Дәрістің мазмұны: 1.Түркiлердiң тегi туралы деректер мен зерттеулер.
2.Қарлұқтар.
1.Түркiлердiң тегi туралы деректер мен зерттеулер.
VI-X ғасырларда алғашқы феодалдық мемлекеттер Батыс түрiк қағанаттары едi. Бiздiң заманымыздың I мың жылдығындағы Орталық Азия жерiн мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстiк Сонғолиядан Орта Азияның Әмудария өзенiнiң бойына дейiн созылған кең-байтақ жердiң бәрiн тирек (телэ) деген жалпы атпен бiрнеше тайпа мекен еттi. Солардың бiрi-түрiк тайпасы болды. Түрiк деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайдың солтүстiк-батысына орналасқан Вэй князьдiгiне түрiктер (туцзюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнiнде айтылады.
Түрiк қағанаты 603 жылы екi дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлiндi. Батыс қағанатының орталығы Жетiсу жерiндегi Суяб қаласы болды.
Батыс түрiк қағанаты ежелгi усун жерiн жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жонғарияға дейiнгi жердiң бәрiн алып жатты. Қағанаттың негiзгi этникалық-саяси ұйтқысы-«он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жерi де осы ара болған.
2.Қарлұқтар.
VIII ғасырдың орта кезiнде Қазақстан жерiндегi Түргеш қағанатын қарлуқтар талқандап жеңiп, оның орнына 756 жылы түрiк тiлдi олардың тайпалары келiп орналасты. Олар Батыс Алтайдан көшiп келiп, Жетiсу жерлерiн өздерiне қаратып басып алды.
Қарлұқ тайпаларының әуелгi орналасқан аймағы Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке болды.
Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер «Сүй әулетi тарихында» (581-618 жылдар) кездеседi.Онда қарлұқтар өздерiнiң басты руының атымен Ақтағ (Алтай) баурайларында мекендеген, бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпалары VIII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейiнгi кең-байтақ жерлердiң бәрiнде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдiң арасын, Ыстықкөлдiң айналасын, Iле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньның баурайларын мекендедi.
Қарлұқтардың құрамына үш iрi ру бiрлестiктерi-Моула, Чжисы және Ташли кiрдi. Қарлұқтардың көсемдерiн жабғу деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Түрік қағанатының құрылуы.
- Оның экономикасы, әлеуметтік жағдайы, территориясы, саяси тарихы.
- Қағанат нешеге бөлінеді, оларды ата.
- Қарлұқ мемлекеті, саяси тарихы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәрістер курсы І, А;2004ж. 91-117 б.б
- «Қазақстан тарихы» І том. А; 1996ж. 296-332 б.б.
- «Қазақстан тарихы» 2004ж. №2 47-53 б.б.