Қазақстан соғыстан кейiн жылдарда

 

Дәрістің мазмұны:

1.Соғыстан кейiн халық шаруашылығының қалпына келтiру және одан әрi дамыту.

2.Тың және тыңайған жерледi игеру.

 

1.Соғыстан кейiн халық шаруашылығының қалпына келтiру және одан әрi дамыту.

1950 жылы КОКП Орталық Комитетi ақпан-наурыз Пленумдарында елiмiзде азық-түлiк мәселесiн шешу үшiн шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлердi игеру мәселесi қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңiнен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерзiмде тың жерлердi игеру есебiнен егiс көлемi 35 миллион гектарға дейiн жеткiзiлiп, солтүстiк аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңiрiне жүздеген мың қоныстанушылар келiп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделi де ауыр мiндеттердi шешуiне тура келдi.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қатары көбейіп, соғыс біткеннен кейінгі кезбен салыстырғанда 1950 жылы 1,3 есеге өсті. Бұл жылдарда өнеркәсіп өнімі 1,7 есеге артты. Сала өндірісінің қарыштап алға басуына екпінді еңбек ету арқасында қол жетті. Жоғары өндірістік көрсеткіштерге мұнай өңдеу, металлургия кәсіпорындарының жекелеген озаттары да қол жеткізді. Дей тұрсақ та, сала өндірісінің материалдық базасы нашар күйінде қала берді. Мұндай көкейкесті мәселе 1943 жылдың мамырында республика үкіметі мәжілісінде арнайы қаралып талқыланған еді. Сала өндірісін дамыту үшін жаңа зауыттар салу ұйғарылды. Бұл жобаны жасауға Ресей ғалымдары қатыстырылып, жаңа заводы Теміртауда тұрғызу ұйғарылды. Жаңа құрылыс жұмысы қиын жағдайда басталды. Мамандар, механизмдер, материалдар жетіспеді. Ауыр жүк тасымалына бар болғаны 15 автомобиль, трактор, 158 өгіз жегілетін арба мен шана пайдалынды. Сондықтан соғыс жағдайына қарамастан жаңа құрылысты жүргізуге 1300 жұмысшы даярланды, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді.     

Қазақстанға Ресей мен Украина, Беларуссиядан және және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудiң бiрiншi кезеңiнде (1954-1956 жж.) 640 мың адам келдi, бұлардың iшiнде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторы, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлерi және басқалар болды. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерiн бiтiрiп келген 66,7 мың адам және Қазақстанның училищелерiнен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс iстеуге жолдама берiлдi.

2.Тың және тыңайған жерледi игеру.

Тың жерлерге Кеңес әскерi қатарынан қайтқан жауынгерлер көп келдi. Олардың күшiмен Көкшетау облысында «Кантемировец», Солтүстiк Қазақстан облысынды «Тамановец», Қарағанды облысында «Индустриальный» және басқа совхоздар құрылды. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта бiлiмi бар 2088 адам директор, бас агроном, инженер, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жiберiлдi.

1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебiнен астық өндiрудiң жалпы көлемi 106 млн. тоннаға жетi, осы жылдар iшiнде астықтың жылдық орташа өнiмi 1949-1953 жылдардың көрсеткiштерiмен салыстарғанды шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдардың iшiнде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды.

Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндiруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесiнде республика әрбiр тұрғынға шаққанда екi мың кило астық өндiретiн дәрежеге жеттi. (Азық-түлiк мәселесiн түбегейлi шешу үшiн әр адамға шаққанда бiр мың кило астық өндiру жеткiлiктi деп есептеледi.) Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтердi. Өнеркәсiп орындары көптеген жаңа қалалар бой көтердi. Өнеркәсiп орындары көптеп салынды. Жаңа темiр жол, тас жол желiлерi тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге iлгерiлеттi.

Тың және тыңайған жерлердi игерудiң сонымен бiрге үлкен зардаптары мен көлеңкелi жақтары да боды. Атап айтқанда, басқа республикадан келгендердiң саны шамадан тыс көбейiп кеттi. Жергiлiктiжерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары iрiлендiрiлген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшiлiгiнде оқу орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Мұның өзi, бiр жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тiлiнен, салт-дәстүрi мен әдет-мәдениетiнен қол үзiп мәңгүрттенуiне жол ашса, екiншi жағынан, жергiлiктi халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргiзiле бастады. Жер-су аттары  орыс тiлiне көшiрiлдi. Мұндай орыстану процесiнен халықты республиканың тәуелсiздiгi ғана құтқарды. Бiрақ бұл процесс соның өзiнде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулi бөлiгiн өз ұлтының тiлiн бiлмейтiн шала қазақ етiп қалдырды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту.
  2. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
  3. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.
  4. Техникалық прогресс жолындағы күрес.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 169-179 б.б.
  2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж. 188-198 б.б.
  3. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 265-274 б.б.

                                                                                     

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *