Жоспар:
18.1. Адамдардың жаппай зақымдалуы кезінде жүргізілетін негізгі шаралар және медициналық көмектер.
18.2.Радиациялық зақымданудың денсаулыққа әсері.
18.3. Күшті әсер етуші заттармен зақымдану.
Зақымданған адамға көмек көрсету сатылары:
Улызаттардыңорганизмгесіңіуінтоқтату. Олүшінантихимиялықпакеттіқолданыпадамныңбетіненулызаттардысүртіптастаукерек, противогаз кигізіп, дененіңашық жерлерін сүртіп, киімніңжағасын, жеңдерінтазалапқауіптіаймақтаналыпшығу.
Тасымалдаған кезде жергілікті пәс орындарды, тоннельдерді, сай, тоғай, ми батпақты айналып өткен жөн, өйткені ауыр улы газдар осындай жерде шоғырланып тұрып қалады. Күшті әсер ететін улы заттардың буы қаланың көшелеріне, сая-бақтарына, үйшатырының астына және подъездеріне шөгуі мүмкін.
Жертөле сияқты жерлерге жасырынған адамдар противогазды шешпеу керек, себебі бұндай паналар улы заттардың сұйық тамшыларынан қорғайтынымен олардың буларынан сақтамайды.
Зақым ошағынан шыққанда арнайы қойылған көрсеткіштер арқылы немесе желге бір қырын беріп жүру керек. Сонда да ақырын аяқ басып, жүгірмей, шаң көтермей, үйлерге сүйенбей, айналадағы заттарға, бұтақтарға тимей өтуге тырысу керек. өсімдіктердің жапырақтары мен бұталарында улағыш заттардың тамшылары болады, олармен жанасуы адамның зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін.
Денеге, киімге жұққан тамшыларды қағазбен, немесе қол орамалмен, шүберектермен сүртіп отыру керек. Противогаздардың әртүрлі маркалары болатынын естен шығармау керек, кей бір улы заттарға қарсы қосымша сүзгіш қораптар беріледі.
Қауіпсіз орынға жеткізе зардап шеккеннің ауыз-мұрын, көзін шайып, өзін санитарлық өңдеуден өткізеді (мүмкіншілігі болса душ қабылдатады), киімін ауыстырады. Көзді шаю үшін суды немесе соданың 2% -дық ерітіндісін қолдануға болады, вазелин майы 1-2 тамшысын көзге тамызуға да болады. Асқазанды, ішек-қарынды тазалау үшін қолдан құсқызады, іш-өткізетін дәрілік береді. Ішек-қарынға адсорбент еңгізеді — активтендірілген көмірдің, карболеннің 3-4 үлкен ас қасығын 200 мл суға қосып ішкізеді. Іш өткізу үшін натрий сульфаттың немесе магний сульфаттың 20-30 граммын 100 мл суға ерітіп ішкізеді.
Зардап шеккен адамға жылы жағдай, таза ауа қажет, мүмкін қолдан тыныс беріп жүрегін басу немесе оттегімен ингаляциялау керек шығар. Бірақ тұншықтырғыш затты жұтқан адамға қолдан тыныс беруге болмайды.
Көмек көрсету барысында жеке дәрі қобдишадан керекті антидотты пайдаланған жөн, ал антихимиялық пакеттегі сұйықтықтың көзге тимеуін қадағалауды ұмытуға болмайды.
Алғашқы көмек алған адамды арнайы емханада ары қарай мамандар емдейді. Мына жәйттерді есте сақтаған жөн:
-антидатторды уланудың алғашқы кезеңде немесе уланды деген белгілері көрінгеннен кейін бірнеше минут арасында қолдануы нәтиже береді;
-фосфорорганикалық заттар және иприт денеге тисе, оның ашық жерлерін алғашқы 5 минут арасында ішінара санитарлық өңдеуден өткізуі зақымдану ауырлығын едәуір төмендетеді;
-алғашқы жәрдем неғүрлым тезірек көрсетілуі керек, сондықтан бұл жерде зақымданғандар өзіне және өзара көмек беруге тиісті;
-әдетте қолдан тыныс беруді УЗ тараған ауада қолданбайды. Құтқарушылар химиялық зақымдау ауқымына кірер алдында УЗ-дан сақтану үшін жеке адамға арналған дәрі қобдишадан (АИ-2) антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімінің, резина етігін, қолғап және противогазды киіп алуы керек. Тіпті химиялық зақымдау ауқымнан зардап шеккен адамды алып шыққаннан кейін де фосфорорганикалық заттар, иприт және басқа да кейбір УЗ-мен зақымдаушылардың алғашқы медициналық көмек көрсетушілерге едәуір қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Зақымданушылардың киіміне, шашына және терісіне жұққан УЗ біраз уақыт сақталып, дененің жалаңаш жерлерін зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе жабық үй-жайларда, автомашиналарда киімге жұққан УЗ-дың буының десорбциялануы (булануы) есебінен де зақымдануға әбден болады.
КӘУЗ және УЗ-мен зақымданған адамдарға алғашқы көмек көрсету.
КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әр-түрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек.
Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар «Химиялық қауіпі» дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:
-біріншіден, олар газ, сұйық, аэрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);
-екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;
-үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;
-төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді; кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.
Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.
Аммиакпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиакпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммиак асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммиак көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.
Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек.
Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда – реанимациялық қызметті шақыртады.
Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.
Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.
Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит) көзді таза сумен немесе 2-3 пайыздық тағамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зәйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты ауырғанда көзге салқын дәке басу немесе 0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылған қалыпты дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге түскен кезде дененің зақымданған аумағын ағынды сумен жуады.
Күкірт газымен уланған жағдайда көзді, мұрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен шаю қажет, мойынның айналасын жылы ұстайды. Жөтелгенде кодейн қолданып, тағамдық соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы ылғалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут сайын 2-3 рет).
Егерзардапшегушініңтынысалуытоқтаса, жасандытынысалужасаукерек. Жүрексоғысысезілмесе, жасандытынысалуғақосымшажүректіңсыртынан массаж жасалады. Көмекәрқашандажасандытынысалуданбасталады.
Сәулелену шарпуына түскен адамдарға көрсететін алғашқы көмек.
Радиация деңгейі жоғары болған жерде көмекшілердің радиацияға ұшырау қауіпінен сақтану себебінен тұрғын халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуі қиындыққа соғады. Мұндай жағдайда зардап шегуші адамдардың өзіне-өзі және біріне-бірі жәрдем көрсетіп зақымданған территорияда мінез-құлық, тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы жерге жатуға болмайды, су көздерінен су ішуге, тамақтануға рұқсат етілмейді.
Радиация деңгейі төмендегенде ғана зақымдау ауқымында зардап шеккендерге көмек толық көрсетіледі.
Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға радиацияға қарсы арналған антидот беріп, сәулелену шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық жерлерін, бетін антихимиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды қағады және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсетеді (жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау қояды, т.б.). Сонан соң зардап шеккенді зарарданбаған жерде орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа апарады (мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Жіті сәуле ауруды емдеу шараларын тек мамандар өткізе алады. Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда оны күтуге тура келеді; оған жалпы мына шараларды қолданады. Күшті сәуле шарпуына шалдыққан адам сәуле ауруының бірінші кезеңдегі белгілерін көрсете бастайды, сондықтан оның төсекте жатқаны жөн және оны көп немесе жағымсыз түрде қозғалтуға болмайды. Жатқан бөлме қараңғылау, тыныш, ауа температурасы 18-20°С шамасында болуға тиіс, науқасты салқындатып алмауға тырысу керек. Құсуды тоқтату үшін аэрон немесе аминазин таблеткаларын 1-2 рет береді, қан құсуда мұз бөлшектерін жұтқызады. РЗ су немесе тамақ арқылы организмге өтті деген күмән болса ауруға адсорбенттердің біреуін береді (активтендірілген көмірдің 25-30 г, күкірт қышқылды барийдің 50г, сары топырақтың 25-30 г сайодиннің 1-3 г қоса) да артынан су ішкізеді. Адсорбент РЗ-ды өзіне байлап қанға сіңуді азайтады. ’15-20 минут өткен соң 2-3 л су ішкізіп асқазанын құсу арқылы шаяды. Аяғында ішін өткізетін дәрі береді — бұл әдіс РЗ-ды организмнен дереу шығару мақсатында қолданады.
Науқасқа кеңінен әсер келтіретін антибиотиктер және шоктан сақтайтын аурусыздандыратын (ауыр жарақат, күйіктер болған кезде) дәрілерді береді. Тамақтану жағынан ешқандай арнайы шек қойылмайды, тек тамақтың жеңіл, бірақ қуатты, оның құрамында белок, А,С,В-тобының витаминдері болғаны дұрыс. Тамақ аз мөлшерден жиі-жиі беріледі, организмге сусындар–сәл тұздалған су, шырындар және т.б. жағымды боп саналады.
Емханада науқастар 4 санатқа бөлінеді: бірінші санатқа жедел көмекке мұқтаж болғандар (қабылдаған шарпу мөлшері 400-600 рентген және одан да көбірек), екінші — емдеу шараларды кідіртуге болатындар (400 р-ге дейін), үшінші — екі аптаға дейін емді керек етпейтіндер (250 р-ге дейін), төртінші санатқа шарпу мөлшерін 1000 р-ге жуық немесе одан да жоғары сіңірген науқастар жатады. Сәуле мөлшерін білу үшін дәрігерлер организмнің алғашқы реакциясына қарайды.
Жіті сәуле ауруымен бірге әрине қосымша жарақаттар (қан кету, күю, т.б.) да есепке алынады.