Африка мен Мадагаскардың құқықтық жүйелері

 

Мақсаты: қолданыстағы құқықтың көзақарсы бойынша, колониялық кезеңдегі Африка мен Мадагаскардың құқықтық жүйелерінің ережелерін талдау жасау, сондай-ақ осы елдердің тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекеттік-құқықтық шындықтың дамуының алғышарттарын бақылау 

Жоспары:

  • Жалпы-құқықтық негіз
  • Колониалдық кезең

3  Тәуелсіз мемлекеттер

 

1 Жалпы –құқықтық негіз. Африка Сахара мен Мадагаскардан оңтүстікке дейін  көптеген  ғасырлар ішінде салт-дәстүр нормалары бойынша өмір сүрді. Салт-дәстүрге табыну негізінен ерікті болды. Әр адам өзінің бабалары өмір сүргендіктен, өмір сүруге міндеттімін деп санады; көбінесе қалыптасқан өмір сүруді құрметтеуді жүзеге асыру үшін жоғарыдағы күштен қорқыныштың өзі жеткілікті болды. Африка мен Мадагаскардың салт-дәстүрі көптеген болды. Қауымдастықтың әрқайсысы өздерін қанағат етті, өздерінің меншікке тиісті әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен рухани байлықтары болды. Көптеген қауымдастықтарға бөлінген контитенттегі салт-дәстүрлерді тани отырып, барлық зерттеушілер, белгілі бір ортақ нәрсе бар екенін сипаттайды: африкалық құқықты европалықтан ерекшелейтін белгілі бір белгілер. 

Африкандықтардың ойлауы бойынша, салт-дәстүр мифологиялық құрылыспен байланысты. Салт-дәстүрге бас ию қалдықтары топырақ болған, ата-бабаларды құрметтеу болып табылады, олардың жандары тірі адамның үстінде ұшып жүреді дегенді білдіреді. Салт-дәстүрді бұзу жердің жандарының теріс қатынастарына әкелуі мүмкін.  Африкандықтардың  көзқарастары  даму идеясын білмейді және қалыптасқан жағдайлардың өзгеруіне әкелетін барлық әрекеттерге қалай болса солай қарайды. 

Жалпы қағидаларды және салт-дәстүрді лабиринттен алып шығуға мүмкіндік беретін, туземдік пайда болудың бірде бір жазбаша ескерткіштері жоқ. Африкадағы салт-дәстүр ауызша қалып отырды. Мальгаштық кодекстер мен заңдар қазіргі қорытындыларды білдірмейді; олар кейбір жеке шешімдер мен реттелген ережелер туралы ғана айтады.  Әлеуметтік тәртіп болса, олармен жеке реттелмейді, жапондық гириге немесе қытайлық ережелерге сәйкес келетін, фомба деп аталатынмен реттеледі.

Француздық колониалдық әкімшілікпен көпсанды (150-ге жуық) «салт-дәстүрдің жинақтары» дайындалған болатын. Олардың жартысы ғана басылып шықты және жинақтардың құндылықтары бірдей емес. Ағылшындық Африкада колониалдық кезеңде салт-дәстүрге деген қызығушылық аз болды. Тек жақын арада ғана, әртүрлі салт-дәстүрді көруге болатын және олардың механизмдері мен жанын білуге мүмкіндік беретін, этнологтар мен заңгерлердің  жұмыстары  пайда болды.

Африкада колонизацияға дейін тыс әсер етулер байқалды. Бұл ең алдымен, христиандық пен исламға тиісті болды. Алайда, христиандық пен ислам толық жеңіске жетпесе де, олар Африканың тұрғындарының көп бөлігіне айтарлықтай әсер қалдырды. Салт-дәстүрлер өздерінің социологиялық мағынасын сақтап қалды, бірақ та жаңа әлеуметтік және рухани тәртіп идеялары таратыла бастағаннан кейін олардың беделі бұзыла бастады.    

 

            2  Колониалдық кезең. Бүкіл Африка мен Мадагаскар XIX ғасырда европалықтардың басымдығына тәуелді болды. Ағылшындықтардың көзқарастары бір жағынан, латын халықтарының көзқарастары – екінші жағынан, әртүрлі болып келді. Ұзақ уақыт бойы француздар, испандықтар және порту­галдықтар екі постулатқа негізделген, ассимиляцияның саясатын өткізді- барлық адамдардың теңдігі және европалықтардың өркениетінің  басымдығы.

Салт-дәстүр алғашқыда, Африкада және Мадагаскарда барлық қоғамдық өмірді қамтығанмен, XIX және XX ғасырларда бекітілген, жаңа қоғамның типіне қажетті шапшаңдықпен қоданылуға мүмкіндігі жоқ болып қалады.

Кейбір аймақтардағы құқықтың дамуы мысалы, жаңа сауда құқығының аумағында қажет болды. Жалпы құқық бұл жерде ешқандай база берген жоқ. Барлық акционерлік құқық, патенттік және теңіз құқығы, бағалы қағаздар туралы нормалар Батыстан импортталуы тиіс болды.   

Батыстан әкелінген жаңа құқықты қолдану үшін жалпы құқық негізінде қалыптасқан сот әділдігінің және процессуалдық нормалар қолдануға жатпайтын болып шықты. Африканың барлық елдерінде және Мадагаскарда  дауларды салт-дәстүрлік органдармен шешуден басқа жалпы құқықтың нормалары қолданылмайтын, барлық жағдайда құзырлыққа ие, европалық типті соттар құрылды.  

Мұндай дамулар мұнымен шектелмеді. Африканың елдерімен сауда-саттық жасасу қазіргі әкімшілікті қажет етті. Барлық Африка елдерінде Мадагаскарда жаңа әкімшілік құрыла бастады, ежелден қалыптасқан институттардың жойылуына негіз болды. Жергілікті басқарушы органдар қайта құрылды және  бақылауға қойылды, ал кейбір жағдайда тек құртылды.  Жаңа үлгідегі жергілікті ассамбелялар құрылды. Қаржы, полицейлік қызметтер,  денсаулық сақтау, шығармашылық және бұқаралық жұмыстар жаңадан құрылды.  

Батыстық үлгідегі жаңа құқық метрополия-елдерінің заңды тұжырымдамаларын нақты сипаттады. Қазіргі күні бұл өзгерістердің нәтижесі қатаң тәртіпте бақылануда. Европалық түсіністіктегі құқықтың басымдығын жүзеге асыру, мерзімінен ерте қолданыла бастағандықтан, ешбір жақсы жетістіктерге әкелмеді. Олар жаңа европалық идеялары бар құқықты қабылдауға дайын болмады.  

Африкалық өркениет белгілі бір құндылықтарға негізделді – ата-бабаларды құрметтеу, антагонистік класстардың жоқ болуы. Өте жиі бұл құндылықтар бұзылды, оларды жаңамен ауыстырумен ешкім айналыспады. Сөйтіп, африкандықтарды отбасы және кландық байланыстардың әлсіреуіне итермеледі, бірақ та олардың орнына жалпы алғанда, әлеуметтік корпустың тұрақтылығын бере алмады.  

 

3 Тәуелсіз мемлекеттер. Колонизация кезеңдерінде орын алған құқықтың дамуы қажет болды. Және африкалық елдердің тәуелсіздікті алуы осы эволюцияға ешқандай теріс жауап қайтаруды білдірген жоқ. Держава-колонизаторлармен бекітілген батыстық итерудің барлық құқығы жаңа мемлекеттерде тіпті, социалистік деп өздерін таныған елдерде де бекітілген болатын, бірде бір адам оның жоюылуын талап еткен жоқ.  Керісінше, осы немесе өзге елдерде қолданған шаралар колониализм дәуірінде енгізілген, «қазіргі құқықты» сақтау мен жетілдіру қажеттігі туралы нақты куә етеді.   

Тәуелсіздікпен бірге салт-дәстүрлік құқыққа жаңа қатынастарда туыла бастады.   Де­колонизация жалпы құқықтың үлкен мағынасы туралы, оны сақтаудың қажеттілігі жөніндегі көптеген декларациямен шығарылып тастады.  Бұл колониализм кезеңінде осы құқыққа деген қатынастарға деген жауап болды.  

1957 жылы Мадагаскарда өкілді ассамблея салт-дәстүрлерді жүйеге келтур туралы шешім қабылдады.  1961 жылы Танганьикте (бұрын — Сенегалда) осындай жұмыс жасалды. Нигерияда аймақтық ассамблеялар   салт-дәстүрлерге санкцияланған биліктік сипат беретін, компиляцияны дайындау жолын өздеріне алды.    

Африкалық жалпы құқықты жүйеге келтіру бойынша көп жұмыс  Наффильд Қорының қолдауымен және қызығушылық білдірген мемлекеттердің қатысуымен, Лондондық университеттің африкалық  және шығыстық зерттеулер Мектебінің бастамасымен жүргізілді. Кениядағы жалпы құқық пен мұрагерлік құқықты сипаттайтын (1968—1969 гг.), Малавиядағы неке, заттық, мұрагерлік және міндеттемелік құқық жазылған (1970—1971 гг.), Ботсвандағы отбасы құқығы (1972 г.) орын алған  бірқатар томдар  жарыққа шықты.  

Жалпы құқық ауылдық қоғам үшін тән келді.  Жас мемлекеттердің жетекшілері бүгінгі күні қала мен ауыл тұрғындарын бөлетін, білімі бар  адамдар мен тұрғындардың көпшілігін алыстататын, мәдени кедергіні жоятын, қоғамның құрылысын қозғайтын айтарлықтай реформаларға талпынуда. Бұл жетекшілер экономикада жаңа секторларды дамытуды, жер реформаларын жүзеге асыруды қажет етеді.  Мұндай қондырғыларда жаңа құқық салттардан бөлектене алады; оның негізгі нақты мақсаты көптеген параметрлер бойынша тұрғындардың өмір сүруін өзгерту болып табылады.  Заңның мақсаты — әлеуметтік және экономикалық эмансипациялардың ашық жолын ашу үшін, салт-дәстүрді тарнсформациялау; ол салт-дәстүрмен қарсылыққа кіре алмай қоймайды. 

Барлық жас мемлекеттерде үлкен заң шығарушылық жұмыстар өткізілген болатын, өйткені  реформалардың қозғалысы, ең алдымен, қазіргі құқықты қамтыды. Жаңа кодекстермен оның барлық салалары қамтылды: азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс, инвестициялық құқық, еңбек құқығы, сот құрылысы. Сенегалда, Ганда, Уганда және Мадагаскарда міндеттемелік және шарттық құқық реформаланды.  

Бірақ та қозғалыс бұл жерде тоқтап қалған жоқ және реформалар африкандықтардың «жеке мәртебесіне» тікелей қатысы бар институттарды  қозғады. Сенегалда, Ганда және Кенияда жер меншігінің режимдерін анықтаған нормалар мүлдем айтарлықтай өзгерді.  

Объектом реформ почти революционного плана стало семейное право. Почти во всех государствах оно было или полностью кодифицировано (Сенегал, Того), или регламентировано серией законов (Берег Слоновой Кости), или реформировано частично (Гвинея, Мали, Габон, Бурунди).

Африкада қазіргі құқыққа маңызды және көп рөлді бөлген, әсіресе кең көлемде модернисттік  беталысты көрсете білген, мемлекеттер де бар екенін айтуға болады, бірақ та бұдан да басқалары бар – олар көпшілік – оларда заңдар мен кодекстер ең аз орын алады. Бұл заң шығарушылық қызмет өзімен қоса екі сұрақты тудырады. Біріншісі: жаңа заңдар қандай шарамен сақталуда? Екіншісі: Африкада батыстық үлгіні түгелдей көшіріп алып жатқан жоқ па?  

Өзіңді алдаудың қажеті жоқ: кез келген жаңа заңдар, әсіресе отбасылық құрылымдарды реформалауға бағытталғандары, тұрғындармен қақтығысқа ұшырайды және көпшіліктің өмір сүруін өзгертпейді. Заңдардың көлеңкесінде шаруашылықтар өздерінің бабалары «қаланың құқықтарын» және интеллектуалдармен бекітілген институттарды ескермей қалай тұрса, оларда солай тұруды жалғастыруда.    

Мұның барлығы, билікпен шығарылған заңдар пайдасыз дегенді білдірмейді. Олар реформалауға тырысатын қоғамдық пікірлер мен көзқарастарды басып ала отырып, бұл заңдар тәрбиелеу және сендіру жоспарында маңызды келеді. Жаңа нормалар құруға бағытталған қоғам түрі ретінде айтылады және европалық құқықтық жүйелерде орын алатын, оның толық және тез арада қолданылуын күтуді қажет етпейді. Заң шығарушының өзі байқауы тиіс және судьяларға олармен қабылданған нормаларды жүзеге асыру кезінде үлкен бостандықты беруі қажет. Қажетті жағдайда бұл нормалар адамдардың тәртібіне оларға қатаң бұйрық ретінде емес,  жетекшілік етуге шақырылған үлгі ретінде қарастырылды. 

Екінші жағынан, әлсіз дамыған елдерде құқықты қолданудың европалық  шартынан ерекшеленетін түрін қолдануды еске алу қажет.  Жеткілікті көлемде кәсіби заңгерлердің жоқ болуынан құқықтық нормалар жансыз әріптер сияқты қалып қоюы мүмкін. Тіпті, индустриалды дамыған елдерде де соңғы уақытта, тұрғындардың төменгі қатары өздерінің құқықтарын білуден және оларды қолданудан алыс екенін түсіне бастады.  

Әдебиеттер:  2, 377-396б.;  5, 179-181б.

Бақылау сұрақтары:

  • Африка мен Мадагаскардың құқықтық жүйелерінің жалпы-құқықтық негіздерінің айырмашылығын ашып көрсетіңіз.
  • Колониялық тәуелді болу кезеңінде Африка мен Мадагаскар елдерінің дамуының ерекшеліктерін талдаңыз.
  • Африка мен Мадагаскардың ұлттық құқықтық жүйелерінің қазіргі жағдайының ерекшеліктері немен сипатталады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі: 

1  Осакве К. Сравнительное правоведение в схемах: общая и особенная части.  – Алматы,  1999. -187 с.

  • Давид Р. Правовые системы современности. – М, -526 с.
  • Марченко М.Н. Сравнительное правоведение. – М, -896 с.
  • Ипатова Н.Сравнительное правоведение. –Алматы, 2004. -78с.
  • Матузов Н., Малько А. Теория государства и права. – М, 2001. -512 с.
  • Теория государства и права /Под ред. Лазарева В.В. –М, -424 с.

Қосымша:

  • Тихомиров Ю.А. Сравнительное правоведение – конгресс ученых-правоведов //Госдарство и право. № 2. 1999. -104-107 с.
  • Тихомиров Ю.А. Право: национальное, международное, сравнительное //Государство и право. № 8. 1999. -5-13 с.
  • Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения //Государство и право. № 2. 1997. -115-117 с.
  • Аюпова З. Проблемы взаимоотношения правовой культуры и правовой система //Закон и время. № 6. 2001. -109-112 с.
  • Каламкарян Е.В. Принцип добровольности и принцип взаимности как основание института эстоппель //Государство и право. № 8. 2000.-40-47с.
  • Байбулатова А. Нижестоящие суды Англии //Фемида №1.2003.-63-65с
  • Решетникова И.В. Доказательственное право Англии и США //Государство и право. № 12. 1999. -115-117 с.
  • Махов В.Н. «Состязательность» моделей уголовного процесса США //Государство и право. № 12. 1999. -81-88 с.
  • Каламкарян Е.В. К вопросу о юридическом основании института эстоппель //Государство и право. № 5. 2000. -49-56 с.
  • Егоров К. представительная система Китая: история и современность. – М,  -278 с.
  • Керимов Г.М. Шариат и его социальная сущность. – М, -378 с.
  • Саидов А.Х. Основы мусульманского права. – Алматы, -250 с.
  • Мусульманское право. — Алматы, 1999. — 199 с.
  • Олжагалиева Т. Исторические и культурные условия становления суда присяжных в Англии //Закон и время. № 6. 2003. -108-112 с.
  • Байбулатова А. Английские суды специальной юрисдикции //Мысль. № 1. 2004. -80-85 с.
  • Абсаттаров М. Профессионализм, независимость и отвод судьи: французский опыт //Мысль. № 2. 2004. — 29-30 с.
  • Орманова М. Нормативный договор как источник права //Мысль.№2. 2004
  • Абрасулов Е.О. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана //Фемида. № 1. 2001. — 55-57 с.
  • Гериева М.М. Правоспособность и дееспособность в исламском праве //Право и государство. 2004, № 1. -19-22 с.
  • Цмай В.В. К вопросу о назначении Мутавилли (управляющего вакфом) //Инвестор. 2001, № 4. — 36-39 с.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *