Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық негіздері

 

 

10.1. Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілдік орган болып табылады. Өкілдік қағидасы Қазақстан Республикасы Парламенті елдің аумақтарын өкілдендіретін депутаттардан құралатын сайланбалы мемлекеттік орган болып табылады. Парламенттің ең басты функциясы болып заңдарды қабылдау табылады.

Парламенттің қызметі Конституциямен және 16 қазан 1995 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, 7 мамыр 1997 жылғы “Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің регламенттерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Парламенті тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі Палатадан: Сенат және Мәжілістен тұратын мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Парламенттің төменгі палатасы, ол жалпыға бірдей, төте сайлау жолымен қалыптасады. Мәжіліс 107 депутаттан тұрады, оның 98 депутаты бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады, ал тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. 

Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың он бес депутаты Президентпен Парламенттің өкілеттік мерзіміне сайланады.

Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, ал Мәжіліс депутаттарының өкілеттк мерзімі – бес жыл (ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабының 5-ші тармағы).

10.2. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлау.

Мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындауға негіз болып мыналар табылады:

Мәжіліс депутаттарының конституциялық мерзімінің аяқталуы кезекті сайлауды тағайындауға әкеледі, ол Қазақстан Республикасы Президентімен Парламенттің әрекет етіп отырған шақырылымының өкілеттік мерзімінің аяқталуына бес ай қалғанда тағайындалып, екі айдан кешіктірілмей өткізіледі;

кезектен тыс сайлауы – Парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезден бастап екі ай ішінде өткізіледі;

шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу үшін – депутат өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру немесе оның қайтыс болуы.

Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие болатын азаматы — Мәжіліс депутаты бола алады.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну құқығы республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктерге, сонымен қатар өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтарға беріледі. Біртұтас жалпы ұлттық сайлау округі аумағы бойынша сайлану үшін партиялық тізімге кіру құқығына саяси партиялар ие болады.

Мәжіліс депутаттығына әр кандидат тіркеуге дейін және одан кейін өз қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының есеп шотына сайлау жарнасын төлеу талаптарына сәйкес заңмен белгіленген ең төменгі жалақының жиырма бес есе мөлшерін төлейді. Төленген жарна кандидатқа мынадай жағдайда, егер ол сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немес кандидат дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жеті пайыздан кем болмайтын дауыстарына ие болса қайтарылады.

Қазақстан Республикасында азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы онжылда тұрақты тұрып жатқан, жасы 30-ға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыста, республикалық маңызы бар қалада не республика астанасының аумағында үш жылдан кем болмайтын мерзім тұрақты тұрған Қазақстан Республикасының азаматы — Сенат депутаты бола алады.

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен астанасының), аудандық және қалалық мәслихаттардың сессиясында жүргізіледі. Сонымен қатар бірнеше мәслихаттар бір кандидатты ұсына алады. Сондай-ақ заңда азаматтардың өзін-өзі кандидаттыққа ұсыну құқығы қарастырылған. Сенаторлыққа кандидат облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың барлық мәслихаттарының өкілі болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының оннан кем болмайтын пайызынан қолдау табуы қажет. Таңдаушылардың қолдауы қол жинаумен куәлендіріледі.

Егер бірлескен отырысқа тиісінше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың және Республиканың астанасының мәслихатынан өкіл болатын депутаттардың жалпы санының елу пайыздан астамы қатысса, ол заңды болып есептеледі. Сенат депутаттарын сайлауды өткізудің дұрыстығы Конституциялық Кеңеспен қаралуы мүмкін. Сенаторлардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.

10.3. Қазақстан Республикасы Парламенті. Қазақстан Республикасының Парламенті қазақ халқын өкілдендіретін ең жоғары мемлекеттік орган болып табылады, мемлекеттің маңызды мәселелері ол арқылы шешіледі. Заң шығарушы Қазақстан Республикасы Парламентіне жоғары мемлекеттік органдарды қалыптастыру бойынша көптеген өкілеттіктер берген; заң шығарушы биліктің жоғары органы ретінде заң шығару процесінде де өкілеттіктерді жүзеге асырады; соғыс және бітім  мәселелерін шешеді; республикалық референдумды өткізу туралы бастама жасай алады; халықаралық шарттарды бекітеді және денонсациялайды; атқарушы билікке қатысты бақылаушылық қызметке ие болады және т.с.с.

Қазақстан Республикасы Парламенті екі палаталы болғандықтан, бұл өкілеттіктер екі Палатаның арасында бөлінеді:

мемлекеттік маңызды мәселелерді шешу, сонымен қатар Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады;

кейбір мәселелерді әр Палата олардың жеке отырыстарында жүзеге асырады, ең алдымен Мәжілісте, одан кейін Сенатта;

сонымен қатар Парламент Палаталарының әр қайсы айрықша және жеке өкілеттіктерге ие болады.

Мјжілістіѕ тоќсан сегіз депутатын сайлау жалпыєа бірдей, теѕ жјне тґте сайлау ќўќыєы негізінде жасырын дауыс беру арќылы жїзеге асырылады. Мјжілістіѕ тоєыз депутатын Ќазаќстан халќы Ассамблеясы сайлайды. Мјжіліс депутаттарыныѕ кезекті сайлауы Парламенттіѕ жўмыс істеп тўрєан сайланымы ґкілеттігініѕ мерзімі аяќталардан кемінде екі ай бўрын ґткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау ќўќыєы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланєан Сенат депутаттарыныѕ жартысы јрбiр їш жыл сайын ќайта сайланып отырады. Бўл орайда олардыѕ кезектi сайлауы бўлардыѕ ґкiлеттiк мерзiмi аяќталєанєа дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей ґткізiледi. Парламент немесе Парламент Мјжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мјжілісініѕ ґкілеттігі мерзімінен бўрын тоќтатылєан кїннен бастап екі ай ішінде ґткізіледі. Ќазаќстан Республикасыныѕ азаматтыєында тўратын жјне оныѕ аумаєында соѕєы он жылда тўраќты тўрып жатќан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызєа толєан, жоєары білімі жјне кемінде бес жыл жўмыс стажы бар, тиісті облыстыѕ, республикалыќ маѕызы бар ќаланыѕ не Республика астанасыныѕ аумаєында кемінде їш жыл тўраќты тўрып жатќан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толєан адам Мјжіліс депутаты бола алады.  Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялыќ заѕмен реттеледі. Парламенттiѕ депутаты Ќазаќстан халќына ант бередi.

 

 

              

№10 тақырып бойынша тест сұрақтары.

  1. Неше жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы Праламент Мәжілісіне сайлана алады:

а)  20 жастан;

б)  25 жастан;

в)  30 жастан

(дұрыс жауабы — б)

  1. Заңдардың қаралуының басымдылығын кім анықтайды:

а)  ҚР-ның Президенті;

б)  ҚР-ның Парламенті;

в)  ҚР-ның Үкіметі.

(дұрыс жауабы — а)

  1. Егер Президент Парламенттің қарауына Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жобасын ұсынса, онда ол қандай көпшілік дауыспен енгізіледі:

а)  Парламент депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен;

б) Парламент әр Палатасының депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің даусымен;

в) Парламент депутаттарының жалпы санының бестен төртінің  даусымен.

(дұрыс жауабы — )

  1. Республикалық бюджет қалай бекітіледі:

а)  Мәжіліс отырысында;

б)  Сенат отырысында;

в)  Парламент Палаталарының бірлескен отырысында.

(дұрыс жауабы — в)

  1. Заң шығару бастамашылығы құқығы қалай іске асырылады:

а)  Мәжілісте;

б)  Сенатта;

в)  Сенатта да және Мәжілісте де.

(дұрыс жауабы — а)

  1. Парламенттік тыңдаулар құрылады:

а)  Парламент Палаталарының тұрақты және уақытша комитеттерінде;

б)  Палаталардың Бюросында;

в)  Парламент Палаталарының Төрағаларымен.

(дұрыс жауабы — а)

  1. Парламенттің үйлестіруші органдары болып мыналар табылады:

а)  Парламент Палаталарының аппараттары;

б)  тұрақты комитеттер;

в)  Палаталардың Бюролары.

(дұрыс жауабы — в)

  1. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары қарауға қалай енгізіледі:

а)  ҚР-сы Президентінің қорытындысы болғанда;

б) ҚР-сы Үкіметінің оң қорытындысы болғанда;

в)  Парламент Палаталары Төраңаларының қорытындысы болғанда.

(дұрыс жауабы — б)

  1. Депутаттық фракцияға неше депутат біріге алады:

а)  кемінде 10 депутат;

б)  кемінде 20 депутат;

в)  кемінде 7 депутат.

(дұрыс жауабы — а)

  1. Депутаттық топтың құрамында неше депутат болуға тиіс:

а)  кемінде 15 депутат;

б)  кемінде 20 депутат;

в)  кемінде 10 депутат.

(дұрыс жауабы — а)

    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *