Қазіргі ұлттық құқықтық жүйелердің жіктелуінің  негіздемелері

 

Мақсаты: осы тақырыпты қарастыру кезінде қажеттілігін, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйелердің жіктелуінің мәселесінің практикалық және теориялық маңыздылығын анықтау әдістемелік маңызды болып келеді.

Жоспары:

  • Құқықтық жүйелердің жіктелуінің қажеттілігі мен маңыздылығы
  • Ұлттық құқықтық жүйе – жіктелудің негіз салушы объекті: ұғымы және элементтері
  • Құқықтық жүйелердің жіктелуінің критерийлері
  • Қазіргі құқықтық жүйелердің негізгі жіктелуі

 

1 Құқықтық жүйелердің жіктелуінің қажеттілігі мен маңыздылығы 

Дүниежүзінің құқықтық картасы нақты бір мемлекеттің барлық құқықтық шындықты әрқайсысы сипаттайтын көптеген халықаралық жүйені қосады (доктринаны, құрылымды, қайнар көздерді, атақты  институттар және салаларды, салт-дәстүрді, құқықтық сана-сезімді, құқықтық тәртіпті, құқықтық мәдениетті және т.б.).

XX ғасырда ұлттық құқықтық жүйенің саны үш есе арта түскен, қазіргі күні екі жүзге жақындады. Бұл жерде сөз, ұлттық құқықтық жүйелердің санында ғана емес, сондай-ақ құқықтық дамудың әртүрлі сатысында бірігуін негіздейді. 

 Заң типологиясы дүниежүзінің құқықтық карталарының әртүрлі, жан-жақты диференцияланған талдаудың  қажетті алғышарттары бірі ретінде белгіленеді. Философиялық жоспарда ол жалпының (құқықтың тарихи типін), ерекшенің (құқықтық отбасының) және жалғызілікті (нақты ұлттық құқықтық жүйенің) бірліктерін көрсетеді.  

  • Ұлттық құқықтық жүйе – жіктелудің негіз салушы объекті: ұғымы және элементтері. Заңды типологияның негізгі объектісі болып «құқықтық жүйе» категориясы танылады, ол «құқық жүйесі», «құқықтың тарихи типі», «құқықтық жүйелердің отбасы» сияқты концептуалдық ұғымдармен тығыз байланысты. 

Тар мағынада, құқықтық жүйе ретінде «ұлттық жүйе» ретінде белігленетін нақты бір мемлекеттің құқығы түсініледі. 

«Құқықтық жүйе» ұғымы «құқық жүйесі» ұғымының синонимі емес, өйткені соңғы ұғым құқықтың салаларының құрылуын және өзара қатынасын, өзара байланысын ашатын, институттық ұғым болып табылады. Құқықтық жүйе — құқыққа қарағанда өте кең ұғым. Ол құқықтың жүйесімен қатар өзіне қоғамның құқықтық өмірінің бірқатар өзге компоненттерін қосады. «Құқықтық жүйе» ұғымында «құқық жүйесіне» қарағанда, құқықтың салаларының  тек қана ішкі келісімі ғана  сипатталып қана қоймайды, сондай-ақ олардың дербес құқықтық білімдері сияқты автономдығы сипатталады.  

    «Құқықтық жүйе» ұғымы «құқықтық отбасы» категориясымен тығыз байланысты.  

Құқықтық отбасы – бұл заң ғылымының ұғымдық-категориялық аппаратының, құқықтық қолдану, құқықтық институттар мен салалар, құқықтың бір типі шеңберінде ұлттық құқықтық жүйенің кең жиынтығы. Кез келген мемлекеттің кез келген ұлттық құқықтық жүйесі өзінің ееркше ішкі құрылымына, өзінің ерекшелейтін ішкі құрылысына ие.  

      Ұлттық құқықтық жүйенің типтік элементтері ретінде бөліп шығаруға болады:

— құқықты;

 -құқықтық сана-сезімді;

— құқықтық мәдениетті;

— заңды тәжірибені;

— доктринаны.

 

3  Құқықтық жүйелердің жіктелуінің критерийлері. Заңды типология шеңберінде келесі жіктелулер ұлттық құқықтық жүйелердің тарихи және заңды-техникалық  ерекшеліктерін ескере отырып, мүмкін және мақсатты болады. Жіктелу құқықтық жүйелердің деңгейінде және құқықтың басым салалары деңгейінде мүмкін болатындығын ескере кету қажет. Осы екі түрі бір-біріне қайшы келмейді. Салалық жіктелудің айырмашылығы дүниежүзінің құқықтық  картасына дифференцияланған беталыстық міндетпен анықталады. Әр жеке жағдайда бір немесе екі критерийлер жеткілікті 

       Мұндай болып ерекше құқықтық институттар, құқықтың қайнар көздері, құқықты қолдану сферасы және т.б. көрінеді. 

Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуін құқықтық отбасылардың құрылымы бойынша, құқықтық топтардың және жеке құқықтық жүйелердің құрылымы бойынша қарастыру қажет. Әр құқықтық отбасының ішінде одан да ұсақ бөлінетін жіктелулер қарастырылуы мүмкін, яғни оны бірнеше құқықтық топтарға бөлу. Мысалы, — романо-германдық құқықтық отбасында француздық (романдық) және германдық құқық топтарын бөледі;

—  жалпы құқықтың отбасында – ағылшын құқығының және америкалық құқықтың және т.б. топтарын бөліп шығарады. 

       Сөйтіп,  жіктелудің критериялары болуы мүмкін: 

— біріншіден,  ең кең немесе ең тар географиялық орта;

— екіншіден,  географиялық емес, тарихи сипатқа ие болуы мүмкін;

   — үшіншіден, критерийлер ретінде өзіндік заң институттары мен құқық салалары болуы мүмкін.

 

         4  Қазіргі құқықтық жүйелердің негізгі жіктелуі. Құқықтық жүйелердің жіктелуі қанша ғалым заңгерлер бар болса, олар да сонша болып келеді.

         Бірақ та көзқарастар мен ой-пікірлердің көптігіне қатысты қазіргі құқықтық жүйелердің жіктелуінің негізгі екі бағыттарын бөліп шығаруға болады. Олардың әрқайсысы өз кезегінде, белгілі бір ерекшеліктерге ие бірнеше түрлерге бөлінетін болады.  

       Бірінші бағыт атақты француз ғалымы Р.Давидтің еңбектерінде анық көрсетілген. Ол триотомия идеясын бөліп шығарды – үш  «құқықтық отбасын» бөлу:  

—  романо-германдық;

—  англо-саксондық;

— бүкіл қалған заңи әлем, «діни және салт-дәстүрлік» деп аталған және планетаның бестен төрт бөлігін алып жатқан жер. 

Р.Давидтің жіктеуі қазіргі заң ғылымында танымал. Мысалы, Франция университеттерінде  «Қазіргі негізгі құқықтық жүйелер» оқу курсын беру.  

Екінші бағыттың ең көрнекті өкілі болып батыс-германдық заңгер К.Цвайгерт табылады. 

Оның пікірінше, жіктелудің негізгі критерия ретінде «құқықтық стиль» (құқық стилі) 5 факторды есепке алатын ұғым алынған:

  1. құқықтық жүйенің пайда болуы мен дамуы;
  2. заңи ойлау қабілетінің өзіндік белгілері;
  3. ерекше құқықтық институттар;
  4. құқықтың қайнар көздерінің табиғаты мен оларды талқылау тәсілдері;
  5. идеологиялық факторлар.

     Осы негізде Цвайгерт 7 құқықтық топтарды ерекшелейді:  романдық; германдық; скандинавиялық; англо-американдық; социалистік; ислам құқығы; үндістік құқық.

 

Әдебиеттер: 2,  18-29б.; 3,  433-457б.; 4,  4-11б.

Бақылау сұрақтары:

  • «Жіктелу» термині бойынша не түсініледі?
  • Қазіргі құқықтық жүйелердің жіктелуінің маңыздылығы мен қажеттілігі немен негізделген?
  • Құқықтық жүйелердің жіктелуінің негізіне қандай критерийлер жатқызылуы мүмкін?
  • Жіктелу процесіне саяси, идеологиялық және мәдени факторлар қалай әсер етеді?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *