Салыстырмалы құқықтанудың қазіргі кезеңде дамуының  ерекшеліктері

  Қазіргі салыстырмалы құқықтанудың пайда болу уақытына қатысты оның «қазіргі» санағы басталатын уақытқа тоқталатын болсақ, онда бұл жағдайда  ой-пікірлердің дуализміне жол берелік.

Бұл кезеңнің басталу уақыты жөнінде көптеген пікірлер мен ойлар бар. Кейбір авторлар бұл кезеңнің басталуы 1990ж. деп санайды. Бұл жылы алғаш рет әлемде  Халықаралық салыстырмалы құқықтану конгрессі өтті. бұл конгресс салыстырмалы құқықтанудың ғылымы мен тәсілдерінің алға қарай дамуына себеп болды. Мұнда талқыланған дискуссия құқықтанудың бұл жаңа саласында қазіргі өнімді зерттеулер үшін негіз салды.

Кейбір авторлар қазіргі салыстырмалы құқықтану кезеңі XIXғ. II-ші жартысынан басталды деп атайды. 1869 жылы әлемде алғаш рет Англияның – Оксфорд және Кембридж университеттерінде «салыстырмалы юриспруденцияны» оқу және зерттеу құжырасы  және Францияда салыстырмалы заңнаманы зерттеу қауымдастығы пайда болды. 

Бірақ қазіргі заманғы салыстырмалы құқықтану ғылымын терең  оқып-зерттеу үшін оның пайда болған басқа кезеңдерден айырмашылығы маңыздырақ болып көрінеді.

1869 жылы салыстырмалы құқықтанудың пайда болуы, алғашқы кездегідей, өзі-өзінен дамып отыратын сала ретінде танылды. Алайда, осыған қарай, кейбір көзқарастар да қалыптасты: салыстырмалы құқықтану ғылымының «жеке академиялық пән» ретінде, «құқықтық ғылым щеңберінде пайда болған  білімнің жаңа саласы»  және т.б. ретінде ғана толық тану туралы айтылды.

Басқа да өзге кезең сияқты, жаңа салыстырмалы құқықтануды терең әрі жан-жақты зерттеу үшін оның дамуының, оның пайда болуының нақты күнін анықтау, оның аяқталуының ешқандай маңыздылығы жоқ. Салыстырмалы құқықтанудың дамуының әр кезеңдері өздерінің пайда болуы мен дамуының даталарымен ерекшеленеді.

Дж. Майда салыстырмалы құқықтық зерттеу облысындағы маман, қазіргі заман салыстырмалы құқықтанудың дамуының төрт сатысын келтіре отырып және оларға түсінік бергенде, олардың хронологиялық күндеріне емес, сатылардың құрамы мен мазмұнына назар аударады.

Сөйтіп,  XIX ғ. II-ші жартысынан — XX ғ. басында пайда болған бірінші сатысының ерекшелігі, ол «Құқықтың халықаралық бірыңғайлануына» себеп болды. 

 XX жүзжылдықтың 20 – 40-шы жылдарды алып жатқан  екінші кезең ғалымдар – компаративистер пікірінше, салыстырмалы құқықтану – жеке бөлек ғылым емес, жеке білім саласы емес, ол тек қана ерекше, зерттеудің салыстырмалы – құқықтық әдісі.

40-50 ж.ж. шеңберімен хронологиялық шектелетін үшінші сатының ерекшелігі, бұл оны практикалық түрде оқып-зерттеуге бет алған, сонымен қатар, әсіресе Еуропа мен Америкада салыстырмалы-құқықтық білім беруге көп назар аударған.

Ендігі кезекте, соңғы сатыны қарастыратын болсақ,  60-шы жылдарда басталған төртінші сатыда бірқатар елдердің компаративистермен, бірінші кезекте белгілі француз ғалымы Р.Давидпен ойлап шығарылған «Ұлы жүйелердің» доктринасы — құқықтық жүйе ерекше маңызға ие.

Салыстырмалы құқықтанудың қазіргі кезеңі салыстырмалы құқықтану және мемлекеттанудың ғылымның жеке саласы ретінде және академиялық пән ретінде қалыптасу процесінің соңғы кезеңімен сипатталады. Салыстырмалы құқықтанудың дамуының қазіргі кезеңінің, оның бүкіл өмір сүру жылдарындағы, сипаттық ерекшелігі болып оның таралу және ықпал етуінің сферасы мен географиясының  кеңеюі, сондай-ақ оның глобализациясы, біртіндеп институттануы және оның институттық рәсімделуі табылады.  

 

Әдебиеттер:   2,  7-18б.; 3,  61-138б.; 4,  4-11б.

Бақылау сұрақтары:

  • Ежелгі әлемдегі салыстырмалы құқықтанудың идеяларының туындауының негізгі жолдары мен нысандарын ашып көрсетіңіз?
  • Орта ғасырлардағы салыстырмалы құқықтанудың дамуының қандай ерекшеліктері бар?
  • Қазіргі кезеңдегі салыстырмалы құқықтанудың таралуының және ықпал етуінің сферасын және географиясының кеңею сипатын ашып көрсетіңіз?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *