Қазақстан Республикасындағы  әлеуметтік қорғау шаралары

 

 

Дәріс жоспары:

  1. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
  2. Қазақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты

 

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жәрдемақылар тұрақты немесе біржолғы төлем түрінде беріледі. Тұрақты негізде төленетін жәрдемақыға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жатады. Үстіміздегі жылдың 1 каңтарындағы жағдай бойынша, елімізде 645 мыңнан астам адам, оның ішінде 389,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 15,5 мың адам жасына байланысты және 24,6 мын адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. 2003 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдеріне республикалық бюджет қаражатынан 34 миллиард теңге жұмсалды.

Елбасының 2004 жылдың 19 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылы мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын — 3 айлық, есептік көрсеткіш (АЕК), екінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын 2,5 АЕК, үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын — 2 АЕК арттыру көзделіп отыр. Ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақыны — 3 АЕК, отбасындағы еңбекке жарамсыз әр адамға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақыны 0,5 айлық есептік көрсеткіштен 1 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделуде.
         1999 жылы әлеуметтік кепілдіктер берудің атаулылығы мен халықтың әлеуметтік осал буындарының мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға теңдей қол жеткізуі, мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатымен заңдардың жеңілдіктер беру бөлігінде реформалау жүргізілді, осыған сәйкес заттай жеңілдіктер арнаулы мемлекеттік жәрдемақылармен ауыстырылды.

Мұнда жәрдемақылар әлеуметтік түрғыдан осал азаматтардың 16 санатына төленеді. Олардың ішінде соғыс ардагерлері мен мүгедектері, оларға теңестірілген адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, Даңқ және III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп баласы бар аналар мен басқа да санаттағы азаматтар бар. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатыңдардың саны 995 мыңнан астам адам болып отыр. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттен осы төлемдерге 17 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Ана мен баланы әлеуметтік колдау шаралары ерекше маңызға ие болып келеді, Осы мақсатта 2003 жылдың 1 қаңтарынан отбасының табысына қарамастан, бала туған кезде берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде отбасының табысына есептелмейтін, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде республикалық бюджеттен біржолғы жәрдемақы төлемдері енгізілді.
   

  1. Қазақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты

Қазіргі кезде Үкіметте балалы отбасыларды қолдаудың қосымша шараларын енгізу туралы ұсыныстар әзірленуде. Бұл жәрдемақы төлемдерінен басқа, егер табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын болса, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл отбасын әлеуметтік қорғауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жәрдемакыларды тағайындаудың қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің келешектегі 2008 жылға дейінгі қызметінің ең басты басымдықтарының біреуі мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта алдымызда ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізу шаралары тұр. 2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі, ол заңды сектор қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың косымша нысаны болып табылады. Жеңілдіктерге қатысты айтатын болсақ, заттай жеңілдіктердің арнаулы мемлекеттік жәрдемақылармен ауыстырылғанына қарамастан, азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына берілетін жеңілдіктердің жекелеген түрлері сақталды. Мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыру үшін мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Оларды сауықтыру жөніндегі қызметтер көрсетуді Алматы қаласындағы «Ардагер» республикалық пансионаты мен Бурабай курорттық аймағындағы «Жеке батыр» шипажайы жүзеге асырады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын тойлау шенберінде соғыс мүгедектері мен қатысушыларының ТМД елдері аумағында (келісім бойынша) темір жол көлігімен жылына бір рет жеңілдікпен жүруін белгілеу жөніндегі мәселе қаралуда. Сондай-ақ, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне берілетін жәрдемақы 15 айлық есептік керсеткішке дейін көбейетін болады.

Әкімдер мен кез келген меншік нысанындағы ұйым басшыларына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға,сондай-ак, олардың жесірлеріне соғыста қаза тапқан әскери кызметшілердің отбасына, тылда еңбек еткен және әскери қызметін өтеген еңбекшілер мен азаматтарға тиісті бюджеттер мен қайырымдылық қорларының қаражаты есебінен әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын және емделуге барып-қайту, сондай-ақ көмектің материалдық және басқа да түрлерін көрсету жөнінде жеңілдіктер белгілеуге құқық берілген.
Сонымен қатар, бала кезінен және аурудан болған мүгедектерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі олар компенсаторлық-техникалық жабдықтармен — протездермен, сурдо және тифлотехникамен, мүгедектер арбасымен қамтамасыз етіледі.
        Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласына қатысты заңнама жетілдірілуде. «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасында осы күні қолданылып жүрген нормалардан басқа, алғаш рет мүгедектерді оналту жабдықтарымен қамтамасыз ету және мүгедектердің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсуі үшін квота бөлу мәселесі көзделген. Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатыңда жұмыс орындарын квоталау, шағын және орта бизнесті, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын, арнаулы жұмыс орындарын кұру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және мүгедектерді қорғайтын басқа да әлеуметтік шаралар белгіленетін болады. Сондай-ак, жобада жұмыс берушілердің мүгедектерді әлеуметтік қорғауға қатысуы, жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады. Жұмыс берушінің жеке қаражаты есебінен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қабылдау құқығы көзделеді.

 

Қорытынды

 

Қазіргі кезде Үкіметте балалы отбасыларды қолдаудың қосымша шараларын енгізу туралы ұсыныстар әзірленуде. Бұл жәрдемақы төлемдерінен басқа, егер табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын болса, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

 

Әдебиеттер

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *