Жоспар:
10.1. Лаңкестікке қарсы күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қор.
10.2. Лаңкестік актілердің түрлері, олардың мақсаты және жүзеге асыру түрлері.
10.3. Лаңкестікпен күрес жүйесі.
Лаңкестік – гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді.
Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін.
VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ.с.) мен Оспанға (ғ.с.) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген мұсылмандарды тұтқындаған.
Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан).
Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:
Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.
Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.
Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.
Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.
Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.
Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне жатады.
Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.
Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да білген абзал.
Лаңкестікке қарсы iс-қимыл туралы.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы. Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Саяси лаңкестік — қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Лаңкестік мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Лаңкестік қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Лаңкестікке күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Лаңкестіктің психологиялық негізі — радикализм, экстремизм.
Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр.
Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді.
Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде қабылданды.
Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға ШешенстандыРесейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты — қорқыту, үркіту, хаосты туындату.
Терроризмнің өсу себептері — дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тізімінде осы ұйымға мүше мемлекеттердің барлығының аумағында қызметі заңсыз деп табылған 34 экстремистік, террористік бағыттағы ұйым бар.
Қазақ жерінде қазір қанша секта бар? – Елімізде 40-қа жуық конфессиялар, оның ішінде 3855 діни ұйым жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 3855 – Исламдық, 278 – православтық, 82 – католиктік, 1161 – протестанттық, 27 – яһудейлік, 4 – буддистік, және тағы 46 дәстүрлі емес діни ұйымдар қызмет етіп жатыр.
1-Аралық бақылаусұрақтары.
- Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні, мақсаты, міндеттері.
- Тіршілік қауіпсіздігінің негіздеріноқытудағы өзекті мәселелер.
- Қауіпсіздік ұғымына сипаттама.
- Қауіп түсінігі және топтастырылуы.
- Төтенше жағдай түсінігі және топтастырылуы.
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
- Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар түсінігі.
- Радиациялық қауіпті нысандағы ТЖ.
- Химиялық қауіпті нысандардағы ТЖ.
- Ионизациялық сәулелер.
- Радиация түсінігі.
- Адам ағзасының біртұтастығы.
- Адамның функционалдық мүмкіндіктері.
- Рецепторлар, оларға сипаттама.
- Адамның өмір сүру ортасымен сыйыспалылығы.
- Қауіпсіздік психологиясының түсінігі.
- Тіршілік ортасындағы антропогенді қауіптер.
- Табиғи қауіптер және оларға жалпы сипаттама.
- Жер сілкінісі (Рихтер шкаласы, себептері,сипаттамасы).
- Өрт (дала, орман өрттеріне сипаттама)
- Тұрмыстағы өрт, шығу себептері және іс–әрекеттер.
- Сел (жалпы түсінік).
- Қарлы көшкін.
- Көшкіндер мен опырылып құлау.
- Гидросфералық қауіптер және оларға жалпы сипаттама.
- Су тасқыны.
- Атмосфералық қауіптер және оларға жалпы сипаттама.
- Ауа массаларының желдік қозғалысы.
- Қарлы боран.
- Қауіпті қар басу, нөсер, бұршақ.
- Төтенше жағдайда құтқару ұйымдары мен шұғыл қалпына келтіру жұмыстары.
- Төтенше жағдай кезіндегі ҚР мемлекеттік жүйелерінің алдын-ала хабарлау мен іс-қимылдары.
- Террористтік әрекет кезіндегі халықтың міндеті.
- Атмосфералық ауа ластануының қайнар көздері және деңгейлері.
- Гидросфераның ластануының қайнар көздері және деңгейлері.
- Литосфераның ластануының қайнар көздері мен деңгейлері.
- Шу және оның адам ағзасына әсері.
- Механикалық тербеліс.
- Акустикалық тербеліс.
- Электромагниттік, электрлік, магниттік өріс.
- Лазерлік сәулелену.
- Электрлік тоқ.
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі туралы.
- ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы заңы.
- Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi. - Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының ролі.
- Қоғамдық тәртіп сақтау және қылмыспен күресу органдар жүйесінің дамуы.
- Лаңкестікпен күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қоры.
- ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы.
- ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңы.