Ілияс Жансүгіров

 

(1894-1938)

Қазақ совет әдебиетінің іргесін қаласушылардың бірі екендігі. Жазушының әдебиеттің барлық жанрында бірдей тартымды шығармалар беруі. Жазушылық талантының поэзияда танылуы.

Өмірі мен творчествосы. Алғашқы өлеңдерінде-ақ жаңа тақырыпқа бет бұруы. Қазақ поэзиясында Коммунистік партияны бірінші жырлауы («Ортақшыл партия», «Совет өкіметінің еңбекшілер өкіметі екенін жырлап, бірлесіп еібек етуге шақыруы («Еңбекшілерге»), ауылдағы байдың малшыға көрсеткен қорлығын суреттеуі («Боранда»), т.б.

Өзі ағартушылық қызметпен айналысып жүргендіктен де Ілиястың алғашқы өлеңдерінің басым көпшілігі жастарды оқу-білімге, өнер үйренуге шақыру болып келетіндігі («Жас бұлбұлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны», «Жазғытұрым», «Жазғы шілдеде», «Күзде», т.б.).

Ленин өлімінің ауыр қайғысына үн қосып,оның ұлы ісін уағыздайтые өлеңдер жазуы («Ленин өлді», «Ұштасқан үш тілек»), Ұлы Октябрь революциясын жырлап, оныі жеңісін Лениннің есімімен ұштастыруы («Ұлы күн», «Ұлы Октябрь», «Октябрь екпіні»).

Ілиястың Қазақстандағы өндіріс орындарын қуанышпен шаттана жырлау («Жаңа дала», «Алтын қазан», т.б.). Орыс жерін суреттеуі («Ресей жері», «Заводта», «Мәскеу», «Қазақстан»(1930).

Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан үлесі («Кәмпеске», «Күй», «Дала», «Қуат», «Күйші», «Құлагер» поэмалары).

«Кәмпеске» поэмасында кедей жалшылардың таптық сана-сезімі оянуы, тап жауы Мұқан байды конфискациялауы. «Күй» мен «Күйші» поэмасында халық туғызғын күйлердің терең өмірлі сырын көп қырлы эстетикалық қасиетін ашуы, қанаушылар табының халық искусстыосының жауы екендігі. Поэма кейіпкерінің мұнды күйден аыйғып, жаңа заманның бақытты күрес күйіне ие болғанын ақынның сыр ете суреттеуі.

«Дала» поэмасында дала бейнесін суреттеу арқылы ақынның қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерге шолу жасап, ел басына түскен ауыр күндерді, революциядан бұрынғы халық басынан кешкен тарихи оқиғаларды толғау үшін алынуы. Поэманың тіл көркемдігі. Жанрлық даралығы.

«Құлагер». Арқаның ардагер әншісі, композиторы Ақан сері бейнесі. Поэманың сюжеті, ондағы тартыс сыры, халықтың аңызына айналғын тарихи шындықтың көркемдік шындыұпен тығыз байланысы. Көкшетаудың әсемдігі. Ақырында жалғыздыққа бет бұруы.

Поэманың көркемдігі, ақындық шеберліктің молдығы. Ілиястың ақындық ерекшеліктеріне қорытынды. Ақынның үні, лебі, тілі, сарыны, бейнелеу тәсілі, өлеі ұйқастығы, т.б.

Прозалық шығармалры. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі. Қазақ кедейі Сатанның мұқтаждықпен революция қарсаныңдағы жылдарда байларға жалшылық етуі, кейін кедейлерден көзі ашық жолдастар тауып, таптық күрес жолына түсуі. Романның кемістігі. Қазақ өмірінің революцияға келіп ұласқан арнасын қамтып көрсетерліктей кесек тұлғалы образдар мен үлкен картиналардың жоқтығы.

«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы – «Құқ». Мұнда ұсқынсыз мінез-құлықтың сиқын тез көріп, өткір тілмен оңай ғана сатиралық образ жасауы арқылы Ілияс өзінің сатирик жазушы екендігін танытуы.

Ілиятың драмалық шығармалары («Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» атты пьесалары.). Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап бірнеше бір актылы пьесалар жазуы («Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де шап» т.б.).

«Кек» (1932), ауылдағы тап тартысының суреттері, бұрынғы байлар мен билер, төрелер мен қажылардың колхоздастыру дәуіріндегі зиянкестік әрекеттері. Оларға қарсы  Аятбай, Тастабан, үндемес сияқты кедей жалшылардың күресі. Революция қарсанындағы дәуір шындығының суреттелуі.

«Түрксиб». Түркістан-Сибирь темір жолын салу ісі жау элементтерінің қарсылық әрекеттерін әшкерелеу. Екі пьесада да байқалған кейбір кемістіктер.

«Исатай-Махамбет» — жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі екендігі. Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы Россия патшасының отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының қанауына қарсы көтерілген шаруалар көтерелісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образының шынай жасалуы.

Көркем аудармалары – «Гаврилиада», «Евгений онегин».

әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері, халық ақындарының шағырмаларын зерттеуі, бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ совет әдебиеті тарихындағы орны, маңызы.

Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәмпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақын поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы, тілі. Ақынның образ жасау, мінез даралау шеберлігі.

Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулын ың революция алдындағы өмірі.

Драмалық шығармалары («Кек», ‘Турксиб», «Исатай-Махамбет» атты пьсалары). Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған бір актылы пьесалары («Мектеп», «Колхоз тойы» «Мін де шап» т.б.).

Ілияс алғашқы өлеңдерінің басым көпшілігінде жастарды оқу-білімге, өнер үйренуге мәдениет пен жаңа өмірге шақырады. («Жас бұлбұлдарға», «Жігерлі жасқа», «Жастар ұраны», «Жазғытұрым «, «Жазғы шілдеде», «Күзде», т.б

«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы — » Ұсқынсыз мінез-құлықтың сиқын тез көріп, өткір тілмен оңай ғана сатиралық образ жасауы арқыльі Ілияс өзінің сатирик жазушы екендігін де таныта алды.

‘Исатай-Махамбет» — жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Революция отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образының шынайы жасалуы.

І.Жансүгіров – көркем аудармашы — «Гаврилиада» «Евгений Онегинді» тәржімалаған.

Әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақындарының поэмаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны, маңызы.

 

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. І.Жансүгіров поэзиясының тақырыптық, жанрлық ерекшеліктері.
  2. І.Жансүгіровтің поэмалары.
  3. І.Жансүгіровтің прозалық шығармалары.
  4. І.Жансүгіровтің драмалық шығармалары.

 

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Атымов  М.  Қазақ  романдарының  поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976.

2.Бердібаев Р. Қазақ  романы.- Алматы: Жазушы,1975.

3.Қазақ совет  әдебиетінің  тарихы. ІІІ т. 1-2-к. Алматы,1967.

4.Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Алматы,1987.

5.Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы,1960.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *