Англосаксондық құқықтық отбасы. Жалпы құқықтың   жүйесі

Мақсаты: жалпы құқық отбасымен тікелей байланысты англотілді және өзге елдердің айтарлықтай тобының құқықтық жүйелерді тереңдеп білу. 

Жоспары:

  • Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуы: негізгі беталыстары
  • Англия шегінен тыс жерлердегі жалпы құқықтың экспансиясы
  • Жалпы құқықтың негізгі қайнар көздері: ұғымы, түрлері
  • Прецедент — жалпы құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде

 

1  Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуы: негізгі беталыстары. Бұл құқықтық отбасы әлемде кең таралғандардың бірі болып табылады. Жер шарының тұрғын халқының үштен бір бөлігі, аталған құқықтың қағидалары бойынша өмір сүреді. 

Жалпы құқықтық жүйе Англияда нормандтық жаулап алудан кейін жалпы айтқанда, королдік сотттар қызметінің процесінде пайда болды. 

          Жалпы құқықтың отбасы  ағыошын құқығынан басқа, барлық ағылшын тілді елдердің құқықтық жүйесін қосады. Жалпы құқықты меңгеру ағылшын құқығын меңгерумен басталу керек. Жалпы құқық – бұл, оның тарихи ізі бар жүйе, ал XVIII ғасырға дейінгі тарих – ағылшын құқығының тарихы болып табылады. 

          Расында, ағылшын құқығы жалпы құқық отбасында басты орын алады. Жалпы құқық тек Англияның өзінде ғана емес, сондай-ақ көптеген елдерге де  үлгі болып келеді. 

Ағылшын құқығының тарихында 4 негізгі кезеңді бөліп қарастыруға болады: 

1 кезең – 1066 жылғы нормандық басып алумен өтті;

2 кезең – 1066 жылдан бастап (1485ж.) Тюдоров билігін орнатқанға дейінгі жалпы құқықтың құрылу кезеңі;

3 кезең – 1485 жылдан бастап 1832 жылға дейінгі «Жалпы құқықтың» гүлденуі;

4 кезең – 1832 жылдан бастап біздің заманымызға дейінгі – заңнамаға қатысты жалпы құқықтың бейімделу кезеңі. 

 

  • Англия шегінен тыс жерлердегі жалпы құқықтың экспансиясы (өктемдік жүргізуі). Құқықтың Англиядан тыс таралу процессінің ерекшеліктерін, АҚШ құқықтық жүйесінің қалыптасуын мысалға ала отырып, бақылауға болады.

Ағылшын құқығының  жүйесінің негізгі белгілері колониализм жағдайында 17-18 ғасырларда пайда болды және көптеген өзінің алғашқы ерекшеліктерін әлі күнге дейін сақтады. 

АҚШ-тың құқықтық жүйесінің құрылу мен кейінгі даму процессіне ағылшын құқығы үлкен әсер етті. Ол Солтүстік Америка территориясына Англиядан қоныс аударушылармен әкелінді. Осы жер шарының бөлігінде болған 13 британдық колонияның әрқайсысында бір уақытта ағылшын заңдары және жалпы құқық нормалары қолданылды. Бірақ, олардың іс-әрекеті шектелмеді. Ағылшын заңдарын қолдану жергілікті органдардың актілерімен шектелді және XVII ғасырдың аяғныда XVIII ғасырдың басында пайда болған британ колониясының заңнамалық актілер жинақтарымен шектелді. Теңіз арқылы әкелінген ағылшын құқығы жергілікті жағдайларға сай болуы керек еді. Бұл жерде әңгіме, жергілікті нормативтік актілер, әдет-ғұрып және салт туралы болып отыр. Өзінің жиынтығы бойынша олар жеке колониялардың ерекше құқық жүйесін қалыптастырды және қоғамдық қатынаста белсенді реттеуші ретінде  қатысты.

АҚШ-тың күш жинаған құқықтық жүйесі, егер оның территориясында өмір сүрген испандық, голландтық, француздық және өзге де колониялардың әртүрлі құқықтық жүйесін еске түсіретін болсақ, одан әрі анық болады.

Олардың  барлығында тек жергілікті саяси және әлеуметтік – тұрмыстық колорит қана емес және әртүрлі метрополит заңнамасынан да із қалды.

Осылайша қазіргі Луизиана штатында, мысалға – 1803 жылы АҚШ-қа қосылған испан және француз колонияларының құқықтық жүйесін қалыптастырған заңнамалық актілердің әсері айрықша болды. Әсіресе, бұл Наполеон кодексіндегі тұжырымдар мен жағдайлардың күшті әсерінен пайда болған азаматтық құқыққа қатысты.

Бір кездері Мексикадан шеттетілген, территорияда орналасқан Нью-Мексико, Невада, Техас және басқа да штаттардың заңнамасына испанның құқық жүйесі әсер еткен.

Айтылғандардың барлығы АҚШ-тың құқықтық жүйесінде және бөлек штаттарында шетел құқық жүйесі басты орын алады дегенді білдірмейді. Бұрынғы британ колониялары тәуелсіз деп жарияланғаннан кейін өзінің «ағылшын өткендерімен» күресе отырып, ағылшын құқықтық теориясымен тәжірибесі өзінің негізгі постулаттарын ағылшындандыру жолының біршама жетістіктеріне жетті.

Осы жолдағы  негізгі кезең болып  ағылшын конституциясы табылды.  Ол тек қана қайта құрылған елдің мемлекеттік және қоғамдық-саяси ретін ғана бекітіп қоймай, оның алдағы дамуына бағыт бағдар жасады.  Америкалық Конституция-бұл тек заңдық емес сонымен қатар, саяси, әлеуметтік және идеологиялық құжат. Онда мыналар белгіленеді және мемлекеттік органдардың жүйесі заңнамамен бекітіледі: саяси қоғамның институттары, азаматтардың бостандықтары мен Конституциялық құқығының жиынтығы, билікті бөлу қағидасы және т.б. мемлекеттік-құқықтық қағидалар. АҚШ-тың барлық құқықтық жүйесі, сонымен қатар 50 штаттың құқықтық жүйесі АҚШ Конституциясымен реттеледі.

 

          3  Жалпы құқықтың негізгі қайнар көздері: түсінігі, түрлері. Ежелгі Вестминстерлік сотпен және концелярлық сотпен шығарылған Ағылшын құқығы өзінің шығу тегі бойынша ған сот тәжірибесінің құқығы емес. Континетке қарағанда Англияның университеттердің әсер етуімен доктриналардың беделі төменірек болды. Жалпы құқытың қарастырылуы заңнамамен кодификация ретінде жүзеге асырылған жоқ, ағылшын құқығы құқықтың қайнар көзіне қатысты өзінің алғаншы қалпы мен құрылымын сақтап қалды. Бұл қарапайым прецеденттік құқық, оны оқып білуді сот тәжірибесін оқып білуден бастаған жөн.

       Сот прецеденті.

       Аналогиялық жұмысты шешудегі әкімшілік немесе басқа сот шешімі. Басқа сөзбен айтсақ бір уақытта шығарылған шешім келесі аналогиялық жұмыстарға міндетті норма болып табылады.

       Заң.

       Сот тәжиребесінің қатарындағы Ағылшын құқығының екінші қайнар көзі заң болып табылады. Заң сот тәжиребесінің талаптарының әсерінен қалыптасты. Бізге белгілі болғандай Англияда жазылған Конституция жоқ, ал олардың Конституция деп санайтындары билікті шектейтін азаматтардың негізгі бостандықтарына кепілдік беретін заңнамалық нормалар кешені. Классикалық теория заңда қосымша қайнар көз тараптарын көреді. Осы теорияға сәйкес сот тәжиребесімен жасалған құқыққа тек бір қатар толықтырулар мен өзгертулер енгізеді. Тәуелсіз орган — Парламентпен шығарылған заңдар толық құрметті қажет етеді және судьялармен дәл қолданылуы қажет. Осы жерден Парламент актісі өздері сот прецедентіне айналатын сот талқылауын қажет етеді. Делигироваланған заңнаманың жоғарғы нысаны болып корона мен құпия кеңесінің атынан шығарылатын Үкімет актісі-«кенестегі бұйрық» саналады. Көптеген делигироваланған заңнамалар министерстволармен және басқа басқару органдарымен Парламенттің өкілеттігі бойынша шығарылады.

         Әдет-ғұрыптар.

         Сот тәжиребесі мен заң қатарында Ағылшын құқығының үшінші қайнар көзі-бұл әдет ғұрып. Әдет-ғұрыптың мағынасы қосымша болып келеді. Ағылшың құқығы қарапайым құқық емес. Англияда қарапайым құқық болғанымен, ол жалпы құқық пайда болғанға дейін ғана қолданыста болды,  ал жалпы құқық – бұл сот тәжірибесінің құқығы. Қазіргі уақытта әдет-ғұрып ағылшын құқығында шектелген мағынаға ие. Қазіргі замаңға дейін қолданылып жүрген 1265 жылғы заң 1189 жылға дейінгі заңдар ескі заңдар екенін нақтылайды. Әдет-ғұрыптардың ескі болу талаптары жергілікті әдет-ғұрыптарды ғана қамтиды, сауда әдет-ғұрыптарына бұл тәртіп қолданылмайды.

        

         Доктрина.

         Континентке қарағанда Англияда доктрина мағынасы бағаланбайды, себебі Ағылшын құқығы судьяларға қарағанда ғалымдарға міндетті. Дегенмен кейбір судьялармен жазылған доктриналдық еңбектер беделді кітап квалификациясын алды: Кок, Литлтон, Глэмвилла шығармалары үлкен жетістіктерге жетті. Олардың өз дәуіріндегі құқық мазмұны соттарда беделге ие болды. 19 ғасырда доктрина ролі өзгеріп, арта бастады. Заңгер студенттер қазіргі кезде университеттерде білім алады.  Олар құқықты, заңгер тәжірибешілердің жұмыстарымен танысқанынан гөрі, көбінесе ғалымдардың еңбектерін оқып, дәрістерін тындап, оқулықтармен жұмыс жасап құқықты оқиды. Сондықтан доктринаға жаңа қатынас пайда болады.

 

         4   Прецедент жалпы құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде.  Басқа құқықтық отбасылардан жалпы құқытың отбасының ерекшелігі: Сот прецедентінің танылуы. Прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде тануы сотқа фактілік түрде құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Прецедент тәртібі Англияда дәстүрлі түрде «қатыгез» деп қаралды.

         АҚШ-қа қарағанда сот инстанциясы бұрынғы жасалған прецеденттен бас тарта алмайды. Ол жоғары тұрған инстанциямен немесе Парламент актісімен ғана өзгертіле алады.

         Жоғарғы инстанцияның өзі, Лордттар палатасының өзі 60 жылдардың ортасына дейін бұрынғы өздері шығарған шешімдермен байланысты болды, нәтижесінде кей кезде бұл жағдай амалсыз жағдайға әкеп соғып тұрды.

         1966 жылы лордттар палатасы бұл қағидадан бас тарты. Прецедент тәртібі судьяны шектейді деген, көбіне алдамшы болды. Кейбір жұмыстардың толық сәйкес келіп қалуы жиі кездеспейді, осындай жағдайда ұқсастығын судья өз қарауына шешеді. Сондықтан қай прецеденттік норманың қолданылуын судья шешеді.

        Судья осындай жағдайлардың ұқсастығын бірінші қарағанда,  көрінбесе де анықтай алады. Тіпті, ол қандай да болмасын ұқсастықты да таба алмауы мүмкін және егер статуттық құқықтың нормаларымен реттелмеген болса, онда судья өзі прецеденттің құқығының нормаларын жасайды, яғни заң шығарушы ретінде танылады.

          Сот шешімінің құрылымы.

          Сот шешімі әдеттегідей ашылған және өзіне қосады:

  1. дәлелдеме қорытындысын;
  2. даулы фактілері бойынша судьялардың ойы;
  3. сот шешімін шығарғанда қолданылатын себептер;
  4. сонымен, құқықтық қортындылар.

        Шешім негізделген сот шешімінің құқықтық жағдайы ғана прецедент болып табылады. Тек ол ғана міндетті сипатқа ие, сот шешімінің қалған бөлігі міндетті түрінде қаралмайды.

 

Әдебиеттер: 1,  33-34б.;   3,  613-721б.;  4, 11-22б.

Бақылау сұрақтары:

  • Жалпы құқықтың қандай негізгі ерекшеліктері мен белгілері оған айырмашылық сипат беерді?
  • Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
  • Англияның шегінен тыс жерлерде жалпы құқықтың экспансиясының процесінің ерекшеліктерін айтып өтіңіз?
  • Жалпы құқықтың қайнар көздерінің жүйесіне сипаттама беріңіз.
  • Сот прецедентімен не түсініледі, оның жалпы құқықтағы рөлі қандай?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *