Ақпараттық экономиканың пәні және методологиясы. Ақпараттық экономикаға жалпы түсінік Ақпараттық экономиканың жалпы сипаттамасы

 

 

Дәріс мақсаты: Ақпараттық экономиканың пәнін және методологиясын түсіндіру.

        Дәріс жоспары: 1. «Ақпараттық экономика» пәні және әдістері 

  1. Меншік мәселелері.
  2. Ресурстар нарығы.

     

       Ақпараттық экономика – қоғамдық компьютерленген инновациялық интеллектуалды ұдайы өндіріс экономикасы.               ( өндіріс, өнеркәсіп, жинақтау, ауысым,  материалдық және рухани, жинақтау, айырбас, жиынтық қоғамдық өнімді оның материалды не рухани іске асырылған түрдерін тұтыну және тарату). Ақпараттық экономика  қоғамдық өндірістің жіне тұтынушылықтың қоғамдану және даму  кезеңдерінің бірі болып табылады. ХХI – ші ғасырдың басында ақпараттық экономика    әлеуметтік-шаруашылық құрылымдар қоғамдануының  ең жоғары құрылымы болып және машинадан кейінгі өнеркәсіпке негізделеді. Сонымен,  ақпараттық экономиканың пәні болып ақпаратты экономикалық адамдар арасындағы ақпараттық  технологиялар және әртүрлі меншіктік тің  қалыптарын қолдану жағдайларындағы қарым- қатынастар табылады. Ақпараттық экономика әдісі ақпараттық экономикалық синергетика, трансакциялық шығындар теориялар әдіснамасынан, қазіргі тез ағымдағы аутсорсинг және реинжиниринг экономикалық үдерістерінен шығады.

     Қазіргі жағдайларда меншік формаларының  көптеген басқа түрлері арасында жетекші рөлді зияткерлік меншік алады. Ақпараттық көз қарас ұстанымынан зияткерлік меншік объектілерін, қоғамдық өндіріс және ұдайы өндірістің нәтижелерін ИЕЛІК ЕТУ, ҚОЛДАНУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ИЕМДЕНУІНІҢ негізделуін және талдауын орындауға болады.  Көптеген тауар түрлері арасында ең сыйымды және айқын түрде қоғамдық еңбектің кертарпа-шығармашылық қызметінің зияткерлік креативті жағын іске асыратын тауар – идея; сондықтан зияткерлік меншік әр түрлі дәрежеде,  шығарылған және өндірілген тауарлардың барлық түріне  жетекші, дара және көп түрлі қатынасты орында екенін атап өту қажет. 

       Ауысымды трансформациялық экономика тұрғысынан қарастырылып жүрген меншік  және ақпартты өндірістік-басқарушылық қарым-қатынастар мәселесін атап өту қажет. Трансформациялық экономиканың қызмет ету шарттарында меншік өндірістік-нарықтық қарым-қатынастың негізі ретінде өзара байланысқан белгілі төрт қасиеті бар: иелену, қоғамдық өндірістің шарттары мен нәтижелерін билік ету, қолдану. Өндірістік қарым-қатынастар  меншіктің 1 мен 4 қасиетімен ерекшеленеді, басқарушылық қарым-қатынастар – 2 мен 3 қасиетімен, ал ақпараттық қарым-қатынастар 4 қасиеті де көрінетінін атап өту қажет.

Еліміз халықаралық деңгейге бет алып, дамудың жаңа сатысына кошу барысында. Елбасы Жолдаулары мен «Әлемдегі 50 бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына кіру»  Бағдарламасында атап өткендей, алдымызға қойған мақсаттарға жету үшін барлық мүмкіндігімізді және әлеуетімізді пайдалануымыз қажет. Солардың бірі ақпараттану арқылы даму мүмкіндігі. Ақпарат саласы әлеуеті көп сала, сол әлеуетті қолдану арқылы бизнесті және тұтастай экономиканы да бір саты жеделдетуге мүмкіндік бар.

Біз өмір сүретін уақытта, яғни 21 ғасырда «ақпарат» ұғымы күнделікті қолданысқа енген, сондықтан мен «ақпарат» ұғымына анықтама берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Біздің қоғам « ақпараттық экономикаға » қадам басқан,  біршама ақпараттанған қоғам. Бұл жұмысымда мен ақпараттық экономиканың бизнеске әсерін және бизнестің ақпараттық ортасын, оны кімдер және қалай қалыптастыратынын  қарастырғалы отырмын. Алдымен «ақпараттық экономика» ұғымына анықтама беріп кетемін. Ақпараттық экономика   –    ЖІӨ – нің көп бөлігі білім мен ақпаратты тарату, алмастыру, өңдеу, сақтау қызметімен қамтамасыз етілетін және жұмысбастылардың көп бөлігі осы салада қызмет ететін экономика түрі.  Ақпараттық экономика  —   экономиканың барлық негізгі салаларының дамуы электрондық – ақпараттық техника құралдарымен байланысты болатын жаңа ақпараттық қоғамның келе жатқанын баяндайтын концепция. Бұл концепцияда ақпарат тауар ретінде қарастырылады және статистикалық әдістермен зерттеледі. [ Internet. «Level. Com» сайтынан] .

Бизнесті жүргізудің жаңа бағыттары  пайда болып қана қоймай, ескі бағыттары да ақпараттық технологияларға бейімделіп өзгерді.  Соңғы жылдары бұл тенденциялар неғұрлым басым болуда. «Intel» тәуелсіз зерттеу компаниясының мамандары жасаған зерттеулерге сүйенсек, 2006 жыл аяғы қорытындысы бойынша бизнесті ұйымдастыру  саласында  ақпараттық      технологияларды қолданушылар саны 18  576 287  ірілі – ұсақты компания болған, Әлем бойынша Интернет желісін қолданушылар саны миллиардқа жеткен, ал электронды коммерцияның қаржылық айналымы триллион долларға жетті. [Internet. «Level. Com» сайтынан.]  Осы зерттеу нәтижесінен жасайтын қорытындым: бизнесті жүргізуде ақпараттық технологияларды, сауданың электрондық әдістерін, Интернет желісінің потенциалын ескермей, қолданбайтын компаниялар, керісінше, осыларды қолданатын  және жеңіл игеретін алдыңғы қатарлы компаниялардың бәсекелік қабілетіне шыдамай, нарықтың көптеген позицияларында өз үлестерін жоғалтуы әбден мүмкін. Бірнеше мысал келтіріп кетер болсам: ірі бизнеспен айналысатын кез- келген компанияның өзінің жеке ақпараттар базасының болуы қосымша клиенттерді көптеп тартуға мүмкіндік береді. Желіге кіріп компания тарихы, қызметі, өнімдері, сапалық белгілері, кәсіби жетістіктерімен, т.б. танысқан кез-келген адам алған ақпараты ұнаған жағдайда компанияның болашақ клиентіне айналуы мүмкін.   Ал желіге байланысты емес мысал келтірер болсам, әуелі телевизия мен радио, пошта қызметін, яғни БАҚ – ты  айтқан жөн. Белгілі болғандай, қазіргі кезде көптеген телекомпаниялардың өз бюджеттері жарнама ақысы есебінен құралады, теледидарды қарау  арқылы әртүрлі тауарлар мен қызметтер, олардың сапалық қасиеттері, бағасы туралы, оның өндірушілер туралы көп ақпарат ала аламыз, теледидардың көмегімен қызықты әрі бейнелі, мән-мағыналы видеороликтер көрсету арқылы бизнес иелері бізді біршама ақпарат иесі етеді және мұндай жарнама арзан болмағанымен, ол тұтынушы мен өндіруші арасындағы берік ақпарат каналы болып табылады.  Радио жайлы  да осыны айта аламын. Біз теледидар мен радиодан алған ақпараттың дұрыстығына толығымен сенімді бола аламыз. Бірақ, менің ойымша, бизнесті ұйымдастыру  мен  жүзеге асыруда басқа ақпарат құралдарынан гөрі Интернет желісінің алатын орны ерекше. Бұған дәлел келтірер болсам, біріншіден, Интернет желісіне кез- келген адам әлемнің әр аймағынан  қол жеткізіп, ақпаратқа ие бола алады, екіншіден, БАҚ, теледидар, радио, т.с.с. ақпарат көздерінен өзімізге қажет ақпаратты белгілі бір уақыт аралығында ғана ала алсақ, Интернеттен кез- келген уақытта ала аламыз, үшіншіден, жоғарыда айтып кеткенімдей, Интернет желісін қолданушылар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Сол себептен, менің ойымша, бизнестің статусын қалыптастыруда, компанияның ақпараттық ортасын қалыптастыруда, компания мен клиент арасындағы  байланысты нығайтуда Интернет желісінің маңызы зор.   Бизнеске Интернет желісінің әкелетін пайдасы жайлы екінші бөлімде баяндаймын. IBM компаниясы мамандарының зерттеу нәтижелері  бойынша  бизнес – процестерді  Интернет технологиялары  арқылы ақпараттандыру  қарқыны жыл сайын орташа 2-3 есеге өсіп жатады.    Бизнесте, яғни іскерлік белсенділік танытуда глобальді технологияларды қолдану арқылы ішкі және сыртқы байланыстарды өзгерту мен күшейту арқылы компания өз пайдасын бірнеше есе ұлғайта алады.  Компанияның ішкі ұйымдастырылуы  ортақ ақпараттық желі (ақпараттық ғылым тілінде «интранет») арқылы жүзеге асырылуы  компания қызметкерлері арасындағы қарым – қатынасты тиімді етеді және компанияның ішкі жоспарлау және басқару процестерін неғұрлым нәтижелі етеді. Ал компанияның сыртқы байланыстарында ақпараттық желіні қолдану (экстранет) әріптестермен, клиенттермен, жабдықтаушылармен байланыс орнатуда зор қызмет атқарады. 

Бақылау сұрақтары

  1. Ақпараттық экономика әдісі мен пәнінің маңызы.
  2. Зияткерлік меншіктің біртұтас және әр түрлі даму мәселесі қалай сипатталады?
  3. Қандай экономикалық факторлар зияпатты меншіктің креативті түрімен үйлесімді келеді?
  4. Зияткерлік меншік шартында ақпараттық тауар – идеяның ерекшеліктері қалай танылады?
  5. Зияткерлік меншіктің креативті түрі қалай жүзеге асады.
  6. Қандай себептермен қор нарығының дәстүрлі бөлінуі өзгеріске ұшырады?
  7. Ақпараттық және басқа да қор түрлері арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтаңыз.
  8. Еңбек нарығын мысалға ала отырып, дәстүрлі қор нарығындағы түпкілікті өзгерістерді түсіндіріңіз.

 

Әдістемелік нұсқаулар

      Екінші және үшінші мыңжылдықтар қарсаңында  меншіктік мәселелері арасында    ең маңызды мәселелердің бірі болып,  оның меншіктіліктің зияткерлік деп аталатын ең жаңа және ең нәтижелі қалпына айналуы болып табылады. Осыған байланысты, нарықтық шаруашылықты  игерумен бір уақытта зияткерлік меншіктіліктің әртүрлі түрлерінің, сонымен қатар  жаңа әлеуметтік бағытталған мемлекеттің ақпараттық экономикасының негіздерін қалыптастыру қажет. Теорияда осындай  жаңа экономиканың мезеттері әлемнің бірыңғай бейнесін ақпараттық  диалектика және ақпараттық көз қараста көру ұстанымында табылады. Тәжірибелік мағынада  Қазақстан Республикасының зияткерлік меншіктік қалпының креативті бір түрі оның негізі болып табылатын әлеуметтік бағытталған ақпараттық экономикасына айналуы қажет.

 

Ұсынылатын әдебиет

  1. Садыков Т.У. Методологические основы информационной экономики. Материалы международной научной конференции, Университет ТУРАН, Алматы, 2003 г.
  2. Садыков Т.У. Постиндустриальная информационная экономика как важнейшая составляющая общей теоретической экономики

Материалы международной научно-теоретической конференции «Экономика – политическая экономия – теоретическая экономия как дисциплинарные формы организации экономической науки (к 200-летию политэкономии)», Университет ТУРАН, Алматы, 2004 г.

  1. Садыков Т.У. Экономическая теория. Учебное пособие, ЕНУ им. Л.Н. Гумилёва, Астана, 2004 г.
  2. Николаева Т.П. Основы информационной экономики: Учебное пособие. – СПб.: ООО «ЛЕКС СТАР», 2001.
  3. Садыков Т.У. Структура и особенности новой экономики.  Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилёва. Серия – экономическая. Выпуск 1. 2007г.
  4. Стрелец И.А. Новая экономика и информационные технологии / И.А. Стрелец. – М.: Экзамен, 2003.
  5. Тапскотт Д. Электронно-цифровое общество / Д. Тапскотт. – К.: «INT-press». Издательство – М.: «Релф-бук», 1999.
  6. Колодко Г.В. «Новая экономика» и старые проблемы (перспективы быстрого роста в постсоциалистических странах) / Г.В. Колодко // Проблемы теории и практики управления. – 2002. – №4.
  7. Мельянцев В. Информационная революция – феномен «новой экономики» / В. Мельянцев // Мировая экономика и международные отношегния. – 2001. – №2. –
  8. Пороховский А. «Новая экономика» активизирует роль общества и государства в общенациональном развитии / А. Пороховский // Проблемы теории и практики управления. – 2002. – №4. –
  9. Садыков Т.У. Методология информационной экономики. Научная монография. М., МГУ, «ТЕИС», 2010г.
  10. Садықов Т.Ү., Оспанов А.С. Ақпараттық экономика. Астана. 2011.
  11. Бабажанова Ж.А. Ақпараттық экономика. Астана. 2011.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *