Мақсаты: мұсылмандық құқықтық отбасына кіретін құқықтық жүйелер туралы жалпы көріністі қалыптастыру, сондай-ақ осы ұлттық құқықтық жүйелерді әлемде өзгеріп жатқан экономикалық және саяси-әлеуметтік ортаға ынталандыру процесін бақылау.
Жоспары:
- Мұсылмандық құқықтың жалпы сипаттамасы
- Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері: түсінігі және түрлері
- Мұсылмандық құқықтың қазіргі әлемге ынталандырылуы
- Мұсылмандық құқықтың жалпы сипаттамасы. Мұсылмандық жүйе Азия және Африка елдеріне тән, діни — дәстүрлік құқық деп аталатын отбасына жатады.
Осы елдердің құқықтық жүйелері осының алдында сипатталып кеткен құқықтық жүйелерге тән бірлік деңгейін иеленбейтінін ескеру қажет. Бірақ та оларда шығу тегі мен нысаны бойынша ортақ белгілері көп, олардың барлығы бірдей батыс елдерде басшылық етілетін тұжырымдамалардан еркшеленетін, тұжырымдамаларға негізделеді. Әрине, осы құқықтық нормалардың барлығы бір кездерде батыстық идеяларға жақын келеді, бірақ та сол уақытта қалып қоюда, батыс елдерінде орындалатын функцияларды орындауға шақырылмаған және құқық өзгеше танылатын көзқарастарға сенімді келеді.
Осы құқықтық жүйелердің негізінде мұсылмандық дінге – Исламға негізделген және діни нысанда сипатталған нормалар жиынтығын білдіретін, мұсылмандық құқық жатыр.
Ол құқықтық реттеуге жататынды ғана емес, әлеуметтік өмірдің барлық сфераларын қамтиды.
Мұсылмандық құқық ғылымы немесе нақтырақ айтқанда, мұсылмандық заңдардың (фикх) доктриналдық сипатталуы 2 бөлімшеден тұрады:
- ол «тамырды» зерттейді және құдай заңы, шариғатты құрайтын ережелер жиынтығы қандай қайнар көздерден тұратындығын түсіндіреді;
- «мазмұны», яғни материалдық мұсылмандық құқықтың нормаларын құрайтын шешімдер.
- Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері: ұғымы және түрлері
Мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде бөлініп шығады:
- Құран ( б.д.д 570-632жж) – Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген киелі, мұсылмандардың ардақты кітабы.
- Сұнна – Мұхаммед пайғамбардың өмірлік қызметі туралы өсиеттері.
- Иджма – дінге сенушілердің міндеттері туралы сұрақ бойынша барлық мұсылмандық ұйымдармен қол жеткізген келімісі (барлық немесе тіпті бір мектептің құқықтанушыларымен бір кезде қабылданған ұсыныстары ереже ретінде саналады).
- Қияс – өмірде кездесетін мәселелерді Құранның ұқсас аяттарына сүйене отырып шешу (яғни Құран немесе Сұннамен бекітілген ережелерді жаңа ұқсас жағдайларда қолдану).
3 Мұсылмандық құқықтың қазіргі әлемге қабілеттілігі. Б.д. 10 ғасырда қалыптасқан мұсылмандық құқық қазіргі қоғам қажеттіліктеріне жарамсыз екені айқын. Онда кейбір институттардың регламентациялары жоқ. Сонымен қатар кейбір мұсылмандық құқық қазіргі нормаларға сәйкес келмей ғана қоймайды, сондай-ақ онымен танысқандарды таңқалдырады.
Барлық айтылғандар мұсылмандық құқық бұрынғы заманға жатады дегенді көрсетуі мүмкін. Дегенмен, ол олай емес: Мұсылмандық құқық қазіргі кездегі ірі жүйелердің бірі, ол 1 млрд мұсылмандардың құқығын реттейді. Мұсылмандық құқықты өзгермейтін деп қана емес, сонымен қатар жұмсақ құбылыс ретінде қарауға болады. Осылай мұсылмандық елдер қазіргі қоғам жағдайына қабілетті ету мақсатында заңнамалық реформалар қабылдады.
Бейімделудің негізгі әдістері:
- Әдет-ғұрыпқа негізделу — бір сену символы ретінде мұсылмандық құқықтың беделін көптеген қоғамдар мойындайды, олар ғасырлар бойы әдет-ғұрыпқа негізделіп өмір сүреді. Әдет-ғұрып мұсылмандық құқыққа кірмейді және құқық ретінде қаралмайды. Әдет-ғұрып фикхқа кірмесе де ол мұсылмандық құқықпен шеттетілмейді. Қағида бойынша: қызыққан тұлғаларға кейбір жағдайларға өздерінің келіспеушіліктерін құқықтың қатысуынсыз да шешуге жол берілген. Өз өзімен әрине барлық әдет- ғұрыптар бірдей қабылданып, мұсылмандық құқықпен реттелмейді. Кейбіреулері толығымен мұсылмандық құқықпен бас тартылады. Дегенмен, кейбіреулері бұл саланы кенейтеді және толықтырады. Осындай әдет-ғұрыптар қатарына төлеу әдістері мен мөлшері жатады «өзара сыйақысыз» бір су көздерінің жер билеушілерінің реттелетін өзара пайдалану жатады.
- Келісімдер жасасу – мұсылмандық құқық өте аз биліктік жағдайды өз бойында ұстайды және кең мүмкіншіліктерді ұсынады. «Заң жазған келісімнің аяқталуында ешқандай қылмыс жоқ» деп жазылған адаттардың бірінде. Мұсылмандық құқық ұсынатын нормаларға келісім нәтижесінде исламға адал болып қала бере өте үлкен өзгертулер енгізуі мүмкін. Бұрында, қазір де мұсылмандық елдер бар тәртіптен кейбір жағдайларда, мысалы: Неке отбасы жағдайы бойынша бас тартқан немесе қалыптасқан ережелерден бас тарту қатысты отбасы-тұрмыстық сұрақтарды шешу кезінде (тек күйеуінің ғана емес, әйелінің бастауы бойынша некені бұзу және т.б.).
- Заңи фикциялардың әдістері — әдет-ғұрыптар мен келісімдермен қатар басқа да мүмкіндік заңдық фикция болды. Шариат заңның әріптерін талап ете алады. Көптеген мұсылмандық құқық нормалары нәтижесінде айналып өтілуі мүмкін, бірақ ол тікелей мағынасы бұзылмауы керек.
Мұсылмандық құқықтың конондарының айналымының көптеген жолдары мен әдістері, және ол үшін әдет-ғұрыптарды пайдалану және т.б шынайы өмір этикалық, діни және заңдық догмалардан гөрі әлдеқайда күрделірек. Бірде бір елде мұсылмандық құқық сонымен қатар араб елдерінде, яғни негізгі діні дәстүрлі түрде ислам болып қалатын елдерде берілген құықтық жүйе ешқашан таза түрде болған жоқ. Әрдайым әдет-ғұрыптармен толықтырылып, өзгертіліп отырды.
Әдебиеттер: 2, 308-330б.; 3, 1021-1035б.; 4, 38-50б.
Бақылау сұрақтары:
- Мұсылмандық құқықтың ерекшеліктері немен сипатталады?
- Мұсылмандық құқықтың пайда болуы мен дамуының тарихын ашып көрсетіңіз.
- Мұсылмандық құқықтың қайнар көздерінің жүйесін сипаттап беріңіз.
- Мұсылмандық құқықтың эволюциялық динамикасын және оның қазіргі құқыққа ынталандырылуын ашып көрсетіңіз.