Әлеуметтік  сфера түсінігі, құрылымы, қызметі және ондағы            экономикалық қатынастар

 

Дәріс жоспары:

  1. Әлеуметтік сфера түсінігі мен рөлі
  2. Әлеуметтік сфераның құрылымы
  3. Әлеуметтік сфераның қызметі
  4. Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастар

 

  1. Әлеуметтік сфера түсінігі

Әлеуметтік сфера–технологиялық байланыстар жүйесімен байланысты және басқарудың салалық органдарымен реттелетін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жалпы мақсатты функцияны орындайтын салалар мен ұйымдар жиынтығы.

Әлеуметтік сферадағы мемлекеттің қатысуының өзгеруі, басқарудағы жаңа механизмдерді іздестіру, экономикалық қатынастарды терең қайта құру жағдайында социолистік кезеңнен кейінгі қоғамның әлеуметтік сфера әлуетін сақтау мен ұлғайту ең маңызды әлеуметтік проблема ретінде қоғаммен, саясаткерлермен және басқарушылармен терең сезінілуде.  Қоғамдағы әлеуметтік процесстерді оңтайландыру мүддесінде, әлеуметтік сфера қызмет етуінің жаңа моделі негізінде жаңа концепция талап етіледі.

Қоғамның әлеуметтік сферасы әлеуметтік процесс субъектілерінің үздіксіз ұдайы өндірісіндегі объективті қажеттіліктен туған қоғамның бүтін әрдайым өзгерістегі қосалқы жүйесі болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл адамдардың өз өмірлерінің ұдайы өсіп-өнуі бойынша адамдық әрекеттің тұрақты аймағы, қоғамның әлеуметтік қызметтін іске асыру кеңістігі. Онда адамның әлеуметтік және азаматтық құқықтары іске асады. Оның қызмет етуі объективті заңдылықтармен анықталады және әлеуметтік басқарудың белгілі принциптеріне негізделеді.

Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік сфера құрылымын анықтауға түрлі тәсілдер келтіріледі. Бір жағдайда әлеуметтік сфераны мағынасы бойынша, екіншісінде негізгі функциялары, үшіншісінде-әлеуметік сфераны сипаттайтын категориялық аппарат бойынша бөлу орын алған. Осылай, оны білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыс және мәдени қызметтер сфералары, транспорттық қызмет көрсету және тағы да басқа ретінде көрсетуге болады. Әлеуметтік сфера элементтерін классификациялаудың  басқа да мысалдарын келтіруге болады. Бұл тәсілдердің әрқайсысының өз құндылығы бар. Алайда, әлеуметтік сфераны оның әлеуметтік талдау ерекшеліктерінен шыға отыра құрылымдау мақсатқа сай болып табылады.

Алдымен қай объектілер мен процесстерді әлеуметік сфераға, ал қандайларын-сыртқы ортаға кіргізуге болатынын анықтау қажет. Әлеуметтік сфераның қатаң кеңістіктік немесе уақыттық шегі жоқ. Ол жекеленген дара емес, керісінше қоғамның басқа да сфераларымен өзара байланыста: материалды-өндірістік, саясат, мәдени-рухани және табиғи жүйелер ретінде. Әлеуметтік сфера дамуының міндетті шарты-басқа сфералардың қызмет етуі болып табылады, себебі оларда материалдық, рухани игіліктер мен құндылықтар өндіріледі. Бұл мағынада қоғамның басқа сфералары орта ретінде қарастырылады. Оларға қатысты әлеуметтік сфера әлеуметтік қатынастар мен процесстердің тұрақтылығын нығайтушы мен қолдаушы фактор ретінде шығады.

Материалдық-өндірістік, саяси және мәдени-рухани сфералар әлеуметтік сфераға бөлек құрамдас бөліктер арқылы  әсер ете отыра, бірлескен қасиеттердің қалыптсуында жанама қатысатын болғандықтан, жүйеге қатысты сыртқы болып табылады, сондықтан да  ортаға  кіргізіледі .

Әлеуметтік сфераның заттық, іс-жүргізушілік, идеялық, адамдық сипаттағы қажетті құрамдас бөліктер жиынтығы бар. Бұл құрылымдық бірліктердің өзара әрекеті берілген жүйеге тән сапалық ерекшеліктерді туғызу қажет. Соған қатысты әлеуметтік инфрақұрылым және онымен өндірілетін тұтыну өнімдері, білім, медицина, әлеуметтік және тұрмыстық қамтамасыздандыру процесстері, механизмдер мен халықтың тұтынушылық қылығын реттейтін нормативтік базасын, әлеуметтік сфераны басқарудың органдары мен институттарын кіргізуге болады.

 

  1. Әлеуметтік сфераның құрылымы

Әлеуметтік сфера құрылымы–бұл оған енетін секторлар мен салалардың арақатынасы мен өзарабайланыстылығы.

Әлеуметік сфераның салалық құрылымы оған кіретін көптүрлі салалар және ішкі салалармен ерекшеленеді. Әлеуметтік сфераға кіретін салалардың құрамын анықтаудың бірнеше тәсілдемесі бар. Экономикалық тәсілдемеге сәйкес әлеуметтік сфераға материалдық, заттық нысанда емес (алайда, бұл жерде де  ерекше түрде қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету қызметтері болуы мүмкін), адамның әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыру қызметін ұсынатын салалар енеді.

Әлеуметтік сфера өндірістік емес сфераға жақын, бірақ та оған тең емес. Өндірістік емес сфераға, әлеуметтік сфераға кірмейтін салалар жатады: ғылым, ғылыми қызмет көрсету, байланыс және ұйымдар мен мекемелер үшін ақпараттық қызметтер қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғаныс. Өндірістік емес сфера материалдық өнімді жасаумен тікелей байланыспаған экономиканың сферасы болғандықтан, әлеуметтік сфераға жататын қоғамдық тамақтандыру, сауда сияқты тағы да басқа салалар оған кірмейді, себебі бұл салаларда материалдық өнім не жасалады немесе тұтынушыға апарылады.

Біздің елімізде соңғы жылдардағы экономиканың қаржы–несие  сферасының екпінді дамуы халыққа қаржы сипатындағы түрлі қызметтерді ұсынатын көптеген ұйымдардың құрылуына әкелді. Сол қызметтердің кейбіреулері, мысалға, әлеуметтік және зейнетақыны сақтандыру, тұрғын үй мен тұтынушыны несиелеу анық әлеуметтік бағытты иеленеді. Алайда бұл тәрізді қызметті ұсынатын ұйымдар (бюджетік емес қорлар, мемлекеттік емес сақтандыру және зейнетақы қорлары, т.с.с.) халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық жағдай жасайтын болғандықтан, олар әлеуметтік сфераға тікелей апарылмайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің көп бөлігі өз жарғыларына сәйкес әртүрлі қызмет түрлерімен айналысады, соның ішінде халықа әлеуметтік қызмет көрсету.

Экономика мен әлеуметтік сфераны басқару үшін ұйымдар мен мекемелерді үш сектордың біреуіне кіргізу мүмкіндігін ескеретін секторлық құрылым өте маңызды болып табылады.

Мемлекеттік сектор — мемлекеттік және муниципалды біртекті кәсіпорындарды, сонымен қатар мемлекеттік және муниципалды меншіктегі мекемелерді өзіне қосады.

Коммерциялық сектор — өз іс-әрекетінде пайда табуды негізгі мақсаты етіп алған жеке меншіктегі шаруашылық  серіктестік, қоғамдстық, өндірістік кооператив нысанында құрылған ұйымдарды өзіне енгізеді.

Пайдасыз секторлар – тұтынушылық кооператив нысанында құрылған ұйымдардан, қоғамдық және діни ұйымдардан, қайырымдылық немесе басқа қорлардан, ассоциациялардан,  одақтардан, серіктестіктерден тұрады. Бұл ұйымдардың ерекшелігі-мемлекеттік ұйымдар тәрізді өз іс-әрекетінде пайда табуды мақсат етіп алмаған, ал пайда табылған жағдайда қатысушылар арасында бөлінбейтін нысанды иеленген.

Әлеуметтік сфераның салалық және секторлық құрылымын қарастыра отыра, білім беру, денсауық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру және мәдениеттің кейбір ішкі салаларында мемлекеттік мекемелердің көптігін ескеру қажет; ал бөлшек саудасында, тұрмыстық қызмет көрсетуде, қоғамдық тамақтандыруда көптеген ұйымдар коммерциялық сектордан   тұрады, ал пайдасыз секторлар көбінесе әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет  және білім беру  ұйымдарында көп орын алған.

Әлеуметтік сфераның маңызды құрамдас бөлігі-әлеуметтік инфрақұрылым.  Әлеуметтік инфрақұрылым деп — адам мен қоғамның өсіп-өнуі мақсатында қажеттіліктер кешенін қанағаттандыру үшін жағдай жасайтын материалдық-заттық элементтердің тұрақты жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік сфера инфрақұрылымының ішкі ұйымдастырылуы бойынша әлеуметтік сфераның барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, кәсіпорындар мен басқару органдар жүйесі болып табылады.

 Әлеуметтік инфрақұрылым білім, медицина тұрмыс және транспоттық қызмет көрсету процессімен қамтамасыз ететін мекемелер, ұйымдар санымен, сонымен қатар ондағы орын санымен және қызмет мөлшерімен сипатталады.

Социологиялық талдау көмегімен анықталатын әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі туралы айтуға болады.

 

  1. Әлеуметтік сфераның қызметі

Әлеуметтік сфераның басты функциясы тарихи процесс субъектісі ретінде, бұқараның әртүрлі қабаттары мен топтарын  әлеуметтік ұдайы өсіп-өнуі мен жан-жақты тіршілікпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл функция – қоғамның болмысы үшін өте маңызды. Әлеуметтік ұдайы өсіп-өну процессінің өзгешілігін әлеуметтік сфераның туынды функциялары сипаттайды. Әлеуметтік ұдайы өсіп-өнудің өзгешілігін келесі функциялармен көрсетуге болады: социореттеуші, социобейімделуші, социоөнімділік, социомәдени, социосерпінді (социодинамикалық), социоқорғаушы.

Социореттеуші функция — әлеуметтік сфера әлуетін тиімді қолдануды өсіруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекет пен субъектілердің қарым-қатынасының негізгі көрсеткіштерін реттемелейді. Оның әр қарай дамуы жеке адам мен біртұтас топтың тәртіп моделінің өзгеруіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар олардың әлеуметтік іс-әрекетін реттеуші макроәлеуметтік процесстің нақты негізі болып шығатын нормалар мен өнегелік құндылықтар жүйесі болып көрсетілуі мүмкін.

Социобейімделуші функция — қоғамдағы адамдардың іс-әрекетінде келісімге келуге мүмкіндік туғызушы, мүгедектер мен әлеуметтік топтардың іс-әректін ынталандырушы, әр қайсысының  іс-әрекетті неғұрлым тиімді іске асыруына бағытталған.

Социоөнімділік функция – тұтастай әлеуметтік организмнің ұдайы өсіп-өнуі үшін қажетті, адамдардың бүкіл қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Социомәдени функция – қоғамның әлеуметтік мінез-құлықтылық әлуетін меңгеруге адам мен әртүрлі әлеуметтік топтарды қатыстыру процессін реттемелеу.

Социосерпінді функция – халықтың өмір сапасын өсірумен байланысты.

Социоқорғаушы функция – қоғамның деприверленген (салыстырмалы кедейліктің зардабы) қабаттары мен еңбекке жарамсыздарды қолдау және әлеуметтік кепілдемемен, құқықпен және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету.

Әлеуметік сфера белгілерін өлшеу негізінде әлеуметтік көрсеткіш жатыр. Әлеуметтік көрсеткіштің астында сан мен сапа тенденциясы және оның қызмет етуі мен дамуының бағыты түсіндіріледі. 

Әлеуметтік сфера жағдайының интегралдық көрсеткіші адамдардың түпкілікті өмір қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру қабілеттілігінің тұтастығын сипаттайтын көрсеткіштер болуы мүмкін. Мысалға, әлеуметтік сфера әлуеті жанұялардың өмір сапасы мен деңгейі, халықтың әлеуметтік қорғалуының деңгейі, адамдардың хал-жайы, әлеуметтік шиеленісушілік, сонымен қатар тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесінің объективті және субъективті бағалаумен байланысты неғұрлым нақтылары: әлеуметтік топтарды үй, медицина, тұрмыстық қамтамасыз етілуі, білім беру, мәдени-діни қатынаста болу, саяси қатысу.

 

  1. Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастар

Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастар сипатының түсінігі, яғни бұл сфераның өз игіліктерінің басымшылықты қызмет түрінде көрсетуі (алайда, бұл жерде өндірілетін игіліктерден белгілі бөлігі заттық нысанда ұсынылалды).

Осылай, әлеуметтік сфера экономиканың үшінші секторына апарылуы мүмкін, ол қызмет секторы. Бұл жағдай өте маңызды, себебі ол ғаламдық процесс экомиканы сервизациялаумен өзарабайланысты. Материалдық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктердің көп бөлігі тұтыну негізінде тауармен емес, қызметпен сипатталады. Экономиканы сервизациялау игіліктерді өндірушілер мен оларды тұтынушылар арасын тығыз байланысқа әкелуде, себебі қызмет сферасы өз өнімін тұтынушыға жеткізуде делдалдарды қолданбайды. Ол өз кезегінде жеке тұлғалық  қажеттіліктерді қанағаттандыруға сұраныстың ауытқуын тиімді ескеруге мүмкіндік береді. Экономиканы  сервизациялау сфераға неғұрлым қоғам ресурстарын тартуға себепші болады. Мысалға, қазіргі уақытта дамыған елдерде бұл сферада еңбек ресурсының 50 пайызы жұмыспен қамтылған.

Әлеуметтік сферадағы экономикалық қатынастарды бөлек секторлар призмасы арқылы қарастыра отыра, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады.

Мемлекеттік сектордағы мемлекет пен оның жеке меншігіндегі мекемелер арасындағы экономикалық қатынастар бұл мекемелердің іс-әрекетін мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттерден тікелей қаржыландыру принципінде құрылады.     

Әлеуметтік сфера кәсіпкерлік секторында мемлекет, ұйымдар және кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастар салық,  кедендік баж, арендалық төлем, лицензиялау мен сертификациялау қызметі және тағы да басқа с.с. тетіктер қатарымен жанама реттеу жүйесі арқылы құрылады.

 

   Қорытынды

Әлеуметтік сферадағы мемлекеттің қатысуының өзгеруі, басқарудағы жаңа механизмдерді іздестіру, экономикалық қатынастарды терең қайта құру жағдайында социолистік кезеңнен кейінгі қоғамның әлеуметтік сфера әлуетін сақтау мен ұлғайту ең маңызды әлеуметтік проблема ретінде қоғаммен, саясаткерлермен және басқарушылармен терең сезінілуде

 

Әдебиеттер

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *