— Алтын Орда мемлекетінің кұрылуы.
— Халқы — түркі жұрты, тілі — түркі тілі, діні ислам екендігі.
— Мемлекеттің жай-жапсарына түсінік. Шыңғысхан және оның ұрпақтары. «Құпия шежіре» деректері.
Алтын Орданың алғашқы ханы — Жошы хан болған. Мемлекеттің саяси- әлеуметтік жайы. Мәдениеті. Қалалары: Бату сарайы, Берке сарайы, Сарай, Сарайшық. Алтын Орда тұсындағы қыпшақ-қазақ жері. Сарай, Сарайшық. Алтын Орда тұсындағы қыпшақ-казақ жері. Сарай, Сарайшық қалаларының мәдениеті мен рөлі. Қазба жұмысында табылған бұйымдар, колөнер кәсібі, сауданың дамуы. Астрахань маңайы, Сыр бойы, Талас-Шу аймағы, Жетісу өлкесі ежелден сауда айналысының қан тамырлары болғандығы. Қала мәдениетінің жандана бастауы. «Отырар-Қаратау керамикалық мектебі». Алтын Ордаға қатысты деректер қалдырған елшілер мен саяхатшылар: 1246 жылы Қарақорымдағы Күйік ханға барған папа Иннокентий 4-нің елшісі Плано Карпини, 1925 ж. Моңғолияда болған Людовиктің елшісі Рубрук, ибн Батута, Цегалоттидің енбектері. Жібек жолының маңызы.
Әдебиеті. Аударма – нәзира әдебиет: «Қисас-и Рабғұзи», «Гүлстан бит- турки», «Хұсрау-Шырын», «Қисса Жүсіп», «Жұмжұма сұлтан» т.б. XIII-XIV ғасыр әдебиетінің негізгі бағыты өткен тарихты, ежелгі сюжеттерді кайта жаңғырту екендігі. Шығыс Ренессансы, ерекшеліктері, оның Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетке әсері. Әл-Фараби дәстүрінің әдебиеттегі көрінісі. «Нәзирашылдық», оған М.Әуезовтің берген анықтамасы. Алтын Орда дәуіріндегі ескерткіштерді «аударма-нәзиралық әдебиетке» жатқызу себебі.
Әдебиеттегі «нәзира» тәсіліне түсінік. Нәзирагөйліктің алғашқы белгілері; қазақ даласына исламның орнығу кезінде кіре бастауы. Йасауи шәкірті Сүлеймен Бақырғани киссаларынан көрініс табуы («Смағұл қиссасы», «Ибраһим және оның шәһит ұлы», «Ғазіреті Ғали» т.б.). Бұрыннан белгілі сюжеттерді кайталай жазып, көне мифтер мен культтерді жаңғырту — шығыста ежелгі Ассирия — Вавилон дәуірінен (б.з.д. 2 мыңыншы жылдар) дамыған үрдіс екені. «Гилгамеш», грек кикликтері, «Илиада», «Одиссеяны» қайталай жазу үрдістері.
Нәзира тәсілінің тууына түрткі болған себептер. Түркі оянушылығы. Оның негізгі шарттары. Түркі тілінің мән-маңызын көтеру мәселесі. Түркі өркениетіндегі оянушылықтың негізгі тәсілі болған нәзирашылдықтың орыс отаршылдығының қысымына қарсылық ретінде ғасырымыздың басында дами түсуі.
«Қисса Жүсіп» (1212-1233). Туындыгері — Әли. Қиссаның түпкі төркіні Египетте тараған Иосиф пен Потифардың жүбайы туралы мифтерде екендігі. Кемел патша, мінсіз әйел, ғашыктық тақырыбының көтерілуі. «Сұлулык» желісі. Жүсіптің он түрлі қасиеті. «Жүсіп-Жақып» желілері. «Қорқыт ата» кітабымен үқсастығы.
Ғашықтық желісін дамытудағы парсы ақындарының еңбегі. Зылиханың өз күйеуі бола тұра қолбаласына ғашықтығын ақтап, дәлелді ету жолындағы ізденістер. «Түсінде көріп, сырттай ғашық болу» сарындары.
— Хорезми, «Мухаббат -наме»;
— С.Сараи «Гулистан бит-түрки»;
— Құтып, «Хұсрау-Шырын»;
— Дүрбек, «Жүсіп-Зылиха»;
— Н,Рабғузи, «Қисассул-әнбия»;
— «Кодекс куманикус»
(Тәжірибелік сабақта шығарма талданады).
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- Алтын Орда дәуірі әдебиетінің бізге жеткен үлгілері
- «Рабғузи қиссалары»
- «Кодекс Куманикус» — құмандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ
- «Мухаббат наме» қолжазба нұсқалары, оны зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар
- «Хұсрау — Шырын» дастанының зерттелуі
- «Гүлстан бит-түрки» прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма екендігі, қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы.
Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
1.Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірі. Оқулық. –А.1986.
2.Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. / Құрастырған А.Қыраубаева/. –А.1991.
3.Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия. –А.,1996.
4.Қоныратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А.,1991
5.Қоныратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. –А.,1987
6.Қорқыт ата кітабы /ауд. Ә.Қоныратбаев, М.Байділдаев/. –А.,1986
7.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А.,1985