Дәріс жоспары:
- Шет мемлекеттердің әлеуметтік саясатқа араласу дәрежесі
- Шет елдерде денсаулық сақтау саласын қолдау
- Шет елде білім беру саласын жетілдіру
- Шет мемлекеттердің әлеуметтік саясатқа араласу дәрежесі
Нарықтық механизмнiң және институттардың сақталу негiзiнде, мемлекет функциясының кеңейтiлуi қазiргi заманғы қоғамда әлеуметтiк-экономикалық процестердiң қиындықтарынан туындап отыр. Қазiргi қоғамның көптеген негiзгi мәселелерi тек нарықтық механизiмнiң жолымен тиiмдi шешiлуi мүмкiн емес. Бұл ең алдымен, экономикалық өсiмнiң маңызды көзi болған әлеуметтiк сфераға қатысты жағдайды нығайту. Яғни, өмiр сүрудiң деңгейi, бiлiм, еңбек күшiнiң бiлiктiлiгi, халықтың денсаулығы, қоршаған орта және ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесiн экономикалық өсудiң қарқынына және сапасына тiкелей ықпалын тигiзедi.
Заман талабына сәйкес бұл аталған факторлардың маңыздылығы арта түседi. Мемлекеттiң маңызды қызметiнiң бiрi — нарықтық тиiмдiлiк пен әлеуметтiк теңдiк арасында тепе-теңдiктi сақтау. Принциптi түрде қойылған мiндеттiң ел экономикасына таңсық құбылыс ретiнде енуi мүмкiн емес. Бұл әлеуметтiк нарықтық экономиканың моделi нарықтық заңмен қызмет етiп, мемлекеттiң белсендi араласуы негiзiнде қызмет атқаратын экономикалық жүйе болып табылады.
Көптеген дамыған мемлекеттердiң белдi кәсiпорындары түскен пайдаларын жұмысшылары үшiн медициналық сақтандыруға бағыттайды. Егер халыққа көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң көлемiн қаржыландыруды 100% деп есептесек, онда мемлекеттiк бюджет арқылы АҚШ, Швеция, Финляндия және басқада мемлекеттер 7-63%-ға дейiн қаржыландырады.
Бiрақ, мәселен, адамияның (германияның) экономикалық моделiнде мемлекет экономикалық мақсаттарды орындамайды — бұл мәселе индивидуалды нарықтық шешiмдердiң шеңберiнде жатады; мемлекет экономикалық бастамалардың жүзеге асырылуына белгiлi бiр құқықтық және әлеуметтiк жағдайлар жасайды. Осындай шеңбердегi жағдайлар азаматтық қоғамда және индивидтардың әлеуметтiк теңдiгiнде (құқық теңдiгi, құқықтық қорғау) орындалады. Мемлекеттiң басты мақсаты нарықтық тиiмдiлiк пен әлеуметтiк теңдiк арасындағы тепе-теңдiктi сақату болып табылады.
Мемлекеттiң экономикаға араласуы қарапайым түсiнiкпен тұжырымдалады: мемлекет нарықтық қатынастардың мүмкiндiк әрекетiнен тыс шараларды iске асыруы қажет.
Әлеуметтiк нарықты экономика тәжiрибесiнен Қазақстан экономиасына қажеттi тәжiрибесi ретiнде бәсекелестiң жан-жақты дамуын жетiлдiру. Бұл ұлттық экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн әлеуметтiк саясат контекстiнде жетiлдiруiне маңызды экономикалық теория болып табылады.
Шектеулi қорлар жағдайында маңызды мәселе, әлеуметтiк саясатты жүзеге асыруға қажеттi шығындар мен өндiрiстiң дамуына жұмсалатын қаржылардың арасындағы тиiмдi қатынасты реттеу болып табылады. Бұл ара қатынастың тепе-теңдiгiнiң бұзылуы әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң бұзылуына әкелiп соғады.
Сондықтан әлеуметтiк экономика-экономикалық өсiмнiң механизiмiнiң тиiмдi пайдалануына және халықты әлеуметтiк қорғау мен қамтамасыз етуге жағдай туғызады. Бұл кезеңде келесi қиын мәселе туындайды, яғни нарықтық экономика принципiн әлеуметтiк бағдарламаларды жүзеге асыру шараларымен үйлестiру.
Жоғарыда шет елдердiң жалпы әлеуметтiк саясатқа байланысты араласуының қаншалықты деңгейде болғаны жайлы талдау жүргiзу келе, нақтылай алғанда әлеуметтiк сфераны реттеудiң әр саласына байланысты, яғни денсаулық сақтау мен бiлiм беру саласына қажеттi шет елдiк тәжiрибенi қарастыратын болсақ, ол төмендегi ақпараттарға және талдау негiзiнде көрiнiс тауыр елдегi әлеуметтiк сфераны реттеудiң тиiмдi жақтары қарастырылады. Зерттеу жұмысындағы объект болып денсаулық сақату мен бiлiм беру саласы табылғандықтан осы екi салаға байланысты мемлекет тарапынан реттеудiң кейбiр қырларына тоқтала кетейiк.
- Шет елдерде денсаулық сақтау саласын қолдау
Денсаулық сақтау жүйесiн реттеудiң мемлекет тарапынан басымдылығы тек Ұлыбритания мемлекетiнде кездескендiгi ақпарат көздерiнде ашылып жазылып келедi.
Денсаулық сақтау жүйесiнiң Ұлыбританияда Ұлттық денсаулық сақтау жүйесi қызмет атқарады. Денсаулық сақтау қызметiмен дәрiгерлiк көмек екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн ақысыз берiлiп отырған. Содан кейiн тiс емдеу, дәрi-дәрмек сатып алу 50% мөлшердегi жүйе енгiзiлдi. Орта есеппен алғанда емдеу құнының 10%-ын өз қаражаттары бойынша төлеген. Жүмыс iстейтiндердiң барлығы мiндеттi медициналық сақтандыруға кiредi. Сақтандыру жарналары табыстың мөлшерiне тәуелдi. 1983 жылдың сәуiр айынан бастап ауруға бөлiнетiн жәрдем ақының мөлшерi еңбек ақының 69-72%-ын құраған. Бұл мөлшер еңбек ақының мөлшерiне керi пропорционал және жұмыс берушi тарапынан бiр жылда 8 апта көлемiнде бөлiнiп отырады. Егер жұмысшының ауру күнi ұзақ болған жағдайда, бұл жәрдем ақыны жұмыс берушiнiң Ұлттық сақтандыру жүйесiне бөлген қаражаты арқылы iске асырылады. Егер қарапайым ауру кезiнде Ұлттық сақтандыру жүйесi тарапынан жұмыс берушiге артық қаражат мөлшерi қайтарылады, ал кәсiптiк ауру мен өндiрiстiк жарақат кезiнде ол қаражат қайтарылмайды. Аталған сақтандыру жүйесiнiң кейбiр жағдайлары бiздiң жеке сақтандыру компанияларымен ерiктi сақтандыру жүйесiне кiретiн ұйымдар арасында пайдалануы мүмкiн. Дегенмен денсаулық сақату жүйесiнiң мемлекет тарапынан реттелуi және басқарылуы бұрынғы КСРО-дан кейiн осы мемлекетке тән. Денсаулық саласына жұмсалынған қаражат мөлшерi мемлекеттiк бюджеттен басқару вертикалiмен таратылады. Орталықтанған қаржыландыру емдеу құнының бағасының жоғарлауына тежеушi фактор болып табылады.
Денсаулық сақтау саласының мәселелерiн шешудегi белгiлi-бiр деңгейдегi үлестi алып отыратын сақтандыру жүйесiнiң принциптерi. Ол негiзiнен бiр заңмен реттелiнетiн және әлеуметтiк сақтандырудың барлық жүйесiмен тығыз байланыста. Сақтандырушы мен сақтанушыға сақтандыру қаражатын пайдадануға байланысты бақылауға мүмкiндiк құқы берiлген. Сақтанушының құқында емдеу-сауықтыру мекемелерiн және дәрiгерлердi таңдау орын алады. Бұл жүйедегi қаражат көзiнiң құрылуы үш деңгейде қалыптасады:
1.Кәсiпкерлердiң табыстан бөлiнетiн (салық) сақтандыру жарнасы арқылы.
- Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек ақысынан бөлiнген сақтандыру жарнасы арқылы.
3.Мемлекеттiк бюджет тарапынан бөлiнетiн сақтандыру жарнасы есебiнен немесе әлеуметтiк жәрдем ақы арқылы қалыптасады.
Әлеуметтiк медициналық сақтандырудың дамыған жүйесi Германияда орын алып отыр. Бұл жүйе 1883 жылы Бисмарктiң ұйымдастырылуымен құрылып, бүкiл Европаға таралған. Мiндеттi сақтандыру жүйесi өз қызметiн коммерциялық емес сақтандыру ұйымы болып табылатын — ауруханалық кассалар арқылы iске асырады. Бұл тәуелсiз өзiн-өзi басқару ұйымдарының құрылымы заңды түрде анықталынып, бiрнеше кассалардың түрiне бөлiнедi: жергiлiктi (сатанған жанұялардағы жұмыс iстемейтiндерге арналған), өндiрiстiк (жұмыс орнына байланысты), теңiз, ауылшаруашылық және эрзацкассалары (көбiне қызметкерлерге арналған). Олардың қызметiне бақылау және басқару функцияларын үкiметтiк агенттiктер жүргiзедi.
Европаның Франция, Бельгия, Нидерланды, Дания мемлекеттерiнде денсаулық сақатудың мәселелерi басым көпшiлiгi мiндеттi медициналық сақтандыру қорына және кейбiр халықтың өкiлдерiне ерiктi мемлекеттiк және жеке сақтандыру қорларының үлесiне тиiп отыр.
Сақтандыру жүйесiне үлестiк жарнаның мөлшерi еңбек ақы мөлшерiнен және еңбек ақы қорынан жұмсалынады.
Финляндия мемлекетiнiң барлық халқы медициналық сақтандыруға жұмылдырылған. Медициналық қызметтiң 60%-ын пациенттердiң өзi қаржыландырады, 75%-ы диагностикалық зерттеулер, 50%-ы дәрi-дәрмекке жұмсалынады. Жалпы медициналық қызметтiң 39%-ын мемлекет қаржыландырады, 31,5%-ын қоғамдастықтар, 95%-ын — ауруду сақтандыру қызметтерi, 19%-ын — пациенттердiң өз қаржысы арқылы төлейдi.
Мәселен Францияда 5,5-13,45%, Нидерландыда 5,35-13,51%, Бельгияда 2,90-5,55% мөлшерiнде. Аталаған барлық мемлекеттерде сақтанған халық өкiлдерi, әдетте төлейтiн сақтандыру жарнасынан тыс, кейбiр медициналық қызметтер құнының өз қаражаттары есебiнен 20-30% төлеген. Сонымен қатар бұл мемлекеттерде өндiрiсте кездейсоқ жағдайлар, яғни өндiрiстiк жарақат, кәсiптiк ауруларға ақысыз қызмет жасалынады. Ақшалай қаражат еңбекке жарамдылық деңгейiнiң әр түрлiлiгiне байланысты берiледi, ал ақшалай қаражаттың мөлшерi медициналық комиссияның жасаған қорытындысы бойынша өзгеруi мүмкiн. Ұлыбританияға қарағанда бұл мемлекеттерде денсаулықты сақтандыруға байланысты ауқымның кеңейуi көп тараған.
Денсаулық сақтау қызметiне байланысты құрылған Францияның моделiнiң медициналық сатандыру жүйесi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiмен тиiмдi байланыста қызмет атқарады. Әлеуметтiк сақтандыру қорында 20-дан аса сақтандыру түрлерi бар, ал медициналық — ауру бойынша уақытша жұмысқа қабiлетсiздiктен, бақытсыз жағдайдан, туу және т.б. жағдайлардан сақтандыру түрлерi бар. Заң жүзiнде бұл сақтандыру түрлерiмен халықтың 80%-ы қамтылған. Сақтандыру жүйесiнiң сақтандыру құрамына кiретiн 90-нан аса сақтандыру компанияларына жалпыұлттық ұйымдар арқылы бақылау жүргiзiледi. Ұлттық деңгейде құрылған әлеуметтiк сақтандыру қорлары денсаулықты мiндеттi түрде сақтандыру бағдарламаларын қаржыландырады. Қаржы қорының жиналуы, сол қордың 90% көлемiн құрайтын сақтандыру салығын енгiзу нәтижесiнен пайда болады. Осыған сәйкес сақтандыру салығы еңбек ақы қорының 60%-дық мөлшерiн құрайды.
Мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудан тыс көптеген қосымша сақтандыру қорларымен әлеуметтiк көмектiң жергiлiктi қорлары қызметтерiн атқару үстiнде. Әлеуметтiк көмек жасайтын қор арқылы 2%-дан асатын сатанбаған халық өкiлдерi медициналық жәрдем қабылдайды.
Жапонияның қазiргi уақыттағы қоғамдық денсаулық деңгейi өте жоғарғы көрсеткiштермен сипатталады. Өмiр сүру ұзақтығы — 80 жас (Қазақстанда 63,5 жас), Балалардың қайтыс болу коэффициентi -10 000 туылған адамға 4,4 -ке тең болып дүние жүзi бойынша ең төменгi көрсеткiшке ие болып отыр. Бұл жетiстiктер Жапонияның медициналық сақтандыру жүйесiн тиiмдi ұйымдастыруының нәтижесi болып табылады. Және әлеуметтiк көмек жөнiнен қарт адамдадың үйлерiнде медициналық көмектi ұйымдастыру алға қойылғaн.
АҚШ-тың денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттiк саясаты. Алып мемлекет ретiнде американдық тәжiрибеге сәйкес денсаулық сақтау саласындағы саясат жалпы әлеуметтiк көмектi ұлғайтумен барлық мәселенiң шешiлуiн қамтамасыз етпейдi. Ол үшiн денсаулық салысын ұйымдастыру саясаты қажет, яғни қажеттi медициналық қызметке нақтылы төлемдi қамтамасыз ететiн. Нақтылы баға аталған процесте қызмет атқаратын монополиялық жағдайдың тыйым салынуымен қатар, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгiнде бекiтiлуi тиiс. Ал, монополиялық режимнiң орын алуы қоғамның бұл әлеуметтiк көмекке жеткiлiксiздiгi байқалады.
ХХ-ғасырдың соңғы ширек ғасырынан бастап америкадағы денсаулық сақату саласы екi шешiлмеген проблемаларға кезектi- медициналық қызметтiң қымбатшылығы және жалпы кепiлденген медициналық көмектiң жоқтығы. Медициналық қызметiтң құнынан басқа тауарлармен қызметтердiң бағасынан жоғарлауы байқалды. Соның нәтижесiгде АҚШ денсаулық саласына (адам басына есептегенде) жұмсаған қаражат Батыстың дамыған мемлекеттерiмен салыстырғанда 2-3 есе көп шығындалады.
АҚШ-тың азаматтары жеке және жанұялық денсаулық сақтандыру жүйесiмен қамтамасыз етiледi. Медикейр — ұлттық сақтандыру бағдарламасымен 65 жатан жоғары зейнеткер жасына жеткен адамдарға арналған. Медикейд — балаларға және әлеуметтiк жағдайы төмен халықтың өкiлдерiне қызмет көрсетедi. Қайырымдылық қорлары мен штаттар арқылы қаржыландырылатын медициналық мекемелер ақысыз қызмет көрсетедi. Жалпы бұл мемлекет бойынша сатанушылар мен қатар зейнеткерлер арасында ұзақ және күрделi аурулардың пайда болу себебiнен толыққанды медициналы көмек алуға көптеген қиындықтар кездеседi. Зейнеткерлердiң медициналық көмекке сатанған жұмысшылармен салыстырғанда 3,5 есе жиi келедi, ал сақтанушылар медициналық көмекке сирек жүгiнгендiгiне қарамастан, медициналық көмектiң қымбатшылығына байланысты белгiлi-бiр деңгейде қаржылық қиындықтарға тап болған.
Сонымен, бiздiң елге АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының жүйесiнiң жеке сақтандыру принципiнiң дамып тұрақты түрде қалып отырғандықтан бiздiң елге қажеттiлiгi жоғары емес.
Сонымен, қорыта келгенде принциптi түрде айырмашылықтары бар үш маңызды денсаулық сақату жүйесiн қарастырдық.
1.Мемлекет тарапынан реттеудiң басымдылығы — Ұлыбританияда орын тауып отыр.
2.Сақтандыру жүйесiнiң басымдылығы Европаның мынадай мемлекеттерiнде орын алады: Германия, Франция, голландия, Австрия, Бельгия, Швейцария, Нидерланды, Дания және Латын Америкасының бiрқатар мемлекеттерi.
3.Жеке сақтандыру қорлар жүйесiнiң басымдылығы-АқШ-қа тән.
Жоғарыда көрсетiлген денсаулық саласын реттеу принциптерiнiң аталған мемлекеттердiң еш бiреуiнде толық күйiнде сақталу механизмi кездеспейдi. Сонымен қатар, бұл принциптердiң, мәселен мемлекет тарапынан реттеудiң басымдылығы көбiрек болып немесе сақтандыру принципiнiң денсаулық мәселесiн шешуге үлкен үлесiнiң орын алуы кездеседi.
Батыс Европаның денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға байланысты ерiкшелiктерге келетiн болсақ, оның негiзгi көзi болып табылатын мемлекеттiк бюджет. 1993 жылы мемлекеттiк қаржының үлесi денсаулық сақатуға жұмсалған жалпы шығынның 4/3 бөлiгiн құраған. Бұл қаржыландырудың пропорциясы Норвегияда 93,3%-ын құраса, одан төменгi мөлшер Люксембург, Бельгия, Исландия, Бiрiккен корльдiк және Данияда 80% жалпы денсаулық сақтауға жұмсалған шығынның көлемiн мемлекеттiк бюджет қамтамасыз еткен. Одан төмен деңгейдi Португалия -55%-ық мемлекеттiк үлеске тиесiлi болған.
Бұл мемлекеттер арасында стационарлық, амбулаториялық және дәрi-дәрмекке жұмсалынған шығындардың әртүрлiлiгi ондағы ұйымдастырушылық және қаржылық механизмдердiң ерекшелiгiмен түсiндiрiледi. 1993 жылы Люксембургте амбулаториялық емдеуге денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығынның жартыға жуық мөлшерi жұмсалынса, Бельгия, Дания, Швейцария және Франция мемлекеттерiнде аталған шығын — 30%-ды құраған, ал Испания небәрi-15%-ды жұмсаған. Дәрi-дәрмекке қажеттi шығын бұл мемлекеттерде ЖIӨ-нiң өсу қарқынынан жоғары қарқында өскен. Франция мен Германияда дәрi-дәрмекке бұл ммелекеттерде көп шығын жұмсалынады, ал Германия денсаулық сақтауға қажеттi қаражаттың 17%-ын осы дәрi-дәрмекке жұмсаған.
Орталық Шығыс Европаның (ОШЕ) денсаулық сақтауға жұмсаған шығының мөлшерi ЖIӨ-нен экономикалық жағдайлардың мүмкiндiктерiне байланысты 1994 жылғы мәлiметтерге сәйкес Албанияда 2,8%-дан Словенияда 7,2%-ға дейiнгi шығынды қамтиды (сурет 3). Бұл көрсеткiштер Батыс Европамен салыстырғанда орта есеппен алғанда төмен, бiрақ ОШЕ елдерi өздерiнiң табыс деңгейiне қарамастан ұлттық табыстарының көп бөлiгiн денсаулық сақтау салаларына жұмсайды. Ашық экономикаға көшу кезеңiнде бұл үлестiң мөлшерi өсе түскен. ЖIӨ-нiң нақтылы өсiмiн күрт төмендеуiне қарамастан 1987-1994 жылдары, денсаулық сақтауға жұмсалған нақтылы шығын мөлшерi ЖIӨ-нiң өсу қарқынын өсiп немесе одан баяу қалыпта қысқарып отырған.
Бұл мемлекеттердегi медициналық персоналдарға жұмсалған шығын мөлшерiнiң қысқартылуы жалпы денсаулық сақтауға жұмсалған шығынның қысқартылуымен байланысты емес. Медициналық персоналдарға жұмсалған нақтылы шығынның мөлшерi денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттiк шығынның мөлшерiне тәуелдi болып, өзгерiп отырған. Мәселен, Венгрияда медициналық персоналдарға нақтылы мемлекеттiк шығыны медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзгеннен кейiн 20%-ға өскен, ал бұл өз алдына дәрiгерлердiң табысын көтерудi мақсат еткен, сақтандыру жүйесi жетiстiкке жетiт десе болады. Бiрақ, кейбiр мемлекеттерде денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттiк шығынның қысқаруына байланысты дәрiгерлердiң жалақысына жұмсалынатын қаражат мөлшерi де төмендеген. Кейбiр мемлекеттерде медициналық қызметкерлер, оның iшiнде фармацевттер мен тiс дәрiгерлерi жекеменшiк секорға ауысты, ол өз алдына мемлекеттiк қаражаттың қысқаруына әкелiп соқты, ал кейбiр мемлекеттердiң медицина қызметкерлерi мемлекеттiк секторда қала бередi. Бұл денсаулық сақтаудағы өзгерiстердiң себебi қызметкерлер санының жаппай қысқаруынан емес, сiрә нақтылы еңбек ақыларының төмендеуiмен байланысты болуы мүмкiн. Польша. Денсаулық сақату саласын бюджеттiк қаржыландыру принципiнен бас тартып, тек қаржыландырудың медициналық сақтандыру формасына ауысуды қалады. Яғни, әр жыл сайын мемлекеттiк бюджеттi бекiту барысында болатын бұлыңғыр саясаттың орнын, халықтың ақшалай табысынан тәуелдi қаржылардан денсаулық сақтауға қажеттi қордың құрылуына сенiм бiлдiрiлдi.
- Шет елде білім беру саласын жетілдіру
Шетелдiк тәжiрибенiң әлеуметтiк сфераның реттеу ерекшелiктерiнде, оның iшiнде бiлiм беру саласындағы ерекшелiктерi әр түрлi. Экономикалық дамудың әсерi дамыған мемлекеттерде бiлiм беру саласын қаржыландыруға байланысты жұмсаған шығындары өте көп мөлшерде жұмсалынады. Мәселен, АҚШ ЖҰӨ-нiң 8%-ын жұмсайды, ал сәйкесiнше Жапония ЖҰӨ-нiң 6,5%-ын, Ұлыбритания-5%. ЮНЕСКО-нiң мәлiметтерiне негiзделсек, ЖҰӨ-нен бiлiм беру саласына 7%-дан төмен қаржыландыру жүргiзiлсе, қоғамның құлдырауына әкелiп соғады.
Көптеген мемлекеттерде қаржыландыру механизмi таңдаулы әдiс арқылы жүргiзедi, яғни алдын ала қандай мақсатқа жұмсалуы тиiстiгiн анықтап, оның қандай нәтиже беретiнiн жоспарлау арқылы iске асырады. Бiлiм беруге байланысты арнайы қорлар құрады, негiзiнен қаражат бөлу қызметiн атқарумен айналысады. Олар жоғарғы оқу орындарымен өнеркәсiп арасында тығыз байланыстың дамыған жағдайында және зерттеу жұмыстарының өнеркәсiп арасында байланыстың өсуiнде салық төлеуден босатылады немесе белгiлi-бiр жеңiлдiктер берiледi.
Ұлыбританияда қаржыландырудың көздерiн кеңейту мақсатында мемлекеттiк емес қорлар, үкiметтiк жәрдемдер (субсидия), бiлiм беру және т.б. қызметтер жасалынады. Жоғарғы оқу орындары мен өнеркәсiптiк ынтымақтастығы маңызды фактор болып табылады, себебi ондағы ескеретiн жағдай ретiнде экономиканың дамуына тiкелей әсер ететiн салалардың қажеттiлiгiн қанағаттандыратын сапалы, бiлiктi мамандардың қызмет жасауы және ғылыми жұмыстардың өнеркәсiпте пайдалануы маңызды болғандықтан, жоғарғы оқу орындарын дамыту саясатын жетiлдiру жалпы экономикалық өсiмге әсер етеiн бiрден-бiр фактор болып орын алатындығын басымды бағытқа қою мақсатты шара.
Қытайда, әр жоғарғы оқу орнына бiрден немесе екiден фабрикалар бекiтiлiп, оның нәтижесi екi жаққа тиiмдi болады және жалпы табыстың өсуiне ықпалын тигiзедi. Бiлiм саласын реттеудiң шет елдiк тәжiрибесiндегi жағымды жақтарының қатарына жоғарғы оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттары арасындағы ынтымақтатық, яғни дәрiс беретiн пәндердiң мазмұны, сапасы және ерекшелiгi жаңашылдықпен ерекшеленуi тиiс.
Жоғарғы оқу орындарын шетелдiк тәжiрибеде орталықтан және орталықсыз деңгейде реттеудiң шаралары орын алады. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Канада және Швейцарияда жергiлiктi басқару органдарының құзiретi шеттелiп, орталықтан реттеудiң басымдылығы артып келедi. Конституция бойынша бұл мемлекеттерде бiлiм беруге байланысты өкiлеттiлiк жергiлiктi басқару органдарына берiлген болатын. Себебi, ол органдар орталықтан басқару деңгейiне кiрген болатын. Алдыңғы позицияда федерация субъектiлерiнiң бiлiм беру министрлiктерi орын алады. Ал, федералдық министрлiктер деген мүлде қызмет жасамайды (Канада, Швейцария) немесе шектеулi өкiлеттiлiк жүргiзедi (АҚШ, Германия). Ұлыбританияда орталық деңгейде бекiтiлген бiрегей ұлттық бiлiм жоспарлары жергiлiктi деңгейде бекiтiлуге көшкен. Көптеген мектептер орталықтан қаржыландырылатын статусқа ие болды. Бұл дегенiмiз жергiлiктi басқару органдарының бақылауы және өкiлеттiлiк функциялары әлсiзденуiне себепкер болды.
Орталықтан басқару жүйесi дамыған мемлекеттерде (Франция, Швеция) орталықтандырусыз басқару жүйесiне, яғни жергiлiктi басқару органдарының құзiретiне берiлу көзделген. Бiрақ, жауапкершiлiгi жөнiнен мемлекет өзiнiң мiндетiн сақтап қалып отыр.
Мемлекеттiк реттеудiң қандай деңгейде болмасын шет мемлекеттерде орталықтандыру және жергiлiктi басқару органдары арқылы реттеудiң функциялары әр мемлекеттiң жергiлiктi бюджеттiң экономикалық жағдайына тәуелдiлiктiң себебiнен, аралас реттеудiң жолдары кездесетiнi анық. Осыған байланысты Қазақстан Республикасына тиiмдi реттеудiң жақтарын жетiлдiруге байланысты шетел тәжiрибесiн толық пайдаланудың қажеттiгi аз.
Қорытындылай келгенде, денсаулық сақату саласын реттеуге байланысты шет елдiк тәжiрибенiң тиiмдi жақтары ретiнде тек мемлекет пен сақтандыру принципi арасындағы ара қатынастың халықтың табыс деңгейiнен тәуелдiлiгi арқылы пропорцияны ұстау ғана қажеттi.
Ұлыбританияның тиiмдi жағы медициналық сақтандыру жүйесiн мемлекеттiк реттеудiң басымдылығы қызықтырады. Ондағы сақтандыру жарналарының жоғарылығы халықтың өмiр сүру және өмiр сүру сапасының жоғарғы деңгейiне байланысты болғандықтан, оның халықтың басым көпшiлiгiне таратылуы әбден мүмкiн. Ал, елдегi әлеуметтiк сапалы өмiрдiң төмендiгiнен, әлеуметтiк инфрақұрылымның әлсiздiгiнен мемлекеттiк бюджет арқылы қаржыландырудың сақталу қажеттiлiгi маңызды.
Германияның ауруханалық кассаларының бiзге пайдаланудың қажеттiлiгi жоқ, себебi экономикалық салалардағы жағдайдың тұрақсыздығына, дамудың әр түрлiлiгiне байланысты жеке салағ кассаның ашылуы денсаулық сақтауға байланысты шараларды орындауға мүмкiндiгi жетiспейдi.
Бiлiм беру саласына қатысты реттеудiң тиiмдi жақтары бiлiм беру саласының стратегиялық дамуына маңыздылығы орасан зор. Үзiлiссiз бiлiм беру процесiн жалғастыру мақсатында, жоғарғы оқу орындарының тиiмдi қызмет атқаруын және мамандардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету мақсатында Қытай тәжiрибесiнiң пайдалы жағы көңiл аудартады. Ондағы маңыздылығы жоғарғы оқу орындарының белгiлi бiр салаға сәйкес өнеркәсiп кәсiпорындарына бекiтуi қызықтырады.
Сонымен қатар, өнеркәсiп пен жоғарғы оқу орындарындағы байланыстың дамуын басымды бағытқа қоюы себебiнен, яғни жаңашылдықтың өндiрiсте пайдалануы және жұмыссыздық мәселесiн шешiлуiне қажеттi шара болып отырғандығы көңiл аудартады. Бүндай шараның iске асуында сол өнеркәсiп өндiрiсiне белгiлi-бiр салықтық жеңiлдiктердiң енгiзiлуi кәсiпорындарға ынталандыратын себеп ретiнде орын алуы мүмкiн.
Дегенмен, бiлiм саласын реттеуге байланысты реформалық сипат алатын қазiргi күнi 2015 жыла дейiнгi бiлiм жүйесiнiң даму тұжырымдамасының жобасын айтуға болады. Тұжырымдаманың негiзгi өзгерiсi ретiнде қазiргi бiлiм жүйесiнiң толық өзгерiске ұшырауы, оның iшiнде қаржыландыру жүйесi, бiлiмдi қамтамасыз ету, кадрлық және әлеуметтiк саясат және т.б. мәселелерiн жатқызуға болады. Бiлiм жүйеiснiң өзгеруi шет елдiк бiлiм беру модельдерiн сарапқа салу нәтижесiнен туындады. Таңдап алынған бағыт американдық модель. Ол бiлiм жүйесiнiң барлық деңгейiн қамтып отыр. Әсiресе, орта бiлiмде 5-10 сыныпта орта бiлiмнiң стандартын қамтамасыз ету, баланың қабiлетiн ояту, 9-10 сынапта оқушылардың талауында орта кәсiптiк бiлiм мекемелерiне немесе мектепте оқуды жалғастыру, әрмен қарай жоғарғы оқуға бет алу. Десекте, әр оқушының таңдауы бойынша 9-10 сыныптан кейiн қалу-қалмауы өз еркiгдегi шешiм болған.
Еңбек нарығындағы жоғарғы бiлiмдi мамандадың санының өсуi, оның iшiнде гуманитарлық кадрлардың көбеюi мен техникалық бағыттағы мамандардың жетiспеушiлiгiне әкелiп соққандықтан, мемлекет тарапынан мәжбүрлiк саясаттың орын алып отырғандығы анық. Жоғарғы бiлiм саласы дамыған мемлекеттерге ұқсас оқытудың кредиттiк технологиясы бар екi деңгейлi бакалавр-магистрлiк модель. Американдық модельдiң алуына негiзгi себеп, отандық мамандардың халықаралық мәртебеге ие болуын көздеп отыр, яғни бакалавр деңгейiндегi маманның Европаның еңбек рыногында қажетiлiгiн қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету Балон декларациясына ену, яғни жоғарғы бiлiм жүйеiсн екi деңгейлi бакалавр-магистрлiк жүйенiң орнығуы.
Бiлiм саласының американдық моделiнiң практикалық жағынан алып қарағанда нәтижесi оңды емес, әсiресе бакалавр деңгейiндегi бiтiрiп шыққан мамандар жалпы жоғары бiлiмi барлардың iшiнде, тiптi басым көпшiлiгiн құрайды. Кейбiр ұйымдардың бакалавр деңгейiндегi мамандарға жұмысбасты болуын қамтамасыз етпейдi және бакалаврдың қызмет барысында сыңар жақты мiндет атқаруына ғана мүмкiндiк бередi. Бұл үрдiс гуманитарлық маман болып шыққандардың арасында кездескен, әсiресе филология пәнiнiң мамандары бұл жағдайға тiкелей тап болған.
Ондай үрдiстiң жалғасуына тосқауыл болатын заңдық реттеу орын табуы мүмкiн. Енгiзiлiп отырған американдық модельдiң бiлiм сапасын арттыруында маңызы бар, бiрақ кредиттiк технологияның уақыт факторымен алып қарағанда мамандардың қажеттi уақытында қызмет атқаруы күдiктi болуы мүмкiн. Себебi, жоғары бiлiм мен өндiрiс немесе ұйымдар арасындағы байланыстың нашарлауы ықтимал және белгiлi- бiр маманмен келiсiм шарттың жасалуы тiкелей потенциалды бiтiретiн маманның уақытына негiзделгендiктен, кәсiпорын тарапынан таңдау альтернативасы төмендейдi.
Жоғары да кез келген мемлекеттiң денсаулық сақтау саласын реттеуде халықтың толық әлеуметтiк жағынан ұтымды жағдайда қалуын қамтамасыз ете алмайды және кемшiлiктердi кездесетiнi анық. Сонымен, әлеуметтiк сфераның реттелуi, соның iшiнде денсаулық сақтау саласы бойынша бюджеттiк-сақтандыру моделi шетелдiң тәжiрибесiн сараптау мен жергiлiктi жағдайды ескеру нәтижесiнде қабылдануы тиiс. Сондықтан, негiзгi бағыт болып елдiң медициналық қызметпен толық сапалы қамту медициналық көмектiң нақтылы қажеттiлiгiн анықтау, ресурстық қамсыздандыру, сәйкесiнше қаржылық қормен қанағаттандыру жалғасын табу керек.
Бiлiм саласындағы реттеудiң бағыты болып бiлiм жүйесiн түбегейлi реформалауды шет елдiң тәжiрибесiне бағытталып енгiзу ұлттық экономиканың құрылымына негiзделiп өзгеруi қажет. Экономиканың дамыған елдермен салыстырғанда даму құрылымы әлемдiк нарықтың конъюнктурасына тәуелдi және белгiлi-бiр тұрақсыздықпен ерекшеленедi. Сүраныстың да аталған жағдайға тәуелдi болуы нақтылы мамандардың қаншалықты ұзақ мерзiмде қажеттi болуы да анық емес. Сондықтан, шет елдiң тәжiрибесiнен бiлiм саласын ретеуге байланысты әдiс аралас сипат алуы керек, яғни мемлекет тарапынан стратегиялық бағытта ұсынатын жалпы ұлттық бiлiм бағдарламасы және аймақтардың экономикалық даму құрылымы орын алу қажет.
Қорытынды
Нарықтық механизмнiң және институттардың сақталу негiзiнде, мемлекет функциясының кеңейтiлуi қазiргi заманғы қоғамда әлеуметтiк-экономикалық процестердiң қиындықтарынан туындап отыр. Қазiргi қоғамның көптеген негiзгi мәселелерi тек нарықтық механизiмнiң жолымен тиiмдi шешiлуi мүмкiн емес.
Әдебиеттер
1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.
2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.
3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б