Мақсаты: осы тақырып социалистік елдердің құқықтық жүйелермен қамтылған әлемнің заңды географиясының маңызды бөлігін тереңірек оқуға бағытталған.
Жоспары:
1 Социалистік құқықтың пайда болуы мен ерекшеліктері
2 Социалистік құқықтың қайнар көздерінің ерекшеліктері
3 Социалистік құқықтың құрылымы
1 Социалистік құқықтың пайда болуы мен ерекшеліктері. Бүкіл 20 ғасырдың ішінде өзге де құқықтық отбасылармен қатар тағы да бір құқықтық отбасы дамыды. Қазіргі күнге дейін бірнеше – толық сыннан тануға дейін, реакция тудыратын социалистік құқықтық отбасы туралы сөз болып отыр. Социалистік құқықтың көптеген қағидаларының және ережелерінің сындық бағалануы, олардың романо-германдық құқықтық отбасымен ұқсастығы көрнекті ғалымдар үшін осы құқықтық топты салыстыруға жататын шынайы топ деп тануға кедергі келтірмеді.
90 жылдары КСРО құлағаннан кейін бұрынғы социалистік құқықтық отабсының құрылымында кейбір елдердің ғана (Қытай, Куба, Солтүстік Корея) ұлттық құқықтық жүйелері қалып отырды.
Романо-германдық, англосаксондық және өзге де құқықтық отбасылармен танылған, ұлттық құқықтық жүйелердің ортақ топтары соңғы кездері айтарлықтай және түгелдей өзгерістерге ұшырауға әкелді. Соған қарамастан, социалистік құқықтық отбасы кеңестік мемлекеттенудің қалыптасу және дамуының кезеңінде қалыптасқан, біртұтас білім ретінде сақталуда.
Қазіргі «социалистік лагерьді» құрайтын, Еуропаның, Азияның және Латын Американың социалистік жүйелеріне алғашқы социалистік құқықтық жүйе – кеңестік жүйе ерекше әсер қалдырды.
КСРО құқығы мысал ретінде, социалистік құқыққа тән, негізгі белгілерді қарастыруға болады.
Кеңестік заң ғылымында құқықтың социалистік типі құқықтың дамуының ең жоғары сатысы ретінде қарастырылды. Ол құқықтың типтерінің қисындық бас тартуын білдірді. Социалистік құқықтық жүйелерде алғашқы рет тарихта меншіктің ұжымдық меншігі, экономиканы мемлекеттік басқару, халық шаруашылығын жоспарлы жүргізу сияқты мұндай құбылыстар үшін заң нысандары өңделген болатын.
Социалистік құқықтық жүйелерде олардың әлеуметтік мақсаттары мен класстық сипаты орын алды, олар жұмыс класының, барлық еңбекшіл халықтың еркі мен мүдделерін бекіту және сипаттаудың құрал-жабдығының мәнін білдірді.
Социалистік құқықтық жүйелердің идеялық негізін марксизм мен ленинизм салды. К. Маркс, Ф. Энгельс және В.И. Ленин социалистік құқықтың негізгі сипаттамасын жасап берді: оның қоғамның әлеуметтік — экономикалық құрылымымен, құқықтың класстылығы, оның саяси билігінің еңбек құралы ретінде; құқықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың дамуына ерекге кері әсер етуіне негізделуі. Олар социалистік қоғамда құқықтың қажеттілігінің экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттарын салды. В.И. Ленин осыған қатысты былай деп жазды: «…капитализмді бұра сала, адамдар қандай да болмасын құқық нормасының көмегінсіз қоғам үшін еңбек етеді және капитализмнен бас тартудан соң экономикалық алғышарттарды береді деп ойлауға болмайды».
Социалистік құқықтық жүйе басында еңбек классы тұрған, еңбек етушілермен мемлекеттік билікті революциялық жолмен алуымен сипатталатын, бейбіт жолмен бе әлде бейбітсіз жолмен бе, оған қарамастан, социалистік революцияның нәтижесінде ғана туындайды.
Социалистік революция жеке меншікке қол сұға отырып, қоғамның өмірінің экономикалық негіздерін өзгертті. Ескі құқықтық тәртіп пен ескі мемлекеттік билік органдарының өмір сүруін қорғаған және бекіткен барлық заңдарды жою және жарамсыз деп тану туралы сөз болып тұр. Құқықтық өмірдегі мұндай төңкеріс ескі құқықтан бас тарту ретінде емес, социалистік құрылыс мүддесінде қолданылған құқықтың жоғары тарихи типіне ауысу ретінде болды.
Ескі құқықты бұзу мемлекеттік машинаның нәтижесі мен құрамды бөлігі болып табылады. Саяси мекемелердің біртіндеп өзгеруі құқықтық мекемелердің жойылуына айтарлықтай кезек берді.
Социалистік құқықтық жүйе революциялық партиялардың әсерінен туындады. Маркстік-лениндік партияның жетекшілік және бағдарлаушы рөлі социалистік құқықтық жүйенің қалыптасуының басты шарты болып табылады.
Социалистік құқықтық жүйенің пайда болуы жолдары (нысандары) әртүрлі болып келді.
Кеңестік құқықтық жүйенің қалыптасуы 1917ж. ақпанда Петроградта қарулы күштің жеңісінен кейін басталып, мемлекеттік меншік экономикада бөлшектенбей қолданылған, құқықтық сана-сезімді қоса алғанда, қоғамның рухани өмірінде басым болған, 30-шы жылдардың ортасында аяқталады.
2 Социалистік құқықтың қайнар көздерінің ерекшеліктері. Социалистік құқық романо-германдық құқықтық жүйемен көрнекті ұқсастықтарды байқады.
Ол құқықтың қайнар көздеріне қатысты жеткілікті түрде сақталды.
Заң. Заң кең мағынада, кеңестің құқықтың негізгі қайнар көзін білдіреді. Бірақ та, романо-германдық отбасында заңның мағынасын құқықтың нормаларының сипатталу тәсілі ретінде көреді. Социалистік елдерде заңға қоғамда тез өзгеретін туралы басты рөл беріледі. Кеңестік құқықтың динамизмі салт-дәстүр және сот тәжірибесі сияқты құқықтың өте баяу дамуының факторына қарама-қарсы қойылатын заңды күшейтуге әкелді.
Сот тәжірибесі. Сот тәжірибесі үшін құқық нормасын құрушы рөлінде көрінуге мүмкіндік берілмеді және ол қатаң тәртіпте құқықты интерпретатор рөлінде ғана шектелген. Яғни, соттардың міндеті – заңдарды қолдану, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарды орындау үшін нұсқаулар, ұйғарымдар және жарлықтарды, сондай-ақ оларды қолдану үшін заңдарды талқылау.Сот тәжірибесінің тәрбиелік рөлінің өзіндік ерекшелігі кеңестік соттар заңдарды талқылап және қолданып қана қоймай, сондай-ақ үкіметтің саясатының жүзеге асырылуының сәттігін қамтамасыз етумен, яғни тұрғындарды тәрбиелеуге белсенді түрде қатысу арқылы байқалады. Сотпен шығарылатын шешім шешім негізделген заңдарды, сондай-ақ шешімнің әділдігі мен растығындағы процессті жеңгендер және соттталушының, бүкіл қоғамдық көзқарастарды сендіре алатындай болуы қажет. Кеңестік соттар елдің партиялық жетекшіліктің командалық жүйесінің ең басты элементі ретінде қарастырылды. Кеңестік соттар қылмыстық әділет жүйесінің ортасында бола отырып, сот әділдігі органы ретінде емес, қанау және репрессия органдары ретінде қызмет атқарды.
Салт-дәстүр. Салт-дәстүрге өте шектеулі рөлді бөледі. Салт-дәстүр КСРО-да заңның өзі салт-дәстүрге сілтеме жасай отырып, белгілі бір орын бөлген жағдайлар кездеседі және ол қажетті және пайдалы түрінде маңыздылығын сақтап қалды.
Доктрина. Социалистік құқық маркстік – лениндік доктринаны жүзеге асыру ретінде қарастырылады. Кеңестік авторлар өздерінің жұмыстарында марксизм-ленинизмнің негізін қалаушыларға (К. Маркс, Ф. Энгельс, В.Ленин), кеңестік жетекшілердің еңбектері мен сөздеріне, коммунистік партияның бағдарламалары мен шешімдеріне тұрақты түрде сілтеме жасалды. Партиялық бағдарламалар және шешімдер сипатындағы мұндай құжаттар, осы сөздің мағынасы бойынша құқықты құрамайды. Бірақ та, олардың доктриналық мағынасы, сөзсіз әртүрлі сұрақтар бойынша маркстік – лениндік теорияның мазмұнын ашумен байланысты. Кеңестік құқықты оқып-білу үшін осыларға жүгіну қажет.
3 Социалистік құқықтың құрылымы. Белгілі бір құқықтық жүйенің құрылымы үш аспектінің көзақарстары бойынша ашылуы мүмкін:
- біріншісі оны негізгі құрамдық бөліктерге, маңызды институттарға бөлуді сипаттайды;
- екіншісі құқықтың нормасының өзі сияқты түсінілетінді ашып көрсетеді.
Құқықтық норманы түсінуге тоқтаталын болсақ, кеңестік құқық ескі орыс құқығынан романо-германдық құқықтық жүйені түсінуге жақын, құқықтық норманың тұжырымдамасын қабылдағанын айта кету қажет. Осыған байланысты қандай да болмасын ерекше ескертулер жасаудың қажеттігі жоқ.
Кеңестік құқықтың жүйесі сыртқы түрі бойынша романо-германдық құқықтың жүйесі сияқты ұқсас келеді.
Кеңестік құқық бұрынғыдай, романо-германдық құқықтағы сияқты, салаларға бөлінген. Социалистік және социалистік емес мемлекеттерде әртүрлі мәселелер тұр, маркстік-лениндік ілім олардың жаңа көзақарастар бойынша қарастыруды талап етеді. Мысалы, конституциялық құқық үшін екі айырмашылық белгілер тән: — басты рөл коммунистік партияға беріледі; — билік пен басқару барлық деңгейдегі кеңестермен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, егер романо-германлық құқықтық отбасының азаматтық құқығы бірінші орынға жеке меншікті шығарса, ал кеңестік құқық – өзінің көңілін «социалистік меншік» сияқты жаңа ұғымға бөледі.
Кеңестік құқықтың қасиетінің бірі кеңестік құқықтың құқықты жеке және жариялық құқыққа бөлуден бас тарту, ол өз кезегінде романо-германдық құқықтық отбасында салт-дәстүрлі және негізін қалаушы болып табылады.
Әдебиеттер: 3, 746-868 б.; 4, 50-55б.
Бақылау сұрақтары:
- Социалистік құқық отбасының қалыптасуы мен дамуына қатысты тарихи саяхат өткізіңіз.
- Социалистік құқықтың ерекшеліктері немен көрінеді?
- Социалистік құқықтың негізгі қайнар көздерін сипаттап беріңіз.
- Социалистік құқықтың құрылымының ерекшеліктерін көрсетіңіз.