Жоспар:
9.1.Азаматтардың құқықтық қауіпсіздігі.
9.2. Қоғамдық қауіпсіздік және адамның құқығы.
9.3.Жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Қауіпсіздіктің негізгі нысандары: жеке адам – оның құқықтары мен бостандықтары;
Қауіпсіздік — 1) қауіп-қатерлерден қорғаные; 2) нысанның, қүбылыстың немесе процестің басқа нысандардың, қүбылыстардың немесе процестердің тарапынан болатын кері ықпалдарына қарамай өзінің негізгі белгілері мен мәнін қорғау, сақтау қабілеті; 3) аса ауыр зиян немесе залал келтіру мүмкін емес нысанның қалпы; 4) қызмет етуі барысында жағымсыз өзгерістерге үшырауы мүмкіндігі аса жоғары емес нысанның тұрақты дамуының қалпы; 5) қауіпті тудыратын факторлар әрекетін шектеу, қауіп-қатердің аса жоғары емес деңгейі (қауіп-қатерден қорғаныс деңгейі); 6) басқа нысандарға аса қауіпті залал, зиян тигізуі мүмкін емес нысанның қалпы. «Қауіпсіздік» үғымын осылайша түрлендіру, оның адам өмірінің көптеген нысандарына, процестеріне, қүбылыстарына қатысты қолданылуына байланысты
Құқықтық мәдениеттің жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын қамтамасыз етеді және кез келген заңдылық бұзушылықтарға, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуін қалыптастырады. Ол, ең алдымен, халықтың құқықтық санасын дамыту деңгейіне байланысты.
Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері құқықтық насихатты (қоғамдық заң білімін жандандыру) кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға бағытталады.
Қазақстандық қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл ретте таяудағы онжылдықта мемлекет халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері
Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.
Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:
1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);
2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);
3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);
4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).
Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі.
Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысаінында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстарына қатысты жасалса, бұзақылық деп сараланбайды. Бұзаақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін.
Бөтеннің мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.
Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.