Халықты қорғаудың ұжымдық және жеке бас құралдары

 

Жоспар:

20.1. Қорғаныс құралдарының классификациясы.

20.2. Жеке бас қорғаныс құралдары.

20.3. Ұжымдық қорғаныс құралдары.

 

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануосы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

         Халықты қорғау республика Азаматтық Қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар — ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру — бейбіт және соғыс уақытындағы    төтенше    жағдайларды    ескерту    мен    іс-әрекеттер бойынша    Қазақстан    Республикасы    Мемлекеттік    жүйесі    барлық шараларының басты мақсаты.

Жеке қорғаныс құралдарының түрлері:

ГП 5 газтұтқышы

Респиратор 3М

ГП 7 газтұтқышы

ГП 9 газтұтқышы

Теріні және тыныс алу жолдарын қорғайтын құралдар.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау әсерін және сақтандыру кезіндегі күнделікті төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Кестелік медициналық қорғаныс құралдарына мыналар жатады:
— АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы;

— ИПП-8, ИИП-10 радиациялық қауіпті аймақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы;

— ППМ медициналық таңу пакеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-Аралық бақылау сұрақтары.

 

  1. Биологиялық және әлеуметтік маңызы бар аурулар: жалпы мағлұматтар.
  2. Инфекциялық ауруларға жалпы сипаттама. Инфекцияның ауру кезіндегі алдын-алу шарасы.
  3. XXI ғасырдың қауіпті аурулары.
  4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  5. Тұқым қуалаушылық және аурулар.
  6. Тамақтану және аурулар.
  7. Дұрыс тамақтану ережелері.
  8. Тағам құрамындағы қосындылардың қауіпі.
  9. Тамақтан уланудың алдын-алу және клиникалық көріністері.
  10. Ішімдік және табиғи ауытқушылық.
  11. Темекі тарту, нашақорлық.
  12. Жасанды тыныс алдыру және жүрекке массаж жасау.
  13. Жарақаттар түрлері, топтасуы.
  14. Тамақтан улану және улану белгілері.
  15. Күйік, алғашқы дәрігерге дейінгі көрсетілетін.
  16. Туберкулез:жұқтыру себептері мен жолдары.
  17. Жасанды тыныс алдырудың негізгі тәсілдері. Жүрекке жанама массаж жасау.
  18. Жедел жағдайдағы алғашқы көмек.
  19. Қан кетудің түрлері.
  20. Қан кетудегі алғашқы медициналық көмек.
  21. Ширатпа немес бұрауды қою әдістері.
  22. Мұрыннан, ауыздан қан кету.
  23. Аса қауіпті инфекциялар.
  24. Оба (сипаттамасы, алғашқы белгілері)
  25. Тырысқақ (сипаттамасы, алғашқы белгілері)
  26. Эпидемия түсінігі.
  27. Пандемия түсінігі.
  28. Адамның иммунды тапшылық вирусы (АИТВ)
  29. АИТВ жұқтыру жолдары, белгілері, алдын алу шаралары.
  30. Журе пайда болған тапшылық вирусы (ЖИТС) ауруы.
  31. ЖИТС белгілері және салдары.
  32. Естен тануға қарсы шаралар.
  33. Сүйек сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.
  34. Суға батқандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
  35. Жарақат жерінде бөтен зат болғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
  36. Естен тану белгілері.
  37. Жарақаттанушы тасымалдау.
  38. Зардап шеккендерді тасымалдау ережелері.
  39. Ішімдіктің және нашақорлықтың психологиялық зардабы.
  40. Темекінің адам ағзасына әсері.
  41. Нашақорлық зардабы.
  42. Тіршілік қауіпсіздігіне нашақорлықтың және ішімдіктің әсері.
  43. Нашақорлықтың және ішімдіктің алдын алу.
  44. Соз, мерез аурулары, олардың қауіпі.
  45. Бруцеллез (жұғу көздері, жұғу жолдары, алдын алу шаралары).
  46. Улы жәндіктер шаққан кездегі алғышқы медициналық көмек.
  47. Аллергиялық аурулар (аллергендер, сипаттамасы).
  48. Қант ауруы: пайда болу себептері және зардаптары.
  49. Күшті әсер етуші улы заттармен уланғандағы алғашқы медициналық көмек.
  50. Күйіктің түрлері және медициналық көмек.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *