ахуалды жақсартуға жол
Дәріс жоспары:
- Индустриалды технологиялық стратегия
- Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
- Қазақстанның инвестициялық саясаты
- Индустриалды технологиялық стратегия
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр . Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды , технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті . Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашпен бір сермеп түзетуге болмайды . Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің , үлесін ұдайы кеміту және , керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін , қосылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін , инфрақұрылымдық мұнай мен газ өндеуді , химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын , ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді , қызмет көрсету саласын , туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз .
2010 жылға деиінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктерімен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбек ті қажет еттін салаларға көңіл бөлу керек . Бұл басымдық тәжірибемен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы , орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі , жеңіл және тамақ өнеркәсібі , туризм , тұрған үй құрылысы және инфрақұрылым жасау . Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес , жұмыспен қамту және кедеиілік мәселелерін де шешеміз , бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе .
Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз . Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз . Сондытан бұл басымдық бүгіде , ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді .
- Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес
Осы жылдардың ішінде кедейшілікпен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
- кіші кредиттер жүйесін енгізуге ;
- шағын және орта бизнесті дамытуға ;
- еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді таратуға ;
- шарттар мен контрактар жіне бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларға қатаң тұрғыдан келуге ;
- қоғамдық жұмыстарды ең алдымен жол құрылысымен орман отырғызуды дамытуға ;
- жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілдік
кедергілердің бәрін алып тастауға ;
Президент еліміздің соңғы жылдары адам танымастай өзгергенін , оның тұрақты дамып отырғанын және саяси экономикалық , әлеуметтік салаларда аршынды адымдармен алға басып келе жатқанын айтады . “Біз бүгін ТМД арасында көп елдерден әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерімізбен адамдардың тұрмыс жағдайы жағынан алдамыз . Сондай-ақ олардың барлығына дерлік даму қарқыны жөнінен алдамыз . Бізде 1994 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ өнімінің көлемі бойынша 700 долар құрса , 2010 жылы 5800 доллар , ал 2015 жылы 9000 доллар құрайды”,-деді Президент .
Сондай-ақ соңғы он жылда ең төмен жалақы деңгейі 25 есеге өсті , зейнетақының орташа көлемі 4,6 есе өсті , ал жеке салымшылардың банктердегі қаржы көлнмі 36 есе өсті .
- Қазақстанның инвестициялық саясаты
Қазақстан осы жылдар ішінде тартылған 40 миллиярд долларға жуық тікелей инвестиция қаржы еліміздің экономикасы ұшін өте тиімді түрде жұмыс істеп жатыр .
Соңғы жиырма жылда көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 есе өссе , бізде бұл көрсеткіш 2есеге тең . Қазіргі кезде зерттелген кен орындарының барлығына жуығы бойындағы барын сарқа беріп жұмыс істеп жатыр . Каспии теңізінің Қазақстандық секторын игерудің 2015 жылға деиінгі арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2010 жылдың өзіне қарай күніне 2-млн баррель мұнай өндіруді көздейді. Мұнымен қоса табиғи газды жылына 100- млрд. Текше метрге жеткізуге тиіс.
Қорытынды
Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз . Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз . Сондытан бұл басымдық бүгіде , ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді .
Әдебиеттер
1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.
2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.
3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б