгiзiңiз.
Үлкен құжаттарды өңдеген кезде кейбiр жерлерге арнайы белгi салып, керек уақытта сол белгiлерге қайтып оралуға болады. Белгi салу үшiн «Вставка  Закладка» командасын орындап, ашылған терезеде белгiнiң атын енгiзу жеткiлiктi. Ал ол белгiге бару үшiн «Правка  Найти  Перейти  Закладка  Перейти» командасын орындап, ашылған терезеде белгiнiң атын көрсетiп «Перейти» батырмасын басу керек.
«Правка  Найти» терезесiнде бұдан басқа кез келген символды, әрiптер тiзбегiн, абзацты, беттi, суреттi, түстi, бояуды тағы басқа кез келген Word объектiсiн iздеп табуға болады. Сонымен қатар кез келген символдар тiзбегiн басқа тiзбекке алмастыру мүмкiншiлiгi де қарастырылған.
2.7. Мәтiндi ерекшелеу
Егер <CTRL> пернесiн басып отырып тышқанмен басқа объектiні шертсек немесе <Shift>, <CTRL> пернесiн басып отырып нұсқағышты бассақ, онда бұрынғы ерекшеленгендерге басқа объетілер қосылады. Мұндайда ерекшеленген бөлiктiң асты басқа түске боялады. Оны фрагмент (үзiндi) деп атайды. Егер <Shift>-тi ұстап тұрып жоғарыда айтылған әдiстердiң кез келгенiмен орын ауыстырсақ, онда меңзер тұрған жерден бастап орын ауыстырған аралықтағы фрагмент ерекшеленедi. Төменде тышқанның көмегiмен ерекшелеудiң оңай жолдары көрсетiлген:
 Сөздi ерекшелеу – оны тышқанмен екi шерту;
 Кестенiң бағанын ерекшелеу — бағанның үстiне тышқанның нұсқағышын апарып бiр шерту
 Қатарды ерекшелеу — қатардың басына тышқанның нұсқағышын апарып бiр шерту;
 Сөйлемдi ерекшелеу — <Ctrl> пернесiн басып тұрып керектi сөйлемдi шерту.
 Абзацты ерекшелеу – оны тышқанмен үш рет шерту.
 Құжатты түгелдей ерекшелеу — <Ctrl+А> пернелерiн бiрге басу немесе «ПравкаВыделить все» командасын орындау.
Бұларға қосымша тышқанның сол жақ пернесiн басып отырып орын ауыстыру арқылы кез келген үзiндiнi ерекшелеуге болатынын айта кеткен жөн. Егер ерекшеленетiн үзiндiнiң бiр бөлiгi терезеден тысқары жатқан болса, онда керектi межеге жеткенше тышқанның нұсқағышын сол бағыттағы қапталда ұстап тұру керек.

2.8. Мәтiндi жою, орнын ауыстыру және көшiрмесiн алу
Меңзердің сол жағында орналасқан объектіні «Bаckspace» пернесiнiң көмегiмен, оң жағындағы объектіні «Delete» пернесiнiң көмегiмен жоюға болатындығы айтылды.
Сонымен бiрге «Правка  Очистить» командасын таңдауға да болады. Бұл команда тура «Delete» пернесi сияқты ерекшеленген мәтiндi алып тастайды.
Тура осылайша «Правка  Вырезать» командасын немесе <Ctrl+Х> пернелер комбинациясын, сонымен бiрге Стандартты аспаптар панелінің «Вырезать (Кесiп алу)» батырмасын қолдануға болады. Бұл команда ерекшеленген мәтiндi Windows-тың алмастыру буферiне орналастырады.
Кесiп алған мәтiндi орналастыру үшiн бұл мәтiндi орналастыратын жерге меңзерді орнатыңыз және «Правка  Вставить» командасын немесе <Ctrl+V> пернелер комбинациясын таңдаңыз, немесе Стандартты аспаптар панелінің «Вставить» батырмасын шертiңiз. Мәтiн меңзердің орнында пайда болады. Сiз бұл мәтiндi қанша керек болса, сонша рет құжаттың әр жерiне орналастыра аласыз.
Мәтiннiң көшiрмесiн алу үшiн оны ерекшелеңiз, ал содан соң «Правка  Копировать» командасын орындаңыз немесе <Ctrl+C> басыңыз, немесе Стандартты аспаптар панелінің «Копировать» батырмасын шертiңiз. Программа көшiрменi алмастыру буферiнде орналастырады. Ендi оны «Правка  Вставить» командасымен керек орынға орналастыра аласыз.
2.9. «Апару және түсiру» технологиясы
Мәтiндi тасымалдаудың немесе көшiрмесiн алудың айтылған әдiстерiне қосымша ретiнде «Апару және түсiру» деп аталатын тағы бiр әдiс бар. Бұл әдiстi қолдану үшiн келесi қадамдарды орындаңыз:
1. Орынын ауыстырғыңыз келген мәтiндi ерекшелеңiз.
2. Ерекшеленген объектіге меңзерді орнатыңыз және тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Бұл кезде тышқанның нұсқағышы тiк төртбұрышы бар үзiк тiк сызық түрiндегi тасымалдаудың нұсқағышына айналады.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын басылған қалпында ұстап тасымалдаудың нұсқағышын керектi орынға апарыңыз, одан соң батырманы жiберiңiз. Ерекшеленген бөлiк сол орынға орналасады. Егер ол жазу болса, оның қандай форматпен жазылатыны қондырылатын орындағы абзацтың стилiне байланысты болады.
Егер сiзге ерекшеленген бөлiктiң көшiрмесiн алу керек болса, тышқанның батырмасын жiберер алдын <CTRL> пернесiн басып тұрыңыз.
Кез келген объектіден көшiрме алар алдында тышқанның нұсқағышына көңiл аударыңыз. Сол жақ батырманы басар алдында оның формасы сияқты болуы керек.

2.10. Регистрдi өзгерту
Сiз бас әрiптермен терiлген жазуды кiшi әрiптермен жазғыңыз келсiн делiк. Ол үшiн «Формат  Регистр» командасын қолданыңыз. «Регистр» диалогтік терезесiнде келесi ұйғарымдар болады:
• Как в предложениях. Барлық ерекшеленген сөйлемдер бас әрiптен басталады.
• Нижний регистр. Ерекшеленген мәтiннiң барлық әрiптерi — кiшi әрiптер.
• Верхний регистр. Ерекшеленген мәтiннiң барлық әрiптерi — бас әрiптер.
• Начинать с Прописных. Ерекшеленген мәтiннiң әрбiр сөзi бас әрiптен басталады.
• Изменить регистр. Бас әрiп кiшiге, ал кiшiсi бас әрiпке өзгередi.

2.11. Грамматиканы және емленi тексеру
Word-тың жаңалықтарының бiрi — мәтiндi терудiң процесiнде грамматиканы және емленi «кiдiрiссiз» тексеру қабiлетi болып табылады. Өкiнiшке орай ол қазақ сөздерiне жұмыс iстемейдi. Авторлардың емленi тексеретiн құралы бар. Егер сұраныс болса осы кiтапта көрсетiлген авторлардың телефондарына хабарласуға болады.
Грамматика мен емленiң автоматты тексеруiн iске қосу үшiн «Сервис  Параметры» командасын таңдау керек.
1. Пайда болған «Параметры» диалогтік терезесiнде «Правописание» қыстырмасын шертiңiз.
2. «Автоматически проверять орфографию» және «Автоматически проверять грамматику» жалаушасын орнатыңыз және «OK» батырмасын шертiңiз.
3. Қате сөз қызыл толқынды сызықпен, ал Word-тың пiкiрi бойынша грамматикалық қатесi бар сөзтiркесi — жасыл сызықпен сызылады. Егер қателiктердiң саны көп болса, онда Word қателiктердiң көп екендiгiн ескертiп, тексеру мүмкiндiгiн тоқтатады. Мұндай жағдайдан кейiн Word басқа файлдарды да тексеруiн тоқтатады. Оны қайтадан iске қосу үшiн «Сервис  Параметры  Правописание» қыстырмасындағы «не выделять слова с ошибками» жалаушасын алып тастап «OK» батырмасын шертiңiз.
4. Асты сызылған сөздi жөндеу үшiн оны тышқанның оң батырмасымен шертiңiз. Қателiктi дұрыстаудың мүмкiн варианттары бар контексті меню пайда болады. Керек сөздi ұсынған тiзiмнен таңдаңыз.
5. «Добавить» ұйғарымы дұрыс сөз программаның сөздiгiнде болмаған жағдайларда қолданылады. Егер жаңа сөз қосылса, ол сөз барлық келесi құжаттар үшiн дұрыс болып есептелiнедi.
6. Егер сөзтiркесi жасыл сызықпен сызылса, контексті менюде қате деп табылған ереже пайда болады.
7. Жазудың қатесiн тексеруге Стандартты аспаптар панеліндегі «Правописание» батырмасын пайдалануға болады. Ол қате табылған жерге тоқтап, оны жөндеуге мүмкiндiк бере отырып тексередi. Бұл диалогтік терезесiнiң жоғарғы бөлiгiнде қате деп табылған сөздер қызыл түспен жазылып, төменгi бөлiкте ол қатенi жөндеуге кейбiр ұсыныстар енгiзiледi. Қатенi тiкелей жоғарғы бөлiкте жөндеуге немесе төменгi бөлiктегi ұсыныстың бiрiн қабылдауға болады. Одан кейiн осындай қателiктердiң бәрiн немесе жеке осы қателiктi жөндеуге келiсетiн перненi басып қатенi түзетудi жалғастыруға болады.
3. Құжатты форматтау (пішімдеу)
Word-та құжатты форматтау Формат (Пішім) менюiнiң (немесе Форматтау панелінің) құралдары арқылы iске асырылады. Форматтаудың әртүрлi деңгейлерi қалыптастырылған:
• форматтаудың ең кiшi деңгейi – символды форматтау
• келесi деңгейi – абзацты форматтау
• одан кейiнгi деңгейi — құжаттың бетiн форматтау.

3.1. Символды форматтау
Символды форматтау – оның экрандағы және қағазға басып шығарғандағы түрiн анықтайды. Форматтаудың ең жылдам тәсiлi – Форматтау аспаптар панелінің батырмаларын пайдалану. Осы жақтауда форматтау үшiн ең жиi қолданылатын әрiптiң гарнитурасын, өлшемiн (размер) және кескiнiн (начертание) таңдап алуға арналған батырмалар орналасқан.
Егер форматтаудың бiрнеше параметрiн бiрден өзгерту керек болса, онда «Формат  Шрифт» командасы пайдаланылады. Бұл команда орындалғанда Шрифт диалогтік терезесi пайда болады. Сол терезеде Шрифт, Интервал, Анимация қыстырмаларын шертсеңiз, символдың параметрлерiн өзгертудiң мүмкiндiктерiн аласыз.
Символды форматтаудың элементiн қолдану үшiн немесе қайта алып тастау үшiн мәтiндiк фрагменттi ерекшелейдi. Одан соң Форматтау аспаптар панелінің батырмалары арқылы немесе «Формат–Шрифт» командасы арқылы ерекшеленген мәтiндi форматтайды.
Қаріптiң гарнитурларын таңдау кезiнде келесi жағдайларды ескеру керек:
 Қаріптiң гарнитураларын таңдау мәтiннiң ерекшеленген үзiндiсiне ғана әсер етедi. Егер бiр де бiр үзiндi ерекшеленбесе, ол кезектi гарнитураны өзгерткенге дейiн барлық енгiзiлетiн мәтiнге әсер етедi.
 Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорларының ерекшелiгi — олар (UNICODE ) көп тiлдi қаріптiк жиындармен жұмыс iстеуге бейiмделген.
 Қазақ әрiптерiмен жазу үшiн әрбiр компьютерге керектi драйвердi орнату керек. Басқа компьютерде жазылған мәтiндi оқу немесе баспаға шығару үшiн компьютерге мәтiнде қолданылған қаріптi орнатса жеткiлiктi.

3.2. Абзацты форматтау
Мәтiннiң негiзгi мағыналық бiрлiгi абзац. Абзац деп Word-та абзацтың соңы таңбаларының (маркерлерiнiң) арасында орналасқан кез келген көлемдi мәтiндi айтады. Абзацтың маркерi – ол Стандартты аспаптар панелінде орналасқан «Непечатаемые знаки» «¶» батырмасын басқанда пайда болатын және осы батырманың суретiндей символ.
Форматтау амалдары және теңестiру командалары абзацтың сыртқы бейнесiн өзгерту үшiн қолданылады. Абзацтың теңестiрiлуi — абзацтың мәтiнiн берiлген ережелерге сәйкес орналастыру. Көбiнесе мәтiннiң енi бойынша теңестiрiлуi туралы сөз жиiрек болады, яғни беттiң оң және сол өрiстерiнiң аралығында орналасқан жерi туралы.

Сол жақ шетi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың барлық жолдары бiр нүктеден басталады, яғни абзацтың сол жағы тiк сызық бойымен орналасады.
Оң жақ шетi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың оң жағы туралы да осыны айта аламыз.
Енi бойынша теңестiру кезiнде абзацтың оң жағы да, сол жағы да бiрдей тiк болады.
Центр бойынша теңестiру кезiнде жол парақтың ортасы арқылы өтетiн тiк сызық бойынша симметриялы орналасады. Бұлай теңестiру көбiне тақырыптар үшiн қолданылады.
Кiтаптар, журналдар және де басқа баспа құжаттары енi бойынша теңестiрiлу арқылы қалыптастырылады.
Теңестiрiлу Форматтау аспаптар панеліндегі сәйкес батырманы (По левому краю, По центру, По правому краю, По ширине) таңдау арқылы iске асырылады.
Ендi абзацты теңестiрудiң тәсiлдерiн қарастырайық:

3.2.1. Формат  Абзац командасы арқылы.
Бұл команда бойынша Абзац диалогтік терезi ашылады. Терезенiң екi қыстырмасы бар:
 Отступы и интервалы
 Положение на странице
Отступы и интервалы қыстырмасы арқылы абзацтың оң жақ және сол жақ шегiнiстерiн, бiрiншi жолдың шегiнiсiн немесе шығыңқылығын орнатады. Осы қыстырманың Интервал тобындағы параметрлер абзацқа дейiнгi және абзацтан кейiнгi арақашықтықты, жолдардың арасындағы арақашықтықты анықтайды.
«Положение на странице» қыстырмасының жалаушалары абзацтың мәтiнiн орналастыруды басқаруға арналған. Оның келесi режiмдердi бар:
Запрет висячих строк – құжатты беттерге бөлу кезiнде абзацтың бiр жолының беттiң төменгi жағында (немесе келесi беттiң жоғарғы жағында) қалып қоюына (висячая строка) тыйым салады.
Не разрывать абзац – абзацтың бөлiгiн басқа бетке тасымалдауға тыйым салады.
Не отрывать от следующего – ағымдағы абзац пен келесi абзацтың бiр бетте болуын талап етедi.
С новой страницы – абзацтың алдында беттiң үзiлу белгiсiн автоматты түрде орнатуды iске асырады.
Запретить нумерацию строк – абзацтың жолдарын нөмiрленген тiзiмнен шығарады.
Запретить автоматический перенос слов – абзацтағы сөздердiң тасымалдануын жояды.

3.2.2. Көлденең сызғыштың көмегiмен
Сызғыш ағымдағы абзацтың бүйiр шекараларын бекiтуге және табуляцияның орындарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Сызғыштың сол жақ, оң жақ шетiнде үшбұрыш тәрiздi маркерлер бар, оларды шекара маркерлерi дейдi. Маркерлердi жылжыту тышқанмен орындалады.
Сызғыштың сол жағындағы аударылған үшбұрышты тәрiздi маркер (жоғарғы маркер ) абзацтың бiрiншi жолының басталу орнын, ал төменгi үшбұрышты маркер (ұшы жоғары қараған) абзацтың барлық қалған жолдарының сол жақ шекарасын беруге арналған.
Сызғыштың төменгi жағындағы квадратты маркер– абзацтың сол жақ шекарасын анықтайтын үшбұрышты маркердiң астында тiкелей орналасқан басқару элементi. Оның орнын ауыстырғанда сол жақ шекараның екi маркерi (екi үшбұрыш) де бiрге орын ауыстырады.
Сызғыштың оң жағында орналасқан үшбұрышты маркер ағымдағы абзацтың оң жақ шекарасын бередi.

Табуляцияның таңбалағыштарының түрлерi:
└ — сол жақ бойынша теңестiру. Мәтiн көрсетiлген орынның оң жағында орналасады.
┘- оң жақ бойынша теңестiру. Мәтiн көрсетiлген орынның сол жағында орналасады.
┴ — орталық бойынша теңестiру. Мәтiн көрсетiлген орын бойынша симметриялы орналасады.
3.2.3. Контексті меню көмегiмен.
Бұл меню ашылу үшiн абзацтың кез келген жерiнде тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Бұл менюде форматтаудың әртүрлi операцияларын орындауға арналған командалар бар.

3.2.4. Үлгi бойынша форматтау
Егер дайын құжаттағы бiр абзацты екiншi бiр абзацтай етiп форматтау қажет болса, онда меңзерді үлгi ретiнде алынатын абзацқа орнатып, одан соң Стандартты аспаптар панеліндегі «Формат по образцу» батырмасын шерту қажет. Тышқанның нұсқағышы сол батырманың пiшiнiн қабылдайды. Осы кезден бастап керектi жерде шертсе, ол пiшiн жаңағы абзацқа өтедi.

3.2.5. Абзацты жиектеу
Абзацты жиектеу үшiн «Формат  Границы и заливка» командасы пайдаланылады немесе тышқанның оң батырмасымен аспаптар панелінің бос жерiнен шертедi және пайда болған контексті менюде «Таблицы и границы» пунктiн таңдайды, немесе Форматтау аспаптар панелінің «Внешние границы» батырмасын пайдаланады.

3.2.6. Абзацты Буквицадан бастау
Абзацтың бiрiншi символын көрнекi үлкен етiп қалыптау үшiн Буквица қолданылады. Ол үшiн:
 Меңзерді буквица қалыптастырылатын абзацқа орналастырады;
 Формат  Буквица командасын орындайды;
 ашылған «Буквица» диалогтік терезесiнде керектi параметрлердi орнатып, Ок батырмасын басады.

3.2.7. Мәтiндi реттеу
Word-тың мәтiндi реттеу механизмi мәтiндегi абзац соңының символдарына, табуляцияға және басқаларларға бағдарлай реттеуге мүмкiндiк бередi. Әлiпбиге немесе қандай болмасын басқа белгi бойынша барлық құжат немесе тек қана ерекшеленген мәтiндi реттеу үшiн «Таблицы  Сортировка» менюiн пайдалану керек.

«Сортировка текста» терезесi абзац бiржола реттелуi керек пе немесе тек қана мәтiнi ме; өсу немесе кему бойынша ма, әлiпби, сандар немесе дата бойынша реттеу ме, сонымен бiрге мәтiннiң бiрiншi жолын бастапқы жол деп санай ма, әлде жоқ па – осының бәрiн таңдауға мүмкiндiк бередi. Word-та алдымен пунктуация таңбалары және арнайы таңбалар (! # $ % &), одан соң цифрдан басталатын элементтер, ең соңында әрiптен басталатын элементтер орналасады. Дата мен сандар мәтiн түрiнде қабылданады. Мысалы «элемент 12» сөзтiзбегi «элемент 2» сөзтiзбегiнен бұрын орналасады.
Көңiл аударыңыз: «Сортировка…» командасы бiр жағынан «Таблица» менюiнде болғанымен, ол тек қана кестелiк мәтiндi ғана емес, кез келген мәтiндi реттеуге мүмкiндiк бередi.
«Параметры» батырмасын басу, реттеу параметрлерiн таңдап алуға арналған «Параметры страницы» диалогтік терезе ашады.

Реттеудiң параметрлерiн қоюға арналған диалогтік терезе

3.3. Беттердi форматтау
Word мәтiндi енгiзу барысында оны автоматты түрде беттерге бөлiп отырады. Әр бет келесi беттен жiңiшке пунктирлiк сызықпен ажыратылады.
Бiрақта кей жағдайда амалсыздан беттiң соңын өзiмiз бекiтуiмiз қажет болса, ол үшiн <Ctrl+Enter> пернелерiн басады немесе «Вставка  Разрыв… Новую страницу» командасын орындайды. Обычный көрiнiсiнде беттiң аяқталған жерiнде Разрыв страницы мәтiнi жазылған жiңiшке сызық пайда болады. Бұл сызықшаны жойып, беттi алғашқы қалпына келтiру үшiн осы сызықшаға меңзерді орнату және <Delete> пернесiн басу қажет.
Беттiң параметрлерiн (құжатты баспаға шығаратын қағаз парағының өлшемдерiн, параққа жазылатын жазудың жазылу бағытын, өрiстердiң ұзындығын, енiн және тағы сол сияқты басқа параметрлердi) өзгерту үшiн — «Файл  Параметры страницы» командасын беру керек. «Параметры страницы» диалогтік терезесi пайда болады. Өрiстердiң енi «Поля» қыстырмасында – ( а) — суретте), ал беттiң өлшемi — «Размер бумаги» қыстырмасында – ( б) – суретте) қойылады. Барлық парамертлердi өрістерде көрсеткен санағыштар арқылы немесе тiкелей мәнiн енгiзу арқылы өзгертуге болады.

Өрiстердiң параметрлерiн қоятын қыстырма
а)
б)
Қағаздың өлшемін қоятын қыстырма

3.3.1. Бағандар
Құжатты рәсімдеудiң аса бiр қолайлы әдiсi — мәтiндi бiрнеше бағандар түрiнде форматтау (газет немесе журнал бетi сияқты). Құжатты бiрнеше баған түрiнде форматтау үшiн аспаптардың панелінде «Колонки» батырмасын шерту және олардың қажеттi санын таңдау керек. Бағандардың форматын өзгерту үшiн «Формат  Колонки» командасы бойынша ашылатын бағандарды форматтауға арналған «Колонки» терезесi қолданылады.

Осы терезеде бағандардың санын, көлемiн және арақашықтықтарын беруге болады. «Разделитель» жалауы бағандарды бiр-бiрiнен тiк сызықпен бөлектеуге мүмкiндiк бередi. «Применить» тiзiмi құжаттың қай бөлiгiн бағандарға бөлу керектiгiн көрсетуге қолданылады. Егер «Новая колонка» жалауын қойсаңыз, онда құжаттың келесi мәтiнi жаңа бағаннан басталады.
Егер сiз жұмыс iстейтiн құжат бiр бетке симайтын болса, онда Word екiншiсiн автоматты түрде құрады, ал керек болса — үшiншiсiн және тағы басқаларын. Егер сiзге құжаттың белгiлi бiр бөлiгi әртүрлi беттерде болғаны қажет болса, онда арасына беттiң күрт үзiлуiн салуға болады. «Вставка  Разрыв» командасы бойынша «Разрыв» диалогтік терезесi ашылады. Сол терезеде «Новую страницу» параметрiн таңдау керек. Осы амалды <Ctrl+Еnter> пернелерiн басу арқылы да орындауға болады.
Мәтiннiң үзiндiсiн көпбағанды түрде рәсімдеу құжаттың осы бөлiгiн бөлек рәсімдеудi талап етедi. Ол үшiн осы бөлiктi бөлiмнiң үзiлу белгiсi арқылы бөлектеп алады. Обычный көрiнiсiнде мәтiннiң көпбағандылығы бейнеленбейдi. Бөлек бөлiмнiң бар екендiгi бөлiктiң алдында және соңында үзiлу белгiсiнiң бар болғандылығымен ғана анықталады.
3.3.2. Колонтитулдар
Колонтитул – құжаттың әр бетiнiң жоғарғы және төменгi жағында орналасатын кiшiгiрiм өрiс. Колонтитулда беттiң нөмiрiнен орнатуға, басқа кез келген сөйлем жазуға, дата енгiзуге, немесе арнайы жазуларды, тараулар мен параграфтардың атауларын немесе нөмiрлерiн көрсетуге болады.
Колонтитулды орнату үшiн «ВидКолонтитулы» командасын орындау қажет. Терезеде Колонтитулы аспаптар панелі пайда болады.
«Колонтитул Верхний/Нижний» батырмалары арқылы жоғарғы және төменгi колонтитулдарға ауысу ыңғайлы. Жаңа колонтитулды алдыңғы бөлiмдегi колонтитулға ұқсас етiп қалыптастыру үшiн «Как в предыдущем разделе» батырмасын басу керек. Сонда келесi бөлiмдердiң колонтитулдары редакцияланған колонтитул сияқты рәсiмделедi. Егер колонтитулды басқаша редакциялау қажет болса, онда алдыңғы бөлiмдегi колонтитул өзгермеу үшiн «Как в предыдущем разделе» батырмасын қайта жiберу керек.


Колонтитулдар аспаптар панелі

Колонтитулды редакциялау режiмiнде беттiң нөмiрiн орнату үшiн «Номер страницы» батырмасын шертуге болады. Бiрақ, нөмiрдiң жанында басқа мәтiн де орналасуы керек болғанда, «Вставка  Номера страниц» командасын пайдаланған дүрыс. Бұл жағдайда беттердiң нөмiрлерi тышқанмен орын алмастыруға болатын кадрларда орналасады.
Құжаттың жұп және тақ беттерiндегi колонтитул әртүрлi болу үшiн «Колонтитул» аспаптар панеліндегі «Параметры страницы» батырмасы арқылы «Параметры страницы» диалогтік терезесiн шақыру қажет, одан соң «Макет» қыстырмасын ашып «четных и нечетных страниц» жалаушасын қосу керек. Колонтитул бөлiмнiң бiрiншi бетiнде пайда болмау үшiн «первой страницы» жалаушасын қосу керек.
Колонтитулды редакциялауды аяқтау «Закрыть» батырмасын басу немесе «Вид  Колонтитулы» командасын қайта орындау арқылы iске асырылады.

3.3.3. Беттердiң нөмiрлерi


Беттердiң нөмiрлерiн орнатуға арналған диалогтік терезесi

Беттердiң нөмiрлерiн орнату үшiн «Вставка  Номера страниц» командасын пайдалану керек. Бұл команда бойынша бетте реттiк нөмiрдi орналастыру орнын және бiрiншi бетке нөмiрдi орналастыру керек пе, жоқ па — соны көрсетуге мүмкiндiк беретiн «Номера страниц» терезесi пайда болады.
Бұл терезеде нөмiрдiң орналасу ерекшелiгiн (парақтың басында, аяғында, жолдың басында, ортасында, аяғында), әрiптiң түрiн (биiктiгiн, қалыңдыңын, қаріпi, түсiн), қасында орналасқан символдарды (мысалы – 14 – немесе ~ 14 ~) қоюға болады.

«Формат» батырмасын шертiп беттердi нөмiрлеудiң қосымша параметрлерiн беруге, соның iшiнде цифрлық және алфавиттық нөмiрлеудiң бiреуiн таңдауға болады
Бiр құжаттың беттерiн әртүрлi форматтау үшiн оны бөлiмдерге бөлшектеу керек. Ол үшiн бөлiмнiң үзiлуiн салу «Вставка Разрыв» менюiн қолданады.
Бөлiмнiң үзiлуi сонымен бiрге беттiң де үзiлуiн көрсетуi үшiн үзiлудi рәсімдеу терезесiнде «Новый раздел  Со следующей страницы» командасын таңдау керек. Бұдан басқа, егер жаңа бөлiм жұп немесе тақ беттен мiндеттi түрде басталу үшiн «Разрыв» терезесiнде сәйкес параметрлердi көрсету қажет.

3.3.4. Нұсқамалар
Нұсқама дегенiмiз беттiң төменгi жағында жазылатын ескертпе. Ол түсiндiрме немесе көмекшi мәтiннен тұрады. Осы мәтiнмен байланыс жасау үшiн нұсқаманың белгiсi – жұлдызша немесе нөмiр қолданылады.
Құжатта нұсқаманы салу үшiн:
 меңзерді нұсқама орналасатын жерге орналастырады;
 «Вставка  Сноска» командасын орындайды.
 «Обычную» немесе «Концевую» бiрiн таңдайды;
 Нұсқаманың мәтiнiн тередi;
 Құжатқа қайта оралу үшiн құжаттың мәтiнiн шертедi.
Әдетте құжаттарда нұсқамалар беттердiң соңында орналасады және оларда нөмiрлену автоматты жүзеге асырылады. Әрбiр бетте нұсқамалардың өз нөмiрлерi болу үшiн «Сноски» терезесiндегi «Параметры» батырмасын шертiп, «Начинать на каждой странице» командасын таңдау керек.
Егер сiз көрудiң әдеттегi көрiнiсiнде жұмыс iстесеңiз, онда нұсқаманың өрiсiн жабу үшiн «Закрыть» батырмасын шерту керек. Ал беттiң таңбалануының көрiнiсiнде меңзерді жай ғана негiзгi мәтiнге ауыстыру жеткiлiктi.
Мәтiндi енгiзудi автоматтандыру
4.1. Автомәтiн
Автомәтiн – ол мәтiннiң үзiндiлерiн автоматты енгiзу режiмi. Автомәтiннiң сөздi өздiгiнен аяқтауға арналған функциясын автоаяқтау деп атайды. Мәтiндiк процессор құжаттарда жиi кездесетiн сөздерден және сөйлемдерден тұратын автомәтiннiң сөздiгiн сақтайды. Пердеде сөздiктегi элементтiң бiрiншi төрт символын енгiзген кезде сөз немесе сөйлемнiң толық мәтiнi қалқымалы анықтамада пайда болады. Егер ол қолданушының ойынан шықса, онда <Enter> пернесiн басу арқылы үзiндiнiң енгiзуiн бiтiредi – автоаяқтаудың функциясы осылайша жұмыс iстейдi. Бiрақта қолданушы мәтiннiң қажеттi элементiн өз бетiмен тiзiмнiң иерархиялық құрылымынан таңдай алады — бұл автомәтiннiң функциясы. Автомәтiннiң элементтерiнiң тiзiмi Автомәтiн аспаптар панелінің көмегiмен ашылады (Вид  Панель инструментов  Автотекст ) немесе «Вставка  Автотекст  Автотекст» командасы арқылы Автоалмастыру (Автозамена) терезін ашуға болады.
Автомәтiннiң сөздiгiн баптауды Автоалмастыру диалогтік терезесiнде орындайды. Cөздiктi жаңа мазмұнмен толықтырудың ең оңай әдiсi — пердедегi мәтiндi ерекшелеп, Автомәтiннiң аспаптар панеліндегі «Автотекст» батырмасын шерту және ашылған диалогтік терезесiнде «Добавить» батырмасын қолдану.
Кез келген бiр мәлiметтi автомәтiннiң элементi ету үшiн оны түгелдей ерекшелеп алып, одан соң «Автозамена» терезесінде «Автотекст» қыстырмасын таңдау керек. «Имя элемента» өрiсiнде, ең жақсысы, қарапайым және оңай есте сақталатын белгiнi қойған жөн.
Автомәтiннiң элементiн құжатқа енгiзу үшiн оның атын «Автомәтiн» қыстырмасында терiп алып, «Вставить» батырмасын басу керек.
4.2. Автоалмастыру.
Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының соңғы версиялары Автоалмастырудың құралдарын қолданудың арқасында енгiзiлетiн мәтiннiң көлемiн тиiмдi қысқартуға мүмкiндiк бередi. Ол кез келген символдардың ұзын тiзбектерiн енгiзудi басқа символдардың (қысқа болғаны жақсы) тiркесiмен алмастыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер мәтiнде «диалогтік терезесi» сөз тiркесi өте жиi кездессе, оны қысқа «.ст» тiркесiмен алмастыруға болады. Символдардың алдында нүкте оларды екi әрiптi жұрнақтардан айыру үшiн қойылды.

Автоалмастырудың құралын баптауға арналған диалогтік терезесi

Автоалмастырудың құралының баптауын «Автозамена» диалогтік терезесiнде орындайды. Ол үшiн «Заменить при вводе» жалаушасын орнатып, алмасатын сөздi «Заменить» өрiсiне, ал алмастыратын сөздi «На» өрiсiне енгiзу қажет, одан соң «Добавить» батырмасын басып автоалмастырудың сөздiгiн толықтырады.
Мысалы, Автозамена диалогтік терезесiнiң «Заменить» өрiсiнде “.ст” теру қажет, одан соң «на» өрiсiнде «диалогтік терезесi» сөз тiркесiн теру қажет. Егер әуелi Автозамена терезесі ашылмай тұрып, берiлген мәтiннiң үзiндiсi ерекшеленсе, онда «на» өрiсiнде ерекшеленген үзiндi пайда болады.
Автозамена диалогтік терезесiнде сәйкес параметрлер iске қосылған болса, онда Word мәтiндiк процессоры сiздiң теру барысында жiберетiн кейбiр қателiктерiңiздi өзi дұрыстайды. Егер сiз сөздiң басында екi бас әрiптер жазсаңыз, ол екiншi әрiптi кiшi әрiпке ауыстырып жазады. Егер сiз сөйлемдi кiшi әрiптен бастасаңыз, ол оны бас әрiпке ауыстырады. Егер сiз кездейсоқ <CapsLock> пернесiн бассаңыз, мысалы «mICROSOFT» сияқты терсеңiз, Word қателiктi жөндейдi және CapsLock индикаторын сөндiредi. Осының барлығы автоалмастырудың механизмінің арқасында болады.
Автоалмастыру сiздiң уақытыңызды үнемдейдi. Мысалы, сiз мәтiнде жиi кездесетiн сөздi қайта-қайта термеу үшiн сол сөзге арнайы пернелер комбинациясын немесе қолданылмайтын перненi тағайындап, оны Автоалмастырудың тiзiмiне «Добавить» батырмасы арқылы қосып қоюыңызға болады.

4.3. Автоформат
Автоформат – Word-та қалыптастырылған құжатты қарап шығып, оған автоматты түрде стильдердi қолдану құралы. Word стильдердi өз тұжырымдауы бойнша автоматты түрде қолданып, құжатты форматтайды. Одан әрi сiздiң ол стильдердi қабылдауыңыз немесе өзгертуiңiз өз еркiңiзде.
Автоформат құжатты форматтап болған соң диалогтік терезесi ашылады. Егер барлық өзгерiстердi қабылдасаңыз, «Принять все» батырмасын басасыз. Егер «Просмотр изменений» батырмасын бассаңыз, Word әрбiр өзгерiстi жеке-жеке көрсетедi.


4.4. Стильдер мен шаблондар
Құжаттың стильдерi – ол сол құжаттың әрбiр абзацтарының сыртқы бейнесiн анықтайтын рәсімдеу параметрлерi. Стильдiң негiзгi элементтерi:
 Абзацта қолданылатын қаріп;
 Абзацты теңестiру және оның шекарасын анықтау;
 Абзацтағы табуляциялардың (көрiнбейтiн бағандардың) орындары;
 Абзацтың тiзiмге жататындығы немесе жатпайтындығы;
 Абзацтың жиектелуi және түрлi түспен боялуы.
Стильдердi пайдалану құжатты форматтау уақытын азайтуға және құжатқа әшекейлi бейне беруге мүмкiндiк жасайды. Құжаттардың стильдерiн форматтау мәселесiне толығырақ тоқталайық.
Қолданушылардың өз стильдерiн жасауынан бастайық. Мысалы, сiзге абзацты рәсімдеуге арналған арнайы стильдi құру керек болсын. Абзац — Arial Cyr 12 қаріппен терiлген, беттiң оң жағы бойынша тегiстелген, 5% толтыруы бар жұқа жиектелген мәтiннен тұрсын делiк. Стильдердi жасау үшiн «Формат  Стиль» менюiн қолданыңыз. Жаңа стиль құру үшiн стильдердiң терезесiнде «Создать» батырмасын басады.
Одан соң стильге ат қойып, оны «Имя» өрiсiне енгiзедi. «Формат» батырмасымен «Шрифт», «Абзац», «Обрамление» терезелерi шақырылады. Пердеге «Клавиша» батырмасымен «Настройка» терезесi шығарылады. Онда осы стильдi тез шақыруға арналған пернелер комбинациясын тағайындауға болады. Ол үшiн пернелердiң атауларын енгiзiп «Назначить» батырмасын шерту керек.
«Стиль» терезесiнiң көмегiмен жаңа стильдер құру ғана емес, бұрыннан болған стильдердi де өзгертуге болады. Ағымдағы стильдi өзгерту үшiн «Изменить» батырмасын басыңыз. Сiз өзгерткен стильдер және барлық жаңа стильдер ағымды құжаттың шаблонына қосылады. Үндемеу бойынша бұл шаблон «Normal. dot».
Жаңа шаблон жасау үшiн ең оңай жол — жаңа құжат құрып, оны «Файл  Сохранить как…» командасымен ашылған терезеде Имя файла: Стили, Тип документа: Шаблон докумета түрiнде сақтау.
Сiз жаңа стильдерi бар жаңа шаблонды сақтағаннан кейiн (ол өздiгiнен құжаттардың тiзбегiнде емес, шаблондар сақталатын тiзбекте сақталынады), бұдан былай «Стили.dot» шаблонының негiзiнде жаңа құжаттар құра аласыз, сонымен бiрге басқа құжаттарда оның стильдерiн пайдалана аласыз. Шаблонды өзгерту үшiн, мысалы шаблондағы стильдердi өзгерту үшiн немесе оған жаңа стильдер қосу үшiн оны Word мәтiндiк процессорының терезесiне шақырып алу керек. Берiлген шаблонның негiзiнде жасалған құжатпен әрi қарай жұмыс iстеудi жеңiлдету үшiн осы шаблонда құжаттың алғашқы рәсімдеуiн жасауға болады — мысалы, хаттардың шаблонында iстелгендей. Егер Word менюiнiң «Файл  Создать» командасы арқылы осы шаблонның негiзiнде жаңа құжат құратын болсақ, онда жаңа құжат бұл шаблонның стильдерiн ғана емес, рәсімдеудiң элементтерiн де бiрден мұра етедi.
Кез келген құжатта басқа шаблондағы стильдi қолдану үшiн сол шаблонды құжатқа қосуға болады. Дайын құжатты жылдам рәсімдеу көбiне осылайша iске асырылады. Ағымдағы құжатқа басқа шаблонды қосу үшiн «Сервис  Шаблоны и надстройки» командасын берiңiз. Шаблондардың терезесiнде «Присоединить» батырмасын шертiңiз, шаблонның файлын таңдаңыз және оны құжатқа қосыңыз.
Құжаттың стильдерi қосылған шаблонның стильдерiмен жаңартылу үшiн «Шаблоны и надстройки» терезесiнде «Автоматически обновлять стили документа» жалаушасын орнату керек. Бұдан әрi құжаттың рәсiмделуi сыртқы шаблоннан тәуелдi болмау үшiн қайтадан «Шаблоны и надстройки» терезесiн ашып «Автоматически обновлять стили документа» жалаушасын алып тастау керек. Құжат пен шаблонның аралық байланысы үзiледi, бұдан соң құжатты басқа компьютерге рәсімдеудi жоғалтпастан көшiруге болады.


Стильдердi өзгертуге арналған диалогтік терезесі

Егер сiз құжатты белгiлi бiр шаблонның негiзiнде қалыптастырғаннан кейiн осы шаблонның стильдерiн түрлендiру қажет болып қалса, онда ол стильдердi осы құжатта «Формат  Стиль» командасы арқылы редакциялау керек. Сонымен бiрге «Изменение стиля» терезесiнде «Добавить в шаблон» жалаушасын мiндеттi түрде орнату керек — осы жағдайларда стильдер тек құжатта ғана емес, шаблонда да өзгертiледi. Шаблондағы өзгерiс кейiн сiз құжатты сақтағаныңызда сақталады.
4.5. Тiзiмдер
Құжатты рәсімдеу кезiнде тiзiмдi пайдалану жиi кездеседi. Word-та тiзiмнiң екi түрiн пайдаланады:
 Таңбаланған (маркерленген) тiзiмдер — тiзiмнiң әрбiр элементi бiрдей маркермен (таңбамен) таңбаланады;
 Нөмiрленген тiзiмдер — тiзiмнiң әрбiр элементi кезек бойынша нөмiрленедi.
Тiзiмдi автоматты түрде қалыптастыру үшiн «бiр» цифрын нүктемен (1.) немесе жұлдызша (*) символын, одан соң бос орын (пробел) немесе табуляция белгiсiн енгiзу қажет.
<Enter> пернесiн басқан кезде келесi нөмiр немесе маркер автоматты түрде қосылады. Тiзiмдi аяқтау үшiн <Enter> пернесiн екi рет басу керек немесе <Backspace> пернесiн басып соңғы нөмiрдi немесе маркердi жою керек.

Мәтiндi тiзiмге түрлендiру.
1. Дайын мәтiндi тiзiмге түрлендiру үшiн алдымен ол мәтiндi ерекшелейдi. Одан соң Форматтау аспаптар панеліндегі «Нумерация» немесе «Маркеры» батырмасын басады.
2. Келесi абзацтар тiзiмнiң элементi ретiнде есептелiнiп, нөмiрден немесе маркерден басталады.
3. Тiзiмнiң форматын өзгерту немесе баптау үшiн «ФорматСписок» командасын орындайды немесе контексті менюден «Список» пунктiн таңдайды.
4. Список диалогтік терезесiнiң Маркированный және Нумерованный қыстырмалары маркердiң түрiн немесе нөмiрлеудiң тәсiлiн таңдау мүмкiндiгiн бередi. Егер тiзiмнiң стандартты рәсiмделуi көңiлден шықпаса, онда «Изменить» батырмасын пайдаланып, оны өзгертуге болады.
Нөмiрленген немесе маркеленген тiзiмнiң қайсысын болмасын көпдеңгейлi тiзiмге айналдыруға болады. Жаңа деңгейге (немесе алдыңғы деңгейге) өту үшiн Форматтау аспаптар панелінің «Увеличить отступ» (немесе «Уменьшить отступ») батырмалары қолданылады.
Деңгейi көп (үштен артық) тiзiм үшiн әр деңгейдi баптауға болады. Ол үшiн:
 «ФорматСписок» командасын орындайды;
 Ашылған «Список» диалогтік терезесiнде Многоуровневый қыстырмасын таңдайды;
 «Изменить» батырмасын шертiп, «Изменение многоуровневого списка» диалогтік терезесiн ашады;
 Әр деңгей үшiн ұнатқан нөмiрлеу форматын таңдайды.
Microsoft Word-тың ерекшелiгi – ол Web құжаттарға бағышталғандықтан, графикалық маркерлердi пайдалану мүмкiншiлiгi бар. Ол үшiн «Список» терезесiндегi Маркированный қыстырмасының «Рисунок» батырмасы арқылы «Рисованный маркер» терезесiн ашып, қажеттi маркердi таңдайды.

Маркер ретiнде суреттi пайдаланғанда ол суреттердi
орналастыру ретi кәдiмгi тiзiмдердегiдей өздiгiнен
қойылып отырғандығымен,
деңгейлерiн өзгеткенде алдыңғы деңгейге оралмайды.
Мысалға осы жолдың деңгейi азайтылған.
Керектi дегейдiң маркерiн орнату үшiн көшiрмесiн
орната салса жеткiлiктi.
4.6. Тақырып
Бұл құралды iске қосу үшiн «Формат  Тема» командасын орындау қажет. Бұл Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының құжатты автоматты рәсімдеуге арналған арнайы құралы. Ол ең алдымен электрондық құжаттарға арналған.


Тақырып қолдануға арналған диалогтік терезесi

Тақырып — рәсімдеудiң келесi элементтерiнiң жиыны:
 фонның түсi және өрнегi;
 мәтiннiң рәсiмделу стильдерi;
 таңбаланған тiзiмдердi рәсімдеудiң стилi;
 рәсімдеудiң графикалық элементтерiнiң стилi.
Оның шаблоннан айырмашылығы – тақырыпта автомәтiннiң элементтерi, баптау аспаптар панелі, макростар, менюлердi баптау және пернелердiң қолданылымы жоқ. Тақырып түстердiң, қаріптердiң және графикалық объектілердiң көмегiмен құжаттың сыртқы бейнесiн анықтайды. Құжатқа кез келген тақырып қолданылғанда, келесi элементтер автоматты түрде бапталады: фонның түсi немесе фондық сурет, негiзгi мәтiннiң және тақырыптың стильдерi, гиперсiлтеменiң түстерi, кестенiң шекараларының түстерi.
Тақырыпты көрудiң облысы беттiң рәсiмделу элементтерiнiң әр тақырыпқа сәйкес үлгiлерiмен танысуға мүмкiндiк бередi.
Тақырыпты қолдану үшiн «Выберите тему» тiзiмiндегi тақырыпты таңдаңыз. Көру терезесiндегi жазылу ерекшелiгi сiзге ұнаса, «ОК» батырмасын басу арқылы осы тақырыпты ағымдағы құжатқа енгiзуге болады. Бұл тақырыптың стильдерi тек қана осы құжатқа әсер етедi, ал басқа құжаттар немесе Word-тың өзi өз стильдерiнде қала бередi.
Word-ты орнатқан кезде қатты дискіге оншақты тақырыптар жазылады. Ал, қолдану кезiнде басқалары керек болса, онда ол қосымша ретiнде қойылады.
4.7. Мазмұндар және нұсқағыштар
Word құжатқа оның мазмұнын (тақырыптар тiзiмiн) автоматты түрде құруға және орналастыруға мүмкiндiк бередi. Мазмұнды орналастыру үшiн құжаттың мазмұн жазылатын жерiне меңзерді орналастырып, одан соң «Вставка  Оглавление и указатели» командасын беру керек. «Оглавление и указатели» терезесi пайда болады, «Оглавление» қыстырмасын ашу керек.
Үндемеу бойынша мазмұн тақырыптардан құрастырылады, басқаша айтқанда, «Заголовок 1» стилiмен рәсiмделген абзацтардан. Тақырыптардың деңгейлерi мазмұнның параметрлерiнiң терезесiнде «Уровни» өрісі арқылы берiледi. Сіздің құжатыңызда тақырыптарды қанша деңгейде (мысалы, Заголовок 1, Заголовок 2, Заголовок 3 бойынша үш деңгейде) рәсімдесеңіз, «Уровни» өрісінде 3 санын қоясыз. Word құжаттың тақырыптар тізімін (мазмұнын) осы көрсетілген деңгейлер бойынша қалыптастырады. Әр тақырыптың қай бетте орналасқаны көрсетіледі. Осыдан кейін құжаттың кез келген бөлiгiне өту үшiн мазмұндағы оның бетiнiң нөмiрiн шерту жеткiлiктi.


Құжаттың мазмұнын автоматты түрде құруға арналған диалогтік терезесi

Мәтiндi әрi қарай редакциялаудың барысында жаңа тақырыптар пайда болуы және бұрынғы тақырыптың кейбiрi жоғалуы ықтимал.
Бұрыннан бар мазмұнды жаңарту үшiн сол мазмұнда тышқанның оң батырмасын шерту және контексті менюден «Обновить поле» командасын таңдау керек.

Күрделi мәтiндiк құжаттарды қалыптастыру
Бiз алдыңғы тарауда Miсrоsоft Word мәтiндiк процессорының құралдарымен қарапайым мәтiндiк құжаттарды қалыптастырудың әдiстерiн қарастырдық. Бұл құжаттарды шартты түрде қарапайым категориясына жатқыздық, себебi оларда құрамдас объектілер болған жоқ. Сәйкесiнше, бiз мәтiн мен құрамдас объектілердiң өзара әрекеттестiгiн қарастырмадық.
Бұл тарауға рәсімдеудiң арнайы элементтерi және мәтiннен басқа құрамдас объектілерi (формула, кесте, диаграмма, көркем тақырыптар, нүктелiк (растрлық) және векторлық бейнекөрiнiстер, сонымен бiрге мультимедиа объектілерi) болатын күрделi мәтiндiк құжаттарды қалыптастырудың әдiстерiн қарастырамыз.
1. Объектілердi енгiзу
Word мәтiндiк процессорымен қалыптастырылған құжаттың рәсімдеуiн оған графикалық бейнелер қосу арқылы айтарлықтай жақсартуға болады.
Құжаттарда графикалық объектілердiң екi түрiн қолдану мүмкiндiгi бар: суреттер және бейнелер. Бұл терминдерлердiң айырмашылықтары неде?.
Суреттер — векторлық табиғаттың объектілерi — (сызық, түзулер және қисықтар, геометриялық фигуралар). Оларды жасауға арналған ең оңай құралдар процессордың өзiнде бар.
Бейнелер — растрлық объектілер. Мәтiндiк процессорда оларды жасауға арналған құралдар жоқ, сондықтан олар басқа құралдармен дайындалған (графикалық редактормен, сканер арқылы, цифрлық камера, графикалық планшет ) сыртқы объект түрiнде файлдан қондырылады.
Суреттер әрқашан құжатқа ендiрiлген – оларды тұрған орындарында редакциялауға болады. Бейнелер құжатқа байланыстыру әдiсi арқылы қондырылады немесе ендiрiледi. Оларды мәтiндiк процессордың құралдарымен редакциялау мүмкiндiгi өте шектеулi.
1.1. Суреттер
Суреттердi салу және редакциялау. Векторлық суреттермен жұмыс iстеу Рисование (сурет салу) аспаптарының панелімен (Вид  Панели инструментов  Рисование) iске асырылады. Word терезесiнiң төменгi бөлiгiне Сурет салуға арналған аспаптар панелі пайда болады. Word-тың сурет салу құралдары кез келген сызықтарды және геометриялық фигураларды салуға, сонымен бiрге құжаттың мәтiнiнде тiкелей оларды бояуға мүмкiндiк бередi.
Бұл жақтаудың ең оңай объектілердi жасауға арналған негiзгi құралы — Автофигуралар ашылатын тiзiмi. Оның тiзiмiнде түзулер және қисықтар, ең оңай геометриялық фигуралар, блок – схемалар және тағы сол сияқтыларды салуға арналған дайын элементтер бар. Векторлық объектілердi жасау және редакциялау кезiнде келесi тәсiлдер мен құралдар қолданады.
1. Векторлық объектілер Автофигураның тiзiмiнен таңдау жолымен құрастырылады.
2. Олардың өлшемдерiн ерекшеленген объектінің маркерлерiн (таңбалағыштарын) тасу арқылы редакциялайды.
3. Геометриялық фигуралардың жасауын ықшамдайтын ыңғайлы құрал — қосалқы координаталық тор болып табылады. «Действия  Сетка» командасы арқылы «Привязка к сетке» диалогтік терезесiн ашады. Онда көлденең және тiк сызықтардың бейнелену әдiсiн және тордың қадамын бередi. Привязать к сетке жалаушасы координаталық тордың түйiндерiнде фигуралардың түйiн нүктелерiнiң дәл орындарын анықтауды қамтамасыз етедi.
4. Сұлбалы (контурлы) сызықтың қалыңдығы және объектінің түсi объектінің қасиеттерiне жатады. Объектілердiң барлық қасиеттерiн «Формат  Автофигура» командасымен ашылатын «Формат автофигуры» терезесiнде редакциялауға болады.
5. Фигураны еркiн кез келген бұрылысқа бұру Сурет салу панелінің «Свободное вращение» батырмасы арқылы орындалады, ал тұрақты бекiтiлген бұрышқа бұру үшiн «Формат автофигуры» диалогтік терезесiнiң «Размер» қыстырмасының «Поворот» өрiсiне бұрыштың мәнiн енгiзедi.
6. Фигура мен мәтiннiң өзара орналасу мүмкiндiктерi «Формат автофигуры» диалогтік терезесiнiң «Положение» қыстырмасында көрсетiлген.

Суреттiң өрiсiнде жазулар жазу. Суреттерге мәтiндер қосу үшiн «Надпись» (Вставка  Надпись) арнайы құралы қолданылады. Оның қасиеттерiн «ФорматНадпись» командасы арқылы ашылатын «Формат надписи» терезесiнде көрсетедi.
Суреттердiң композициялары. Күрделi суреттер қарапайым суреттердi бiр-бiрiмен бiрiктiру жолымен құрылады, басқаша айтқанда композициялар болып табылады. Композициялық суретті даярлағанда, оны қоршайтын мәтiннiң орналасу тәсiлiмен қатар осы суреттiң бөлiктерiнiң өзара орналасу реттерiн еске алу қажет.
Бiрнеше қарапайым объектіні топтауды «ГруппировкаГруппировать» контексті меню командасымен орындайды. Ол үшiн <Shift> пернесiн басып тұрып тышқанмен топталатын объектілер алдын-ала ерекшеленуi керек. Керi амал «Группировка  Разгруппировать» командасымен орындалады.

Бiрнеше суреттердi топтау

Клипартпен жұмыс. Күрделi композициялар жасау қиындыққа әкелiп соғуы мүмкiн. Бұл жағдайда суреттердiң (клипарттардың) дайын жиынын қолданады. Ондай коллекцияларды жеке дара компакт-дисктерден, интернеттен табуға болады. Ал, негiз болатын қарапайым жиынды Word-пен бiрге орнатуға болады.
Клипарттарды орнату үшiн «Вставка  Рисунок  Картинки» командасын қолданады. Оған сәйкес батырма «Сурет салу» аспаптар панелінде да бар.
Клипарт терезесiде олардың негiзгi тақырыптары көрсетiлген белгiлер орналасқан. Қажет тақырыпты таңдап алып, оны тышқанмен шертсе, осы тақырыпқа сәйкес клипарттар ашылады.
Клипарттағы әр бейне үстiне тышқанның нұсқағышы барған кезде қалқып шығып оның ерекшеленгендiгiн бiлдiредi. Егер сәл кiдiрсе, онда сол клип туралы қысқаша мәлiмет қалқып шығады.
Барлық белгiлердiң де қалқымалы жазулары бар, олар төмендегiдей амалдарды орындайды:
1. Клиптi орнату. Клип галареясы жабылып, клип Word парағына орнатылады
2. Клиптi орындап көру. Бұл сурет болса үлкейтiлiп көрiнедi, ал музыка немесе фильм болса олар орындалады
3. Клиптi «Избранное» қапшығына қосу
Клипарттарды редакциялаудың әдеттегi ретi келесiдей:
• клипартты тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшелейдi;
• оның контексті менюiн тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы ашады;
• контексті менюде «Изменить рисунок» командасын таңдайды — редакциялаудың дара терезесi ашылады,
• бұл терезеде суреттi құрастыратын дара объектілермен жұмыс iстейдi
1.2. Бейнелер
Бейнелер құжатқа байланыстыру немесе ендiру бойынша орнатылады. Оларды орнатудың жалпы командасы – «Вставка  Рисунок Ò Из файла». Бұл команда бойынша стандартты «Добавить рисунок» диалогтік терезесi ашылады. Осы терезеде қажеттi файлды таңдайды.
1.3. Орнатудың әдiстерiн таңдау.
Мiсгosoft Word процессорында бейненi құжатқа орнатудың үш әдiсi бар: ендiру арқылы, байланыстыру арқылы және байланыстыру және ендiру арқылы.
1. Бiрiншi жағдайда объект құжатқа кiредi және онымен бiрге тасымалдана алады.
2. Екiншi жағдайда ол өзiнiң сақтаулы тұрған орынында (түпдеректе) қалады, құжатқа тек қана оған нұсқағыш кiредi.
3. Үшiншi жағдайда объект әрi құжатқа кiредi, әрi түпнұсқасымен байланысын сақтайды. Бұл жағдай түпнұсқаны түзеткендегi өзгерiс құжатта тiкелей көрiнбеуi керек болған жағдайда пайдалы.
Орнатудың әдiсiн таңдау «Добавить рисунок» диалогтік терезесiнде орындалады. Оның оң жақ төменгi бұрышында үш мүмкiн әдiстiң («Вставка», «Связать с файлом», «Вставить и связать») бiрiн таңдауға арналған ашылатын тiзiм бар.
Орнатудың әдiсiн өзгерту. Егер орнату әдiсi ретiнде ендiру таңдап алынса, онда суретке ешқандай өзгерiс енгiзуге болмайды. Егер орнату кезiнде түпнұсқамен байланыс қолданылған болса, онда байланыстың әдiсiн өзгерту мүмкiндiгi болады. Ол үшiн түпнұсқамен байланысы бар объектіні ерекшелегеннен кейiн «Правка  Связи» командасымен «Связи» диалогтік терезесiн ашып, қажеттi басқару элементтерiн орнатады.
Сонымен қатар «Связи» диалогтік терезесi келесi жағдайда қолданылады. Құжаттарда қолданылатын бейнелердi жеке графикалық файлдарда сақтауға болады. Мұндай бейнелердi басқа файлдарда қолдануға, өзгертуге ыңғайлы. Бұл өзгерiстер сiздiң құжаттарыңызда жедел көрсетiлу үшiн бейнелер мен құжаттардың арасында аралық байланыс орнату қажет. Ол үшiн бейненi орнату терезесiнде «Связать с файлом» жалаушасын iске қосады. Бұдан кейiн бейненiң файлы өзгертiлсе, онда құжаттағы бейненi жаңарту үшiн алдымен бейненi ерекшелеп алып, «Правка  Связи» командасымен «Связи» терезесiн ашады, одан соң «Обновить» батырмасын шертедi. Байланысты үзу үшiн «Разорвать связь» батырмасын шерту керек.
1.4. Бейненiң мәтiнмен байланысы.
Құжаттың мәтiнiндегi бейнелердiң қасиеттерiн баптауға арналған аспаптардың негiзгi бөлiгi «Настройка изображения» (Бейненi баптау) аспаптар панелінде шоғырланған (Вид  Панели инструментов  Настройка изображения).
Бейненiң мәтiнмен байланысын басқару «Формат  Рисунок» командасымен ашылатын «Формат рисунка» диалогтік терезесiнiң «Положение» қыстырмасы немесе «Настройка изображения» аспаптар панелінің «Формат рисунка» батырмасы арқылы орындалады.

«В тексте» басқару элементi бейненiң мәтiндiк жолға ендiрiлуiн қамтамасыз етедi. Қалған элементтер айнала орналасудың бiрiн таңдау үшiн қолданылады. Яғни, бейненiң мәтiнмен байланысы екi түрлi болады: жолға ендiрiлген (inlinе) және еркiн (flоаting ).
Бiрiншi жағдайда («В тексте» басқару элементi арқылы) бейне дара символ сияқты қарастырылады: мәтiндi редакциялау барысында бейне мәтiнмен бiрге жылжиды: <Delete>, <Backspace> пернелерiн басқанда алынып тасталынады және мәтiннiң қай жерiне орналастырылса, сол жерiнде қала бередi (егер тышқанмен әдейi тасымалдамасаңыз).
Ал, екiншi жағдайда еркiн орналасқан бейненiң орыны енгiзу позициясымен байланысты емес. Бейне мәтiнмен айнала орналасу (обтекание) арқылы әрекеттеседi. Мәтiндi редакциялау оған әсер етпейдi.
Бейненi көшiрiп алуға, орынын алмастыруға және алып тастауға болады. Бейненi ерекшелеу үшiн оның кез келген жерiнен тышқанмен бiр рет шерту жеткiлiктi. Ерекшеленген бейненiң өлшемдерiн өзгертуге болады. Оны тышқанның көмегiмен немесе «Формат рисунка» терезесінің «Размер» қыстырмасында өлшемдерді тiкелей көрсету арқылы орындайды.
Бейнеде тек қана қажеттi мәлiмет қалу үшiн оның шеттерiн (жиектерiн) кесуге болады. Ол үшiн бейненi ерекшелгенде пайда болатын «Настройка изображения» аспаптар панеліндегі «Обрезка» батырмасын басады. Одан соң бейненiң шеттерiнен немесе бұрыштарынан тышқанмен тартады. Кесу аяқталған соң батырманы қайта жiбередi.
Суреттi мәтiннiң бөлiгi ретiнде орналастыру үшiн «Поверх текста» жалаушасын қоспау қажет. Сонда сурет құжатқа символ «құқығында» салынады, басқаша айтқанда бет бойынша суреттiң орынын ауыстыруды әдеттегi абзацтармен жұмыс iстеу әдiстерi бойынша iске асыруға болады — абзацтарды форматтау, бос абзац орналастыру және тағы сол сияқтылар. Егер сурет мәтiннiң үстiне орнатылса, онда суреттiң орынын бет бойынша тышқанмен алмастыруға болады. Бұл әдiстi тек қана беттерде мәтiн болмаған жағдайда қолданған ыңғайлы, керi жағдайда суреттiң орынын ауыстырудың нәтижелерiн алдын-ала болжау қиын. Сондықтан мәтiнмен толтырылған беттерде бұл әдiстi қолданбаған жөн.
Есте сақтаңыз! Егер бейненi құжаттың iшiнде редакцияласаңыз, онда ол өзгерiстер бейненiң алғашқы файлына әсер етпейдi. Тiптi бұл жағдайда құжаттағы бейне өзiнiң бастапқы файлымен аралық байланысын үзедi. Егер бейненiң редакциялануы кездейсоқ болып қалса, «Закрыть рисунок» батырмасын басып, редакциялаудың режiмiне өтудi жою үшiн «Правка  Отмена» командасын орындау керек.
Дегенмен, кейде бейненi Word құжатында редакциялаған (мысалы, бейнеге түсiнiктеме жазу) ыңғайылырақ болады. Ол үшiн редакциялау режiмiне көшу мiндеттi емес — Word терезесiндегi аспаптар панелінде «Рисование» батырмасын жай ғана шертiп Сурет салу аспаптар панелін ашуға және сол жақтаудың құралдарын пайдалануға болады.
2. Кестелер
Кесте түрiндегi деректер көрнектi. Word-та кестелердi қалыптастырудың кең мүмкiндiктерi бар. Олар:
 Стандартты аспаптар панелінде «Добавить таблицу» батырмасы;
 «Вставка таблицы» диалогтік терезесi («Таблица  Вставить  Таблица»);
 «Таблицы и границы» таблицаны сурет түрiнде салу құралы («Таблица  Нарисовать таблицу»);
 Табуляция арқылы.
Жаңа кестенi құру үшiн Word-тың аспаптар панелінің «Вставить таблицу» батырмасын қолданған өте қолайлы. Осы әдiспен жасалған кестелердi «ТаблицаВставить» командасын пайдаланып әрi қарай жетiлдiруге, яғни бағандар мен қатарлар қосуға болады.
«Таблица  Вставить Таблица» командасын күрделiрек кестелер жасау үшiн пайдаланады. Ол қатарлар және бағандардың санын, бағандардың енiн беретiн «Вставка таблицы» терезесiн ашады. Егер нақты өлшемдердiң орынына параметр Авто қойылса, онда Автоподбор (өздiгiнен таңдау) режiмi iске қосылып, соның арқасында бағандар оларда болатын мазмұнмен сәйкес икемделiнiп форматталына алады. Автоподбор режiмiнiң келесi ауыстырып қосқыштары бар:
• фиксированная ширина столбца – кестенiң жалпы енi құжаттың өрiсiнiң енiне тең. Ал, әрбiр бағанның енi тұрақты және бағандардың санынан тәуелдi болады (режiм баспа құжаттарды қалыптастыру кезiнде ыңғайлы).
• по содержимому — әрбiр бағанның енi оның iшiндегi мазмұнның көлемiне пропорционалды (режiм мәтiндiк процессордың форматында таратылатын электрондық құжаттарды қалыптастыру кезiнде ыңғайлы).
• по ширине окна – Web-беттерде орналастырылатын кестелерге арналған арнайы режiм терезесi (кестенiң ақырғы форматталуы оны жасау кезiнде емес, оны көру мезгiлiнде болады ).
Бұл аспаптардың көмегiмен кестенiң сызықтарын басқа түске бояу, жуандату, жiңiшкерту, стилiн өзгерту (мысалы, үзiк сызықпен немесе қосарланған сызықпен сызу) сияқты өрнектеуден басқа, жазылған жазуды өзгертуге (жазылу бағытын өзгерту, ұяшықтың ортасына немесе шеттерiне таяу орналастыру) болады. Сызықтарды жою үшiн «Ластик» батырмасы қолданылады. Кестенi түгелдей ерекшелеу «Таблица  Выделить  Таблица» командасымен орындалады. Бiрнеше бағандардың енi бiрдей болу үшiн оларды ерекшелеп, одан соң аспаптар панелінің «Выровнять ширину столбцов» батырмасын басады. Қарапайым қосу немесе реттеу амалдарын да орындауға болады, бiрақ егер жазуды қиғаштай жазу, немесе қиын математикалық амалдар орындау керек болса, немесе өте күрделi кестелердi жасау керек болса аспаптар панелінің «Добавить таблицу Excel» батырмасын пайдаланған жөн.
Кестенiң ұяшықтарында бiртiндеп орын ауыстыру үшiн <Tab> пернесiн, ал керi орын ауыстыру үшiн <Shift+Tab> пернелерiн қолданады.

Кестенiң құрылымын редакциялау
Кестенiң құрылымын редакциялау келесi амалдардан тұрады:
• қатарлар қосу;
• бағандар қосу;
• ерекшеленген ұяшықтарды, қатарларды және бағандарды жою;
• ерекшеленген ұяшықтарды бiрiктiру;
• ерекшеленген ұяшықтарды бөлу.
Бұл амалдар «Таблица» менюiнiң командалары немесе ерекшеленген объектінің контексті менюi арқылы орындалады.
Word -тың кестенi өңдейтiн құралдары күрделiрек болғандықтан оның менюiндегi командалардың барлығын толықтай келтiрудi жөн көрдiк:
Кестеге жаңа баған қосу үшiн оның орнына көршiлес баған ерекшеленуi керек. Ол үшiн «Таблица  Выделить  Столбец» командасын пайдалану немесе ол бағанның жоғарғы шекарасына тышқанның нұсқағышын орналастырып шерту жеткiлiктi. Баған ерекшеленгеннен кейiн «Таблица  ДобавитьÒ Столбцы слева (справа)» командасын беру керек. Жаңа баған пайда болады, ал ерекшеленген баған оңға (солға) жылжиды.
Кестенiң төмен жағына жаңа қатар қосу үшiн кестенiң ең соңғы ұяшығына меңзерді орналастырып, одан соң «Tab» пернесiн бассаңыз болғаны. Сонымен қатар «Таблица  Добавить  Строки выше (ниже)» командасын беруге болады.
Кестеге көптеген өзгерiстердi тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы iстеуге болады.

Кестенi форматтау
Кестенi форматтауды команда режiмiнде және интерактивтi режiмде орындауға болады. Команда режiмiнде «Свойства таблицы» (Таблица  Свойства таблицы) терезесi қолданылады.
Бұл терезенi қолданып бағандардың енiн «Таблица  Свойства таблицы  Столбец» және қатарлардың биiктiгiн «Таблица  Свойства таблицы  Строка», кестенiң парақта орналасу әдiсiн «Таблица  Свойства таблицы  Таблица  Выравнивание», кесте мен оны жағалай орналасқан мәтiннiң байланысын «Таблица  Свойства таблицы  Таблица  Обтекание» ағымды немесе ерекшеленген ұяшықтың параметрлерiн «Таблица  Свойства таблицы  Ячейка» өзгертуге болады.
Кестенi тышқанның көмегiмен де форматтауға болады. Кестенiң кез келген ұяшығына меңзер орнатылғанда терезенiң тiк және көлденең сызғыштарында оның әрбiр ұяшығының сызығының орнын көрсететiн белгiлер пайда болады. Егер осы белгiлерге тышқанның нұсқағышын жақындатса, онда жылжыту бағытын көрсететiн нұсқағыштар және түсiнiктеме пайда болады. Олар кестенiң кез келген сызығын жылжытуға мүмкiндiк бередi.
Кестенi жасау үшiн ұяшықтарды тiгiнен немесе көлденеңiнен бiрiктiрiп жiберу керек. Ол үшiн оларды ерекшелеу және «Таблица  Объединить ячейки» командасын орындау керек.
Ұяшықтардағы мәтiннiң көлденеңiнен теңестiрiлуi абзацты форматтау сияқты орындалады. Тiгiнен (вертикаль) теңестiру «Свойства таблицы» терезесiнiң «Ячейка» қыстырмасының «Выравнивание» өрiстерiн (жоғарғы, орталық және төменгi) таңдау арқылы немесе контексті менюдiң «Выравнивание в ячейке» командасымен орындалады.
Мәтiннiң бағытын өзгерту контексті менюдiң «Направление текста» немесе «ФорматНаправление текста» командасы немесе аспаптар панеліндегі «Направление текста» батырмасымен оындалды. Қатарларды немесе бағандарды алып тастау үшiн оларды ерекшелейдi. Әрi қарай «Таблица  Удалить строки» немесе «Таблица  Удалить столбцы» командаларын қолданады.
Егер жиектеудi және бояуды қолданса, онда кестенiң рәсімдеуiн айтарлықтай жақсартуға болады. Ол үшiн «Формат  Границы и заливка» командасын беру керек. Пердеде «Границы и заливка» терезесi пайда болады.
Кестенiң сызықтарын рәсімдеу үшiн «Граница» қыстырмасы қолданылады. Кесте немесе кестенiң бөлiгiн рәсімдеудiң жиiрек қолданылатын ең жақсы әдiсi «тор (сетка)» — iшiнде жұқа торлауы бар қалың рама болып табылады. Кестенi түгелдей рәсімдеу үшiн меңзерді кестенiң iшiне орналастыру керек, ал кестенiң кез келген бөлiгiн (тiптi бiр ұяшық болса да) рәсімдеу үшiн мiндеттi түрде бөлiктi ерекшелеуге тура келедi.
Кестенiң фонын рәсімдеу үшiн «Заливка» қыстырмасы қолданылады.
«Страница» қыстырмасын пайдаланып параққа жиек жасауға болады. Тек «применить к» тiзiмi және басқа атаулар өзгеше. Мұндағы «Рисунок» ашылатын тiзiмiнен жиекке әшекейлеулер қолдануға болады. Аталған тiзiмнiң астында «Параметры» батырмасы орналасқан. Оны басып жиекке әртүрлi қасиет беруге болады
Егер құжаттағы деректi кестеге енгiзу керек болмаса, оларды бағандарға орналастыру үшiн табуляцияны қолдануға болады. Ол үшiн алдымен бағандардың болашақ орнын Word-тың терезесiнiң жоғарғы бөлiгiндегi сызғышта керектi жерде тышқанның сол жақ батырмасына басу арқылы белгiлеп алу керек. Әрi қарай әр бағанның дерегiн терген соң «Tab» пернесiн басса, меңзер келесi бағанның тұсына тоқтайды.
Егер табуляцияның таңбалағыштарына тышқанның меңзерiн орнатып сол жақ батырманы бассаңыз, бағанды көрсететiн үзiк сызық пайда болады. Бағандардың енiн өзгерту үшiн осы сызықты керектi жерге тасуға болады.
Баған бойынша орналастырылған мәтiннiң барлық мүмкiн параметрлерiн өзгерту немесе көру үшiн «Формат  Табуляция» командасымен «Табуляция» терезесiн ашады.
Баған бойынша орналастырылған мәтiн кестеге оңай өзгертiледi. Ол үшiн оны ерекшелейдi, содан соң «Таблица  Преобразовать в таблицу» командасын таңдайды. «Преобразовать в таблицу» диалогтік терезесiнде бағандардың саны және бағанның шекарасын анықтайтын жiк таңдалады. Егер барлық ерекшеленген жолдарда табуляцияның символдарының сандары өзара тең болса, Word бұл параметрлердi дұрыс тануы керек.
Керi өзгерту үшiн, яғни кестеден мәтiнге — барлық кестенi «Таблица Выделить таблицу» командасымен ерекшелеу керек, ал содан соң «Таблица  Преобразовать в текст» командасын таңдау керек. Тiк жiктердiң орынын көрсететiн символды (өздiгiнен табуляцияның символы) таңдауға арналған диалогтік терезесi пайда болады.

Кестеде қарапайым есептеулер орындау
Кестеде жазылған сандармен әртүрлi арифметикалық амалдар орындауға: олардың қосындысын, көбейтiндiсiн, арифметикалық ортасын табуға және де басқа есептеулер жүргiзуге болады.
Егер меңзерді есептеудiң нәтижесi жазылатын ұяшыққа орналасатырып, одан соң «Таблица  Формула…» командасын орындасаңыз, Формула диалогтік терезесi ашылады.

Қажеттi формуланы «Формула» өрiсiне «Вставить функцию:» тiзiмiнен таңдап енгiзу және осы амал орындалатын ұяшықтардың адрестерiн көрсету керек.
Ұяшықтардың адрестерi бағандар латын алфавитiнiң әрiптерiмен, қатарлар — сандармен келесi үлгi бойынша белгiленедi:

Мысалы, A1 және B3 ұяшықтарындағы сандарды қосу үшiн SUM функциясын таңдап, =SUM(a1,b3) формуласын енгiзу керек. Бұл жердегi a1,b3 ұяшықтарға сiлтемелер. Бұлардың орнында LEFT, ABOVE, RIGHT жазуларының бiрi болуы мүмкiн. Ондайда формулада сәйкесiнше сол жақта, жоғары және оң жақта орналасқан тек қана сандардан тұратын ұяшықтардың үзiлiссiз тiзбегi есепке алынады.

3-шi кесте. Өрiстерде қолданылатын функциялар

Функция Атқаратын жұмысы Аргументi
ABS Санның модулi Ұяшықтың мәнi
AND Логикалық амал – «және»
AVERAGE Орташа мән Ұяшықтар тобына сiлтеме
COUNT Топқа енген ұяшықтардың саны Ұяшықтар тобына сiлтеме
FALSE Логикалық мән – «жалған»
IF(x;y;z) Логикалық функция – «егер» Егер х шындық болса мәнi у, басқа жағдайда мәнi z
INT Санның бүтiн бөлiгi Ұяшықтың мәнi
MOD Бөлiндiнiң қалдығы Екi ұяшықтың мәнi
MAX Үлкенi Ұяшықтар тобына сiлтеме
MIN Кiшiсi Ұяшықтар тобына сiлтеме
NOT Логикалық амал – «жоққа шығару»
PRODUCT Көбейтiндiсi Ұяшықтар тобына сiлтеме
ROUND Санды дөңгелектеу Ұяшықтың мәнi
SIGN Санның таңбасы Ұяшықтың мәнi
SUM Қосындысы Ұяшықтар тобына сiлтеме
TRUE Логикалық мән – «шындық»

Бұл жерде Word редакторының Excel кестесiнен айырмашылығы – бағандардың әрiптермен және қатарлардың сандармен белгiленулерi айқын түрде көрiнбейдi. Осының әсерiнен күрделi кестелерде формулаларды қолданғанда ұяшықтардың адрестерiн анықтау қиындыққа соғады. Сонымен қатар формулалардың мәнi екiншi қолдануға жарамсыз. Амалда қолданылатын ұяшықтардың мәнi өзгергенде автоматты түрде формуланың мәнi есептелмейдi. Сол себептен есептеулер қажет болғанда құжатқа Excel кестесiн қондырып, пайдаланған жөн.
Ескерту. Word есептеудiң нәтижесiн ұяшыққа өрiс түрiнде орнатады. Ұяшықтарға сiлтемелер өзгергенде есептеудiң нәтижесiн жаңартуға болады, ол үшiн өрiстi ерекшелеп <F9> пернесiн басады немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған терезеден «Обновить поле» командасын орындау керек.
3. Сiлтемелер
Объектінің төменгi жағына (мысалы, кестеге) нөмiрленген атау орнату үшiн «Вставка  Ссылка  Название» командасын орындайды.


Суретке, тараудың атауына және тағы басқаларға сiлтеме орнату үшiн «Вставка  Ссылка  Перекрестная ссылка» командасын орындайды. Ашылған «Перекрестные ссылки» терезесiнде сiлтеменiң түрiн таңдайды. Бастапқыда ашылған терезеде абзацтардың тiзiмдерi көрiнедi. Мысалы, Тип ссылки – Таблица орнатсақ, онда терезеге кестелердiң тiзiмi шығып, олардың керегiн таңдауға мүмкiндiк туады.
Әрбiр сiлтеме үшiн оның атауына, немесе ол орналасқан бетке сiлтеме жасауға мүмкiндiк бар. Сiлтемесi бар кез келген объектіге өту үшiн осы объектіге сiлтемеде тышқанмен шерту жеткiлiктi.
Қажеттiлiгiне сай объектілердiң атаулары және оларға сiлтемелер қайтадан нөмiрленедi. Құжаттағы барлық сiлтемелердi жылдам жаңарту үшiн Беттiң таңбалануын көрудiң режiмiне (режiм Разметка страницы) ауысу жеткiлiктi.
4. Формулаларды енгiзу
Математикалық өрнектердi енгiзуге арналған құралдардың қажеттiлiгi ғылыми — техникалық құжаттарға тән. Miсrоsоft Word программасында осындай құрал Miсrоsоft Equаtiоn 3.0 — формулалардың редакторы болып табылады. Ол формулалық объектілер құрып және оларды мәтiндiк құжаттарға қондыруға мүмкiндiк бередi. Қажет болған жағдайда қондырылған объектіні тiкелей құжаттың өрiсiнде редакциялауға болады.
Формулалар редакторын iске қосу және баптау.
Формулалардың редакторын iске қосу үшiн «Вставка  Объект» командасын орындап, ашылған диалогтік терезеciнде Miсrоsоft Equаtiоn 3.0 пунктiн таңдауға немесе аспаптар панелінен «Редактор формул» батырмасын басуға болады. Формуламен жұмыс iстеуге арналған басқару панелі ашылады. Мәтiндiк процессордың меню қатарында формулалар редакторының меню қатары орналасады.
Формулалардың редакторын пайдаланар алдында оны баптап алу керек. Баптау формулаға кiретiн әртүрлi элементтерге арналған қаріптердi тағайындаудан тұрады. Ол «Стиль  Определить» командасымен ашылатын «Стили» диалогтік терезесiнде орындалады. Бұл баптау мiндеттi болып табылады, онсыз формулалар редакторы жұмыс iстемейдi, бiрақ оны тек қана бiр рет орындау жеткiлiктi.
Математикалық күрделi формулаларды жазған кезде олар әдемi көрiнуi үшiн символдардың үлкен және кiшiлерiнiң салыстырмалы өлшемдерiн реттеу керек болады. Ол үшiн «Размер  Определить» командасын орындайды. Ашылған терезеде сол жақтағы әрiптердiң түрiн көрсететiн өрiстерге нұсқасақ, өзгеретiн әрiптер ортадағы көру терезесiнде ерекшеленедi. Керектi өлшем ашық өрiске мән жазу арқылы iске асырылады.
Формулалардың редакторының қалған баптауларын (мiндеттi емес) «Интервал» (Формат  Интервал) диалогтік терезесiнде орындайды.
Формулалар редакторының аспаптар панелінде батырмалардың екi қатары болады. Төменгi қатардың батырмалары символдарды енгiзуге арналған өрiсi бар арнайы үлгiлердi құрайды. Мысалы, кәдiмгi бөлшектi енгiзу үшiн екi өрiсi бар форматты таңдау керек: алым және бөлiм. Бұл өрiстердi пернетақтаның көмегiмен де, жоғарғы қатардың басқару элементтерiнiң көмегiмен де толтыруға болады. Өрiстер бойынша орын ауыстыру меңзерді басқару пернелерiнiң көмегiмен орындалады.
Формулаларды енгiзу және редакциялау ESС пернесiн басу немесе формулалардың редакторының панелін жабу арқылы аяқталады. Сонымен қатар тышқанның сол жақ батырмасын құжаттың кез келген бiр өрiсiнде, формуланы енгiзу облысынан тыс, шерту арқылы да бiтiруге болады.
Енгiзiлген формула мәтiнге объект түрiнде орнатылады. Алмастыру буферiн пайдаланып құжат бойынша оның орынын ауыстыруға болады. Формуланы тiкелей құжатта редакциялау үшiн оны тышқанмен екi рет шерту жеткiлiктi. Сол кезде формуланы редакциялауға арналған «Редактор формул» терезесi ашылады.
5. Мәнерлi мәтiн
Мәнерлi мәтiн WordArt құрған графикалық объект. Оның көмегiмен мәтiндiк эффекттердiң көптеген мүмкiндiктерiн iске асыруға болады. WordArt мәнерлi мәтiндi рәсімдеудiң дайын үлгiлерiнiң бiрiн таңдауды ұсынады.

Суретте көрсетiлген үлгiлердiң бiрiн таңдап «ОК» батырмасын бассақ, мәтiннiң сөздерiн жазатын терезе ашылады.
Керектi жазуды енгiзiп, «ОК» батырмасын бассақ түзу сызықтың бойымен жазылған жазу пайда болады. Ендi оны әртүрлi бейнеде көркемдеп жазуға болады. Ол үшiн WordArt аспаптар панелін ашып ондағы құралдарды пайдаланамыз. «Форма WordArt» құралының аспаптары көрсетiлген.
Ескерту! Егер жазулар бiрнеше үзiктен түратын болса, онда аспаптар панеліндегі «Изменить текст» батырмасын басып немесе мәнерлi мәтiндi екi шертiп терезенi қайта ашып, үзiлетiн жерде <ENTER> пернесiн басу керек.

Жазылған жазудың мөлшерiн кез келген сурет сияқты жиектерiнде орналасқан түйiндердi жылжыта отырып керектi мөлшерге дейiн кез келген бағытта ұзартып-қысқартуға болады.
WordArt-тың суреттерiн кез келген бағытта бұруға болады. Ол үшiн аспаптар панеліндегі «Свободное вращение» батырмасын басып, дөңгелек бағыттағыш түрiндегi нұсқағышты пайда болған төрт жасыл нүктелердiң бiрiне орнатып, тышқанның сол жақ пернесiн басып отырып суреттi керектi бұрышқа бұрамыз.
Бұдан басқа әрiптердiң орналасу ретiн, тiкелей немесе керi жазылуын, жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары қарай жазылуын, әрiптердiң ара қашықтығын өзгертетiн, т.б. құралдары бар.

анықтамаларды ашуға арналған батырмалар шығады.
7. Құжаттарды баспаға басып шығару
Құжатты баспаға сапалы түрде шығару үшін, алдымен «Предварительный просмотр» режімінде оны қарап, қажетті параметрлерін орнату керек. Бұл режімде құжат қалай көрінсе, сол түрде қағазға басылып шығарылады. «Предварительный просмотр» режімін іске қосу Стандартты аспаптар панеліндегі «Предварительный просмотр» батырмасы немесе «Файл Предварительный просмотр» командасы арқылы орындалады. Word экранда ағымды бетті немесе бірнеше бетті (ағымды бетпен қоса) шығарады. Тек қана бір бетті экранға шығару үшін суретте көрсетілгендей «Страница целиком» батырмасын басады.


Құжатың бейнелену бетін үлкейту үшін тышқанды сол жерге апарып, сол жақ батырмасын басады. Тағы да бір басу құжатты алғашқы қалпына әкеледі.
Бетті бейнелеудің масштабын өзгерту үшін «Предварительный просмотр» аспаптар панелінің Масштаб (10% ) тізімін ашып, қажетті масштабты қояды. «Предварительный просмотр» режімінен шығу үшін «Закрыть» батырмасын басады.
Құжаттарды даярлауға арналған барлық Windows — программаларда құжатты баспаға басып шығару «Файл Печать» командасы бойынша орындалады.

Программа басып шығарудың бiрнеше мүмкiндiгiн бередi — бүтiндей құжат немесе оның ағымдағы бетi немесе ерекшеленген мәтiн немесе олардың нөмiрлерi бойынша бiрнеше беттерi немесе құжаттың тақ нөмірлі беттері немесе жұп нөмірлі беттері.
8. Мәтiнге пiкiр беру. Мәтiннiң версияларын (нұсқаларын) қалыптастыру
Пiкiр беру деп екi процестi түсiнуге болады: мәтiндi редакциялау кезiнде өзгерiстердi тiркеп отыру және мәтiнге түсiнiктеме беру. Әдеттегi редакциялаудан айырмашылығы — пiкiр беру кезiнде құжаттың мәтiнi бiржола өзгермейдi –жаңа вариант және ескi вариант бiр құжаттың шеңберiнде әртүрлi версиялар құқығында «қатар болады».
Пiкiр берудiң негiзгi құралы «Рецензирование (пiкiр беру)» панелі болып табылады («Вид  Панели управления  Рецензирование).

Жақтауда келесi iс-әрекеттерге арналған басқару элементтерiнiң төрт тобы көрсетiлген:
 қалыптастыру, көру және ескертулердi жою үшiн;
 тiркеу, көру, қабылдау және өзгерiстердi орындатпау үшiн;
 ескертулердi ерекшелеудiң түсiн таңдау үшiн;
 құжаттың версияларын сақтау үшiн.
Ескертулердi қалыптастыру үшiн «Добавить примечание» батырмасы қолданылады. Оны қолданған кезде мәтiннiң соңғы сөзi берiлген түспен ерекшеленедi және ескертудi енгiзуге арналған қосымша жақтау ашылады. Ескерту қалыптастырылған соң, оны қалқымалы анықтама формасында қарап шығуға болады (ерекшеленген сөзге тышқанның нұсқағышын апару арқылы). Ескертудiң мәтiнiмен бiрге оны кiмнiң қалыптастырғаны туралы мәлiмет бейнеленедi.
Мәтiндегi өзгерiстердi тiркеу үшiн «Исправления» батырмасы қолданылады. Дұрыстауларды тiркеу режiмiндегi мәтiннiң барлық редакциялануы авторлық емес болып есептелiнедi де, айрықша әдiспен ерекшеленедi (ерекшелеудiң әдiсiн «Сервис–Параметры» диалогтік терезесiнiң «Исправления» қыстырмасында беруге болады). Жақтаудың қалған басқару элементтерi дұрыстаулар бойынша аралық өтулердi орындап, оларды қабылдауға немесе қабыл алмауға мүмкiндiк бередi.
Егер құжат көп деңгейлi редакциялауды өтсе, оның аралық версиясын сақтау қажеттiлiгi жиi кездеседi. Miсrоsоft Word құжаттың бiрнеше версиясын бiр файлда сақтауға мүмкiндiк бередi. Бұның ыңғайлылығы – бiрнеше версияны сақтау кезiнде (бiрнеше көшiрмелерден айырмашылығы) дискiдегi орын тиiмдi қолданылады. Кезектi версияны сақтау кезiнде құжат түгелдей қайтадан сақталынбайды – тек қана ағымдағы версияның алдыңғы версиядан айырмашылығы сақталады. Ағымдағы версияны сақтау үшiн «Рецензирование» панелінің сәйкес батырмасын немесе «Файл–Версии…» командасын қолданады.
Ашылған диалогтік терезесінде бірінші рет версиялар тізімі бос болады, өйткені әлі ешқандай версия сақталынған жоқ. Сохранить батырмасын басып, кезекті версияны сақтайды. Экранда осы версияны сипаттайтын түсіндірме (комментарий) енгізуді сұрайтын терезе пайда болады. Түсіндірме мәтінді енгізіп, Ок батырмасын басу керек. Құжаттың версиясы сақталады.

Бұдан былай бұл құжатпен жұмыс істеу әдеттегі құжатпен жұмыс істегенмен бірдей болады.
9. Word-ты баптау
Word программасын баптаудың негiзгi функцияларын шақыру үшiн Word-тың «Сервис  Настройка» және «Сервис  Параметры» менюлерiнiң командалары қолданылады. «Сервис  Настройка» командасы менюдiң түрiн және Word-тың аспаптар панелін өзгертуге мүмкiндiк бередi. Бұл команда бойынша баптаудың терезесi ашылады; мұнда менюдi және аспаптардың панелін редакциялауға болады.
Керектi команданың (мысалы «Редактор формул») белгiсiн тышқанның көмегiмен iлiп алып аспаптар панеліндегі керектi жерге апарып (бұл кезде орнататын жерде жуан таяқша пайда болуы керек) орнату керек.
«Панели инструментов» қыстырмасы Word-тың кез келген аспаптар панельдерін пердеге шығаруға және алып тастауға мүмкiндiк бередi. «Настройка» терезесiнiң «Команды» қыстырмасынан кез келген командаларды аспаптардың панеліне және менюлерге тышқанмен тасымалдауға болады. Бұдан басқа, «Настройка» терезесi ашық тұрған кезде аспаптар панельдерінің батырмаларын және менюдi бiр орыннан екiншi орынға тасымалдауға және көшiрiп алуға болады, менюдегi команданы аспаптар панеліне немесе керiсiнше тасымалдауға болады.
«Параметры» қыстырмасы аспаптардың панельдерінің батырмаларын iрi етуге, батырмаларға арналған анықтаманы бейнелеуге, анықтамаларға пернелердiң тiркесiн қосуға, ашылатын менюлердi бейнелеуде анимация эффектілерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл қыстырмада төменгi жолда «Клавиатура» батырмасы орналасқан. Егер оны бассақ «ыстық пернелердi» қалыптауға арналған терезе ашылады. Бұл терезенiң көмегiмен Word-тың кез келген командасына өзiңiзге ыңғайлы деп тапқан кез келген пернелер тiзбегiн бекiте аласыз. Сонымен қатар сiз өзiңiз жасаған программаларға да пернелер бекiте аласыз. Мұндайда Word-тың өзiнiң «шапшаң пернелерiн» қарап шыққан пайдалы. Өйткенi олар басқа ешқандай амал жоқ кезде де орындалады.
«Сервис  Параметры» командасы арқылы ашылған терезенің кейбiр көп қолданылатын параметрлердi қарастырып өтейiк:

 Помнить список из: «Файл» менюi арқылы қол жеткiзуге болатын соңғы редакцияланған құжаттардың саны: 2-9 файлға дейiн.
 Единицы измерения: Word-пен жұмыс iстегенде өлшем бiрлiгiн таңдау: сантиметр, дюйм, пункт, пик.
 «Правописание» қыстырмасы емле мен грамматиканы тексерудiң параметрлерiн баптауға арналған.
 «Расположение» қыстырмасы жұмыс қапшықтарының адрестерiн анықтауға арналған.
Ескерте кететiн бiр жай Word-тың құжаттарын ашылатын құжатта автоматты орындалатын макропрограммалардың (ол макропрограммалар вирустар болуы ықтимал) әсерiнен қорғау Word-де ол “Общие” қыстырмасындағы “Защита от вирусов в макросах” жалаушасын қою арқылы атқарылады. Ал Word -тың одан кейінгі версияларында бұл жұмыс үшiн «Сервис  Макросы  Безопасность» командасы қарастырылған. Мұнда жоғары, орташа және төменгi дәрежедегi қорғау мүмкiншiлiктерi қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *