Дәрістің мазмұны:
- Абылайдың қолбсшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.
- Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.
- Абылайдың қолбсшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.
Абылай (Әбілмансұр, Сабалақ, 1711 – 1781 ж.ж.) – қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер. Әкесі – Орта жүздің сұлтаны көркем Уәли, атасы – Түркістан қаласының билеушісі, «қанішер» Абылай.
Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді.
1740 жылғы 28 тамыз — Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады.
Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы бостандыққа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды.
1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі — Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.
Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер: қазақ ақсүйектерін біріктіру; Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру; Жоңғарияға шабуылдау.
Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару.
1753 жыл – Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасады. Жоңғар қақпасы маңында Абылай бастаған қол жоңғарларды талқандады. Жоңғария құлағаннан кейін Қытай жағынан төнген жаңа қауіп қазақ сұлтандарының күштерін ұйымдастыруға түрткі болды. Абылайдың ендігі туының астына үш жүздің жасақтары жиналды. Бірақзеңбіректермен қаруланған Маньчжур – Цинь күштеріне ашық қарсы тұру қиындығын білген Абылай дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігін түсінді. 1757-1760 жылдар – Абылай Қытайдың билігін мойындады. Абылайдың Цин богдыханның суверенитетін қабылдау себебі: Ресейдің Звериный шатқалынан Омбы бекінісіне дейінгі аралықта бкіністер салуы; қазақ рулары қоныстарының тарылуы; Ресей патшасының осы аймақтағы әскери акцияларды күшейтуі; Цин әскерінің Қазақстанға басып кіру қаупінің күшеюі. Екі ірі мемлекеттің қыспағында қалғандықтан, Ресей және Цинь империяларына тәуелдігін сөз жүзінде мойындаған Абылайдың басты мақсаты: Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.
- Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.
Ол Тарбағатай, Алтай таулары, Зайсан көлінің шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады. Пекин билеушілері 1760 жылы Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Абылайдың Орта Азия хандықтарымен саяси қатынасы табысты болды.
XVIII ғасырдың 70 жылдарының басы – белгілі қолбасшы Абылай Хождент, Ташкент билеушілеріне соққы берді. Нәтижесінде: Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды; Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкентке тәуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті; Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды.
1771 жыл – Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды хан сайлады. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері: Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы; Үш жүзді біріктіруі; Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы. Патша үкіметі тәуелсіз қазақ хандығын жоюға күш салып, Абылайды хан сайлауға келіспейтінін білдірді.
1778 жыл 24 мамыр – ІІ Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тәуелсіздігін сақтады.
1759 жыл 1 қаңтар – Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды. Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді. Мәдениетті дамытуға үлес қосты. Оның төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты: Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Абылай қолбасшы, саяси қайраткер ретінде.
- Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау барысында, Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасы.
- Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасауы.
- Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 320-334 б.б.
- «Қазақ тарихы» жур. 1996ж. №5 17-19 б.б.
- «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.