Қазақстан территориясында құрылған мемлекеттер

 

Дәрістің мазмұны:

  1. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Территориялары, саяси тарихы.
  2. Әбілхайыр хандығы. Саяси тарихы, шаруашылығы.
  3. Ноғай Ордасы, Этникалық құрамы, территориясы, шаруашылығы. 
  4. Моғолстан мемлекеті, территориясы, шаруашылығы, саяси тарихы. 

 

  1. Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Территориялары, саяси тарихы.

            Алтын Орда мемлекетінің құрылуы жеті жылдық жорықпен байланысты. 1236-1242 жж. Жошының ұлы, Батый Еділ Бұлғариясы мен орыс князьдігін талқандап, Польшаға, Венгрияға, Чехияға, Молдовияға, Валахияға, Трансильванияға ойран салып, Еділдің сағасына қайта оралып, мұнда жаңа мемлкет – Алтын Орданы құрады. Ораның астанасы Сарай Бату, Беркенің тұсында Сарай Беркеге ауысты. Алтын Орда мемлекетінің ресми тілі – қыпшақ тілі болды. Алтын Орда Өзбек және Жәнібек хандар тұсында гүлденді.

            Алтын Орда болып жалпы аталғанымен, оның өзі жеке-жеке ұлыстарға бөлініп жатқан. Олардың арасында байланыс өте нашар болған. ХІІІ ғ. 40 ж-дың өзінде Алтын Орданың өз ішінде Орда-Еженнің ұлысы ерекше бөліне бастаған. Бату хан өзінің басқа да інілеріне үлестік жерлер бөліп берген. Олар өздерінің Алтын Ордаға бағынышты деп мойындағанымен, іс-жүзінде оған бағынбаған.

  1. Әбілхайыр хандығы. Саяси тарихы, шаруашылығы.

            Орда-Ежен ұлысына Жетісудің солтүстік-шығыс, Ертіс бойы, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер қараған. ХІІІ ғ. ІІ ж. деректердің хабарлауынша Орда Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері Сыр бойындағы Жент, Үзгент маңы болған. ХІІІ ғ. ортасынан бастап, ұлыстың орталығы да осы аймаққаауысып, өз алдына Ақ Орда деген мемлекет пайда болды. Бұл монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан жеріндегі этникалық құрамға байланысты құрылған алғашқы феодалдық мемлекет. Ақ Орда ХІҮ ғ. бастап, Ерзен ханның және оның ұрпақтарының кезінде біраз дәуірлейді. Ақ Орда билеушілері Орта Азиямен сауда қатынасын орнатты. ХІҮ ғ. ІІ. Жартысыдағы саяси тарихы өте шиеленісті. ХҮ ғ-дың 20 ж. Ақ Орда мемлекеті мүлдем әлсіреді. ХҮ ғ. 20 ж-да Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз бірнеше иелер пайда болған. Жазба деректерде бұл феодалдық иеліктер көшпелі өзбектер деп аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, өкім билігі үшінешбір тоқтаусыз қиян-кескі ұрыстар болып тұрған. Сол талас-тартыста Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Әбілқайыр жеңіске жетеді. Сөйтіп, 1428 ж. Әбілқайыр хандығы пайда болды. Әбіқайыр ұстанған жаулаушылық саясат оң нәтиже бермеді.  1428 – 1429 жылдары Түменді (бұл қала 1446 жылға дейін ел астанасы  болған), 1431 -1432 жылдары Хорезмді, оның астанасы Үргенішті басып алады. Осы жылдары Әбілхайыр Хажы Тарханның билеушілерін (Махмұт хан мен Ахмет ханды) жеңіп, астанасын Кеңгір өзені жағалауындағы Орда Базарға көшіреді. 1446 жылы ол аса ірі жеңістерге қол жеткізіп, мемлекетінің құрамына Қаратау алабы мен Сыр жағалауындағы Созақ, Сығанақ, Арқұдық, Аққорған, Үзкент секілді қамал-қалаларды қосып алады. Соның нәтижесінде ел астанасын Сығанақ қаласына көшіреді. Тарихи әдебиеттерде  мемлекет тұрғындарын құраған ру-тайпалар жалпылама  түрде өзбектер деп аталған. Мемлекет ханы Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға, кейін қазіргі Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріне жасаған жорығы кезінде қайтыс болады. Осы қайғылы оқиғадан он жыл бұрынырақ, 1457 жылы Есен тайшының баласы — Өзтемір Дешті Қыпшаққа келіп, Әбілхайыр (1428 – 1468) ханның әскерін талқандап, қалаларын өртеді. Әбілхайыр мемлекетін саяси ыдырауға әкеп тіреді. Барақ ханның кіші ұлы Жәнібек пен Орыс ханның шөбересі Керей сұлтандар басқарған тайпалардың бір бөлігі Шу өзенінің төменгі ағысы мен Қозыбасы маңына көшіп кетеді. Сөйтіп, Қазақ хандығын құруға бағыт ұстайды.

  1. Ноғай Ордасы, Этникалық құрамы, территориясы, шаруашылығы.

            Ноғай ордасы (Ноғайлы) – XIV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекет. Ноғай Ордасы Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құрамына енген тайпалар мен маңғыт тайпаларынан құралған.

            Түркі тілдес халық – ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий және Арал теңіздерінен Түменге дейінгі жерлерде көшіп жүрген. Орданың орталығы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Әлемге билік жүргізген Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қазақ хандығы, Астрахань хандығы, Ноғайлы және Көк Орда қонысын иеленген Қазан Ордасы, тағы басқа хандықтар дүниеге келіп, XVI ғасырда күш-қуаты бар жеке мемлекеттер ретінде белгілі болатын. Алайда, Ноғай Ордасындағы алауыздық бүкіл түркі дүниесіне қасірет әкелген еді. Ноғайлар жауға есесін жіберіп, жақынын қарақтауға көшті.

Ноғай Ордасының әміршілері Мамай би мен Ағыс батыр 1523 жылы Қажы Тархан (Астрахань) түбінде өздерінің қандас бауырларын – Махмет-Герей хан бастаған 30 мыңдық Қырым әскерін қапыда басып, түгел қырып тастайды. Осының алдында ғана Алтын Орданың батыс бөлігін бірұтас ұлысқа айналдырмақ болып, ант ішіскен қандас бауырлар бірінің түбіне бірі жетеді. Сөйтіп, Русь мемлекетіне Еуразияны жаулап алуға өздері жол ашады. Орыс мемлекеті Қазан мен Астрахань хандықтарына көз алартатын дәрежеге жетеді. Содан, XVI ғасырдың 2-жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестіктерге ыдырап кетті.

Қасым хан тұсында ата-жұртта отырған қуатты Қазақ Ордасы әлсіреген ноғайлы ұлысының Жайықтан Еділге дейінгі үлкен бөлігін өз құрамына қосып алды. Ауыз бірлігінен айырылған Қазан, Астрахань және Ноғай Ордалары Орыс мемлекетіне қор боп, жем бола бастайды. Қасым хан сияқты Қазақ Ордасының іргеленуіне үлкен үлес қосқан Хақ-Назар хан Еділ бойындағы ноғайлының үлкен бөлігін өзіне қосып алып, Орыс мемлекеті табанынан қандастарын құтқаруға тырысады. Ыдыраған Ноғай Ордасының бір бөлігі Ресей мемлекетіне кіріптар болып қалады. XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Кіші Ноғайлының біраз бөлігі бұрынғы ата қонысы Азов маңына (Доннан Кубаньға дейін) ауып, кей бөлігі Түркияға көшті.    

  1. Моғолстан мемлекеті, территориясы, шаруашылығы, саяси тарихы.

            XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді.

Бұл мемлекет XIV ғасырдың ортасында Орта Азияның оңтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан (1348-1362 ж.ж.). Астанасы – Алмалық (Іле алқабында). Территориясы – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде жазған: «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан-Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы». Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулат, қаңлы,керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар – ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь-Шань етегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады.

Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін илам дінін тірек етті.     

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Монғол мемлекетінің құрылуы, Шыңғысхан.
  2. Ұлыстар, территориясы, этникалық құрамы.
  3. Алтын Орда, аумағы, саяси тарихы.
  4. Ақ Орда, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы.
  5. Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы. Территориялары, саяси

   тарихы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 88-92 б.б.
  2. «Қазақ тарихы» 1997ж. №1, 45 б.
  3. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 281-292 б.б.
  4. «Қазақ тарихы» жур. 1997ж. №5, 11-14 б.б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *