- Қазақстан республикасының конституциялық құқығының түсінігі, оның пәні және жүйесі. Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің басты саласы және негізгі звеносы болып табылады. Ол конституциялық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың маңыздылығымен айқындалады. Конституциялық құқықтың нормалары мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесінде мемлекет, қоғам және тұлғаның арасында қалыптасатын маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.
Мемлекет пен қоғамның барлық: экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани аялары конституциялық-құқықтық реттеудің объектісі болып табылады. Ал құқықтың өзге салалары қоғамның бір аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарға әсер етеді. Мысалы: еңбек құқығының нормалары жұмыс беруші мен жұмысшының арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарға, яғни еңбектік құқықтық қатынастарға әсер етеді; азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық – құқық саласы ретінде – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және аумақтық құрылысының негізгі қағидаларын, оның азаматтық қоғамның институттарымен қатынас тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды және мемлекеттік билік органдарының жүйесін бекітетін және реттейтін конституциялық нормалардың жиынтығы.
Конституциялық құқық – конституциялық құқық саласын зерттейтін құқықтық теория саласы. ²Конституциялық құқық² ғылымының түсінігі сала ретіндегі түсінігінен кең. ²Конституциялық құқық² ғылымы құқық саласымен қатысына байланысты өзінің мақсаттарына ие болады.
²Конституциялық құқық² ғылымының мақсаты ұғымдар мен категорияларды әзірлеумен қалыптасады; сәйкестелген саланың институттары бойынша ғылыми түсініктерді қалыптастыру; ғылымның дамуын зерттеу және жалпылау әрі оны іс жүзінде пайдалану; осы саладағы институтты зерттеу мен оны жетілдіруге бағытталған ұғымдарды даярлау.
Конституциялық құқық – оқу пәні ретінде – конституциялық құқық туралы, сала және ғылым ретіндегі білімдердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды келесі топтарға саралайды:
1) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері;
2) Қазақстан Республикасының адам және азаматының құқықтық мәртебесі;
3) мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі.
Конституциялық құрылыстың негіздері — мемлекет пен қоғамның құрылысын анықтайтын негізгі қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттік құрылыс негіздерін реттейтін нормалардың басымдылығы Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бөлімі ²Жалпы ережелерде² бекітілген.
1.2. Конституциялық-құқықтық реттеу әдістері.
Конституциялық-құқықтық реттеу анықталған қоғамдық қатынастарға нормативтік-ұйымдастырушылық әсер ету мақсатында оларды реттеу, қорғау және дамыту болып табылады. Ол нақты бағыттық сипатқа ие болады және анықталған құралдардың (конституциялық-құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар) көмегімен, құқықтық реттеу әдістерімен жүзеге асырылады. Құқықтық реттеу әдісі – ол қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілдері. Конституциялық-құқықтық реттеудің негізгі әдістері болып рұқсат ету, міндеттеу және тыйым салу әдістері табылады.
Рұқсат ету әдісі – конституциялық-құқықтық қатынастың субъектісінің әрекет ету мүмкіндігі. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың конституциялық өкілеттіктерімен, сонымен қатар Конституцияда кепілдендірілген құқықтар және бостандықтармен анықталады.
Конституциялық-құқықтық реттеу биліктік-императивтік бастама негізінде заңды әсер ету, яғни міндеттеу және тыйым салу әдістерімен жүзеге асырылады.
Міндеттеу әдісі – конституциялық-құқықтық қатынас субъектісінің әрекет ету міндеттілігі. Міндеттеу әдісі мемлекет пен қоғамда тұлғаның бекітілген конституциялық міндеттерін жүзеге асырумен анықталады. Мысалы, ҚР-ның Конституциясының 34-бабының 1-ші тармағында әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдылықтарын сақтауға, өзге де тұлғалардың құқықтары, бостандықтры мен қадір-қасиетін сыйлауға міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар міндеттеу әдісі мемлекеттік органдардың да конституциялық міндеттерін бекітеді.
Тыйым салу әдісі субъектінің қандай да бір әрекет жасауына тыйым салады. Ол ²тыйым салынады², ²ешқашан², ²ешкім² және т.б. сөздермен конституциялық негізде бекітіледі.
1.3. Конституциялық құқықтың қайнар көздері. Конституциялық құқық теориясында конституциялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігіне конституциялық-құқықтық нормалар заңдық күшке ие болатын құқықтық актілер кіреді. Құқықтың қайнар көздері әрекет етіп отырған нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық жүйесі бойынша анықталады, әр акт өзінің заңдық әрекеттеріне ие болады.
Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Біріншіден, Конституцияның нормалары халық еркімен жүзеге асырылады; екіншіден, олар мемлекет пен қоғамның барлық салаларын реттейді; үшіншіден, Конституцияның нормалары жоғары заң күшіне ие болады және Республиканың барлық аумағына тікелей әрекет етеді; төртіншіден, олар құрылтайшылық сипатта болады және қолданымдағы заңдылықтарға негіз болып табылады; конституциялық құқық саласының өзге де қайнар көздері анықталады (яғни, нормативтік құқықтық актілердің аталуы, заңдылық күштері, қабылдану тәртібі, тоқтатылуы және жариялануы).
1-ші тақырып бойынша тест сұрақтары.
- Конституциялық құқық – ұлттық құқық саласы, ол мынадай құқықтық қатынастарды бекітеді және реттейді:
а) азамат пен мемлеттік органдардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды;
б) құқық бұзушылықпен және оған жаза тағайындаумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды;
в) конституциялық құрылыстың негіздері мен тұлғаның мемлекет пен қоғамдағы құқықтық жағдайын, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігі мен қызмет тәртібін және жүйесін қалыптастыратын…
(дұрыс жауабы — в)
- Негізгі қоғамдық қатынастар түсінігіне не кіреді:
а) адамдардың арасында, олардың мүддесін қорғайтын қатынастар;
б) меншікке, кәсіпкерлікке байланысты қатынастар;
в) мемлекет пен қоғамның аясының негізін қамтитын қатынастар.
(дұрыс жауабы — в)
- Қазақстан Республикасының ұлттық құқығының ядросы болып қай құқық саласы табылады:
а) азаматтық құқық;
б) қылмыстық құқық;
в) конституциялық құқық.
(дұрыс жауабы — в)
- Конституциялық-құқықтық реттеу әдісі дегеніміз – бұл:
а) конституциялық құқық нормаларында бекітілген негізі қоғамдық қатынастарға әсер ететін заңды тәсілдердің жиынтығы;
б) құқық бұзушыға мемлекеттің конституциялық құқық нормаларын қолдану нысанымен әрекет ету тәсілі;
в) адамның өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілдері.
(дұрыс жауабы — а)
- Төменде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің қайсы Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады:
а) соттық прецедент;
б) конституциялық заң;
в) дәстүрлер.
(дұрыс жауабы — б)