Жоспар:
17.1. Қан кетудің түрлері және тоқтату әдістері.
17.2. Жылылық соққы және күн тигенде, үсік шалғанда, уланғанда көрсететін алғашқы медициналық көмектер.
17.3. Жарақат алғандағы алғашқы көмек.
Алғашқы жәрдем / қанды қалай тоқтатады.
Кішкене алған жарақаттан қан өзінен өзі тоқталады. Егер қан ағымы тоқтамаса, матамен қатты байлап қою керек.
Қатты қысып байлау:
- Адамды жатқызыныз. Жарақат алған жерді киімнен босатып дұрыстап қарап шығыныз.
- Егер жарақатта бөтен зат болмаса, оған қанды жақсы сінетін материалды (салфетка, орамал, шүберектің бір бөлігі) қойыңыз. Жарақат жерді жоғары көтеріңіз, бұл қан ағымына қан айналымына байланысты азаюға апарады. Жарақаттағы салфеткаға, орамалға мақтаны немесе матаны қойып бинтпен қатты байлап тастаңыз.
- Егер қан ағымы тоқтамаса, яғни қан байланған жерінен шығып жатса, бұрынғы байланған бинтті алмай оның үстіне екінші қабатпен тағы да бинтпен қатты байлап тастаңыз.
- Егер сізде бинт жоқ болса, онда оның орына кез келген шүбіректі қолдануға болады.
Егер жарақат жерінде бөтен зат болса.
Егер жарақат жерінде бөтен зат болса, мысалы шынының бір бөлігі, онда оны алмаңыз. Олай сіз жарақат алған адамға зиян келтіресіз. Мүмкін бұл зат қан ағымын ұстап тұруы мүмкін.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
- Жараның айналасын он минуттай қатты қысып, қанды тоқтатыңыз.
- Сақиналық таңғышпен жарақат жерінің айналасын ораңыз.
- Бинт жарақат жеріндегі таңғышты жоғары және төмен жағынан қатты ұстап тұру керек.
- Жедел жәрдемді шақырыңыз.
Артерияны басу және бұрау (жгут) салу.
Егер қысып ұстап тұрған байлам көмектеспесе, онда жарақатқа қанды апаратын артерияны басып көріңіз.
Ең алдымен артерияны қолмен басып көріңіз. Егер бұл көмектеспесе, онда адамға бұрау салуға тура келеді.
Ол үшін шүбірекпен, шлангпен немесе жұқа арқанмен жарақат жерінен жоғары жағын байлаңыз. Сосын бұрамның астына жұқа таяқшаны, қарындаш немесе қаламды кіргізіп қатты бұра бастаңыз. Содан кейін қарапайым қысатын таңғышты байлаңыз.
Артерияны 10 минуттан артық қысып ұстауға болмайды. Әйтпесе ұлпаларда қан бармағаннан өзгермейтін құбылыстар пайда болады да, оны кесіп тастауға тура келеді.
Бұрау салғаннан кейін адамға су ішкізу керек.
Варикоз тамырлардың жарақатталуы.
Аяқтағы варикоз тамырлардың кеңейуі қауіпті, себебі бұл тамырлар жарылып, қатты қан ағымы басталуы мүмкін.
Мұндай жағдайда қан ағымын тезірек тоқтатып, зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу қажет.
- Адамды жатқызып, аяғын биікке көтеру.
- Жарақат жерін бинтпен немесе шүберекпен орап тастаңыз.
- Егер бинтке қан сіңіп кетсе, оның үстіне жаңа таңғышты байлаңыз.
- Жедел жәрдемді шақырып, зардап шеткен адамды тыныштандыруға ұмтылыңыз.
Мұрыннан, ауыздан немесе құлақтан қан ағу.
Мұндай қан ағымдар адамның бас немесе кеуде жарақатын алғанның белгілері. Ауыздан қан ағу кеуде жарақатын алу белгілері, құлақтан және мұрыннан қан ағымы бас сүйек – ми зақымының белгілері.
Сондықтан мұндай жағдайда тезірек жедел жәрдемді шақырыңыз. Жарақат алған адамды шынтақтап жатқызып, басын қан аққан жағына шалқайту керек. Егер қан мұрыннан немесе құлақтан ақса, бұл жерлеріне мұз қою керек. Сонымен бірге қан ағып тұрған жерін таза салфеткамен, орамалмен, мақтамен жабу керек. Бірақ бұл жерін қыспаңыз.
Егер адам есінен айрылса, онда оны жатқызып, басын аяғынан жоғары қою керек.
Алғашқы жәрдем / жарақат жерін қалай орау керек.
Орайтын заттар:
- Бинттер (стерильді және стерильді емес).
- Дым жұтқыш және қарапайым мақта. Дым жұтқыш мақта ылғалды және іріңді тарту қабілетіне ие.
- Таза орамалмен, кесілген матамен, салфеткалардың көмегімен қан тоқтатуға және жарақат жеріне кір кірмеуге жағдайын жасауға болады.
Жарақат жерін қалай дұрыс байлау керек:
- Бинттін шетін жарақат жеріне қойып, бір толық айналым жасаңыз, қаптаманың сыртқы жағын жараға қарай ұстаңыз, солай орауға ыңғайлы болады. Жарақат жерінен төмен 2-3 рет толық айналым жасап, 2-3 рет жарақаттан жоғары байлаңыз.
- Сосын бинттің шетін екіге кесіп, содан екі жіпті жасап, байлап қойыңыз (тек жарақаттың астында емес).
Дұрыс емес жасалған таңғыш қатты қысып тастап және қан айналымына кедергі жасауы мүмкін. Сол себептен жарақат алған адам саусақтарын қозғата ала ма, саусақ ұштарының түсі өзгерген жоқ па және сезім қабілеттері жоғалған жоқ па таңғаннан кейін тексеру керек.