Әлихан Бөкейханның білім туралы қанатты сөздері

 

Әлихан Бөкейханның білім туралы қанатты сөздеріБүгін ұлт көсемінің өмірден озғанына 79 жыл толыпты. Әлихан Бөкейханның 1937 жылғы 27 қыркүйекте атылғаны туралы дерек бар. Сот үкімі де сол күні шықса керек.

Білімге жақсы да, жаман да жоқ. Білім алмас қанжар. Кім қолына алса, соның қолы, салып қалса, жақсы-жаманды айырмай, басты алып түседі.

 

Қыр халқы… ғылым-білім жайып жатқан һәм өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң, сол … заманда болған балаларымыз бізден ақылды болып, біздің заманымыздағы аталарымыздың қылғандарын көріп таң қалар я ойламай қатырар.

 

        Сонау қырдан талпынып, алты-жеті жыл оқу қуалап Қазан, Уфа, Орынбор, Тройскі барған талапкер балалар, екінің бірі бос қазақ емес қой! Жігіттігі бар, жігіті аз қазақ жұртына осы жігерлі балаларды жүдетпей оқуын бітіруге жиһат қылып, ақша жиып, әр ел өз шәкіртіне беретін жөні бар ғой.

 

Неше түрлі залалды қазақ мінезі бұзық орысша, мұсылманша хат білетіндерінен көріп жүр. Бұлар өзге қазақтан білімді, білімінен жақсы мінез шықса, бұл қалай?

 

Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школда; қазақ балаларының бір парасы орысша оқып жүр; бір парасы ескі моллалардан оқып жүр, бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Орысша оқығандар оқыту һəм тəрбиелеу ғылымын оқыған адамдардың қолында. Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек; керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысшада білу қажет.

Қысқасы қазақ арасына білім нұрын жаюға нағыз қолайлы адамдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *