Дәрістің мазмұны:
- Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты.
- Қасым ханның «Қасқа жолы».
- Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты.
Қасым хан (1448ж.ш.т. – 1518ж.ш.ө.) – қазақ ханы (1511 – 23).
Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның ұлы.
Қасым хан 1511 жылдан билікке жеке ие болды, осы уақыттан бастап жоғарғы хандық билік ұзақ уақыт бойы Жәнібек ханның ұрпақтарына көшті. Мауараннахрда өкімет билігін басып алған Мұхаммед Шайбани хан қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуге тырысып, қазақ жеріне әлденеше рет шапқыншылық жорық жасады. Көп ұзамай оның әскері тас – талқан болып күйретілді де, Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның қол астына көшті. 1513ж. Сырдария маңындағы Сайрам қаласы, Жетісудың негізгі аудандары Қасым хан иелігінің құрамына кірді. Қасым хан тұсында қазақ хандығының шек арасы Оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына дейін жетіп, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтыды, Оңтүстік шығыста Жетісу даласының көпшілік бөлігін, Сол түстікте және Солтүстік шығыста Ұлытау мен Балқаш алабына дейін кеңейтілді. Қасым ханның билігі кезінде қазақ хандығымен ең алғаш дипломатиялық байланыс орнатқан ұлы князь Василий III (1505 – 33 ) билік жүргізген Москва мемлекеті болды.
Мұхаммед Хайдар Дулати дерегіне қарағанда Қасым хан тұсында саны миллион адамға жеткен қазақтар дербез халық ретінде Батыс Европаға белгілі болған. Сонымен қатар Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати
«Тарих – ир — Рашиди » атты шығармасында Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетін сипаттай келе « Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақта толық билеушіге айналып, Жошы ханнан кейін әлі ешкімде болмаған атақ пен күш – қуатқа ие болды », — деді.
- Қасым ханның «Қасқа жолы».
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – « Қасқа жолды » жарыққа шығарды Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет – ғұрып ережелері негізінде жасалды. Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық жер аумағын біріктіру жолындағы
жеңістері іштегі және сырттағы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті.
Қасым хан тұсында қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы жақсара түсті.
Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғына жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа
жолы » деп атап кетті. Бұл заңға енген ережелер: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік). 2) Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, шабу, талау). 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан,ердің құны, тұлпар ат). 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастардағы сыпайылық, әдептілік). 5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл,тұтқауылдардың міндеті).
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Қасым ханның билігі.
- ХҮІ ғ. басындағы хандықтың саяси, әлеуметтік жағдайы.
- Қасым ханның ішкі-сыртқы саясаты.
- Қасым ханнан кейінгі хандықтың жағдайы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 248-254 б.б.
- «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 157-159 б.б.
- Х. Маданов, Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 78-80 б.б.