Қиыр Шығыстың құқықтық жүйелері

Мақсаты: Қоғамның ерекше типі ретінде Қытай мен Жапонияның – Қиыр Шығыстың ұлттық құқықтық жүйелерінің тарихи дамуынының және қазіргі қызмет етуінің заңдылық ерекшеліктерін анықтау   

Жоспары:

1  Қытайлық құқық

2  Жапондық құқықтық жүйе

 

            1  Қытай құқығы. XIX ғасырға дейін дамыған, Қытай үшін әдетке айналған қоғамдық құрылыстың тұжырымдамасы, ешқандай шетелдік әсер етпеуінсіз, түгелдей батыстық тұжырымдамадан ерекшеленеді. Діни догмадан алыс, оның фундаменталдық ойы — жер, аспан және адамдар өзара әрекет жасайтын, космогонистік құрылымның бар екендігі туралы постулат.  

Әлемдегі тұрақтылық және адамдардың бақытты болуы тәуелді келетін үндестік (гармония) екі аспектіде болады. Біріншіден, адам және табииғат арасындағы үндестік. Адамдардың тәртібі табиғи тәртіпке сай болуы керек. Эпидемиялардан, су тасқынынан, жер сілкінісінен құтылу үшін, сонымен бірге қоғамдық және жеке жоспардағы түрлі әрекеттерді жасау кезде планеталардың орналасуын, жыл мезгілін және т.б. ескеру қажет. Басшылар табиғи  тәртіпке сәйкес, өмірге үлгі көрсету керек. Бұл олардың негізгі міндеті. Басшылардың тәжірибелік танымдарына қарағанда, маңызды қасиеттері болып  – мейірімділік пен мораль табылады. 

Екіншіден, үндестік адамдардың бір-бірімен қатынасуы үшін қажет. Қоғамдық қатынастарда бірінші орында келісім ойы, консулды іздестіруші болу керек. Жазалаудан, санкциялардан, көпшілік шешімдерден құтылу керек. Келіспеушіліктер шешілмей, «ерітіліп» қалуы  тиіс. Ұсынылған шешім қатысушылармен еркін қабылдануы керек. Бірінші  орында билік және мәжбүрлеу емес, тәрбиелеу мен сендіру болуы қажет.

Осындай көзқарастардың нәтижесінде қытайлар біздің  құқығымыздың ойларына теріс қарайды. Адам өз құқықтарына  тұрмауы қажет, өйткені әркімнің борышы – барлығының мүддесі үшін өзін ұмытып, келісімге жету. Заңгерлерге қытайлар сенбеушілігімен қарайды.  Абстрактілі нормаларды қолдана отырып, заңгерлер компромистерге жету үшін кедергі тудырады. Олар мұны қажет ете ме, әлде жоқ па оған қарамастан, олар  қоғам мүддесімен сай келмейтін, нашар тәртіпті тудырады. Қандай да болмасын жағдайда, заң кестесінен шығарылып қалмай, нақты шешімдер әділетті және адамгершілік сезімдерге жауап беру керек. Зиянды өтеу борышкердің иығына мөлшерден тыс жатқызлмауы тиіс және оның отбасының банкротқа ұшырауына әкелмеуі тиіс. 

Қытайда өмір сүрген қоғам типі ғасырлар бойы қолдау тапты және конфуцианство не ұсынды соған сәйкес келіп, әрқашанда қолдау тапты.  Қоғамның көзі – иерархтялық ұйымы бар отбасы және отбасының иесінің абсолюттік билігімен қалыптасты. Қауымдастық пен мемлекеттің өзі отбасының осы үлгісіне сәйкес келуі тиіс және онымен бөлінген істердің кең көлеміне қандай да болмасын маңызды араласудан алшақ болуы қажет. Қауымдастықтың тұрғындарына қауымдастықтағы тұрғынның бар мәртебесіне сәйкес келетін, ританы қатаң сақтауы тиіс екендігі танымал болды. Салт-дәстүрде жазылған риталарды сақтау Қытайда заңды сыйлау мен орындауға ауыстырылды. 

Қытай ғасырлар бойы ұйымдастырылған заң кәсібін білмей өмір сүрді. Сотты постты иелену үшін әдеби сипаттағы емтиханды тапсырған, администраторлар (әкімшіліктер) жүзеге асырды. Олар құқықты білмеді және мұралық кастаға жататын, өздерінің шенеуніктерінің кеңестерімен басшылық етті. Заңды ұстанған адамды жақтырмады, егер олармен кеңесетін болса, ол жасырын түрде болды. Заң доктринасы болған емес, Қытайдың ұзақ тарихында да онда із қалдырған біреу болса да ірі заңгер табылмайды.  

«Құқықсыз қоғам» идеясы 1911 жылғы революциямен сенімсіздікке қойылған сияқты.  Республиканы жария еткеннен кейін кодекстерді жасау бойынша редакциялық жұмыстар жүргізілді. Азаматтық және сауда құқығын енгізетін азаматтық кодекс 1929-1931 жылдары өз күшіне енді, азаматтық іс жүргізу кодексі – 1932 жылы, Жер кодексі 1930 жылы өз күштеріне енді.   Бәрібір қытайдың құқығы сыртынан қарағанда европаландырылды және рим құқығына негізделген құқықтық жүйелердің отбасына кірді.  

Алайда, бұл жасырын жерде салт-дәстүрлік ұғымдар қала берді және олар шынайы түрде қолдана берді. Өзінің елінің жақсы қалыпқа түсуіне талпынған бірнеше адамдардың еңбектері қытайлық ойлау қабілетін тез арада қайта құра алмады және Батыстың заңгерлерімен мың жылдан астам бойы өңделіп келе жатқан, құқықтың романдық тұжырымдамасын қытай тұрғындары мен қытай заңгерлерінің ой-пікіріне тереңдеп енгізе алмады. Кодекстер мен заңдар Қытайда халықтың адамгершілік пен әдеттерінің сезіміне жауап берген көлемде ғана қолданылды. Тәжірибе олар салт- дәстүрді бұзған кезде,  заңдарды қолдамады.   

Мао Цзэдун басқаратын коммунистiк партияның жеңiсiнiң нәтижесiнде Қытай 1949 жылы 1 қазаннан бастап Халық Республикасы болып есептелдi. 1949 жылы бұрын қабылданған барлық заңдар мен декреттер жойылды және соттар қысқартылды.

1949 жылғы органикалық заңдар кеңестiк үлгiден шыға отырып, құқықтық жүйелердi құруды қарастырды. 1957 жылдан кейiн қытайлық революция басқа курсты қолға алды. 1960 жылы КСРО-мен толық бөлiну қолға алынды. Қытайда басымдық экономикалық өсуге емес, әлеуметтiк құрылысқа берiлдi, ол өз кезегiнде қоғамдық қатынастардың жаңа типiн құруға бағытталды.

1954 жылы, 1975 және 1978 жылдары қабылданған Конституциялар елде коммунистiк режимдi орнатты және мемлекет iшiнде басым рөл соған берiлдi. Ол иделогиялық және бюрократиялық мемлекет ретiнде танымал болды. 70-шы жылдары “мәдени революция” болып өттi – қанау жолы, конфуциандықты толығымен алып тастауды мақсат ретiнде қарастырды. Ең басты мiндет ретiнде класстық күрес пен социалистiк жол қойылды. 

       

         2 Жапонияның құқықтық жүйесi. 1853 жылға дейiн Жапония Батыспен ешқандай да байланысы болмады, алайда сол уақытта Қытаймен қарым-қатынас оның тарихындағы маңызды рөлдi ойнады. Жапониядағы салт-дәстүрлiк ойлау қабiлетi европалықтан өте алыс болды,  әртүрлi кезеңдерде Қытайдың ықпал етуiне тәуелдi келдi. Бiрақ та осы ойлау қабiлетi қытайдiкiнен ерекшеленедi: ол жапондықтардың ұлттық сипатымен байланысқан, ең айқын байқалатын өзiнiң түпнұсқасын сақтап қалды; осы қатынаста белгiлi бiр әсердi белгiлi бiр оқшау қалдырды. Оны жапондық билеушiлер 250 жыл бойы 1853 жылға дейiн елде  ұстап тұрды.

Жапондық құқықтың алғашқы ескерткiштерi 646 жылы басталған, Тайка дәуiрiнде пайда болды. Мұндай ретiнде рицу-рё деп аталатын заңи жинақ байқалды. Қытайлық үлгi бойынша құрастырылған бұл жинақ репрессиялық нормалардан (рицу) және әкiмшiлiк нормалардан (ре) тұрады. Олар құқық және басқару мектептерiнде тәрбиелеу мақсатында түсiндiрiлдi. Бұл жинақтар субъективтiк құқық ұғымынан алыста, бiрақ та құқыққа белгiлi бiр мағына беруге жақындап келедi.

17 ғасырда рицу-ремен енгiзiлген, жердi бөлу жүйесi Жапонияда өте  нашар дамыды. IX және X ғасырларда сеньории жүйесi дами бастады — салықтан босатылған, қол тиiспеушлiктегi иелену.

Қылмыстық әдiлеттiң әлсiздiгi, осыған байланысты қауiпсiздiктiң және азаматтық соғыстардың жоқ болуы XII ғ. аяғында 1185 жылы сеньории режимiмен қоса, жаңа феодалдық режимнiң пайда болуына әкелдi. Император сол кезде қандай да болмасын шынайы билiктен айырылған болатын. Император оған жүктелген мiндеттердiң арқасында маңызды және ең сыйлы құрметтi тұлға болып қалды, бiрақ та шындығында билiк оның қолынан шыға бастады, билiк Қытай бiлмейтiн әскери кастасына көштi.

Әскери каста (букэ, самураи) оның жеке мәртебесiн құрайтын, жалпы құқыққа (букэ-хо) сәйкес, өмiр сүрдi. Кастаның iшiнде қызмет ететiн “кодекс рыцарства» вассалдың өзiнiң билеушiсiне (сюзеренiне) бағынышты идеясына негiзделген болатын. 

         Жапонияда өзiнiң ерекше мәртебесi бар, әртүрлi класстар болды. бұл режим XIV ғасырда жоғары қатысты төменгi класты тұрғындар туралы ойлауды жоққа шығаратын, қатаң иерархияға негiзделген, ортақ бiртектес құрылымға ауыстырылды. Рыцар класстарының өкiлдерiнiң арасында келiсiм-шарт жасасу және құқықтық мiндеттемелердi анықтау мүмкiндiгi бас тартылды; ол жер иеленушiлер және помещиктер арасындағы өзара қатынастарда бас тартылды.

Субъективтiк құқық ұғымына орын қалдырмаған, теңсiздiктiң бұл құрылымы Токугава (1603—1868 ж.ж.) сегун дәуiрiнде өте күшейтiлдi. Европалық әсер етуге қатысы ретiнде конфуциандық ресми доктрина ретiнде болды. 1597 жылы қатаң қадағалау және жеткiзу (донос) саясаты енгiзiлдi.

1868 жылда Мэйдзи дәуiрiнiң басына таман жапондық қоғам  картинасы осындай болды.

Ертеректе қалыптасқан барлық құрылым жапондық қоғамның жалпы жаңаруы барысында бұзылған болатын. Батыстық үлгiдегi демократиялық мемлекет  ертедегi феодалдық мемлекеттi ауыстырды.  Жапонияны жедел көтерген,  бiздiң дәуiрiмiздегi басты ұлттардың бiрi болып халықаралық  сауда аумағы танылады. Қазiр онда Жапонияны Батыстың құқықтық жүйелерiмен туысқандыққа түсiретiн қазiргi заңнама бар, соның iшiнде континенталдық Еуропаның романдық құқықтық жүйесiмен байланысты келедi. 

Жапониядағы құқықты жаңартуға Мэйдзи дәуірі басталған кезде беталыс басталды, 1858 жылы Жапонияда кейбір батыс держава (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Голландия және т.б.) елдері теңсіз сауда шарттарымен бас салғанда, оны жою мақсатымен осы жолға түсті. Бұл елдер Жапонияның ұлттық жетістіктерін төмендете бастады.  Ағылшындық прототипке – жалпы құқыққа барғанша, қысқа мерізмде кодекстер қабылдау жеңіл болды. 1869 жылы бес жыл бойы өңделіп, аяқталған француздық кодекстерді аудару қолға алынды, осы міндеттердің ауырлығына қарамастан, жапондық ғалымдарға белгісіз заңи міндеттер (гиму) немесе субъективтік құқық (кэнри) сияқты қарапайым ұғымдарды сипаттау үшін терминдерді  табу қажет болғандықтан және заңгерлердің жоқ болуына қатысты, Жапония беделі жоғары француз елінің кодекстерінің үлгісін пайдалана отырып, өзінің жаңа кодекстерін қадылдады. 1872 жылдан бастап француздық заңгер Г.Буассонада және көптеген өзге заңгерлердің – неміс және тіпті ағылшын заңгерлерінің көмегімен өңделген, бірқатар кодекстер дайындалды. Француздық үлгі бойынша құрастырылған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері 1882 жылы қабылданды, неміс құқығының әсерімен құрастырылған, сот құрылымы туралы заң және Азаматтық іс жүргізу кодексі  1890 жылы қабылданды.

Жоғарыда аталып кеткен қайнар көздерге негізделген Жапондық  құқық 1945 жылдан  кейін біршама өзгерістерге ұшырады. Бірақ та Жапонияның өркениеті және тиісті рухына қатысты нормаларға қайта оралу туралы сөз болып тұрған жоқ. Елді демократияландыру мақсатымен сол кезде жүргізілген реформалар жапондық сипатқа тән емес, американдырылған белгіні иеленеді. Бұл реформалар Жапонияға жаңа Конституцияны (1946 ж.) берді. Бұл конституцияға сәйкес, басқару жүйесі, полиция, бұқаралық қызмет статуты, сот жүйесі өзгерістерге ұшырады, ал кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

1946 жылғы Конституцияның негізіне (1974 жылы 3 мамырда күшіне енгізілген), деомкратияның негізгі қағидалары салынған. 3-ші  тарауда адамдардың негізгі құқықтарына кепілдік береді, биліктің бөліну қағидасын таниды.  1945 жылға дейін ел басшысы болған тенио (император), қазір сондай қасиетті, құдыретті институт болып табылмайды, оның өкілеттігі шектелген. Конституцияның 1-бабына сәйкес,  им­ператор — мемлекет және халықтың бірлігінің нышаны, бірақ та  мәртебе егемендік билік тиесілі барлық халықтың еркімен анықталады.

Конституциямен бекітілген жаңа демократиялық қағидалар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған, құқықтың өзге салаларында сипаттамасын алды. 1922 жылғы Қылмыстық іс-жүргізу кодексі  1948 жылы маңызды заңды қабылдағаннан кейін, англо-американдық процедуралар белгілерін көптеп қабылдады.  1946 жылғы еңбек даулары туралы Заң, 1947 жылғы еңбек жағдаййы туралы заң, 1949 жылғы кәсіподақтар туралы заң – осы үш заң  — еңбек құқығына жаңа қағидаларды енгізді.

            Сонымен, жапондық құқықтық жүйенің мазмұнында белгілі бір дуализм орны бар, өйткені ол француздық, германдық, сондай-ақ америкалық құқықтық жүйелердің белгілерімен тығыз байланысты келді.

 

Әдебиеттер: 2, 354-377б.;   6,  273-275б.

Бақылау сұрақтары:

  • Қытайдың ұлттық құқықтық жүйесінің батыс тұжырымдамасынан қалай ерекшеленеді?
  • Қытайлық құқықтық жүйенің қалыптасуы, дамуының және қазіргі жағдайының заңдылығын ашып көрсетіңіз.
  • Жапонияның ұлттық құқықтық жүйелерін қалыптастырудың тарихи аспектілерін көрсетіңіз.
  • Жапонияның құқығының қазіргі жағдайын әлеуметтік шындықтың шеңберінде талдап беріңіздер.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *