Дәріс жоспары:
- Лоренц сызығы
- Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі
- Экономикалық-саяси принциптер
- Лоренц сызығы
Үкімет бағдарламасы бойынша берілетін және «жұмыспен тапқан табыстар» құрылуының жалпы принциптеріне қарамастан табыстар теңсіздігін тудыратын жағдайлар сақталады, демек халықтың әр түрлі топтарының емір сүру деңгейлері де түрліше болады. Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеуге бола ма? Экономикалық теорияда Лоренцтің сынық сызығы (53-сурет) халықтың әр түрлі тобының қоғамдағы жиынтық табысты бөлудегі теңсіздіктің көрсеткіші ретінде қолданылып жүр. Көлбеу сызықта проценттік топтар, тік сызықта осы топтардың алатын проценттік табыстары жатыр. Егер табысты бөлуде абсолюттік теңдік сақталса, халықтың 20 проценті қоғамның жиынтык табысының 20 процентін, халықтың 40% тиісінше табыстың 40, халықтың 80%-і табыстың 80%-тін және т. б. алар еді. Демек, ОЕ сызығы табыс бөлудегі абсолюттік теңдікті көрсетеді.
Абсолюттік теңсіздік халықтың 20%, 40%, 60%-і және т. б. ешқандай табыс алмайтындығын, тек бір ғана ОҒ сызығындағы адамның барлық 100 процент табысты алатындығын білдіреді. ОҒЕ сынық сызығы — абсолюттік тенсіздік сызығы.
Күнделікті нақты табыстың бөлінуі — ОАВСДЕ сызығымен көрсетілген.
Бұл сызық көп ауытқыса немесе Лоренцтің қисығы ОЕ сызығымен ұлғайса, онда табыс бөлудегі теңсіздіктің көбейгені. Егер біз торланған аумақты ОҒЕ үшбұрышының аумағына бөлсек, табыс бөлудегі теңсіздік деңгейін білдіретін керсеткішті аламыз. Табысты бөлудегі теңсіздік рыноктық экономика қалыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық әдебиетінде бұл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретінде әр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек ығындарына сәйкестендіру керектігін кеп жазуда. Сонымен қатар енбек ақы төлеуде теңгермешілікті оюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну рыногының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.
Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқаңда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығаңдықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т. б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамты-майды, ол сонымен қатар коғамдык өндіріске катысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т. б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
- Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу — мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әлауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең теменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту — рыноктың экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметгік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап ету керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты — осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе та-бысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.
Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорынын белінуі женіндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.
Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. 0ның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. (Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде ҚТҚ 70 процентке дейін мемлекеттік бюджеттен, тек 25—30%-і ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын). Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.
Қогамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.
Бірінші бағыт халыққа берілетін телемдер. Олардың келемі еңбекшілердің бұрынгы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайганлығьна байланысты зейнетакы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т. б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан караған жөн. Өйткені стипенидия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.
Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт — адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда кеп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.
Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытын ын ерекшелігі — жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі «қосымша» табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді, оны өз қша желша пайдалануға болмайды. Мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қогамдык қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіктің шеңберінде ғана болады. Табысты белудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты 70-жыл-дардың соңы мен 80-жылдардың басында мемлекеттік реттеудегі жаңа кейнсиандық қозғалыс тұсында тағы да қызу теориялық таластар туғызды. Проблеманың мәні мынада: қайта белу процестеріне мемлекеттік араласудың шегі бар ма? Трансферттік төлемдер көлемі өскенде жалпыэкономикалық қызметтің тиімділігі темендемей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген ынтаны жоймай ма? Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік масылдар тобын өсірмей ме?
Жоғарыда аты аталған американ экономисі П. Хейне мынаны керсетеді: желкенді қайығы барлар шынында да бай адамдар, қоқыс салынған жәшікті ақтарғандар жарлы адамдар. Бірақ егер жаңа ереже бойьшша желкенді қайықтың иесіне қоқыстағы мүсәпірлер қоры үшін деп жылына 10 мың доллар арнайы салық салынса және әлгі қордан әрбір жарлы адам жылына 2000 доллар көмек алатын болса, онда мынадай жағдай туады: тіркелген жел-кенді қайықтар иелерінің саны азаяды, өзін «қоқыстанмын», жарлымын дегендердің саны жедел өседі
Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде құн заңының (бағалылық заңының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс ифференциациясын (әркелкілігін) түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді қиратумен тең.
Қайта бөлу процестерінің келемі әр түрлі елдерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері кең. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс факторлары бойынша табысты белуді алып, үй шаруашылығынын 10 тобына топтастырғанда (53-суреттегі халықтың 20% емес, 10%) онда мынадай корытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10%-тік топта халықтың төменгі 10%-не қарағанда шамамен 100 есе көп болды. Бірақ қолдағы табысты алсақ (салықты төлегеннен кейін) онда үй шаруашылығының жоғары және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз келемде, артығы 100 есе емес, 4 есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі швед экономистерінің белгілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы (салықты төлегеннен кейін) еңбекрыногының динамикасын төмендетті. Сонымен қатар рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға кемектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жогары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.
- Экономикалық-саяси принциптер
Егер де әлеуметтік — реттелінетін нарықтық экономиканы құру оны ұйымдастыру «технологиясын» алуғағана келіп тірелсе, онда нарықтық экономика дамыған елдердің нақты тәжірибелерін игеру қиын болмас еді. Нағыз қиындықтық өзі де осында — қазіргі заманғы нарықтыі экономика әлеуметтік, экономикалық және саяси принциптердің ерекше жүйесін мойындауды және қабылдауды талап етеді. Принциптерді осылайша алдын ала жүзеге асырусыз нарықтық экономикаға көшуі мүмкін емес.
Бұл принциптер қандай?
- Жеке адам бостандығының негізі, оның шығармашылық күшқуатының ашылуының шарты ретінде жеке адамның экономикалық өзін — өзі билеуі.
Жеке тұлғаның экономикалық өзін — өзі билеу қоғамдық өндірісті нарықтық ұйымдастырудың негіздерінің басты шарты. Себебі бұл — өз тұрмысын дербес жақсарту құқы (мемлекеттің «мырзалығына» үнемі тәуелді болатын кемсітушілік мәжбүрлігі емес), бұл — жеке адамның қолы жететін мөлшерде дербес табыс табу мүмкіндігі. Жеке адамның экономикалық өзін-өзі билеу принципін мойындау ғана нарықтық экономикаға қатысушылардың барлығы үшін де нарықтық белсенділіктің тең мүмкіндіктерін жасайды, үнемі қамтамасыз етіп отырады және жаңғырумен болады. Жеке адамның экономикалық өзін-өзі билеуі азаматтың барлық формаларындағы экономикалық дербестікке деген, соның ішінде кәсіпкерлік қызметке деген құқында болып табылады. Осы принципті жүзеге асырудан «азаматтық қоғамның» қалылтасуы да басталады.
- Қозғалымдағы және қозғалмайтын мүліктің барлық түрін, оның ішінде жерге де қоса меншіктің құқығы, меншік иелерінің жеткілікті саны болуы — қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының шарты.
Нарықтық экономика жағдайындағы меншік рды — онлаңсыз өмір сүру кепілдіп емес. Ол — өз меншігін сауда — саттық (коммерциямен) пайдалану нәтижелері үшін мүліктің жауапкершілік, ол үнемі нарықтық ұдайы өндірюте ұстау қажеттіп. Меншік иесі болу қоғам тарапынан қорғау, қолдау және меншіктің барлық түрлері мен формалары, теңдігі, меншік обьектілерін сауда — саттыққа қолдану құқығы және осылай қолданудан түскен табысты пайдалану құқығына кепілдік берілгенде ғана мүмкін болады. Нарықтық экономика меншіктің «капиталистік» және «социалистік» меншікке идеологияландырылған бөлінудің жеңетіндіп және оларды нақты экономикалық, әлеуметтік тиімділігіне қарай бағалайтын болады. Осы формалар арасындағы экономикалық жарыс — нарықтық экономиканың өзін — өзі қозғалысқа келтіру механизмінің қажетті элементі.
- Кез келген заңды және жеке адамның шаруашылық қызметін жүргізудегі теңдігі — маңызды принцип. Осындай теңдік қана өндірісті нарықтық ұйымдастыруға қажет жағдайларды — оның ашықтығын, көп салалылығын және осыған байланысты салалардың (секторлардың) бәсекелестіпн тұрақты түрде туғызып отыруға қабілеттіліп.
- Тауар өндірушілердің экономикалық бостандығы
оның өз өндірісінің көлемі мен құрылымын, өнімнің түр түрін және оны өткізу (сату) көлемін, оған баға белгілеу мең әріптестер таңдаудағы дербес белгілеу құқығынан көріні табады. Тауар өндірушілердің экономикалық бостандығын шектеудің экономикадан тыс кез — келген әрекеті нарықтық экономика табиғатына жат болып табылады.
- Сауда саттық (коммерциялық) принциптердің «көлбей және тік таралуы.
Бұл экономиканың барлық салалары мен деңгейлеріне нарықтық қатынастар «ендей кіруі»тиістігін білдіреді. Осылай ету ғана барлық экономикалық субьктілерді бір тұтас нарықтық ережелер бойынша әрекет етуге мәжбүр етіп тепе — тең нарықтық жағдайға қоя алады.
- Баға белгілеу еркінділігінде әкімшіліктің бағаны белгілеуіне экономиканың нарықтық емес салаларында (ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, экология және бсқалары)ғана жол беріледі.
Көптеген бағаны қалыптастыратын факторлардың бір мезгілде ықпалетуі (ең алдымен — еңбек шығындары динамикасы, өндіріс пен айналымының шығындары сұраным мен ұсыным, табыстар мен инвестиция көлемінің) бағаларға болжап болмайтын сипат береді. Бұл нарықты тұрақты емтиханға және өндіріске қатысушылардын барлығының арасындағы шексіз бәсекеге айналдырады. Дәл осы болжам білместік тауар өндірушілерді өндірісті тұрақты түрде жетілдіріп отыруға, оның шығындарының ең төмен мөлшерге түсіруге және нәтижелердәң сапасын арттыруға мәжбүр етеді.
- Тауар, еңбек, капитал нарық болуы және қозғалысы, серпін беріп отырады.
Әсіресе, қоғамның жұмысшы күшінің қолайлы түрде жұмыспен қамтылуын
және қажетті түрде қайта даярлауын қамтамасыз ететін нарығы өте — өте маңызды.
- Нарықтық экономиканы мемлекет тарапынан реттеу мынандай басты бағыттарды қамтиды:
— Өндірісті түрақтандыру («салықтық және инвестициялык саясат»);
— Ғылыми — техникалық прогресті қаржыландыру («ғылыми мақсатты бағдарламалар саясаты»);
Әлеуметтік мәнді салаларға ақшалай көмек («дотация, инвестициялық сая-
сат»);
— Бәсекелестікті мемлекеттік қолдау («монополияға қарсы саясат»);
— Ақша жүйесін тұрақтандыру және сауықтыру («финанстық және инфляция-
ға қарсы саясат»);
— Тұрғын халықтың шектен тыс мүліктік теңсіздігін жеңу («табыстар саясаты»).
Қорытынды
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу — мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әлауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең теменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту — рыноктың экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметгік саясатының негізгі міндеті
Әдебиеттер
1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.
2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.
3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б