Аса қауіпті жұқпалы аурулар, оларды жіктеу және алдын алу

 

Жоспар:

12.1. Жұқпалы аурулар және олардың қоздырғыштары.

12.2. Жұқпалардың (індеттердің) жұғу жолдары және алғашқы белгілері.

12.3. Жұқпалы аурулардың алдын-алу шаралары

 

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.

  1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға «вирус — клетка кешені» деген синоним қолданылады.
  2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі.

Бұл жағдайда «вирион» деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді. істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді.
         Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді.

         Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?

         Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.

         Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды.

         Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?

         Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді.          Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д’Эррель).

         Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды.

         Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі.

Әсіресе олардың ең қауіптілері: ЖИТС, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.

Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:

1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.

2.Мүшеқаптарды қолдану.

3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.

4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек.

 5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.

 6.Ешқашан басқаның сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.

Соз (гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады

Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады.

Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.

Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді.
Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.

Оба (чума).

Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру.

Yersiniapestis бактериясының пайда болуының нақты уақыты белгісіз. Кейбір тарихшылардың болжауынша, оба 1500-2000 жыл бұрын псевдотуберкулез мутациясының нәтижесінде болған. Сондай-ақ, оба алғашқы бүргелермен бірге адам пайда болғанға дейін пайда болған деген де пікір бар.  

Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан, 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан.

Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді.

Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы дамиды.

Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады.

Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде (сайгак), мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Жануарларға бүргелер арқылы беріледі.

Алғашқы белгілері.

Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, дененің қатты дірілдеуі, дене қызуы 39-40оС-қа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы. Психикасы өзгере бастайды. Мастар секілді сөйлеу алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек жұмысы бұзылады. Бауыры, тілі ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.

Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.

Ауру асқынған жағдайда науқас өледі.

Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.

Обаны емдеу.

Алғаш рет обаға қарсы вакцинаны XX ғасырдың басында Владимир Хавкин жасады. 1896 жылы аумағы жағынан Үндістандағы екінші үлкен қала Бомбей оба дертіне оранды. Сол кезде тырысқаққа қарсы тиімді вакцина жасаған Лозанн университетінің приват-доценті биліктің өтініші бойынша Бомбей қаласына келеді. Аз ғана уақыттың ішінде обаға қарсы алғашқы тиімді вакцинаны жасап, ол оның қауіпсіздігін алдымен өзіне салып көрсетіп, кейіннен бірнеше жылдар бойы халықты вакцинациялауға тікелей қатысып отырды. Бомбей қаласында Хавкин құрған обаға қарсы шағын лаборатория кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бактериология және эпидемиология бойынша ең ірі зерттеу орталығына айналды және 1925 жылдан бастап Хавкин атындағы Институт атымен аталады.

Науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау.

Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.

Тырысқақ (холера).

Тырысқақжедел жұқпалы, клиникалық жағдайына байланысты әр түрлі дәрежедегі диариямен, интоксикациямен (дененің кебуі, су жоғалтуы) сипатталатын ішек ауруы.

Қоздырғыш ашылуына Р. Кох, Ф. Готилехс еңбектері зор.
Тырысқақ вибрионы өте ұсақ, иілген таяқша. Қоздырғыш сыртғы ортаға тұрақты суда бірнеше апта, кей жерлерде 7-8 айға дейін тіршілігін сақтайды. Күн сәулесіне, кептіруге, дизенфекциялы ерітінділерге өте сезімтал, қайнатқанда тез өледі.

Тырысқақ ауруы ең алғаш 1817 жылы анықтала бастаған.

Ауру көзі — науқас адамдар және қоздырғыш тасымалдаушылар. Тырысқақтың қоздырғыштары ауру адамның бойынан құсықпен, үлкен дәретпен көптеп шығады. Сонан соң шыбындармен, басқа да таратқыштармен тарап кетуі мүмкін. Алғашқы көрінуі әр түрлі болады. Жеңіл іш өтуден тез арада адам өліміне алып келеді.

Тырысқақтан сақтануға вакциналарды, антибиотиктерді, басқа да дәрілерді қолданады. Тырысқақ шыққан жерге төтенше комиссия карантин жариялайды.

Жұқтыру түрлері: қарым-қатынас, су. Су-ең қауіпті жұқтыру түрткісі. Тырысқақ пен барлық жастағы адамдар аурады, жиі жаз-күз айларында бас көтереді.

Сау адамдарға қоздырғыш залалданған суды қолданған кезде не ашық су қоймаларында суға түсукезінде жұғуы мүмкін.

Емдеу: Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсаттаорганізмдегі су-электролиттік тепе-теңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады.

  1. Регидратация, инфузиялық терапияға дейінгі жоғалған сұйықты қалпына келтіру.
    2. Сұйықтық жоғалуының жалғасуын коррекциялау, яғни дәреті қалпына келгенше

су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұру.

1817-1926 жылдар аралығында тырысқақтан пандемия болып, 2млн адам өлген. 1961 жылы Эль-Тор вибриона тудырған пандемия болды.

Пандемия (грек тілінен аударғанда тұтас халық) – жұқпалы аурудың бүкіл ел аумағына таралуымен сипатталатын эпидемия.

Алдын-алу шаралары. 

Тырысқақ қолайсыз аудандардан келген адамдарға ерекше көңіл бөлініп, олардың от басы мүшелеріе 5 күн емхана дәрігері бақылайды. Егер дәреті өзгерген жағдайда инфекциялық стационарға бақылауға алады. Арнайы алдын алу мақсатында көрсетпелеріне байланысты беріледі. Сынама (прививка) 7 жастан бастап жасалады. Тырысқақ ошағында эпидемияға қарсы комплексті шаралар жүргізіледі: 

  1. Жедел түрде госпитализациялау, оқшаулау, тексеру және емдеу.
  2. Жедел-ішек инфекцияларын тырысқаққа тексеру.
  3. Контакта болғандарды табу, оларды оқшаулау 5 күн медициналық бақылауда ұстау (бактериологиялық тексеру, профилактикалық мақсатта антибиоттин тағайындау).
  4. Ошақта эпидемиологиялық тексеру
  5. Күнделікті және ақырғы дизенфекция.
  6. Санитарлық- гигиеналық шаралары.

Көбіне Үнді, Индонезия, Пакистан елдерінде жиі байқалады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ақпаратына сәйкес 2010 жылы тырысқақпен 863547 адам ауырған, оның 115587 қайтыс болған. Ауру Африка (217288/8643), Азия (524658/153), Орталық Америка (121600/2761),  Европа (Германия1/1) елдерінде тіркелген. 2011 жылдың өткен мезгілінде дүние жүзінде 253045 ауырған адам тіркелген, оның 4663 қайтыс болған, бұл Африка (20899/105), Азия (382/6),  Америка (231763/4552),  Европа (Испания 1/0) елдерінде.

Қазақстан Республикасында адамдар арасында тырысқақ ауруы тіркелмеген.  Бірақ Қазақстанды Азия және Еуропа елдерімен байланыстыратын көлік инфрақұрылымының  дамуымен тырысқақ ауруының тасымалдану қаупі зор. Санитарлық қызмет осы аурудың тасымалдануы мен тарауының алдын-алу үшін аумақта барлық алдын-алу іс-шараларын жасап, тырысқақпен басқа қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туған жағдайда барлық ведомствалардың жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнге эпидемиолог, инфекционист, аудандық бас санитарлық дәрігерлер мен карантиндік және аса қауіпті аурулардың  алдын-алу, оның ішінде тырысқақтың алдын алу туралы шаралар өткізіліп тұрады (семинарлар,  қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туған жағдайда барлық ведомствалардың жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *