Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдастырылуы. Қазіргі замандағы ҚР сыртқы саясаты: стратегиялық бастамалары

 

 

 Жоспары:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдастырылуы: эволюциясы, конституция негіздері.
  2. ҚР-ның саяси жұйесінің конституциялық негіздері.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

Назарбаев, Н.Ә.   Елмен сырласу. Т.10: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011.  

Назарбаев, Н.Ә.   Елмен сырласу. Т.7: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011  

 Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.8: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011  

 Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.9: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.

Зиманов, С.З.       Парламент Республики Казахстан в трудные годы провозглашения независимости [Текст] / С.З Зиманов.- Алматы: Алаш, 2011.

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің тәжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар (25 ақпан 2009ж.): конференция материалдары/ Б.К. Султанов  

ШЫҰ және Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері: конференция материалдары

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

               ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері:        конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.

             Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы

Қазақстанның ел бірлігі доктринасы: талқылауға арналған жоба, Астана, 2009.

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдастырылуы: эволюциясы, конституция негіздері.

 

Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеумметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы.

1917—19 жж. Алаш Орда

1920—24 жж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советі (Халкомсов),

1925—36 жж. Қазақ АКСР Халкомсов,

1936—46 жж. Қазақ КСР Халкомсов,

1946—91 жж. ҚазКСР Министрлер Кабинеті деп аталды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды.

Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

  1. ҚР-ның саяси жұйесінің конституциялық негіздері.

 

 Конституциялық құрылыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.

Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.

Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның  2 бөлімінің 1 бабында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.

ҚР Конституциялық құрылысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.

Конституциялық мемлекеттің негізін мемлкеттің адам, оның өмірін, құқығы мен еркіндігін ең жоғарғы құндылық деп тануда құрайды (1 баб). Мұндай негізге жеке меншікті тану және қорғау, сондай-ақ идеологиялық және саяси көп түрлілікті рухани көп түрлілік принципімен толықтыратын зайырлы мемлекеттілік те жатады.

Конституциялық құрлыс негізінің ішінде унитарлық, территориялық тұтастық және басқарудың президенттік формасы да бар. Қазақ мемлекеттілігінің негізі болып табылғандықтан, олар өзгертілмейді.

Конституциялық құрлысты конституциялық бекітудің арқасында оның жүйесіне материалдық, саяси, әлеуметтікпен қатар құқықтық кепілдер де кіреді. Олардың жүзеге асуы мемлекетпен қамтамасыз етілуі керек.

ҚР Конституциясына сәйкес  (1 б)  Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.

 

Конституция Қазақстанда мемлекеттік биліктің бірден-бірі өзі халық деп анықтайды.

«Халық» сөзі заңдық көзқарас тұрғысынан «азамат» түсінігімен теңестіріледі және адамдар тобының белгілі бір мемлекетке тиістілігін анықтайды. Халық мемлекеттің құқықтық субстратын құрайды.

Билік біреуді өзіне бағындыру мүмкіндігін көрсетеді, өзінің еркіне басқаларды бағындырады. Мемлекеттің пайда болуымен, мемлекеттің маңызды бір белгілерінің бірі мемлекеттік билік те пайда болады. Мемлекеттік биліктің қоғамның барлық мүшелерін өзіне бағындырудың негізгі элементі жалпы ерік пен күш қабілеті бар. Мемлекеттік билік мемлекеттің егемендігін сипаттайды. Мемлекеттік егемендік – бұл ел ішіндегі мемлекеттік биліктің жоғарылығы (мемлекет территориядағы заң шығару, тақару және сот билігінің толық жүзеге асуы) және оның халықаралық қатынастар сферасында шет ел мемлекеттерінің билігінен тәуелсіз болуы. Мемлекеттік биліктің жоғарылығы және тәуелсіздігінен басқа, мемлекеттік егемендік оның бірлігінен де көрінеді.

Қазақстан Республикада ешкім билікке иелік ете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы Президентке, сондай-ақ оның конституциялық өкілеттілігі шегінде Республика Парламентіне беріледі. Үкімет халық атынан сөйлей алмайды және оның тек мемлекет атынан сөйлеу құқығы бар.

Осылайша халық еркін көрсету формасы бойынша өкілетті және тікелей демократия деп бөлінеді.

Өкілетті демократия – бұл өзінің сайланушы өкілетті өкілдері арқылы халық билігін жүзеге асыру.

Сайланушы өкілдік халықпен сайланған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін басқару органдарын құрады.

Өкілетті емес демократия – бұл референдум жолымен, сайлауға, жиналыстарға тағы басқаларға қатысу жолымен халықтың немесе халықтың қандай-да бір тобының еркін тікелей көрсету формасы.

Референдум – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін шешу бүкіл халықтық дауыс беру. Республикалық референдуммен қабылданған шешімдер жоғарғы заңдық күшке ие, қандай да бір мақұлдауды қажет етпейді және Қазақстанның бүкіл аумағында қолдануда міндетті.

Сайлау – бұл әр бір мандатқа  2 немесе одан көп кандидаттар үміткер болу шартымен толық құқықты тұлғалардың дауыс беру жолымен жүзеге асырылатын мемлекеттік орган дарды немесе жергілікті өзін басқару органдарын қалыптастыру процедурасы.

    Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау еркін жүзеге асырылады жәнеқұпия дауыс беру жолымен жалпы тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

 

    Мемлекетті демократиялық ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі билікті бөлу принципі болып табылады.

    Өзінің классикалық түрінде билікті бөлу теориясының Дж. Локк пен Ш. Монтескье құрған. Оның мәні мынада, азаматтардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктің әр түрлі функциялары – заң шығарушы, атқарушы, сот-әр түрлі органдармен жүзеге асырылуы қажет және олар бір-бірінен тәуелсіз бір бірін тойтарады.

    Бірақ еркіндікті қамтамасыз ету үшін тек бір билікті бірнеше органдардың арасында бөлу жеткіліксіз. Бұл органдар біреуі екіншісінен жоғары болмау үшін өзара теңдікте болуы қажет және олардың әр қайсысы біреуінің жекелігіне екіншісі тарапынан қол сұғушылық кепілдеме болуы қажет. Мұндай жолмен ұйымдасқан олар бір-біріне бағынбайды, бірақ бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.

    Осылайша, билікті бөлу-бұл ортақ мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу; құрылымдық-қаржылық дербестік және бір биліктің екінші биліктің үстінен билігін болдырмай және олардың тиімділігі өзара әсерін қамтамасыз ету өкілеттілігі берілген әр мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі болуы.

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің брлігі мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылатын Президент қамтамасыз етеді. Осылайша, ҚР Президенті Барлық билік тармақтарының үстінде тұрады, бірақ өзінің өкілеттілігі бойынша атқару билігіне басады.

    Қазақстан Республикасында демократия идеологиялық және саяси алуан түрлілік принциптері негізінде жүзеге асырылады.

    Саяси алуан түрлілік  (плюрализм) – бұл конституция шеңберінде әрекет ететін барлық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың саяси процеске қатысудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастыратын саяси ойлар мен саяси әрекеттердің еркіндігі және көп партияның боуы, сондай-ақ азаматтардың кез келген партияға кіру немесе еш қайсысына кірмеу құқығы.

    Саяси плюрализм принципін жүзеге асырудың маңызды шарты саяси плюрализм институцианалдық негізін құрайтын және саяси процеске қатысатын саяси партиялардың, басқа қоғамдық ұйымдар мен жаппай қозғалыстардың құқықтық дәрежесін айқындау болып табылады.

 Идеологиялық алуан түрлілік  (плюрализм) – бұл идеологиялық және рухани құндылықтарды таңдау еркіндігі және қоғамда мемлкеттік немесе міндетті идеологияны бекітуге тиім салу. Бұл саяси плюрализмді жүзеге асыру шарты болып табылады.

  Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

 ҚР Конституциясына сәйкес азаматтардың еркіндігі мен міндеттеріне қатысты ресми басылған нормативтік құқықтық актілер, құқықтар олардың қолданылуында міндетті болады.

    Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты мен оның шегінің сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі қажет.

    Унитарлық мемлекет. ҚР Конституциясы унитарлықты тек елдің мемлекеттік құрылым формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның конституциялық құрлысының негізге алынатын негіздерінің бірі ретінде де қарастырылады. Унитарлық мемлекет (франц. unitaire, лат. unitas — бірлік)- деп мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық мемлекетік құрылым формасын айтамыз. Әкімшілік-аумақтық бірліктер аймақтарға бөлінеді: область, аудан, ауылдық (селолық) округ және елді мекендер.

 ҚР мемлекеттік құрлымы округтер, өлке, республика, штаттар, контон және тағы басқалар түріндегі қандай да бір мемлекеттік-аумақтық немесе ұлттық аумақтық автономиялардың Қазақстан аумағында құрылу мүмкіндігін қарастырмайды.

 Унитаризм принципіне негізделген ҚР мемлекеттік құрылымы мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етеді.

 ҚР унитарлық ең алдымен ұлт аралық қатынастың мемлекеттік ұйымының формасы ретінде және Қазақ халықтарының бірлігінің көрінісіретінде қызмет етеді.

 Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.

    Азаматтар қандай дінге сенсе де саяси құқықтарды пайдалана алады. Құдайға сенетіндер де діни қызметкерлер де мемлекеттік органдарға азамат ретінде сайлана алады.

    Конституциялық құрлысты күштеп өзгертуге Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекетке қауіп төндіруге, діни қақтығыстарды тудыруға бағытталған әрекеттері немесе мақсаттары бар діни ұйымдарды құруға тиім салынады.

 

     

 

 

 13 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Handouts)  – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Тесттік сұрақтар.

 

  1. «Көпвекторлы саясат» деген термин:

— «көпжақты, әртарапты және теңдестірілген» саясат деп түсініктеме

— дәстүрлі саясат

— тек қана Америкалық өмірге сай саясат

ар алуанды саяси пікірлер

  1. Геосаясат терминін алғашқы рет енгізген:

— Р.Челлен

— Ш.Монтескье

— К.Маркс

— И.Кант

  1. Геосаясат – ол:

— саяси процесстердің географиялық ортаға тәуелділігі

— демография туралы ілім

— қоршаған орта туралы ілім

— глобализацияның мәселелері

  1. Табиғи шекара деген:

— табиғаттың күші арқылы пайда болған шекара – теңіз, таулар

— табиғи жолда адам қолымен жасалынған шекара

— темір жол шекарасы

— ауа райының ерекшелігі

  1. Геосаясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырған, неміс ойшыл:

— Фридрих Ратцель

— Давид Юм

— Ш.Монтескье

— К.Маркс

— И.Кант

  1. Хартленд деген ол:

— Евразияның өңірі

— Европа елдері

— Африка елдері

— Американың Атлантикалық жағалауы

  1. Адамзаттың құтқарылу жолдары:

— техногенді өркениеттен қашу

— глобалды мәселелерді шешу

— діни нормаларды жаңғырты

— космосты мекендеу

  1. Биполярды саяси модельден «көпполярлыға» көшу:

— кіші және осал мемелекеттердің қауіпсіздігін сақтау

— Ядерліқ қаруды жасауға тиім салу

— Көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау

— ядерлы державалардың күшін шектеу

  1. Макиавелли бойынша, мемлекеттің сыртқы істері дұрыс болса:

— ішкі істері де дұрыс болады

— сыртқы саудасы өрлейді

— экономикасы құлдырайды

— экономикасы өркендейді

— қауіпсіздігі арттайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *