Саяси элита және саяси көшбасшылық

 

 

Жоспары:

  1. Саяси элита ұғымы, негізгі теориялар.
  2. Элита таңдау жүйесі.
  3. Саяси көсбасшылықтың типологиясы мен функциялары.
  4. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмі.

 

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

 

 

  1. «Элита» термині француз тілінен elite – іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.

Элита теориялары — әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.

Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады.

20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;

Көпшіліктің билікке, саясатқа  қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

Жоғарғы элита;

Ортаңғы элита;

Әкімшілік элита.

  1. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

  1. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.

Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезеңі – XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін, — дәстүрлі дала элитасының қалыптасу дәуірі деп аталады. Қазақтың көшпенді қоғамында билеуші элита құрастыру және оның қалыптасуы көшпенділердің тұңғыштың орны деген салт-дәстүрінен шыққан.

Бұл принцип көшпенділердің Ішкі Азияның кең даласының  экстремалды табиғи жағдайына бейімделуінен туындаған. Қоршаған ортаның табиғи ресурстары жайлы, оларды тиімді пайдаға асыру және оларға бейімдену  білімдері көшпенділер тайпаларының арасындағы жайлауға, су-бұлақтарына бәсекелестік таласында пайда болып, мыңдаған ғасырлар бойы жинақталып, атадан балаға тараған.

Орта Заманның соңғы жылдарында қазақ тайпаларының ішінде үш этнотерриториалды бірлестіктер пайда болды: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Әйгілі қазақ ғұламалары С.Д.Асфендияров, В.П.Юдин Х.Арғынбаев, Н.Э.Масанов зерттемелері бойынша, бұл үш жүзге бөліну тарихи-географиялық фактормен байланысты – Қазақстанның кеңістігінде табиғи жолымен қалыптасқан үш жағы: Жетісу аймағы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстанның төңіректері.

Қазақ қоғамында батырлар, би және үлкен ақсақалдардан алғашқы элитасы құрастырылғанымен, олар билікке, ел басқаруға жолатылмайтын.Тек бір кіші әлеуметтік топқа басқарушылық жүргізе алатын – ауыл болсын, ру немесе елдің басшысы бола алатын.

Қазақ даласының әлеуметтік нормативтері және тәртібі бойынша, ханның тағына легитимді жолымен шығу үшін торе ден болу керек болатын, яғни Шыңғысханның ұрпағынан. Сонымен қоса, ол адам алдында көптеген талаптар қойылатын: шыққан тегі, ерекше ой қабілеті, сот ісіндегі үлкен тәжірибе, басқарушылық және ұйымдастыру қабілеті мен әскери өнерлігі.

Әрине, осы қасиеттер үнемі уақыт кеңістігінде заманына сай талабына қарап жаңарылып тұратын. Экстремалды кезеңдерде басшының персоналды ерекше харизмасының қажеттілігінен ел арасында хан сайлауына қызығушылықта көтерілетін. Мысалы, ірі бірлестіктер арасында конфликттік жағдай болар кезде жоғарғы билік басшының ағайындарының немесе балдарының біріне берілу алдында ұзақ процедурадан өтетін: сайлау, жалпы консенсустан өткізу, осындай жолмен билікке келген – Нүралы хан (1748-1786), Батыр хан (1748-1771), Барак хан (1749-1750), Вали хан (1781-1821), Бәкеу Барақұлы (1816-1819).

Ал егерде Қазақ Даласындағы сырқы жағынан әлеуметтік шиеленістер болса, хан сайлауы өте кұрделі бірнешесатылы процедурадан өтетін: қазақтардың ақсүйектерінің кандидаттарын шығару, ірі тайпалар арасындағы бәсекелестіктен консенсусқа келу, және т.б. Таке хан (1680-1715), Абулхайыр хан (1710-1748), Абылай хан (1771-1780) хандарының жолы осындай болатын.

Соңында, сайланған ханды көпшілік алдында ақ киізге көтеріп, күн жолымен айналып шығатын.

Ал XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ элитасының қалыптасуына әсерін тигізгені – Ресей империясына қосылуы. Орыс патшалығы Солтүстік Қазақстанның аймағын бірнеше административті бірліктерге бөліп (округ, волость, ауыл), әр қайсына басшы   «аға сұлтан» және іс жүргізушілері мен  жұмысшылар штатын құрастырды. Сонымен, осы заманнан бастап қазақтың элитасының қалыптасуы толығымен Ресей патшалығынан тәуелді болатын.

XX ғасырдың басында жалпы дүниедеге болған ұлт-азаттық қозғалысының әсерінен қазақ қоғамында да жаңа элитаның қалыптасуы басталады – европалық көзқарастағы, білімі бар оқыған қазақтарынан. Осы топ саналы түрде Ресейдің колониалды режиміне оппозициялық тұрғыда болатын. Әрине, бұл топты құрастырған білім алуға мүмкіндіктері бар өткен заман элитасының балдары: аға сұлтандардың балдары, би және батырлардың тұқымынан шыққандар, жартысынан көбі –чингизидтер.  1905-1920 ж.ж. қазақтардың алғашқы элитасы «Алаш» ұлттық-либералды партиясының қызметінде орын тапты.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: элита, іріктелген, гильдия, антрепренелік, көсбасшылық, басшылық.

 

3 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Handouts)  – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.

                                                   

  1. Элита – ол:
  • Ең жақсы, таңдалған, сұрыпталған деге мағынадағы ұғым
  • экономикалық жадай туралы ілім
  • әлеуметтік даму туралы ілім
  • адам психологиясын зерттейтін ілім
  1. Грек тілінен аударғанда саясат қандай мағына береді?
  • адам психологиясы
  • жеке меншіктік
  • ел басқару өнері
  • қоғамтану
  1. Саясаттану объектісі:
  • жануарлар
  • өсімдіктер
  • мемлекет, партиялар
  • қала тұрғындары
  • аул шаруашылық
  1. Элитарлы теория не зерттейді?
  • саяси тәртіптің субъективті механизмдерін, мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін
  • қоғамның жоғарғы топтың тұлғаларының психологиясы мен әлеуметтік тұрпатын
  • саяси құбылыстардың әлеуметтік механизмдерін
  • саяси процесстердің компьютерлік қамтамасыздануын
  1. Саясаттанудың теологиялық парадигмасы:
  • әлемнің бәрін діни тұрғыдан түсіндірген
  • саяси құбылыстарды биологиялық бастамамен байланыстырған
  • қоршаған ортаны физикалық зерттемелермен айқындаған
  • ел билігін, елдің ұйымдастырылуын адам психологиясымен байланыстырған
  1. Саясаттанудың элитарлық теорияның қалаушылары:
  • И, Гегель
  • Г.Моска, В.Парето
  • И.Кант
  • З. Фрейд
  • А.Швейцер
  1. «Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген?
  • Вильфредо Парето
  • З.Фрейд
  • Аристотель
  • Сократ
  1. Элита тобына адамның жеке қасиетіне арап таңдау қалай аталады?
  • антрепренерлік
  • теологиялық
  • әлеуметтік
  • биотехнологиялық
  • гильдиялық
    1. Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

 

  1. Саясаттағы элита кім?
  2. Элитарлық теориялар қашан пайда болды?
  3. Саясаттағы азаматтардың беленділігі не мен байланысты?
  4. Қазақстан элитасының қалыптасуының жақсы жақтарын зерттеп көріңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *